Құстар – біздің досымыз

108

Құстар – біздің досымыз

Мақсаты: Оқушыларға жалпы құстардың пайдасы туралы, олар жөнінде мағлұмат беру. Негізінен оларға қамқор болуға, құстарды аялауға бейімдеу. Әлем құстарымен таныстыру. Міне мынау көңілді көктемде құстардың оралуын, олардың азайып кеткенін хабардар ету. Оқушылардың құстар туралы ой өрістерін, түсініктерін дамыту. Отанын, жерін, орманын, көлін, табиғатын сүюге баулу.

Көрнекіліктер: Альбомдар, суреттер, плакаттар,

Барысы:

  1. Ұйымдастыру
  2. Келген қонақтармен танысу
  3. Тәрбие сағатын ашу
  4. Қорытындылау

Мұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар!

Сіздерді көктем мерекесімен құттықтаймыз. Міне, көктем жаршысы құстар келе бастады.

Біздің халқымыз кең далада, табиғат құстары бай далада өскен. Бүгінгі «Құстар – біздің досымыз» атты тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер.

1-сәуір  десе , ойымызға Күлкі күні оралатыны анық. Сонымен бірге бұл күні әлем жұртшылығы Құстар күнін де атап өтеді.1906 жылдың 1сәуірінде құстарды қорғау туралы Халықаралық конвенция қабылданған болатын.Қазір аталған құжатты әлем елдерінің барлығы дерлік қолдады.

Ән: «Көктем келді»

Ән аяқтала бере, өңірлеріне белгі таққан үш оқушы шығады.

1-оқушы:   Сәуір  келді,

Тірлікке жан кірді.

Кең дала жасарып, жаңғырды,

Бар өңір құлпыра бастады,

Төсіне құйып ап жаңбырды.

Тірлікке жан кірді көктем кеп,

Айнала, сай-сала көкпеңбек,

Диқанның арқасы босады.

Қытымыр қысымыз өтті деп.

2-оқушы:  Жыл құстары келді деп,

Балдырғандар мәз болды.

Қос қанаты желпілдеп,

Көлге үйрек-қаз қонды.

3-оқушы:  Қызыл тал, қызыл тал,

Қызыл талда бүршік бар,

Бүршігін сол жарғаны,

Көктем келіп қалғаны.

Ұшып келген ең алғаш,

Қараторғай қырағы.

Ұяларға қонақтап,

Дейді «менің» тұрағым.

 

1-жүргізуші: Балалар, біздер жыл сайын көктем айында қанатты достарымыз құстар мерекесін тойлаймыз. Міне сол күн, сол мереке биыл да келіп жетті. Өлкеміз, өзен мен көлдеріміз, тау мен бақшаларымыз құстардың қиқуына бөленді.

2-жүргізуші: Табиғатты құрайтын тіршіліктің бірі – құстар.Халық ежелден –ақ құстарға әуес,оларға деген сүйіспеншілігі шексіз ,ең жақсы көретін адамның құсқа теңеу  арқылы ықыласын білдіріп отырады.

1-ж: Қазақстанда қанаттылардың 481 түрі мекен етеді. Ал бүкіл жер шарында тоғыз мыңға жуық түрі бар. Әр құстың өз «кәсібі» бар. Біреулері ән айтса ,екіншілері –құрылысшы. Құстар сонымен бірге «дала дәрігері» деп те аталады екен. Құстардың келтіретін пайдасы көп екен.

3-ж: Ендеше қанатты достарымызды қарсы алайық.

 

1-оқушы:  Құстар тойын құттықтап,

Қуанамыз, қолдаймыз.

Ұя жасап құттықтап,

Біз оларды қорғаймыз.

2-оқушы:  Жылы шуағымен гүл өсіріп,

Жыл құстарын ілестіріп,

Көрікті көктем келді.

Самалына нұр есіп.

Сахнаға вальс биін билеп «Көктем» шығады.

3-оқушы:   Сағынышпен жеткен,

Қуана бер көктем.

Жайнап нұрлы гүлің,

Басқар құстар күнін.

Көктем:  (Залға қарап бас иіп)

Сәлем, достар аман ба?

Мынау бейбіт заманда.

Шат шадыман көктеммін,

Шаттық болсын әманда.

Ән құрадым үніммен,

Сән құрадым гүліммен.

Қуантамын бәріңді,

Құт-береке күніммен.

(Сахнаға құстың ұясын көтерген бір топ қыз шығады. Көктемге сәлем береді.)

