Майшабақ және көкөніс салаты.

Бекітемін        ———————-

 

Сабақ тақырыбы:               Майшабақ  және  көкөніс  салаты.

 

 Сабақтың мақсаты:    Оқушыларға  тақырыптың  мазмұнын  ашып  беру  және  түсіндіру. Майшабақ  және  көкөніс   салатының дайындалу  технологиясын  түсіндіру.

 

Дамытушылығы: Шеберлігімен  ой-өрісін  дамыту, ұшқыр  қиялымен  аспаздық  қабілетін  дамыту.Өмірге  деген қызығушылығын  арттырып,еңбекке, әсемдікке  баулу.

 

Білімділік: Алған білімдерін  практикамен ұштастыру, үнемділікке ойлампаздыққа үйрету.

 

Тәрбиелік:Өнерге баулу арқылы икемділік, іскерлікті эстетикалық талғамды қалыптастыру.

 

Сабақтың  түрі: теориялық, практикалық

Әдіс- тәсілдері:  Интерактивті  оқыту  технологиясы.

Сабақтың  барысы: Ұйымдастыру  кезеңі.

А. Оқушылардың  сабаққа  әзірлігін  реттеу, жоқ   баланы  белгілеу.

Ә.Өткен  тақырып  бойынша  сұрақ,  жауап  арқылы  пысықтау.

  Б. Жаңа  сабақты  түсіндіру.  Сарамандылық  жұмыс.

Сергіту  сәті.

В. Жаңа  тақырып  бойынша  сұрақ, жауап  бойынша  пысықтау.

Д. Қорытынды.

Оқушыларды  бағалау.Үйге  тапсырма беру.

Үй тапсырмасын  сұрамас бұрын    «Асхана»  ойынын  ойнайық.

Ол үшін  менің екі  асханам  бар  делік, оқушылар  екі топқа  бөлінеді:

  1. «Береке» асханасы.
  2. «Дастархан» асханасы.

Оқушылар  екі топқа бөлінген  соң, яғни бір  топта  он  оқушы  болса,соның біреуі ғана  даяршы , қалғаны аспазшы  болады.

Ойынның  шарты мынадай:

  1. Келген қонақтардан  тапсырыс  алу.
  2. Интернеттегі тапсырысты орындау.
  3. Жаңа тақырып бойынша жоспар құру.
  4. Ас туралы мақал-мәтел.
  5. Тест тапсыру.

Ал сонымен  арттағы  мұғалімдер  екі  асханаға  келіп  отыр.

Мен  екі  асханаға  үй  тапсырмасын  берген болатынмын.

1.Береке  асханасына«селедка под шубой  »

салаты.

 

 

2.Дастархан  асханасына «пирог,торт»

 

 

 

 

  1. «Келген қонақтардан тапсырыс қабылдау» 

Даяршы  қонақтардың  тапсырысын  қабылдап, дастархан  жасайды.

Дастархан  мәзірінде  — салат, сок, шәй, бауырсақ, тағы  басқа.

2.«Интернеттегі  тапсырысты  орындау.»

Асханаға  сырттан  да  тапсырыс  беріледі. Тапсырысты  орындау үшін интернет  тақтасында  салаттардың  суреті  бар ұяшықтар   бізге  келген  тапсырыс. Осы  тапсырысты  орындау  үшін мен салаттың атауы  бар  картотеканы  беремін .Онда  сұрақтар бар.

Мысалы :

«мимоза»салатында бір сұрақ, сол сұрақты орындаған  оқушы  тақтадағы  «мимоза» суреті  бар ұяшықты  басады ,онда әріптер  бар,бір әріп-10бал.

 

Өткен тақырыпты  пысықтау.

1.Кляр  дегеніміз  не?(Жауабы : ұн, сүт, жұмыртқа және  тұз  қосу  арқылы  жасалған  сұйық  қамыр.)

2.Балықты  қалай тазалаймыз?(1.Қабыршағын  тазалау,2.Ішек-қарнын  тазарту,3.Басымен құйрық  қанаттарын  кесу.)

 

3.Балықты  қуырамыз,асып, қайнатып пісіреміз, сонда балықтың калориясы, дәрумендері  қайсысында көп сақталады?(Қайнатуда.)

 

4.Балықты ұнға не үшін  аунатылады?(Балықты  майға  салған  кезде, май  шашырамау үшін және дәмді  болу  үшін.)

 

5.Балықтың  жон  етін  неде  қуырамыз?(Фритюрде)

 

6.Балықтан  жасалатын  тағамдар  арасындағы  өте  дәмдісі  қандай  тағам?(Котлет)

 

  1. Балықты домалақ түрінде қуырып бұқтыратын тағамның  атауы?(Тефтели)

 

  1. Балықты алғашқы өңдеуіне  не кіреді?(Балықты  тазалау.)

