Алжапқыш сызбасын жасауға арналған өлшемдер, өлшем алу ережелері

Қызылордаоблысы, Аралауданы, Шижаға елдімекені,

 

№57  Е.Көшербаев атындағы орта

мектебінің  технология пәнінің мұғалімі

Сағынғанова Гүлбақыт Жасағанбергенқызының тізбектелген қысқа мерзімді жоспарлау

Сыныбы: 6б

Сабақтың тақырыбыАлжапқыш сызбасын жасауға арналған өлшемдер, өлшем алу ережелері
СілтемеМұғалімге арналған нұсқаулық 2012 ж.  Ғаламтор    мәліметтері
Жалпы мақсатыАлжапқыш сызбасын тұрғызу үшін алынатын өлшемдер және өлшем алу ережелері туралы білім алады
Күтілетін нәтижеОқушылар алжапқыш тігу үшін қажетті өлшем алуды үйренеді.
РесурстарДәптер, қалам, постер, маркер, алжапқыш, мәтін, бағалау парағы
Қолданылатын  әдістерСыни  тұрғыдан  ойлау,«Артефакт» әдісі, «Конверт сұрақ»,«веер»стратегиясы,  критерийлер  арқылы бағалау
Тапсырмалар∙  Сұраққа жауап беру;

∙  Жұппен, топпен жұмыс ұйымдастыру;

∙  Сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастыру;

∙  Жеке жұмыс

Сабақ кезеңдеріМұғалім іс-әрекетіОқушы іс-әрекеті
 

Кіріспе

 

·         Сәлемдесу, көңіл-күйлерін сұрау

 

·         Түгелдеу

·         Топқа бөлу

Үй тапсырмасын тексеру

Оқушылардың сауалнамаға алған жауаптарын тексеру

·         Сәлемдеседі, көңіл-күйлерін білдіреді.

·         Кезекші жауап береді

·         Топтарға бөлінеді

 

Тапсырмаларын  тексертеді. Сауалнама нәтижелерін талдайды.

 

Тұсаукесер

 

Ой қозғау

«Артефакт» әдісі арқылы алжапқышты оқушылардың алдына тастаймын да, «ол туралы не айтасыңдар»- деп сұрақ  қоямын.

— Алжапқыш не үшін қажет?

-Қандай өлшемдер қажет?

Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.

Оқушылар осы сұрақтар төңірегінде жауап береді

Шығу тарихы, пайдалану жері, т.б. бойынша

 

 

Сабақтың тақырыбымен мақсатымен танысады. Дәптерлеріне жазады.

 

 

 

 

 

 

Негізгі бөлім

 

Мәтінмен жұмыс

Оқушыларға бір мәтінді екіге бөліп оқуға тапсырма беремін.  Оқуға уақыт беру, сосын жұпта, топта талдайды, тұжырымдайды.

1-топқа тапсырма: оқыған мәтіні бойынша  өлшем алу ережесін тобынан екі  оқушы шығып, бірінің өлшемін алып  көрсетеді

2-топқа тапсырма: плакатта адам денесіне өлшем бірліктерін көрсете отырып, өлшем түсіру

Сарамандық жұмыс. Тапсырмалар

1.Өз өлшемдерін алу Әр топтан екі оқушы шығып, бір-бірлерінің өлшемдерін алады. Қалған оқушыларға «конверт сұрақ» беріледі.

 

 

Әр топқа бір конверт тастаймын.

 

2. М 1:4 өлшем  бойынша алжапқыш сызбасын сызу

Интербелсенді тақтада көрсету арқылы

 

мәтінді алдымен жұппен, кейін топпен талдайды, екі топқа берілген тапсырманы орындайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Екі топтан екі оқушыдан шығып, өз өлшемдерін алады.

 

Конвертте екі топқа берілген мәтін бойынша тақырыпты қаншалықты меңгергендігін білу мақсатында сұрақтар берілген.

Оқушылар конверт ішіндегі сұрақтың жауабын  айтады.

Оқушылар алжапқыш сызбасын дәптерлеріне орындайды.

 

Сергіту сәті«Веер» стратегиясы арқылы орындатуБір топқа бір веер беріледі, соған сабақта үйренгенін түйіндеп  жазу
Қорытынды бөлім

 

Сабақты қаншалықты меңгергенін тексеру  мақсатында тест алу.

Тестке жауап беріп болған соң екі топтың тесттерін алмастырып, тақтадан дұрыс жауабын көрсету арқылы тексерту

Тестке жауап береді. Басқа топпен алмастырып тақтадағы дұрыс жауап бойынша тексереді.

 

Бағалау

 

Критерийлер арқылы  өздерін бағалауОқушылар критерий арқылы өз өздерін бағалайды.
Рефлексия

 

Оқушылардың сабақтан алған әсерлерін параққа жаздыруОқушылар алған әсерлерін жазады.
Үйге тапсырмаӨздеріұсынатын алжапқыш эскизін салубұқаралық ақпарат құралдары,                                                             ғаламтор мәліметтері