Құстар – біздің досымыз

Тақырыбы: Құстар – біздің досымыз

Сабақтың мақсаты: Құстардың түрін атай отырып, бір-бірінен ажырата білуге

үйрету, құстардың пайдасы жайлы түсініктерін бекіту. Ойын

түрлерін білу, жұмбақтардың, сөзжұмбақтардың шешуін таба

білу, мақал-мәтел, тыйым сөздер айту, балапан бейнесін

тиянақты етіп, шыдамдылықпен соңына дейін жеткізуге

тырысу, құстарға қамқорлықпен қорғауға баулу,

адамгершілікке, әдептілікке, сұлулыққа тәрбиелеу.

 

Түзеу мақсаты: Суреттер бойынша тілдік қорын жетілдіру, есте сақтау қабілетін,

қол өнер дағдысын, қолдың ұсақ моторикасын, ойын іскерлігін

дамыту өз ойларын айтып жеткізу.

 

Көрнекіліктер: Дала құстары, үй құстары, құстардың аттары, қима қағаздар,

суреттер, жұмыртқа, себет.

 

Әдіс-тәсілі: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.

 

Сабақ барысы.

 

І. Ұйымдастыру бөлімі

 

а) Амандасу

б) Оқушының зейінін сабаққа аудару

— Балалар, бүгін бізде ерекше күн, бізге қонақтар келіпті, алдымен қонақтармен амандасып алайық. Бір-бірімізге жүрегімізден шыққан жылы, ізгі тілектерімізді айтайықшы.

— Аспанымыз ашық болсын!

— Бәріміз аман болайық!

— Деніміз сау болсын!

 

ІІ. Жаңа тақырып

 

— Балалар бүгінгі біздің сабағымыз құстар туралы өтеді.

Құстар 2 топқа бөлінеді: үй құстары және дала құстары. Үй құстарға  қаз, үйрек, тайық жатады, ал дала құстарына қарға, торғай, сауысқан, тырна, аққу т.б Қыстап қалатын құстар, суыққа төзімді, шыдамды болады. Олар суықторғай, сауысқан, қарға, шымшық. Күн суытқанда суыққа шыдамайтын құстар жылы жаққа ұшады. Күн жылыған кезде қайтадан ұшып келеді. Көктем мезгілінде ең алғаш көкек, сосын қараторғай ұшып келеді. Дала құстары ағаш түбіндегі құрт-құмырсқамен қоректенеді. Ағаштың жайқалып жақсы өсуіне, түрлі жәндіктерден тазаруына көмектеседі. Құстарды сол себепті қорғауымыз керек, оларға қамқорлық көрсетіп, ұя жасап, жем беруіміз керек. Біз құстарды қорғасақ, құстар бау-бақшаны қорғайды. Сондай-ақ құстар арқылы көптеген болжамдарды білуге болады. Мысалы:

  1. Құс төмен ұшса жаңбыр жауады, жоғары ұшса күн жылы болады.
  2. Сауысқан шиқылдаса хабар естиміз.
  3. Егер торғай дыбыс шығармай бұтақта қонақтап отырса, жел болмайды.
  4. Қарғалар топталып қарқылдаса, аяз болады да, ал аспанда ұшып жүріп

қарқылдаса қар жауады.

  1. Құс жүнін үрпейтсе, жаңбыр жауады, ауа райы бұзылады.
  2. Құстар өзендегі, арықтағы суға түссе, ауа райы өзгеріп, жаңбыр жауады.
  3. Құстар жер баулап ұшса, күн бұзылады.

(Балаларды жаңа тақырыппен таныстыру. Суреттерді көрсете отырып дала құстары мен үй құстары туралы түсінігін бекіту)

 

Құстар дегенде көз алдымызға не елестейді?

Тұмсығы ұзын

Досымыз

Ұшады

Дән, құрт — құмырсқа жейді

Жыл құсы

Зиянкестерден қорғайды

 

ІІІ. Жұмбақ шешу

 

  1. Сирағы ұзын,

Тырнағы ұзын.

Балықты сүзбей,

Ұстайтын шоқып,

Тұмсығы біздей.      (Тырна)

 

 

  1. Күндіз сөнген шырағы

Түнде көрер қырағы.

Тікірейіп айдары

Егін жауын қырады.    (Үкі)

 

  1. Дүниеде бір молда,

Уағында азан оқиды.

Мезгілінде айқалап,

Қайтып кеп, жер шоқиды.   (Әтеш)

 

  1. Тұмсығы қашау, кәсібі — ұя жасау,

Ағашты қорғап, зиянкестерді асау.  (Тоқылдақ)

 

  1. Қайталап атымды,

Ән салып аламын.

Кез келген ұяға,

Жұмыртқа саламын.  (Көкек)

 

  1. Биікке самғайды,

Бірақ ізі қалмайды.  (Бүркіт)