СПИД – ғасыр індеті

118

Сабақтың тақырыбы: СПИД – ғасыр індеті

Сабақтың мақсаты:        СПИД – жұқпалы ауруы жайында оқушыларға мағлұмат беру. Спид –

тің адам баласына әкелетін зияндылығын түсіндіру. Оқушыларды

СПИД-ке қарсы күресуге шақыру.

Білімділік:                      Ғасыр індеті жайында  жалпы сипатта беру. Оқушыларды теріс жолға

түспеуге, құмарлыққа, әуестілікке салынбауға тәрбиелеу.

 

Дамытушылық:            Оқушылардың ой- өрісін дамыту. Ұлттық дүниетанымын кеңейту.

Оқушылардың сана – сезімін ояту.

 

Тәрбиелік:                     Адамгершілікке, мейірімділікке баулу. Өмірінде дұрыс жол таңдай

білуге үйрету.

 

Көрнекі құралдар:         Қанатты сөздер, мақал – мәтелдер

 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

 

 

Дүние жүзінде СПИД – ЖҚТБ (жұқпалы қорғаныш тапшылығы белгісі) барған сайын үдеп  әрі өсу үстінде. Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегі бойынша, осы аурумен ауыратын 65 млн адам тіркелген және 25 млн адам кейінгі жылдары осы дерттен қайтыс болған. СПИД – ағзаның жүйесінің жасушаларын (клеткаларын) бұзатын адамның қорғаныш тапшылығы қоздырғышынан туындайтын ауру. АҚШ ғалымдары СПИД туралы жүргізген ғылыми – зерттеу жұмыстарының нәтидесіне сүйене отырып «Бұл ауру – адам баласының белгілі бір бағытта жүргізген ісінің жемісі» деген тоқтамға келді. Ал Англияның вирусолог докторы Д. Стили: «СПИД вирусы бактериологиялық қарумен айналысып жатқан лабороториялардың бірінде жасалған.» деген  батыл тұжырым айтқан. Бұл пікір СПИД вирусы «африкалықтардан» немес «маймылдан» шықты деген теорияларды жоққа шығарды. Қалай болғанда да, көпшілік бұл кеселден аулақ болудың амалын қарастырып және аурудың алдын алу және сақтану жолдарын біліп әрі оны мүлтіксіз, бұлжытпай орындауға тиіс. Сондықтан да, қоздырғыштың өзіне ғана тән кейбір қасиеттерін білген жөн. Әдетте, СПИД вирусы ол жануарлардың ағзасында өмір сүре алмайды. Ауруды тарататын тек адам ғана. Ол тек ауырған адамнан сау адамға жұғады.

Біріншіден, вирус ауырған адамнан сыртқа шығады. Екіншіден, сыртқа шыққан вирус сау адамның ағзасына түседі. Мұны медицинада «жұқпалы аурулардың таралу механизмі» деп  атайды.

Зақымдалған адам ағзасында вирус қанның лимфоциті мен қан түйірлері пайда болатын органдарда өсіп – өнеді.  Мамандар бұның себебін нашақорлық және жезөкшеліктің төңірегінен іздейді. Нашақорлыққа тұсау салмайынша, СПИД кеселі қарқынды дами бермек. Есірткі деген әзәзілдің алдында жастар қауқарсыз. Осыдан бес – он жыл бұрын бұл ауру қазақта жоққа тән еді. Қазір біздің ұлттың өкілдерінің арасында да еселеп көбейіп келеді.  Бұл қатерлі аурудан қорғану үшін, біріншіден, әлеуметтік, мемлекеттік және халықаралық шаралар ұйымдастыру қажет. Екіншіден, жеке адамды қорғауға  бағытталған жұмыстар жүргізілуі тиіс. Бұл екі шара да бәіздің елде үздіксіз жүргізіліп келеді. Одан да нәтиже аз болып тұр. Бәрі бір оған қарсы күресті тоқтатуға болмайды. Ол үшін аурудың таралу мүмкіншілігін шектеп, оған жол бермеу керек. Үшіншіден, аурудың таралу жолдарының мүмкіншілігін тежеудің немесе жоюдың профилактикалық (алдын алу) жүйесін енгізу қажет. Өйткені, осынау кесел барлық елдердің жұртшылығы алдында күрделі әлеуметтік проблемаларды тудырып отыр. Ең бастысы, осы дертке байланысты заң қабылдау мәселесін ойластырған жөн. СПИД вирусын жұқтырғандарға медициналық және әлеуметтік көмек көрсету – бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Дегнемен, әрбір саналы азамат өзінің денсаулығына өзі жауапты екенін ұдайы есте ұстауға тиіс.

Батыста дәрігерлер қазір жоғары актмвті антирорерапияны кеңінен қолдана бастаған. Иммундық жүйесі өте әлсіз адамдарға арналған бұл терапия қандағы қоздырғыштық қысым төмендеп, иммундық жүйені қалпына келтіруге зор мүмкіндіктер туады дейді зерттеуші дәрігерлер. Алайда, «Сақтықта қорлық жоқ» деген сөзді ұмытпаған жөн.