 Хор:          Сәлем  елдің көктемі,

Әлем енді көктеді.

Құрметпенен бас идік,

Құстарыңа көктемгі.

Көктем:   Рахмет, балалар,

Сендерде ой-сана бар.

Бау-бақшаның дұшпанын,

Бастырмады құстарым.

Кербез құстар  әні мен,

Келді міне сәнімен.

      1-жүргізуші:  Халық « көкек келді-көктем келді » — дейді. Қадірі мен қасиеті онша емес, осы  бір құстың аты неліктен ең тамаша ай атына теңеу болады екен.

2-жүргізуші:  Бұл кезде қар еріп, ағыл-тегіл бұлақтар ағады. Жер беті жасыл көрпе жамылып,көзге  ыстық , көңілге жарқын жауқазындар гүлдеп алқа тағады.Осы кезде көкек келеді .Не деген ғажап «кө-кек,кө- кек» деп ән салады.Сондықтан да «сәуір» айы «көкек» айы деп аталады.

      Көкек: Жаршысы көктемнің

«Көкек»  дейді мені жұрт

Өз атын айтар құс менмін

Көктемді күтсең мені күт

1-жүргізуші:Өз ұрпағына ұқыпсыз болса да көкек пайдалы құстың біріне саналады.Көкектің балапаны бір күнде 39 шегіртке,43 жұлдызқұрт,4 өрмекші және басқа және басқа жәндік тердің жұмыртқалары қорек етеді.

       Көктем:  Елдің сәні ,көлдің сәні –аққуы,

Келді жұппен көптен күткен

Сахнаға аққу маскасын киіп, ақ көйлек киген екі қыз шығады.

Бірінші аққу:   Құс сұлуы аққу мен,

Табиғат көркін сыйлаған.

Мылтығын кезіп еш мерген,

Атуға көзін қимаған.

 Екінші аққу:  Сұлулыққа паш етіп,

Жырлаған талай ақындар.

Нәзік үнді көл көркі,

Құс патшасы атым бар.

(сахнаға бала шығады)

Бала:  Армысың көктем! Көліне аққу –қазы қонған қуаныш думаның

ұзағынан болсын !Мынау қайта оралған құстарына арнап «Аққу» биін

орындауға рұқсат ет.

         Көктем:   Ән – биге қандай шек болсын! Қыздарымыз аққу биін

орындап  берсің.

Би : «Аққу» биі

 Көктем: Құстарым,менің құстарым,ұнайды биік ұшқаның.Мерекелік шеруінді жалғастыра бер

(түрлі құстардың бас киімін киген оқушылар бір – бірлеп шығып өздерін таныстырады)

Қарлығаш: Қарлығашпын

Мен адамның тұрағын

Мекен етіп тұрамын.

Тазалаймын үй –ішін

Санитармын төселген

1-жүргізуші: Бір қарлығаш бүкіл жаз бойы 1 миллион  құрт жейді деп ғалымдар зерттеген:

Қараторғай: Мен қараторғаймын.

Шегірткеден жұртыңды

Қырғи болып қорғаймын.

Егістікке жайылымға

Қорғаушы боп тұрамын.

Жәндіктерді зиянды

Құртатұғын батырмын.

Дайындайтын  ұямды

Достарға келе жатырмын.

2-жүргізуші: Пайдалы құстардың бірі – қараторғай.Бір топ қараторғай бүкіл балапандарымен  бірге 22 тонна шегірткені азық етеді.Қараторғай –орман қорғаушылары.

Торғай: Мен торғаймын,торғаймын

Көк аспанда шарлаймын

Жерге бетер қонбаймын

Суықтан да тоңбаймын.

Құрт –құмырсқа,шіркейден

Бау-бақшаны қорғаймын.

 

1-жүргізуші: Үйіміздің қасындағы кіп-кішкентай торғай бір жылда бір өзі ғана 4 миллионға жуық  зиянды құрттарды жейді.

Тоқылдақ: Құртты іздеп інінен

Қарағайды үңгіген.

Тоқылдақ құс дәрігер

Қашанда ол әбігер

2-жүргізуші: Тоқылдақ – орман  құсы. Ол өз тұмсығымен ағаш қабығының астынан оңай табады. Бір тәулікте 200-ден астам зиянкестің көзін жояды.

Көгершін: Бейбітшілік құсы  — менмін көгершін,

Жер жүзінде бейбіт еңбек көгерсін,

Аспан тұнық ,шат көңілді болайық,

Ақ ниетті адал жандар көбейсін.