 

9.Салатты шанышқымен  қай  қолмен ұстап  жейді?(Оң қолмен)

 

10.Күріш және көкөніс  қосылып қуырылған теңіз балығында  ұн неше грамм қосылады?(100гр  ұн)

 

  1. Котлет жасау үшін  қандай  балықтарды  қолданылады?(теңіз  алабұғасы, түйетабан, көк шортан)

 

12.Балықтың жаңа ауланғандығын  қалай  анықтаймыз?(1.Желбезек  аумағының  жұмсақ  болуын  қарау.2.Желбезектің ішкі жағы  қызыл  түсті  болуы  керек.3. Көзі  таза  болуы  керек. )

 

  1. Қақталған балық қай  мезгілде   қақталса, ұзақ  сақталады?(Суықта)

 

  1. Қақталған балық қай  мезгілде  қақталса, тез  бұзылады?(Ыстықта)

 

  1. Қандай балықтан улануымыз  мүмкін?(Тұрып  қалған)

 

16.Қуырылған  балық  неше  сағатта   сақталады?(48сағат)

 

17.Кептірілген  нандағы  балық неше  сағатта  сақталады?(24 сағат)

 

18.Пісірілген балық  неше  сағатта  сақталады?(72 сағат)

 

  1. Қақталған балық неше  сағатта  сақталады?(72 сағат)

 

20.Балықта  қандай  витамндер  бар?(А,С,В,В12)

 

  1. Балықтың қандай пайдасы  бар?(Көзге  пайдасы өте зор, күш-қуат  береді.)

 

22.Балық  тефтелиін неше  минут  бұқтырады?(10-15мин)

 

  1. Клярды қалай дайындаймыз?(4 шәй қасық  ұнға 1 жұмыртқа  сарысы, ақуызын  дайын  қамырға бөлек  жарып  құяды,15-20 мин тоңазытқышта  сақталады.)

 

24.Балықтың жон етін қуыру  үшін  неше  грамм  май  кетеді?( 150-200гр  май.)

 

25.Балықтың құрамындақандаймикроэлементтер бар?(Кобальт,молибден,йод.)

мимозаоливияпод шубой…………….…………..……………………
МА????????????

 

Екі  топтың  балын  тексерейік.

«Береке» асханасы                            «Дастархан» асханасы

          М-10                                                         К-10

          Ш-10                                                         С-10                          

           А-10                                                          Л-10

           Т-10                                                          Ө-10

           Б-10К-10

           Қ-10                                                          Ө-10

           Й-10                                                          Н-10

            І-10                                                        70

            Е-10

            Ы-10

           100

«МАЙШАБАҚ  ЖӘНЕ КӨКӨНІС  САЛАТЫ.»міне ұяшықтағы  сөздерді  оқиық ,бұл  әріптер бүгінгі  өтетін   жаңа  тақырыбымыз.

Балық пайдалы қасиеттері: Қартаюға қарсы ең жақсы азық. Арқан балығы (лосось), сардина, скрумбия балықтарының құрамындағы Омега-3 миды және жүректі қорғайды. Рухани жағдайды реттеп, қан құрамындағы шекерді қалыпқа келтіреді.

Бала кезімізде аналарымыз күштегендей етіп балық майын ішкізіп жататын. Дәмі жағымсыз болса да, амалсыздан күніне бір-екі рет ішуге тура келетін. Өсе келе балық майы адам ағзасына өте пайдалы екенін түсіндік. Балық майының құрамында «Омега-3» және «Омега-6» амин қышқылдары бар. Бұл қышқылдар негізінен цинк, фтор, фосфор элементтерінен түзілген.

 

Аталған қышқылдарды  салыстырар болсақ, айырмашылығы  тек молекулалық құрылында екенін көреміз, бірақ ол адамның ішкі құрылысына пайдалы түрлі функцияларды атқарып жатады. Түбегейлі  зерттеулердің қорытындысына және дәрігерлердің пікіріне қарағанда балық майы бізге көп ауруларды жеңуімізге көмектеседі  екен. Мысалы, баспа, сал, ұмытшақтық, жүрек-қан тамыр ауруларының алдын алуға септігі мол көрінеді.

