Мен және менің достарым

460

Тақырыбы: «Мен және менің достарым»

Мақсаты:

  1. Оқушылардың өзін-өзі тани білудің негізгі шарттарымен таныстыру, өзін бағалата отырып, өз бойындағы сапалық қасиеттерді анықтау, дамытуға бағыт беру.
  2. Ұжымда, жұппен жұмыс істеуге дағдыландыру, шығармашылық қабілеттерін арттыру
  3. Оқушылардың ой-өрісін кеңейту

Көрнекілігі:геометриялық фигуралар, сызба-карточкалар, суреттер, А3 парақтар, бояулар, маркерлер, тақырып жазылған парақ, эпиграф

Жұмыс түрі: топтық, жеке

Әдіс-тәсілдер: тренинг, инсценировка, сурет салу, суретті аяқтау, арт-терапия әдісі

 

Барысы:
Кіріспе
Құрметті оқушылар данышпан философ Фалес:
Дүниедегі ең үлкен нәрсе — кеңістік
Бәрінен жүйрік — ой
Бәрінен дана — уақыт
Бәрінен жеңілі — басқаға ақыл айту
Бәрінен қиыны — өзіңді өзің тану
депті. Не үшін адам өзін-өзі тану керек?

Өзін-өзі тану сендерге  қоршаған ортаны түсінуге, оған өзінің қатыстылығын саналы сезінуге, қоршаған ортаға өзінің көзқарасын жалпы адамзаттық құндылық ұстанымында жүйелеу, өзінің өмірлік ұстанымын анықтауға көмек беру үшін қажет. Өзін-өзі тану жеке тұлғаның дамуына,  белсенділік көрсетуіне,  өзінің қабілеті мен әлеуметтік мүмкіндігін ашуға көмектеседі.

Бүгінгі сабағымызда біз өз бойымыздағы жақсы қасиеттерді анықтуға үйренеміз, өзін-өзі тәрбиелеу жолдарын қарастырамыз.
Сынып сағатымызды бір-бірімізге комплимент айтудан бастаймыз.
— Рахмет, балалар! Әрбір жүректен шыққан жақсы сөз біз үшін жайлы атмосфера қалыптастырды.
1-тапсырма:
Қазір сендер әрбір столда тұрған геометриялық фигураға назар аударып әркім өзіне ұнаған фигураны таңдап, топтасыңдар.
Әрбір топ мүшелері өздері таңдаған фигураның нені білдіретінін, неге осы фигураны қалағандарыңды айтады.
(оқушылардың болжамдарынан кейін, мұғалім осы тесттің мақсатын түсіндіреді)
И. Панарин тесті бойынша.
Тіктөртбұрыш — таңдағандар лидерлік қабілеті бар, алдына қойған мақсатына жететін, басқарушылық қаблеті басым жандар.
Үшбұрыш — өте еңбекқор, төзімді, өз жұмысының шебері, бастаған істі аяғына дейін жеткізетін жандар.
Төртбұрыш — жаңа идеяларға жақын, білуге құмар, ізденгіш жандар.
Дөңгелек — осы 5 фигураның ішіндегі өте мейірімді, басқаның қайғысын қуанышын да бөлуге даяр тұратын жандар.
Зиг-заг — шығармашылық қабілеті басым, үнемі ізденіс үстінде жүретін жандар.
Міне, балалар, әркім өзін Панарин тесті бойынша да тануға болатынына көзіміз жетті.

2-тапсырма:

«Ну орманға серуен» жаттығу.

1/ Ұсынылған кейіпкерлердің қайсысымен кездескің келмейді?

2\ Өзіңді қай кейіпкермен сәйкестейсің?

 

Қарға

Бұндай тұлғалар өзіннің депрессиялығымен, жаман көңіл-күйімен қорқыныш тудырады. Олармен кездескеннен кейін болашақ алдында қорқыныш, алаңдау пайда болады.

Олардың ұраны: «Ойбай,  әрі не болады!»

Кірпі

Қызғанышты, қу тұлға. Басқаларды жау көреді де, қаруларын дайын ұстайды. Өзінің шынайы бетін көрсетпейді, біреу жақындаса, инеліктерін шығара келеді.

Ұраны: «Мен өзімді ренжітпеймін!»

Бақа

Көріксіз тәртібімен, аламгершілігі жоқ тұлға.

Ұраны: «Мен сенің бет пердеңді ашамын»

Жылан

Айлакер,  үндемей, жасырын қастық жасайды.

Ұраны: «Мені тиіспе, немесе …»

Аю

Меншіктік инстинкті айқын көрінетін тұлға. Иеленген нәрсесімен біреумен бөліспейді.

Ұраны: «Менікі – тиіспе!»

Шыбындар

Артық сөзі көп, өсекші тұлғалар.

Ұраны: «Біреудің ісіне араласқан сондай  қызықты!»

3-тапсырма.  Суретті аяқтаңыз. Психопортрет. «Өзімді сүюге ме,  әлде басқаларды ма?»

