Халықтық сәндік қолданбалы өнері (ағаш өңдеу).

97

Солтүстік Қазақстан облысы

Тайынша қаласы

№5 орта мектеп

технология  пәнінің мұғалімі

Ибраев Нұрлан Маулиұлы

 

 

 

Технологиялық оқыту.

Халықтық сәндік қолданбалы өнері (ағаш өңдеу).

 

Елбасымыздың «2030» бағдарламасында көрсетілгендей, жаңа ұрпақты тәрбиелеу барысындағы еңбек пәнінің ата дәстүрді жаңартып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізудегі рөлі ерекше. Дегенмен, ұлттық өнер, ұлттық нақыш тек еңбек сабағында ғана емес, балғын жасқа тәрбие беруде және оқу барысында кез елген сабақта ұлттық педагогикамен үндестік тауып жатуы тиіс. Ол сөз жоқ, өскелең ұрпақты үлкен адамгершілікке, патриоттық сезімге, асқан ұстамшылдыққа, ақақтыққа, биіктікке тәрбиелейді.Міне осы негізді басшылыққа ала отырып қолөнер дәрісін әріден теріп, берімен жалғастыру- бүгінгі күннің өзекті мәселесі.

Бүгінгі таңда ұлттық қолөнер оқушыларға эстетикалық тәрбие берудің бірден-бір құралына айналып отыр. Қазақстан Республикасының «Еңбекке оқыту және тәрбиелеу» тұжырымдамасында «Еңбек негізін мектеп жасынан қалыптастырмай олардан іскерлер шықпайды» деп атап көрсетілгендей, еңбек және үйірме сабақтарында ағаш бұйымдарын көркемдеп өңдеу оқушы ұлдарды сол өнердің қыры мен сырын ұғындырып, эстетикалық талғамын қалыптастыруымыз қажет.

Халық мұрасын мәдениетін жүйелі меңгеруге, жалпы әлемдік рухани игіліктерді бағалай білуге жастарды тәрбиелеу – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. «Халықтық өнердің арғы негізінен қол үзбеу» — бізге парыз. Неге дісеңіз, өнердің шын мәнісіндегі халықтағы ғана жақсы талғамның, өшпес өміршеңдіктің, әсемдіктің кепілі болып табылады. Иә сонда ғана, нақты ашып айтқанда, халықтың ерекшелігі бейнеленген өнер ғана жастарға үлкен эстетикалық тәрбие берудің құралы бола алады. Демек, оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыруда ұлттық өнеріміздің рөлі айырықша болмақ.

Халықтық қолөнердің, көркем дәстүрлердің жалғасы қазіргі кездегі ұрпақтың оған деген шынайы ықыласынан байқалады. Ерте заманда-ақ жас ұрпаққа эстетикалық тәрбие беру арқылы  халқымыз олардың эстетикалық талғамын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлгені мәлім. Мәселен Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев секілді қазақтың біртуар азаматтары кейінгі дастарды оқуға, білім алуға, еңбекке, жалған әсемдіктен шын әсемдікті айыра білуге, өнерді сүйуге шақырады.

А.Ғалымбаева, Ә.Марғұлан,С.Қасыманов, Г.Илияев т.б. ғалымдарымызөз еңбектерін халқымыздың ою-өрнегі мен сәндікқолданбалы өнердің шығу тегіне арнаған. Сәндік қолданбалы өнер көркемдікті, сұлулықты көруге, білуге, мәдениеттілікке үйретеді.

Мен сәндік қолданбалы өнердің элементтерінің бірі ағаштан жасалған бұйымдарға тоқталамын.

Қазақ халқының өмірінде ағаштан жасалған үй бұйымдарының алатын орны ерекше. Оларға: киіз үй сүйегі; ас жабдықтарынан – асадал, кебеже, күбі, үй жиһаздарынан – сандық, адалбақан, ағаш төсек, музыкалық аспаптардан – домбыра, қобыз т.б. көптеген бұйымдар жатады.  Сол сияқты тұрмыстық қажеттілікті тала ететін арба, шана, тіпті ожау, қасыққа дейін ағаштан жасап пайдаланған. Көшпелі мал шаруашылығымен немесе жартылай отырықшылыққа ауысып, егіншілікпен айналысқан қазақ қауымының күнделікті тұрмысына қажет ағаштан жасалатын бұймдардың түрі сан алуан. Ағаш өңдеуді кәсіп еткен шеберлерді халық, олардың жасайтын бұйымдарына қарай «үйші», «ерші», «арбашы», «ұста», «саз аспапшы», «зергер» деп даралады. Бұл шебердің әр қайсысы өзінің негізгі кәсібінен басқа да уақ түйек бұйымдар түрлерін жасай білді. Әсіресе «ұста» аталған шеберлер үй бұйымдарының көптеген түрлерін жасаумен бірге, әр түрлі металл және сүйек өңдеу ісімен де айналысты.