 

Грек ғалымдары күніне 10 гр ба­лық майын ішу адамдардың  арасында  жиі кездесетін кенеттен жүрек   тоқтауы оқиғасын 41 пайызға қысқартатындығын алға тартады. Цинцинати университетінің ғалымдары күніне 2 гр балық майын  қабылдау қан қысымын қалпына кел­тіретінін дәлелдеген. Олардың пікірінше түрлі дәрілермен емделгеннен гөрі балық майының шипасы  молырақ екен және біз өз ағ­замызды химиялық улан­дырудан сақтай аламыз.

 

Бүгінде отандық мамандарымыздың деректеріне сүйенсек, балық майы кеуде обырын тоқтатуға не болмаса  кішірейтуге көп әсерін тигізеді екен.

Ал енді  үшінші шартымызды  орындайық.

  1. Жаңа тақырып бойынша жоспар құру.

Ал  онда  жоспар  құрайық.

 

 

«Береке» асханасы               

 

Құрамы:

  1. Тұздалған майшабақтың  жон еті — 200гр
  2. Қияр —2дана
  3. Қызанақ –2 дана
  4. Тәтті бұрыш – 1 дана
  5. Пияз — 1 дана
  6. Жарты байлам ақжелкек
  7. Өсімдік майы — 3 ас қасық
  8. Дәміне қарай қара бұрыш

 

   «Дастархан» асханасы

Дайындалу реті:

1.Көкөністерді  ағынды  сумен  жуу.

2.Қиярды  ұзыншалап  турау.

3.Қызанақпен болгар  бұрышын  бөліктерге бөлу.

4.Пиязды  сақиналап  турау.

5.Майшабақтың  жон  етін  бөліктерге бөлу.

6.Қияр, қызанақ,пияз,болгар бұрышымен  араластыру.

  1. Өсімдік майы, бұрыш қосып, барлығын араластыру.

8.Дайындалған  салатты  ыдысқа  төбешік  жасап салу, ақжелкек себу.

 

Сергіту сәті.

  4.Ас туралы   мақал-мәтел айту.

Жаңа сабақты қорытындылап пысықтау.

 

 

 

 5.Тест  тапсыру.       

 

1.Сүттің  құрамында  адам  ағзасына  қажетті  қандай  заттар  бар?

А)Барлық  пайдалы  заттар  бар.

Ә)Белоктар, сүт қанты, минералды заттар

Б)Көміртегі мен майлар  бар

 

2.Адам ағзасына  сүттің   қанша  пайдасы  тиеді?

А) 18-21%

Ә)50-57%

Б) 95-98%

 

3.Көкөністің  қай  түрінен   крахмал  алынады?

А)сәбізден

Ә)картоптан

Б)капустадан

 

4.Адам  ағзасы  үшін  аса қажет, маңызды  дәрумендер  тізбегін  көрсет?

А) Д,С,В1,РР

Ә) В1,А,В2,С,РР

Б) А,В,С

5.Аскорбин қышқылы  деп қандай  дәруменді  айтады?

А)С витамині

Ә) В2,А витаминдері

Б) Р витамині

6.Р витамнінің  негізгі  көзі?

А)лимонда, жүзімде

Ә) мал  майында

Б) балықта

 

7.Бұл  витамині  жетіспесе  адамның  тыныс  алу мүшесі,асқазан  ішегі, терісі ауырып,  көзі нашар  көреді?

А)В2,А витаминдері

Ә) В1 витамині

Б) А витамині

 

8.Тамақ әзірлеу  өнері  туралы  алғаш  кітап  қай  елде  шықты?

А)Ежелгі  Греция

Ә)Рим

Б)Қытай

 

9.Кешке  асты  жатарда  неше  сағат  бұрын  ішу  керек?

А) 3-сағат

Ә)20-30 минут

Б)1-сағат

 

10.Мерекелік  столға  қайсысын  дұрыс  қоймадық?

А)гүл мен ваза

Ә) жанған май шам

Б) торт қапшығымен

 

  1. Шанышқы ғана пайдаланатын  мерекелік стол?

А)Фуршет  столы

Ә)Банкет  столы

Б) Швед столы

 

  1. Шәй маманы қалай  аталады?

А)кондитер

Ә)титестер

Б)калькулятор

 

  1. Шикі кілегей қосып  берген шәйді  қазақ  халқы қалай  атаған?

А) ақ шәй

Ә) қызыл күрең шәй

Б) ақ тамақ шәй.

 

 

  1. Адам баласы бір күнде  тамақтың  35 пайызын  қай мезгілде  ішу  керек?

А)таңертең

Ә) түске дейін

Б)түсте

 

  1. Бутербродты әзірлегенде артық тағамды  ата?

А)нан

Ә)май

Б)сүт

 

 

Оқушылардың балын  есептеп, қай топ алға  шыққандығын  айту, үйге тапсырма  беру.