Қоянның жаңа жылдық оқиғасы» Жаңа жылдық ертеңгілік сценариі

113

Қоянның жаңа жылдық оқиғасы»  Жаңа жылдық ертеңгілік сценариі

Сайқымазақ: Майра Алмашева.

Қоян: Зауре Сабирова.

Түлкі:Қалампыр Нугманова.

 Ит:     Темірлан Ажығұлов.

          Аю:   Аманбек  Айтқали.

          Әтеш: Мадина Елемесова.

Музыка әуенімен балалар мерекеге арнап әшекейленген залға келеді.

Сайқымазақ:    Қош келдің, сен Жаңа жыл

Жаңа жылда- жаңа жыр,

Miнe, сұлу шыршамыз.

Көптен күтіп, сағынған,

Кел, балалар, келіндер,

Тамашаны көріңдер.

Автор: Ерте, ерте, ертеде қоян мен түлкі дос болыпты.Түлкінің – мұздан, ал қоянның ағаштан жасалған үйшігі болыпты. Түлкінің үйшігі еріп кетіпті, ал қоянның үйшігі бұрынғысынша тұра беріпті. Түлкі  қоянның үйшігіне түнеп шығуын өтініпті де, оны қуып шығыпты.

Көңілсіз музыка ойналуда. Шыршаның артында тығылып тұрған қоян жүгіріп шығады.

Сайқымазақ: Қоян, сен қайда жүгіріп бара жатырсың.Қорқыныштан денең түршігіп тұр ғой?

Қоян:                  Ыңғайлы қылып өзіме,

Мен ұй салдым,

Қыс мезгілі келді де,

Басыма бейнет түсті.

Айлакер түлкі алдаушы

Мені алдап

Жылынам деп кірген ол,

Үйімнен қуып шықты.

Сайқымазақ: Ой, түлкі – айлакер! Қапаланба, қайғыңа көмектесеміз,түлкіні үйіңнен шығарамыз.

  • Әй, Саққұлақ сен қайдасың,тезірек бізге көмекке кел, ұйқыңды доғар.

Ит келеді:   Мені ұзақ шақырып керек емес, ылғи да көмектесуге дайынмын. Әуп-әуп-әуп!!!…

 

 

 

Сайқымазақ: Қоян сенің  үйің қайда? Саққұлақ түлкіні шығарып жіберсін.

Қоян өзінің үйін көрсетеді, ит үйшіктің қасына жақындап қаттырақ үреді.

Ит:Әуп-әуп-әуп,түлкі қоянның үйін босат.

Түлкі айқайлап:Егер ытқып шықсам,бұл үйшіктің сау-тамтығы қалмайды.

Ит қорыққаннан қашады.

Сайқымазақ:Қоян ештеңе етпес, Қолымыздан келеді.Аюды шақырайыншы.-   Аю,Аю! Сен апаныңнан шықта, бізге көмектес. Қоянның үйінен түлкіні қуып шығайық.

Аю келеді: Егер менің қолымнан келсе, сөзсіз көмектесем.Аю үйшіктің қасына барып айқайлайды.

Аю:   У-у-у, жоғал,түлкі, бұл жерден.

Түлкі: Бір секіріп, ытқып шықсам,үйшіктің сау-тамтығы да қалмайды.

Аюлар қашады.

Сайқымазақ: Жылама қоян , біз енді көмекке әтешті шақырамыз.

  • Әтеш,әтеш, алтын айдарлы. Сен ерте тұрасың, әнді айқайлап айтасың.

Қатты айқайлап әніңді айтып.түлкіні үркітші.

Әтеш келеді: Ку- ка ре ку!  Ку-ка –ре-ку! Өкшеммен нық жүремін,йығымда шалғым бар,шалғыммен қақ бөлемін! Жоғал,түлкі,бұл жерден!

Түлкі: Қазір мен, ытқып, жүгіріп шықсам, үйшіктің сау-тамтығы қалмайды.

Әтеш қаша жөнеледі.

Қоян :  Енді, бізге ешкім көмектесе алмайтын болды.

Сайқымазақ:Балалар мен таптым, көмекке Аяз ата мен Ақшақарды  шақырайық, ол бізге міндетті  түрде көмектеседі. Менің ғажайып жібім бар, соны тастайын, жол көрсетіп, алып келер.

Балалар: Аяз ата!  Ау-ау-ау! Аяз ата! Кел ,кел!

Музыка ойнап: Аяз ата мен Ақшақар келеді.

Ән: «Ақшақар».

 

 

Аяз ата:    Амансыңдар ма, халқым,балаларым,Жаңа жыл құтты болсын!

Тауларменен ормандарды аралап,

Сендерменен көрісуді армандап.

Сендерге арнап, шашуларды жинадым,

Ал сендерге не болды?

Балалар айтады: Айлакер түлкі қоянды үйінен қуып шыққан.

Аяз ата: Түлкі, бұның жарамады.Жаңа жыл мейрамында қоянды ренжіткенің. Әйтпесе,ғажайып таяғыммен сиқырлап тастаймын.

Түлкі: Аяз ата, кешіріңіз мен,енді ешқашан қояндарды ренжітпеймін, үйшігінен кетемін.

Аяз ата:Балалар, түлкіге кешірім береміз бе?

Балалар: Кешірейік!

