Жастықша бетін ою-өрнекпен әшекейлеу, сәндеу

85

Сабақтың  тақырыбы : Жастықша бетін  ою-өрнекпен  әшекейлеу,  сәндеу

Мақсаты:  Оқушыларға сызба оюдың  жасалу  жолдарын  түсіндіру.

Көрнекіліктер: Оюлар   үлгілері.

Сабақтың  барысы:

Ұйымдастыру.

Сәлемдесу,  түгендеу, тазалыққа  көңіл  бөлу.

Білімін  тексеру, өткен сабаққа  шолу.

 

Жаңа  сабақ.

Ою-өрнектің қолданылуына  байланысты жасалынған  технологиялық  картаны  оқушыларға    түсіндіріп, таныстырамын.

Сарамандық жұмыс.

Қазақтың  ұлыттық  бұйымдарына  сапарға  шығу. Технологиялық қауіпсіздік  ережесін  еске  түсіру  арқылы, қазақтың   ұлттық  бүйымдарын  жасауға  кірісемін.

«Жастықша»  жасау.

Жастықша жасау үшін  жұмыс  түрлерін  мына  топқа  бөлеміз.

  1. Өрнекті сызып, қырқып, эскизін  дайындау.
  2. Ойылатын оюды матаға сызып, қырқып алу.
  3. Ойылған оюды жастықша бетіне  орналастыра білу.
  4. Орналасқан оюды көктеп алу.
  5. Көктелген жастықшаның оюын  жиектеу  арқылы  тігу.
  6. Бұйымды аяқтау.

Оқушылар  зерігіп  кетпеуі  үшін «Кім тапқыр»  ойынын  ұйымдастырамын.

Қатардағы оқушылар сұраққа тез, жылдам жауап  беру  керек. Сұраққа  жауап  берген  оқушы қандай  зат екеніне   мағлұмат  береді.

1.Сырмақ…………

(Жауабы киізден сырып, ойып жасалынған төсеніш)

  1. Сандық………………….
  2. Бөстек……………………
  3. Киіз………………………..

Сабақты  қорыту. Оқушыларға сұрақтар беру арқылы  сабақты бекіту. Сабақ бойы істеген  жұмыстарын бағалау, ерекше  шығармашылық жұмыс істеген оқушыларды  марапаттау.

 

Үйге тапсырма: ою-өрнек туралы  ізденіп,  дәптерлеріне  мазмұнын  жазып  келу.