Сәндік қолданбалы өнер. Өзім пішіп, өзім тігемін.

Астана қаласы .

«Ә.Марғұлан атындағы №40 орта» ММ-сі

технология пәні мұғалімі

Р.Н.Бекенова

Сабақтың тақырыбы: Сәндік қолданбалы өнер. Өзім пішіп, өзім тігемін.

Сабақтың мақсаты:

Матадан бұйымды көркемдеп тігу шеберлігі. Пішу, тігу, моделдеу өнеріннің жетілдірілген әдіс- тәсілдерін меңгерту.

Білімділігі:                      Сәндік қолданбалы өнер кәсіби бағытында

практикалық дағдылықты, іскерлікті,

бейімділікті қалыптастыру.

Дамытушылық:             Оқушылардың ойлау қабілетін,

икем-дағдыларын арттырып,өмірде

пайдалануға үйрету.

Тәрбиелік:                       Шығармашылдық  ой-қиялдарын, эстетикалық

талғамын, ұлттық құндылықты рухани

құндылықпен ұштастыра білуге баулу.

Сабақтың әдісі:              ауызекі баяндау, ой қозғау,

Сабақтың түрі:               теориялық, сарамандық.

Пән аралық байланыс: тарих, әдебиет, сызу т.б

Сабақтың көрнекілігі:   компьютер, слайд, нұсқау карта, үлгілер.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру.амандасу, түгедеу, зейіндерін сабаққа аударту.

ІІ. Үй жұмысы

Өткен сабаққа шолу, қол өнер салаларын  сұрақтар арқылы тұжұрымдай отырып киіз үй макетін тақтада құрау. Қол өнер саласында жұмыс атқарған мамандарды атай отырып, ауыл көрнісін бейнелеу.Оқушылар құрал-жабдықтарға байланысты жұмбақтар беріліп шешуіне байланысты техникалық қауіпсіздік ережелері қайталанды.

Слайд « Техникалық қауіпсіздік ережесі»

Ой қозғау: Қол өнер саласы нұсқада оқушылардың өз ойларымен, бұрынғы және қазіргі заман талабынай сай мамандықтарға тоқталып оқушылар білімдері  схемелер бойынша анықталды.

ІІІ.Жаңа сабаққа түсінік, нұсқау картаны пайдалану жолдарын баяндау

Тасқа, сүйекке, ағашқа қашап ойып, сол арқылы өзі көрген табиғи ортасына ойын жеткізуге құштарлық атам заманнан қалыптасқан. Олар тектен-текке тумаған, өмір қажеттілігінен, тарихи қоғамдық болмыстан туып, халықтың тапқырлық ой-парасатын бейнелейтін өрнектердің өз орны, өз мазмұны бар.

Ежелден қолөнерді қастерлей білген халқымыздан мұра болып келе жатқан тұрмысқа қажетті бұйымдар өте көп. Әдемі киімдер тігіп оны ою- өрнекпен әшекейлеген, өрнектеген шеберлер де аз емес. Ал біз осы сабақта заман талабына сай, күнделікті пайдалануға қажетті, әйел адамдарға сыйға беруге болатын, ас бөлмесінің құралы, ыстық ыдыстарды ұстаға ыңғайлы «ұстағыш» дайындаймыз. Сыныпты 3 бригадаға бөліп, әр бригада ұлттық бір нақышта ұстағыш дайындайды.

ІV. Сарамандық жұмыс.

1бригада Ұстағышты ою-өрнекпен әшекейлейді.

2бригада Ұштағышты құрақ өнерімен нақыштайды

3бригада Ұстағышты жапсырмалау ( аппликация) бағытында әшекейлейді.

V.Қортындылау. Бағалау.

Дүкендегі, базардағы және өздері дайындаған ұстағыштардың сапасын, экономикалық шығынын, бағасын салыстыру.

VІ. Үйге тапсырма