Ақпарат туралы түсінік. Компьютерді тігін өндірісінде және қолөнерде пайдалану.

Сабақтың тақырыбы: Ақпарат туралы түсінік. Компьютерді тігін өндірісінде  және қолөнерде пайдалану.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Құрақ үлгілерін копьютерге түсіріп, сызып, бояудың әдіс – тәсілдерін меңгеру, алған білімдерін компьютер арқылы көрсетуге, жинақтауға дағдыландыру.
  2. Тәрбиелік: Өз халқының салт – дәстүрін құрметтей білуге, ұлтының ерекшеліктерін түсінуге тәрбиелеу.
  3. Дамытушылығы: Оқушылардың теориялық білімдерін іс – жүзінде шығармашылық көрсетуге ықпал ету, сарамандық іс – әрекеттерін қалыптастыру.

Сабақтың түрі: технология сабағында компьютерді пайдалану.

Кіріктірілген  сабақ

Пәнаралық байланыс: Информатика, сызу, геометрия

Құрал – жабдықтары: Интер белсенді тақта, компьютер, смайлик карточкалар

Сабақтың жүрісі:

І.Ұйымдастыру кезеңі

  1. Оқушыларды түгендеу, сабаққа даярлау

ІІ. Жаңа сабақ

 

Ақпарат туралы түсінік.

Қазіргі кезде әлемде ақпарат және ақпараттық технологияның маңызы ерекше. Сендер осыған дейін 7 сыныпта информатика пәнінен ақпарат туралы мағлұмат алдыңдар.

Ақпарат дегеніміз не?

«Ақпарат» сөзі латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіретін informatio сөзінен шыққан.

Адам ақпарат арқылы не істей алады? (слайд)

Біріншіден, адам ақпаратты сақтай алады.

 

Біз газет – журналдар оқығанда, ақпаратты есте сақтап жинаймыз. Сендер радиодан бұрын естіген жаңалықтарды бірнеше күн өткеннен кейін біреуге айтып бере аласыңдар. Демек, адам миы ақпараттарды тек қабылдап қана қоймай, сақтай да алады. Адамзаттың жинаған білімі мен тәжірибесі өте көп. Сондықтан адамның миы оларды түгел сақтай алмайды және қабылдаған ақпаратты өзгеріссіз жеткізе алмайды. Сол себептен оларды сақтау үшін, сыртқы ақпарат тасушылар: қағаз, папирус, түлі таспалар, дискілер қолданылады.

Екіншіден, адам ақпаратты жеткізе алады:

Мысалы: бір – бірімізге сөйлескенде, теледидардан хабар естігенде. Кітап оқығанда. Әңгіме кезінде бір адам айтушы яғни, ақпарат беруші. Екінші адам тыңдаушы яғни, ақпарат қабылдаушы болды. Кітап оқыған кезде сен қабылдаушы болсаң да, автор беруші болды. Ал оқыған кітабыңның мазмұнын біреуге айтқанда сен ақпарат беруші боласың, тыңдаушы адам ақпаратты қабылдаушы болады.

Үшіншіден, адам ақпаратты өңдей алады:

Мысалы:

  • Сендер есеп шығарғанда шартын оқулықтан оқисыңдар – ақпарат аласыңдар;
  • Есепті шешесіңдер, ақпаратты өңдейсіңдер;
  • Нәтижесін мұғалімге көрсетіп, ақпарат бересіңдер;

Сонымен адам ақпаратты сақтай алады, өңдейді, жеткізеді. Осының бәрі ақпараттық процесс болып саналады.

Компьютер – ақпараттық процестерді таратуда қолданылатын негізгі құрал болып табылады.

                                           Компьютерді қолдану аясы

 

 

 

 

құқұқұ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Компьютер технологиялық процестерді басқаруға көмектеседі. Оның ішінде тігін өндірісі де бар. Киім дайындау үшін жобасын сызу, техникалық операцияларды орындау, бұйымды өңдеу сияқты көптеген сатылар автоматтандырылған. Автоматтандырылған тігін машиналары операция жылдамдығын арттырып, жұмыстың дәл орындалуын қамтамасыз етеді. Мұндай автоматтарды компьютермен басқарады. Аз ғана минут ішінде қажет өлшемде конструкцияланған киім модельдерін жасау үшін ЛЕКО фирмасында жасалған бағдарлама қолданылады. Компьютерде сән журналынан киім таңдап, өлшемдерді енгізіп басуға жібереді.

Мұндай компьютерлік техниканы  пайдаланып,қысқа уақыттың ішінде дәл пішімді алуға болады. Сонымен бірге компьютерден маталар, материалдар, бөлшектерді және өңіржиектерді өңдеудің әр түрлі әдіс тәсілдері туралы ақпарат алуға болады. Сол сияқты Компьютер қолөнер саласында көп кездеседі, әсіресе кестелеу мен құрақтарда.

Қазіргі таңда кестелеуге арналған компьютермен автоматтандырылған тігін машиналары бар. Компьютерге кестенің бағдарламасын енгізу арқылы жұмыс жасауға болады. Компьютерде Word мәтінді редакторындағы автофигуралар көмегімен құрақ үлгілерін салуға болады. Ол үшін Word мәтінді редакторын іске қосамыз. Терезе ашылады. Сурет салу аспаптар тақтасындағы автофигуралардың көмегімен құрақ үлгілерін жобалап,сызып үйренуге болады. Әр түрлі геометриялық фигураларды пайдалана отырып, « Жұлдыз» құрағын саламыз. Фигураның үстіне тышқанның оң жағын басып автофигураларды форматтау командасын таңдап түс және сызықтарды пайдаланып құрақтың ішін бояумен толтырамыз. (компьютерде көрсетіледі)

ІІІ. Сабақты бекіту.

Сарамандық жұмыс:

«Құрақ үлгілерін компьютер көмегімен жобалап,сызып үйрену»

Компьютерді іске қоспас бұрын техника қауінсіздігін еске түсірейік.

  1. Кабельдердің қосылған орындарына тиюге;
  2. Жұмыс істеп тұрғанда экранға, монитор мен пернетақтаның сырт жағына тиюге;
  3. Мұғалімнің рұқсатынсыз аппаратураларды іске қосуға, үзуге;
  4. Кітап, дәптер және тағы басқа заттарды монитордың, пернетақтаны үстіне қоюға;
  5. Су киіммен, су қолмен компьютерде жұмыс істеуге

                                 ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ

 

ІV. Қорытынды: «Рефлекция»

 

         Сабақтың ұнаған жағы                               Сабақтың ұамаған жағы

 

 

 

                                                                             

               

 

 

 

 

 

 

  1. Бағалау

 

VII.Үйге тапсырма:

 

  1. Басқа да құрақ түрлерін компьютер көмегімен жобалап, сызып келу.