Халат тігу. Үлгіні пайдаланып матадан пішу.

416

Сабақтың тақырыбы:   Халат тігу.

                                          Үлгіні пайдаланып матадан пішу.

 

Сабақтың мақсаты: Халат тігіп үйрену, матадан бұйым пішу жөнінде

теориялық білім беру.

Білімділік: Үлгі бойынша киім пішіп үйренуді жетілдіру, технологиялық

нұсқау картасы бойынша жұмыс жасай білу.

Дамытушылық: Теориялық білімдерін сарамандық жұмыста пайдалана

білу, халат тігу технологиясын меңгерту, тігіс түрлерін тіге білуді

жетілдіру.

Тәрбиелік:  Оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастырып,

ұқыптылыққа, ептілікке баулу, өз бетінше жұмысты орындауға

тәрбиелеу.

 

Сабақтың әдістері: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, сарамандық,

INSERT әдісі.

 

Сабақтың түрі: теориялық, сарамандық.

 

Сабақтың көрнекілігі: үлгі, кесте, карточкалар, текше, нұсқау картасы.

 

Құрал-жабдықтар: компьютер, магнитофон, үлгі, мата, түйреуіштер,

қайшы, бор (пішушіге арналған), ине, жіп.

 

Пәнаралық байланыс: сызу, геометрия, математика.

 

Сабақтың барысы:

 

І. Қызығушылықты ояту.

    Көрініс – «Әсемай»  сән үйінде»

Халат тігуге тапсырыс беруші мен қабылдаушы, пішуші арасындағы сұқпат.

 

а) Мақта мата қасиеті;

б) Өлшем алу ережесі;

в) Халаттың үлгілері, тапсырыс қағазы (компьютермен жұмыс)

 

ІІ. Білім –білікті тексеру (ой шақыру)

  • Жаңа өздерің куә болған көріністен тапсырыс беруші уақытын алып, халат тіктіру үшін сән үйіне барды, сондай-ақ экономикалық жағынан шығынданды. Ал біз матаға ғана ақша жұмсап, оны өзіміздің тігіп алуымызға мүмкіндігіміз бар. Ол үшін сендер бірнеше сұрақтарға жауап берулерің керек.
  • Таратылған карточкалар бойынша:
    1. Үлгіні үлкейту, кішірейту, ұзарту, қысқарту қалай өзгертіледі?
    2. Халат қандай киім түріне жатады? Матаны қалай таңдаймыз?
    3. Пішуге қойылатын талаптар.
    4. Декартирлеу дегеніміз не?
    5. Халат тігу үшін мата шығынын қалай есептейміз?

 

ІІІ. Мағынаны таныту (жаңа сабақ)

 

  • Үлгіні пайдаланып халатты матадан қиып үйренеміз.
  • Балалар, киімді пішу – тігін бұйымдарын дайындау үрдісінің ең маңызды кезеңі. Ұқыпсыз орындалған пішу киім моделін дайындау кезінде қиындық келтіреді. Тігін бұйымдарын пішкен кезде матаны дайындау ережесі мен талаптарды сақтау керек. Кейбір мата түрлерін пішу кезінде өзіндік ерекшеліктерді ескеру қажет. Мысалы: суреттері тек бір жаққа бағытталған мателарға пішім бір бағытта орналастырылады; түкті маталар (реңі әр түрлі болады); шаршы, жолақты маталардың суреттері симметриялы болуын ескеру керек.

Үлгі бөлшектерін матаға үлкенінен бастап орналастырып, соңынан кішісін орналастырады. Негізгі жіптің бағыты, бүктеу сызығы, тігістерге арналған қосымшаларды есептеуді, үлгінің матаға тиімді орналасуын қадағалау қажет. Үлгі матаға түйреуіштермен бекітіледі.

  • Үлгіні матаға орналасуын көрсетіп, түсіндіремін.
  • «Тігістікке қалдырылатын қосымшалар» кестесімен таныстырамын (оқушыларды қатыстырып отыру)

ІҮ. Сарамандық жұмыс.

 

а) Нұсқау картасының мазмұнымен таныстыру, тарапып беру.

б) Қауіпсіздік ережесі (компьютерде қауіпсіздік белгісі пайда болады  (!) жұмбақтар жазылады, жұмбақтың шешуіне қарай қауіпсіздік ережесі қайталанады).

 

  • Тап-тап, тап жорға,

Табаны жоқ боз жорға,

Желіп кетсе жеткізбес,

Жерге түссе таптырмас.          (Ине)

 

  • Екі пышақ бірлесіп,

Кесіп-пішіп береді.

Екеуі бірге жүрмесе

Жоқ қой бізге керегі.              (Қайшы)

(Сарамандық жұмыс кезінде музыка баяу ойнап тұрады).

 

Ү. Қорытынды

 

а) Кубизм (текше)

Жауап бер:

—  Киім пішу кезінде метаның қандай ерекшеліктері

ескерілу керек?

  • Сән журналдары неше бөлімнен тұрады?

Көрсет:

  • Үлгіден кеуде биіктігін көрсет.
  • Артқы бойдың орта сызығын көрсет.

Есепте:

  • Өз өлшемің бойынша тік белдемшеге қанша мата қажет.
  • Шалбар тігу үшін қанша мата қажет екенін қалай есептейміз?

б) INSERT әдісі:

 

Білемін.                               Үйрендім.                               Білгім келеді.

Сызба құру;                 Өлшем алу; үлгі                       Халат тігу технологиясын

үлгіні үлкейту,            бойынша халат пішуді;            толық меңгеру; жаға, жең

кішірейту;                    мата ерекшеліктерін                 қондыруды үйрену.

сән таңдау, т.б.            ескеруді.

 

ҮІ. Бағалау

 

а)  Бригадирлардің өз тобын бағалауы.

б) Сарамандық жұмыстарды салыстырып бағалау.

 

ҮІІ. Үйге тапсырма.

Аяқталмаған жұмыстар болса аяқтау.