Киіз үй құрылысымен және олардың бөліктерімен танысу, құрал жабдықтарыменжәне жиһаздарымен танысу.

Сабақтың тақырыбы:Киіз үй құрылысымен және олардың бөліктерімен танысу, құрал жабдықтарыменжәне жиһаздарымен танысу.
Сабақтың мақсаты:

  1. Қазақ халқының баспанасы — киіз үй туралы жан-жақты мәлімет беру, жүйелі түрде өз пікірін айта білу.
  2. Киіз үйдің құрылысын оқушыларға әр түрлі материалдардан жасауға бағыт бағдар беру арқылы шығармашылығын қалыптастыру.
  3. Эстетикалық талғамын қалыптастыру, Отанын сүю, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, топтық, деңгейлік тапсырмалар, шығармашылық тапсырмалар, кеспе қағаздар.

Көрнекіліктер: Слайд, компьютерлер, проектор,түрлі суреттер, кеспе қағаз.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:Сабақ мақсатын хабарлау, оқушыларды сабаққа даярлау.

ІІ. Кіріспе сөз

Киіз үйді қазақ халқы «қасиетті, киелі шаңырағымыз» деп дәріптейді. Өйткені ол-баспанасы, мәдениеті, мақтанышы, мыңдаған жылғы ой-арман табысы әрі көркем ескерткіші. Мұнда ата- бабамыздың түсінік-түйсігі, ұғымы, таңымы, талғамы, өмір тәжірибесінің тұтас үлгісі, көрінісі жатыр. Бір ғана осы киіз үйден сәулет, құрылыс, сурет, қол өнері, мәдениет сияқты бірнеше ұлы өнердің басын құрайтын ғажайып туынды көре аламыз.

Оқушыларды екі топқа бөліп отырғызамыз

Осы сәтте киіз үйге байланысты 4-5 минуттық видео көріп тамашалаңыздар. Осы видеоны қарап болған соң өткен сабағымызды еске түсіріп,  екі топқа бөлініп, тапсырмаларды деңгейлеп, оқушылардың сабаққа дайындық деңгейлерінанықтаймыз.

І ші деңгейлік тапсырма 5-деген  бағаға — тест сұрақтары беріледі.

5 мин.

ІІ ші деңгейлік тапсырма 4-деген бағаға-суреттегі киіз үйдің құрылыстарының аттарын дұрыс таба білу.  5 мин

ІІІ ші деңгейлік тапсырма 3-тік баға үшін-берілген сөздерді топтарға бөліп  дұрыс жазу  5мин

ІІІ. Жаңа сабақ.

Киіз үй – бүкіл көшпелілер әлемінің, оның тұрмыс-салты мен этикасының, дүниетанымының бір жерге тоғысқан бірегей туындысы.

Тез жығылып, тез тігілетін киіз үй түйе мен атқа арту арқылы жеңіл көшіріледі, оның киіз туырлықтары мен үзіктерінен жауын өтпейді. Ыстық күндері киіз үй салқын болса, қысты күні керегесін қабаттап киізбен қаптап, іргесін көміп, ошақ асып, от жағып, жазға дейін отыра беруге болады.

Киіз үйді қазақстандықтардың жер сілкінісі болған жерлерге көмек ретінде жіберілген.Киіз үй бүгінге дейін өз маңызын жоғалтпай, Қазақстанның ауыл шаруашылықты аудандарында қолайлы жазғы баспана ретінде әлі де пайдаланып келеді.

АҚ БОСАҒА.

Үй іші мен сыртқы әлемді жалғастыратын касиетті шекара – ақ босаға. Сіздің босағадан қалай аттауыңыздан үй иесіне деген көңіліңіз аңғарылады. Егер сіз үйге босағаны оң аяқпен аттап, басыңызды ие енсеңіз – бұл сіздің үй иесіне көрсеткен үлкен құрметіңіз.

ОТБАСЫ– ОШАҚ ҚАСЫ.

Үйдің ортасында ошақ, ошақта қазан тұрады. Бұл – киелі орын. Қазақтың «отбасы», «отағасы» атаулары да осыдан шыққан. От жанған жерде тіршілік, тірлік бар.

ТӨР.        Киіз үйдің қонақ отыратын жері – төр ең құрметті орын саналады. Қонақтың өз ырысы бар деп түсінген қазақтар келген мейманды төрге отырғызады, қазақстың кеңдігі мен қонақжайлығының белгісі қонағын дәм ауыз тигізбей жібермеген. Бұл тамаша ғұрып күні бүгінге дейін сол күйінде сақталған.

ӘЙЕЛДЕР ЖАҚ:

Дәстүр бойынша үйдің сол жағы әйелдерге арналады. Есікке таяу асадал мен кебеже қойылып, олардың тұсына қоржын, дорба, аяққап, кесеқап ілінеді.Сондай-ақ, сол қанатта өзіндік шешімі бар ағаштөсек тұрады.

ЕРЛЕР ЖАҚ

Ер адам жағында (оң жақ) босағаға қарай қару-жарақ, ат әбзелдері ілінген. Ерлер жағы аталатын оң жақ киіз үйдің едәуір қасиетті бөлігіне саналып, өмір жолының маңызды кезеңдерін белгілейтін әдет-ғұрыптар кезінде, атап айтқанда, оң жаққа келін түсіру немесе мәйітті оң жаққа салу сияқты шараларды сакральды мәнге ие бола түсті.

Мәтінді қалай меңгергендерін тексеру.

  1. Төрге кімдер отырады?
  2. Киіз үйдің сол жағы кімге арналады?
  3. Ерлержағынданелертұрады?
  4. Үйдіңортасында не тұрады?

 

ІV.  «Сандықшаойыны»

Тақтағақағазданжасалғансандықтарілінеді. Солсандықтағысұрақтарғажауап беру.

  1. Тапсырма.

Мына сөздергеұйқастырып сөйлем құрастыр:

Киіз үйге, баспанаға, шаңырақты, алтын орданы, керегенің, ақ отауға, ою-өрнекпен, киізді.

VІ.Шығармашылық тапсырма:   Егер мен киіз үйде тұрсам!

VІІ. Қорытынды.

Бүгін біз сіздермен киелі киіз үй туралы әңгімеледік. Әртүрлі жұмыс жасадық.

Үйге тапсырма

Киіз үй жасау, жабдықтау


Уықкерегесандықжүкаяқтүндік бақанкүлдіреуішәбдіреКілемшимаңдайшабосағажабукиізүзікбаудомбыра

Шашақбаутабалдырықағаштөсекбасқұрсырмақ