Қазақтың күделікті тұрмыста пайдаланған ағаштан жасалатын үй-іші жиһаздары мен ыдыс-аяқтары да көші-қонға немесе отырықшылыққа бейімделіп жасалады. Әрине қазақ қолөнер шеберлерінің ішінде орта қол ісмерлерімен бірге, аса өнерлері де болды. Сондықтан да Қазақ төңкерісіне дейін жасалған бұйымдардың осы күні ел арасында болсын, мұражайлар қорында болсын ең тәуірлері, бағалылары ғана сақталып отыр. Мұндай заттарды қазіргі күнде жасайтын халық шеберлері де некен-саяқ, оны күнделікті өмірде қажет етіп жасатушы да аз. Өйткені қазіргі қазақ жұртшылығының күнделікті қажетін өтеуде өндірістік өнімнің алатын орны өте зор. Бірақ бұл күнде Британия мұражайының меншігіне айналып кеткен «Әмудария қазынасы», «Алтын адам», Қарғалы мүрделеріндегі «Алтын диадемалар» әлемде теңдесі жоқ қолөнер туындылары болып есептеледі.

Қазақ халқы – кең-байтақ республика жеріндегі ертеден қалыптасқан көне мәдениеттің тікелей мұрагері және сол дәстүрлі дамытушы, жаңғыртып байытушы. Бұл процесске әр кезеңде Қазақстан жеріне жан-жақтан келген көшпелі тайпалар мен халықтардың, сондай-ақ Оңтүстік Сібір, Орта Азия мен орыс халқының да мәдениеті әсер етті.

Қазіргі уақытта революцияға дейінгі қазақ халқының қолөнер табиғатын жан-жақты, этнографиялық тұрғыдан зерттеудің ғылым үшін де, өмірлік тәжірибе үшін де маңызы зор, өйткені қазақтың қолөнері – жалпы халық мәдениетінің ішіндегі негізгі салаларының бірі. Үлкенді-кішілі қай халық болсын, дүние жүзілік мәдениет қорына өз үлесін қосады. Олай болса, қазақ халқының да ұлттық мәдениеті, оның ішінде қолөнер шеберлерінің дәстүрлі өнері – жан-жақты зерттеуді  қажет ететін бағалы, құнды мұра.

Ағаштан жасалған бұйымдарды көркемдеп өңдеудің және шикі теріні керу технологиясы бойынша жасалатын бұйымның күрделі бір түрі әшекей қылқобыз жасау.Ол қатты қатты ағаштан бүтіндей шабылады. Тұл аспапсыз өнер тарихына шолу жасау мүлде дұрыс емес. Сондықтан қылқобыз туралы айтылатын тарихи әңгімелер өте көп. Қорқыт атамыз оның жалпы пішінін ұшып бара жатқан аққудың бейнесіне ұқсатып жасаған. Кішігірім әшекей қобыз, мынадай бөліктерден тұрады: 1-сылдырмақтардан, олар екі бөліктерден жасалады, біріншісі – табақша жез қаңылтыр, екіншісі – иректеліп шегеден жасалғанәшекей. Олар бір-біріне қағылу арқыы дыбыс шығарады. 2- алақан, онда сылдырмақтар, құлақ баулар орнығады, 3- құлақтар, 4- мойын, 5- шанақ ойшықтары, 6- аттың қылынан таралған қыл ішектер, 7- өңделіп тартылған шикі тері, 8- үлкен тиек, 9 – қобыздың түбі, 10- ілгек. Қылқобыздың артқы көрісінде 11- құлақ орындарының өтпелі тесіктері, 12-шикі терінің астындағы белдеме ағаштар, 13 – тартылған тері тілгіші. Әшекей қылқобыздың ұзындығы – 160мм, алақанының ұзындығы – 30мм., жалпақтығы – 20*30мм., мойнының ұзындығы – 40мм, жалпақтығы – 6 мм, оның пішіні домбыра мойны тәріздес доғалданып жасалады. Екі бөлек домалақтанып жасалған шанақтың ұзындығы – 45мм, жалпақтығы – 35*22мм.