 

 

 

 

 

 

 

 

Сен тым қырсықсың, талаптысың.  Сен өзіңді тым жоғары бағалайсың. Әлем сені айналып қозғалады деп ойлайсың және өзіңді бәрінен білімді деп санайсың. Сенде ғана құқық, қалғандарыңда – міндеттер деп есептейсің.

Сен өзіңе-өзің сенесің. Басқа

адамдарды сыйлап, оларға артық талап қоймайсың.

 

 

Сен өзіңе сенімсізсің. Өз пікіріңді бағаламай, кез келген уақытта одан бас тартасың.  Өзіңе Жауапкершілікті жүктемей, тек орындаушы болғың келеді.

 

 

Топтық жұмыс.

4-тапсырма.

«Шимай»

Топ мүшелері ешбір ойсыз, қағаз бетін шимайлайды. Топтар шимайларымен алмасады. Шимайдан қандай бейнені елестеттіңдер? Оны маркермен белгілеңдер, қажет болса толықтырыңдар.  Ауызша түсіндіріңдер.

«Бұлар кім?Жеке тұлғалар командасы».

Екі топқа әйгілі мультфильмнің кейіпкерлері ұсынылады. Топтар оларды көрсетеді, екінші топ кім екенін анықтау керек, кейіпкерлердің мінез-құлықн сипаттау керек.

 

 

Жолбарыс – үнемі көңілді жүретін адамдар. Жолбарыстардан жақсы көшбасшылар шығады, бірақ оларға төзімділік, зейін жетіспейді. Шығармашылық жұмыстарда Жолбарыстар табысты болуы мүмкін.

Үйқоян – олардың арасында жаапкершілікті алуға қорықпайтын, қиын кезде көшбасшы бола алатын тұлғалар аз емес. Олар талантты ұйымдастырушылар, жан-жақты дамыған болады, бірақ өз мүмкіндіктерін асыра бағалайтындары да бар және істі соңына дейін жеткізбейді.

Иа-иа – есек – романтикалық тұлғалар, қоршаған ортаның әсемділігін бағалай біледі, бірақ басқа дадамдардың сезімдерін түсіне алмайды. Өзге адамдарға өз  қалағанын істете алады.

Жапалақ – нағыз интеллектуалдар. Талдаудың негізінде нақты қорытынды жасай алады, мейірімді, жомарт тұлғалар, бірақ зейіні тұрақсз болуы мүмкін. Дегенмен жапалақтарды ренжітуге болмайды: өздерін олар қорғай біледі.

Пятачок торайы – оларды кез келген ұжым қабылдайды және жақсы көреді. Олармен сырласуға, сөйлесуге оңай. Олар мейірімді жандар, бірақ қасында кшбасшы тұлға болмаса,  өз бетімен жұмыс жасау оларға қиынға түседі.

Винни-Пух – әр жаңа құбылыс жайында ой толғауға әрдайым дайын. Пікірталастарға қатысуды ұнатады. Жалқаулығы да бар. Ойлағаннан гөрі ауыр жұмысты қалайды. Олардың арасында солақайлар аз емес.

 5-тапсырма.

«Раушан гүлінің бұтасы»

Көзіңді жұмып, өз кеңістігіңе кір. Өзіңді раушан гүлінің бұтасымен сезің. Қара: қандай бұтасың? Гүлдерің бар ма? Бар болса, олар қандай , қанша және қандай түсті? Олар толық ашылған ба, жоқ па? Жапырақтарың бар ма? Олар қандай? Сабағың мен бұталарың қандай? Тамырларың ше? Мүмкін олар жоқ? Бар болса, қандай? Қайда өсіп тұрсың? Айналанда не бар? Тіршілігіңді қалай сақтап тұрсың? Сені біреу күте ме? Ауа райы қандай?

Енді кері қайт. Көзіңді ашып, елестеткен раушан гүлінің бұтасын суретте. Әдемілігіне қарамай, сипатына назар аудар.

/әр оқушы жауап береді/

6-тапсырма.

«Жаныңа үңіл» /музыка/

  1. Түс пен сызықтар арқылы өзіңнің қалаған бақытты сезінетін әлеміңді көрсет.
  2. Өзіңді қазір қалай сезінесің?

Екі әлеміңді салыстыр, айырмашылығы бар ма? Қазіргі әлемін қалаған әлеміне айналдыру үшін не істеуге болады? Сенің қолыңан ол келе ме?

 

7-тапсырма


 

Қорытынды: «Сенің көңіл-күйін болмаса…» рефлексия.

 

Бүгінгі сынып сағатымыз аяқталды, бірақ бұл бағытта жұмысымыз әлі жалғасады, өйткені адам өзін-өзі тану үшін ұзақ уақыт керек және өзін-өзі тану нәтижесінде адам өзінің дербес өсу және өзін-өзі жетілу қабілетіне ие болады.