Мұқағали-мәңгілік ғұмыр

68

 

Тақырыбы: Мұқағали-мәңгілік ғұмыр.

Мақсаты:ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен

шығармашылығын таныту, ақындық талантын

шәкірт жүрегіне ұялату, поэзияға деген

қызығушылығын арттыру, өлеңдерін

мәнерлеп оқуға дағдыландыру, өлеңдерінің

тәрбиелік мәнін түсіндіру. Оқушылардың

өлеңге деген ынтасын, көркемсөз оқу шеберлігін

арттыру, ізденімпаздық қасиеттерін

қалыптастыру, Отанды сүюге, адамгершілікке,

өлеңді, өнерді, сезімді бағалауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: ақынның суреттері, кітаптары, шығармалар

жинағы, плакатқа жазылған өлең

жолдарынан үзінді.

 

 

1-жүргізуші: Қайырлы кеш, қадірлі ұстаздар мен қымбатты оқушылар! Ақиық ақынымыз Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай өткізіліп отырған «Мұқағали-мәңгілік ғұмыр» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

Дүйсенбай Думан «Ей, Өмір!»

 

 2-жүргізуші:Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Мұқағали Мақатаев 83 жасқа толып отыр. Абай үндес Мұқағалидай перзенті бар халық шынымен бақытты.

Сатымбай Ақжүніс«Қайран Қарасазым-ай!»

 

1-жүргізуші:Аламан бәйгеде оза шауып, өлең-жырда шашасына шаң жұқтырмаған ерен жүйрік, талантты тұлға Мұқағали ақынның өмір жолы әр алуан. Оны біріміз білсек біріміз білмейміз, енді бір сәт оның өмірінен деректерге жүгінсек.

 

2-жүргізуші:Бәрі есімде мекен-жай тұрағым да,

Тек есте жоқ күлдім бе, жыладым ба?!

Балалық шақ жармасып жүретұғын,

Өгіз шеккен соқаның құлағында,-деп жырлаған балаң жырдың иесі Мұқағали ағамыз…

(Оқушылар кезек-кезек жылдар бойынша өмірбаянын қысқаша айтып шығады).

Жарылқасын Мадина «Әке»

 

1-жүргізуші: Ақын жырларын оқи отырып, әркім одан өзінің бүгіні мен өткенін, келешегі мен арманын көреді. Көреді де содан сабақ алады.

Жеткіз жұртқа бүгіні, өткендерін,

Қысын, күзін жазы мен көктемдерін.

Жадында тұтсын ұрпақ жасырмай айт,

Ақтабан шұбырынды өткелдерін,-деп ұрпаққа ұғындырып кетуге тырысады. Соған мысал ретінде  «Райымбек»поэмасын алуға болады. «Райымбек, Райымбек!» дастанында ел тарихын, ел басына қатер төнгенде  қолына ту алып, жауына қарсы аттанған Райымбек Хангелдіұлының ерлігін суреттейді.

Көрініс. «Райымбек, Райымбек!» поэмасынан үзінді.

 

2-жүргізуші: Мұқағали-ғажайып, сыршыл, ақиық, гуманист ақын. Ол бізге көрінбейтін сиқыр бояулардан, бізге естілмейтін құпия дыбыстардан тоят алатын жұмбақ ақын. Ақын өлеңдерін оқыған сайын бейнелі рух, сезім мен сананың бірлігі көңілге ұялайды.

Оспан Айсұлу «Ақмарал»

 

1-жүргізуші: Би «Вальс»

 

1-жүргізуші: Туған жерге, елгең халқына, Отанына, ана тіліне деген махаббат сезімі ақын ретінде оның басты тақырыбы еді. Өзінің ұлтын, туған тілін ерекше құрметтеген ақын.

Түзу-түзу жыртылған аңыздайын,

Аңызыма неге нәр тамызбайын.

Қара өлеңі қазақтың қаза болса,

Қара көзден неге қан ағызбайын,- дейді ақын өлеңінде.

Әбілғазы Жақсылық «Үш бақытым»

 

2-жүргізуші: Мырзабай Дидар «Сенің көзің…»

 

1-жүргізуші: Ақын шығармаларының үлкен бір саласы-оның поэмалары. Ең асылы, ең биігі- «Аққулар ұйықтағанда». Бұл поэма 1973 жылы «Жалын» жинағына жарияланды.

Көрініс. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан үзінді.

 

2-жүргізуші: Қали Әлия «Айтатын саған сырым бұл»

 

1-жүргізуші: Ол арамызда жоқ. Ажал, ажал! Көкірегі толы мейірімді шуақ, жүрегі толы махаббат пен ырыс, арманы мен қиялына кезек мініп, өмірдің келесі кезеңіне қарай тартып бара жатқан ақынды тым ерте жолынан  қайырған да сен едің! Ол қылшылдаған 45 жасында дүниеден өтті.

 

 

2-жүргізуші: Соны сезгендей ол жанұшыра:

Өмір сүрсем енді бір жиырма жыл,

Жиырма жыл,

Шынымен қиын ба бұл?

Қиын болса он жылда жетеп жатыр,

Тек жүректен ашылсын құйын дауыл.

Қайратқызы Назерке. «Жазылар естеліктер мен туралы»

 

 2-жүргізуші: Сатымбай Ақжүніс«Отыздан асып барамын»

 

1-жүргізуші: Жанболат Жансая «Елім барда»

 

2-жүргізуші: Рысдәулет Дәулет «Шеше, сен бақыттысың!»

 

2-жүргізуші: Би

 

1-жүргізуші:«Өлді деуге бола ма айтыңдаршы, Өлмейтұғын артына із қалдырған» -деп Абай атамыз айтқандай, Мұқағали өлген жоқ, ол бізбен мәңгілік бірге, жырлары да мәңгі жасай бермек. Нағыз тума таланттың екі өмірі бар. Бірі – шектеулі өмір, екіншісі – мәңгілік өмір. Мұқағалидың шектеулі өмірінің күні батқанымен, оның мәңгілік шығармашылық өмірінің таңы атып, күні шықты.

Бекболат Нәбижан «Қарасаз»

 

 2-жүргізуші: Дидар, Әлия, Мадинаның орындауында ән «Қазақстан»

 

1-жүргізуші: Жүректен қозғайын,

Әдептен озбайын.

Өзіде білмей ме,

Көп сөйлеп созбайын, — деп ұлы Абай атамыз айтқандай, осымен ақиық ақынымызға арналған тәрбие сағаты  аяқталды. Назар салып тыңдаған ұстаздар мен оқушыларға, осы тәрбие сағатымызды өткізуге атсалысқан оқушыларға мыңда бір алғыс айтамыз.