Күз сыйы!

193

Күз сыйы!

Мерекеге сай безендірілген залдың сахнасына «Күз сыйы!»атты тақырыбы түрлі-түсті жапырақпен жазылып,гүлдермен әшекейленеді.( балалар музыка әуенімен залға кіріп,орындыққа жайғасады.)

Тәрбиеші:Құрметті қонақтар!Бүгін  0-1 мектепалды даярлық тобының балалары дайындаған «Күз сыйы»атты ертеңгілігіне қош келіпсіздер!

Армысыздар,халайық,

Бармысыздар халайық!

Күзгі тойды жұп-жазбай,

Келіңдер қарсы алайық!

-Балалар біз бір бақтың ішінде тұрғандаймыз.Осындай әртүрлі жапырақтарды қандай жыл мезгілінде көруге болады?

Балалар:Күз мезгілінде көруге болады.

Тәрбиеші:Өздерің әдемі болып кетіпсіңдер.Балалар біз байқамай күз ханшайымының шахарына келіп қалыппыз.Тынышталайық ,біз күз ханшайымын оятып жібердік–ау деймін.

Күз ханшайымы:  -Менің ұйқымды бұзған кімдер?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тәрбиеші:Сәлеметсізбе күз ханшайымы.Сізді жақын көргіміз келіп тұр,ортаға  келіңізші.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Күз ханшайымы:Алтын түске боялды,

Тау мен қырқа дала, түз

Келдім міне ортаңа,

Менің атым Алтын күз.

Сәлеметсіңдерме балалар,иә мен Алтын күзбін.Қараңдаршы,айналаның бәрін алтын түске бояп та қойдым.Бірақ мен түсінбедім,сендер неге құмырсқа,бақа,қоңыз болып киініп алғансыңдар?

Тәрбиеші:Өйткені үш патшалық жарысайық деп алаңқай іздеп, осы жерге байқамай келіп қалыппыз.

Күз ханшайымы:Мен рұқсат етейін ,менде көріп тамашалайын.

Тәрбиеші:Жарайды ханшайым ,сіздің құрметіңізге «Қыркүйек»әнін орындап берейік.

Ән: «Қыркүйек».

Тәрбиеші:

Еңбек сүйгіш құмырсқа.

Ерте шығып жұмысқа.

Жазда астық тасиды.

Толтырады ас үйді.

Қыстай тыныш жатады.

Рахатқа бір батады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ортаға құмырсқаларды қошеметтеп шақырайық,өнерлерін көрсетсін.Құмырсқалар көкеністерді сипаттаймыз дейді,тамашалайық!

  1. Пияз.

Асханадан шықпаймын

Атым пияз бұқпаймын

Көзден жасты шығарып

Тұмаудан да сақтаймын.

Сәбіз.

Өсіремін бойыңды

Дамытамын ойыңды,

Қоянға да азықпыз

Сәбіздерміз жазықсыз.

Қызылша.

Ақ түсім бар қант алар

Қызыл түсім қанға нәр.

Зияным жоқ біліп қой

Қызылшамын пайдам бар.

Картоп.

Картоп біздің атымыз

Жер астында жатырмыз.

Бір тамырдан таралған

Ағайынбыз бәріміз.

Қызанақ.

Тал шыбығым бұралып

Бақшаларда қызарып

Тұрған ол мен қызанақ

Күнге қарап ұялып.

Асқабақ.

Күзді күтіп жатырмын.

Жиып нәрді бойыма

Асқабақпын жараймын.

Қыстай сақтап қоюға.

Қияр.

Көктеп ерте шырмалып

Өсемін мен бүр жарып.

Атым қияр теріп ал,

Жиі-жиі суарып.

Қарбыз.

Көрсең егер бақшада,

Доп екен деп қалма

Шөл қандырар қарбызбын

Ерте үзіп алма.

Орамжапырақ.

Бақшаларда тізіліп

Қаперсіз мен жатамын

Қабат-қабат киініп

Орамжапырақ атандым.

Бұршақ.

Кішкене түймедеймін мен,

Ұнаймын мен бәріңе!

Дәмді тағамдарыммен

Сый жасаймын бәріңе!

Би:Құмырсқалар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тәрбиеші:

Бақа-бақа бақ –бақ,

Таңдайлары тақ-тақ

Бәрі-бірдей тақпақ

Жатқандай-ақ жаттап.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ортаға бақаларды қошеметтеп шақырайық,өнерлерін көрсетсін бақалар жемістерді сипаттаймыз дейді,тамашалайық!

Алма.

Алма,алма дейсің.

Алма әперсең жейсің.

Айтпады екен деме,

Алманы жумай жеме!

Алма.

Күздік апорт алмамыз

Күннен қуат алғанбыз

Жұмыр жерден нәр жиып,

Жұлдыздай боп жанғанбыз.

