Бисермен жұмыс

 

Сабақ тақырыбы: Бисермен жұмыс
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға бисерден «Теңге» ағашын жасап үйрету  шеберлігін арттырып, білімін жүйелеу.

а) Білімділік: оқушылардың бисермен  тоқу туралы  білімін арттыру, күнделікті тұрмысқа қажетті сұраныс туғызатын, қазіргі заман талабына сай қолөнер бұйымын жасап шығару.
ә) Дамытушылық: өз бетінше жұмыс істеудегі шығармашылық қабілетін қалыптастыру, әсемдік пен сұлулықты бағалай білуге үйрету.
б) Тәрбиелік: қолөнерге деген қызығушылығын арттыру, ептілікке, еңбексүйгіштікке, шыдамдылыққа тәрбиелеу
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың түрі: сарамандық, топтық.
Сабақтың әдісі: сұрақ — жауап, түсіндіру, жасап көрсету, өз бетімен жұмыс жүргізу. Пәнаралық байланыс: математика, тарих, бейнелеу, әдебиет.
Сабақтың көрнекілігі: бисерден жасалған  дайын бұйымдар, әшекей бұйым түрлері, кітап, журналдар, слайд.
Қажетті құрал — жабдықтар: ине, жіп, сым, леска, бисер түрлері, бисер салатын ыдыс, қайшы.
Сабақтың барысы:

 І.  Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушылардыңң сабаққа зейінін аудару мақсатында психологиялық дайындық минуты өткізіледі. «Жүректен жүрекке» бір- біріне жылы лебіздерін білдіреді.
ІІ. Ой қозғау. Адасқан әріптерден сөз құрау.

СНЕБР, ЛІБІКЗЕ, ҚАНСИА, ЛАҚА, ЗКҮЖІ, АРҒЫС

Слайдтан әшекей бұйымдары туралы әңгімелеу.  Бисер тақырыбы бойынша сұрақ беру.

  1. Бисер дегеніміз не?
    2. Бисерді ең көп шығаратын жерлерді ата?
    3. Бисермен кестелеуге қандай талаптар қойылады?
    4. Бисердің отаны?
    5. «Бисер» сөзі қандай мағына береді?
    6. Бисердің түрлері?
    7. Бисерді қандай бұйымдарға қолдануға болады?
    Сұрақтарының жауаптары:
    1. Бисер — ол кішкентай ортасында тесігі бар шариктер. Түстері әртүрлі. Құрамына қарай бисер шыныдан және металдан жасалған болып бөлінеді.
    2. Бисерді ең көп шығаратын жер, Жапония.
    3. Бисермен кестелеу ұзақ уақытты, шыдамдылықты талап етеді.
    4. Бисердің отаны Ежелгі Египет, бұл жерде түрлі түсті шыныдан үлкен моншақтарда жасаған.
    5. «Бисер» сөзі арабтың «буера» сөзінен шыққан. Ол «ортасы тесік моншақ» деген мағына береді.
    6. Бисердің түрлері: қарапайым жай бисер, стеклярус, рубка, богем бисері, Шорлот деп бөледі.
    7. Әйелдердің, қыз — келіншектердің киімдерінің алдын, өңірін кестелеуге, киімдерге, әртүрлі бұйымдар жасауға қолданады.

    ІІІ. Жаңа сабақ
    Бүгін, біз «Теңге ағашын» дайындап үйренеміз. «Теңге ағашы» яғни біздің өмірімізде кедергілер болмай, еңбек ете отырып, табыс көзін таба білуге, үнемі ақшадан тарлық көрмей, бай болайық деген мақсатта осы жұмысты жасауды жөн көрдім. Әр отбасында осы жасалған жұмыстарыңыз үйдің сәнін келтірері сөзсіз. Жалпы халықта осындай бұйымдарға байланысты түрлі ырымдар бар. Мысалыға «Теңге ағашы» ақша шақырады. Біздің теңге ағашымыз, сіздерге қолдау көрсетеді деп ойлаймын.

ІҮ.  Сарамандық жұмыс.                                    
Қауіпсіздік ережесін еске түсіру.

Жұмысқа кірісер алдында

бисерді қораптарға салып қойған жөн

 

 

 

 

 

Бисермен жұмыс жасағанда                                                               Дайындалған бұйымыңыз

отырған орны жайлы,                                                                          дұрыс болмаған жағдайда

жарық мол болу керек.                                                                   ерінбей қайтадан дұрыстауға

Бисер теріп отырған сымды                       дағдыланыңыз.

бос қоюға, қатты тартуға

болмайды. Бисерлер дұрыс

орналаспайды.

1.Жұмыс киімін кию.

2.Баяу музыка әуені қосылады.

3.Қажетті құрал- жабдықтарды үстел үстіне дайындау.

Жұмысты жасау үшін ұсақ бисерлер 1-5 теңгелік тиындар, сым, қондырғы, қайшы, қылқалам, желім (ПВА), мата, гипс, ыдыс қажет (қалауларыңыз бойынша).

Арнайы теңгеліктердің шетін тесіп алу керек, ұсақ бисерлер, сым, лейкопластр немесе изолент, қондырғы.

Слайд арқылы жұмысқа кіріседі.

Теңге ағашын дайындау үшін сымға бір теңгелікті өткіземіз, арасына әдемі көріну үшін бисер теру керек. 10 немесе 15 бұтақ жасаймыз, әр бұтақтың сымдарын біріктіріп орап, қосып, лейкопластрмен ораймыз. Қондырғыға бұтақтарды жинаймыз. Бұтақтарды ыдыстың ішіне орналастырып, гипспен ПВА клейін араластырып, бұтақтарына жағамыз. Ыдысқа бұтақтардың жақсы орналасуы үшін гипсті суға араластырып құйып қатырамыз. Бұтақтарды сұр түспен бояп, әсемдейміз. Бұл «Теңге ағашын» сыйға тартуға болады.

Сергіту сәті. Би элементтерін көрсету (музыкамен).

ҮІ. Қорытындылау, бағалау.

Венн диаграммасы.

Не білдім?Не үйрендім?Не білгім келеді?

 

ҮІІ. Үйге тапсырма: Жұмысты аяқтау. Басқа елдерде бисерлердің аталуы туралы мәлімет.

ҮІІІ. Жұмыс орнын тазалау.