1-жүргізуші: Көгершін- дүниежүзінің көптеген халықтары үшін  бейбітшілік

белгісі.

2-жүргізуші: Міне , достар,өлкемізге көптен  күткен құстар да келіп жетті.

Олар көлдер менөзендерді ,шөл далалар мен қалың ормандарды, биік-биік тауларды басып ұшты.

Оқушы: Айтсақ-әніміз,

Ардақтасақ – сәніміз.

Көңілдің хошы,

Табиғаттың досы,

Сәлем сендерге , қанаттылар!

Оқушы: Құс анасын атпаймыз,

Қыста жемдеп баптаймыз

Бауырмал боп бәріңе,

Қорғау заңын сақтаймыз .

Оқушы: Ауылдың шығып алып қыр бетіне,

Аймақтың көз жіберші келбетіне.

Сансыз құс алуан ырғақ, алуан үнімен

Сайрайды гүлді көктем құрметіне.

1-Жүргізуші: Халқымыз табиғат тылсымын ерте заманнан-ақ түсініп,оны

тұрмыс тіршілігіне арқау етіп қолдана да білген.

1-Жүргізуші: Ел арасында ауа райын болжағанда ақбас тырнаның келу-

қайтуына қараған .Тырналар тым төмен ұшса,ұзамай күн суытады, ал

жоғары самғап бара жатса , күн ұзақ болады делінеді.Кеш қайтса ,қыс

жылы болады.

Оқушы: Бозторғай ән салса,күн ашық болады.

Оқушы: Торғай шаңға аунаса,жаңбыр жауады.

Оқушы: Сары шымшық ысқырса, шынымен күз болады.

Оқушы: Үйрек бір аяғымен тұрып басын қанатының астына тықса,аяз

болады.

Ән: «Ақ көгершін»

 

Мұғалім: Құстар туралы біраз мағлұмат жинадық.Енді екінші бөлімімізді бастауға рұсат етіңіздер.

1-сайыс:Сұрақ –жауап сайысы (Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай)

  1. Адам қай құсты аң аулауға пайдаланады? (Бүркіт)
  2. Қандай құс хат тасушы атанған? (Көгершін)
  3. Торғайдың жүрегі минутына қанша рет соғады? (260)
  4. Құстың негізгі баспанасы? (Ұя)
  5. Қай құста мүлде ұя болмайды? (Көкек)
  6. Қазақстанда құстардың неше түрі бар? (481 түрі)

2-сайыс :Тіл –өнер сайысы (Әр дұрыс жауапқа 20 ұпай )

  1. 1. Тал басында

Түндіксіз отау (ұя-гнездо)

  1. Көңілдің көркі сәні екен,

Ұшқанда сазды ән екен.

Айқындар оны байқаған,

Адамдар қорғап сақтаған.

Бұл қандай құс?

(Аққу-лебедь)

  1. Ауылда, қалада мекені,

Жолаушы жүрсек шығарып салады.

Алдыңнан шығады,

Жаныңды еркелетеді.

(Қарлығаш-ласточка)

  1. Күндіз тіпті ұшпайды,

Түнде тышұан ұстайды. (жапалақ –сова)

  1. 5. Ақ сарайын талқандап,

Шықты біреу талтандап.                     (Балапан-цыпленок).

  1. 6. Қонып алып жарға,

Қарқылдайды     (қарға-варона)

3-сайыс: Жұмбақтар әлемі сайысы (әр дұрыс жауапқа 20 ұпай)

Көктемде құстар қайтқанда,

Ең алдымен келетін.

Өзіміз күтіп алатын,

Ұя жасап беретін,

Бұл қандай құс, балалар?

(Қараторғай)

Маң-маң басқан жүрісі,

Барлық құстың ірісі.

Қашқанда құстай ұшпайды,

Қуғанын бірақ ұстайды.

(Түйеқұс)

Өзі сақ, өзі ұсақ,

Шықылықтап тұрмайды.

Құйрығы ұзын, өзі ала,

Бұл қандай құс?

(Сауысқан)

Дамылсыз барабан қағады

Сол жерден тамағын табады

(Тоқылдақ)

Ұя салып ,балапан баспайды

Өз атын атап қақсайды

(Көкек)

Ұшқанда тізіліп жұбын бөлмейді,

Қонса көл суы сирақтан келмейді

(Тырна)

Сайыс жеңімпаздарын анықтап,сыйлықтар беру.

 

Мұғалім: Міне, құрметті көрермендер осымен құстарға арналған

«Құстар – біздің досымыз» атты тәрбие сағатымыз аяқталды.