Шие.

Мен шиемін,шиемін,

Күннің көзін сүйемін.

Қышқыл шырын менде бар,

Төмен басты иемін.

Өрік.

Өрікпін мен өрікпін

Бау бақшаға көрікпін

Баптап мені күткен соң

Талды бойлап өріппін.

Жүзім.

Мен жүзіммін,жүзіммін.

Моншақ болып тізілдім.

Алмұрт.

Мен алмұртпын,алмұртпын.

Аузындамын бар жұрттың.

Анар.

Бұтақтан үзілген

Жарылса анарым

Моншақтай тізілген

Дәндерін аламын.

Тәрбиеші :Келесі бақалардың біреуі әнші екен ,әнін тамашалайық.

Ән:Бал балалық.

Би:Бақалар.

 

 

 

 

 

 

 

 

Тәрбиеші:

Қоңызымыз даланың,

Гүлді жақсы көретін

Жаздай ұшып гүлдердің

Шырын,нәрін алатын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ортаға қанқызы қоңыздарын  қошеметтеп шақырайық,өнерлерін көрсетсін қоңыздар күз мезгілін  сипаттаймыз дейді,тамашалайық!

1.Жапырақтар сарғайып,

Күн бұлтты болады.

Жаңбыр жиі жауады

Құстар ұшып барады.

  1. Алақай,күз келді,

Қарық қып жеміске.

Сарғайды түз,белде

Толықсып егіс те.

  1. Сап-сары ала теректер,

Сап-сары ала жапырақ.

Сәл тербелсе самал жел

Түсіп жатыр жапырақ.

  1. Ой,алақай,тамаша,

Шашу шашты жапырақ!

Бақтың іші алаша,

Аунар ма еді жатып ап!

  1. Берекесін сыйлауға,

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға,

Шақырады біздерді.

  1. Күзім-ау,күзім-ау,

Мінезің бұзық-ау.

Жаңбырың сіркіреп,

Келгенің қызық-ау.

  1. Алтын сары,қызыл көк.

Алуан-алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

  1. Сары теңге жапырақ,

Көмкереді көл бетін.

Тоңазиды топырақ,

Қырау басып жер бетін.

Би:Қоңыздар.

 

 

 

 

Тәрбиеші:Мен бір жұмбақ жасырайын.

Аласа бойлы

Қалпағы бар

Ол не?

Балалар:Саңырауқұлақтар.

Ойын: Саңырауқұлақтар.

Күз ханшайымы:Мен сендерге жапырақтарымды ала келдім,ән айтылып шашу шашылсын!

Ән:Жапырақтар.

Тәрбиеші:Балалар сендер қандайсыңдар?

Балалар:Біз қандаймыз,қандаймыз.

Шұғылалы таңдаймыз.

Күлімдеген күндейміз .

Ренжуді білмейміз.

Қуанасың сен де,

Қуанамын менде,

Қуанайық достарым,

Арайлап атқан күнге!

Ән:Біз өмірдің гүліміз.

Күз ханшайымы: Мен сендерге ризамын. Міне менің сыйлығым.

Сендерге денсаулық,шаттық және байлық әкелсін!

Берекелі бақ дәулет,

Арта түссін тойланып,

Сау болыңдар балалар,

Келгенше жыл айналып.

Мақтау қағазын,алғыс хаттар тарату.

 

 

Тәрбиеші-бала бойына білім нәрін себетін басты тұлға .

0-1 мектепалды даярлық тобында «Күз сыйы»атты ертеңгілікті топ тәрбиешісі Мусина Гульдерай Кайргелдиновнаның өз ойынан қиялымен  өткізген іс-шарасына қатыстық.Ертеңгілік жоғары дәрежеде өте  қызықты да,тартымды әсер қалдырды.Әсіресе, «Құмырсқа», «Қанқызы» мен «Бақа», «Күз ханшайымы» әдемі гүл үстінде билеткен сәттері,ойластырып тігілген киім үлгісі таңқалдырып  көз тартты.Балалардың кейіпкерлердің рөлін мәнерлі жеткізе білгені баршамызды  риза етті.

Гульдерай Кайргелдиновна

Ақырын жүріп анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас

Үйретуден балаға ,-деп Абай атамыз айтқандай,шәкірттеріне терең білім,саналы тәрбие беретін өзінің ісіне жауапты, шығармашыл ұстаз деп білеміз.Балаларымызды тәрбиелеуде өзінің  үлесін алдағы уақытта да қосатынына сенімдіміз.Ұстазымызға ата-аналар атынан алғысымыз шексіз.Ата-ана:Ибраева.Куралай Серикжановна,0-1топ ата-аналары .2011-2012ж