Қобыздың барлық пішіні толық жасалып, зімпара қағаздармен тазаланғаннан кейін жібіген шикі тері кесіндісін тұрақты күш түсіре отырып, біркелкі тартады. Тері ПВА желімі және ұсақ шегелердің көмегімен қобыз түбінің жиегіне бекітіледі. Тері бекіністерінің шеті көрінбеу үшін сыртына шпон ағашы немесе текстуралық қағаз желімделеді, олар болмаған жағдайда  иленген қайыстан үш өрімді өрілген өрнек арқылы жабамыз. Бұл өрім де желім мен қалпақты шегелер арқылы бекітіледі. Барлық талапқа сай жасалған қобыз лакталып, аттың қылынан ішектер тартылады. Қылдардың саны: 1-ішекте 10-15 тал, ал 2-ішекте 20-25 тал шамасында, үлкен тиек те белгілі бір өлшеммен алынады, оның бір шеті терінің үстінде, екінші шеті – қобыз түбінің жиегіне орнығуға тиіс. Ол үшін қыл бекіністерінің артқы ілгегін он жақ шегіне орнықтыру керек. Ілгек өлшемі де белгілі бір шамамен алынады.

 

Ағаш өңдеу құралдары. Қобыз макеті.

 

1) Сабақтың тақырыбы:   Ағаш өңдеу құралдары. Қобыз макеті.

 

2) Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік – сезімдік іс-әрекетін қалыптастыру.

б) Дамытушылық — өз бетінше жұмыс істеу дағдысын дамыту.

в) Тәрбиелік — өз бетімен жұмыс істеу арқылы еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

 

3) Еңбек объектісі: Мектеп шеберханасы.

 

4) Сабаққа керекті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер:

Технологиялық карта түрлері

 

5) Пән аралық байланыс: сызу, тарих, сурет, геометрия, музыка.

 

6) Сабақтың мазмүны мен өту барысы:

Сабақты бастаудан бұрын, оқушыларды сабақ өтуге керекті алдын-ала даярланып, жұмыс столына қойылған ағаш өңдеуге арналған құрал-саймандармен таныстырамыз. Құрал-саймандарды ұстап көрмес бұрын техниканы пайдалану кезіндегі техникалық қауіпсіздік ережесін тағы да қайталап, түсіндіріп, дәптерге қолдарын қойдырамыз.

Содан кейін мұғалім өзі әрбір құралдарды өз қолымен көрсетіп пайдалану әдістерін айтып түсіндіреді.

Мынау менің қолымдағы кескіш құрал, бір жағы біркелкі жақталып, ұшы өткір құралдарды кескіш құралдар дейміз.

Бір жақты пышақ, қос қолды пышақ бұл құралдардың жүзі бір жағынан ғана өңделген. Ұзындығы 1000, 1250 және 1500 мметр. Ал ені 130 және 170 мметр, қалыңдығы 1,1-1,5 мметр. Ал қайрау бұрышы 40 тістері екі жаққа 0,4-0,5 мметр. Сабы қайың ағаштан жасалынады. Қол аралар жалпақ тақтайды көденіңіненжәне ұзынынанда кесу үшін қолданылады.

Оқушылар өз орындарында отырып, кезекпен-кезек ағаш өңдеуқұралдарын көріп шығады.

  1. Ұйымдастыру – 3-5 минут.
  2. Жаңа сабақты түсіндіру – 10-15 минут.

Тақтаға осы сабақта пайдаланылатынжәне көруге керекті еңбек

құралдары  мына схема бойынша сызылған қағазға жазылып тақтаға ілініп қойылады.

 

р/с Негізге қойылатын еңбек құралдары Оларды пайдалануға жұмасалатын уақыт.
1 Кескіш құралдар:

а) ара түрлері

б) сүргіш түрлері

Қолындағы заттың ағаштың үлкен кішілігіне қарай кесуге келетін уақыт
2 Оқушылардың өз бетінше жұмысы Қолына берген еңбек құралдарымен танысады

 

  1. Технологиялық карта бойынша 5-7 минут жұмыс істейді.
  2. Қолдарына осындай үлестіріліп берілген құралдар мен өз әрқайсысы

кем дегенде бір сағат жұмыс істейді. Мұғалім оқушылардың жұмыс сапасын жеке-жеке тексеріп орындалу сапасына қарай баға қояды.

  1. Тақтаға ілінген немесе мұғалімнің ауызша қойған сұрақтары

бойынша қосымша сұрақтар қойылып, оқушылар білімі тағында тексеріледі.

  1. Мұғалім сабақты өзі қорытындылап жұмыс сапасына қарай

оқушыларға баға береді. Үйге тапсырма беріледі.

Сабаққа пайдаланған әдебиеттер, оқу құралдары, әдістемелік және дидактикалық материалдар: «Еңбекке үйрету» журналы. Авторы Ә.Құтпанбаев, Технология оқулығығ авторы К.Өстеміров.