Сайқымазақ:Қоян, сенде түлкіні кешіресің бе?

Қоян: Иә, кешіремін. Мен қуаныштымын. Қуаныштан билегім келіп тұрғаны.

Сайқымазақ:Иә, бүгін мереке ғой. Түлкі де бізбен бірге тойласын.

Би: « Қояндар».

Сайқымазақ:    Тамаша, тамаша

Шыршамыз тұр жараса

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса.

Шыршамыз сұлу, бірақ шамдары жанбай тұр, енді не істейміз?

Аяз ата шырша шамын жағады.

Ескі жыл мен Жаңа жыл келеді.

Сайқымазақ:Аяз ата, балалар,сізге ән сыйлайды.

Ән: « Аяз ата».

Аяз ата: Жарайсыңдар, ән айттыңдар,би биледіңдер,ал тақпақ білесіңдер ме?

Сайқымазақ:Әрине біледі.Ата, сіз отырып деміңізді алыңыз,ал балалар өз өнерлерін көрсетеді.

Айымгул: Жаңа жылды қарсы алып,

Жасаймыз той жылда бір.

Жарқын-жарқын ән салып,

Жалғасады жырға жыр.

Алина:      Жаңа жыл! Жаңа жыл!

Жаңалық ізде сен.

Жаңа ән, жаңа жыр,

Жазып бер бізге сен!

Абулхаир:Жаңадан көп түрлі,

Машина бергейсің.

Жаңадан көк сырлы,

         Үйлерге кіргейсің .

 Айдын:    Тамаша, тамаша,

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса.

Арнұр:      Аспан жерге төгеді,

Ақ күлкісін уыстап .

Жаңа жылда  келеді,

Бізге қарап жылыстап.

 Алинур:   Жүзімізде күлкі ойнап,

Қанаттанды жанымыз.

Жаңа жылды біз тойлап,

Шаттанамыз бәріміз.

Райымбек:Қандай әсем, жарқырап,

Шаттық күйге бөлеп тұр.

Кәмпиттерін арқалап,

Аяз ата келіп тұр.

 Ляззат:Өлеңде  әзір, әнде әзір,

Ойын да әзір, бәрі әзір.

Кел, жаңа жыл біздерге,

Кел, Жаңа жыл,жаңа жыл!

Мадина:    Айналамда ұшып жүр,

Ақ мамық қар себелеп.

Қалт-құлт еткен бейне бір,

Ақ қанатты көбелек.

Алтынай:Кел, жаңа жыл,жаңа жыл,

Саған әзір жаңа жыр.

Елге табыс, жақсылық,

Ала келші, жаңа жыл.

Аманбек:  Тауда туып, тауда өскен,

Шырша келді ортаға.

Бәріміз бір дауыспен,

Дейік енді, шыршаға.

Қуант, бізді таңырқат,

Шамдарыңды жарқырат.

Алфинұр: Далада қар борайды,

Ақ мамыққа орайды.

Жолдар мұз боп қатады,

Жып жылтыр боп  жатады.

Сымбат:   Жасыл желек жамылған,Асыл моншақ тағылған.Міне, сұлу шыршамыз,Көптен күтіп сағынған.

 

 

Темірлан: Ақ қыс келіп боранды,                                                                                              Аяз айтты зор әнді.                                                                                          Айналаның бәрі де,                                                                                          Ақ көрпеге оранды.

Нұрхан:    Бізбен бірге ойнайды,                                                                                      Жаңа жылды тойлайды.                                                                                  Барлық бала бақытты,                                                                                         Болса екен деп ойлайды.

Жалғасбек:Ақ сәулелі ағаштар,                                                                                       Мұздан алқа тағылды.                                                                                              Шанасы бар балалар,                                                                                      Қысты қатты сағынды.

Даулет:     Қош келдіңіз, Аяз ата,                                                                                     Қарсы аламын орын беріп.                                                                             Ән салыңыз, бізбен бірге!                                                                            Би билеңіз, бізге еріп.

Зарина:     Шыршаға бардық,

Әсем ән салдық.

Аяз атадан,

Сыйлықтар алдық.

Айбек:       Ал келіңдер,келіңдер,

Тақпақ айтып беріңдер!                                                                         Жомарт аяз атадан,                                                         Сыйлық алып көріңдер!

Ақмаржан:Жаңа жылда жаңаша,

Болсын қызық тамаша.

Билеп, ән сап,атаны,

Қуантайық балаша.

Қымбат:   Аппақ тонға оранып,

Базарлықты мол алып.

Келді алыс сапардан,

Аяз ата оралып.

Мирас:      Жаңадан тақпақ

Аламыз жаттап

Жаңа жыл келді

Жаңа жыл жақсы-ақ!

Нұрберген:Жаңа жыл,жаңа жыл

Жаңа жылда жаңа жыр

Құтты болсын жаңа жыл!

Айнель:     Сақалы аппақ күмістей,

Тістері аппақ күріштей.

Қызыл ала шапаны,

Сағындым, Аяз атаны.

Наргүл:    Жаңа жылды қарсы алып,

Жасаймыз той жылда бір.

Жарқын – жарқын ән салып,

Жалғасады жырға жыр.

Рамил:      Әкелсін жыл ырыс-құт,

Әлемде болсын тыныштық.

Ән салайық жаңаша,

Келді жылым тамаша.

Қуанышбек:Келіңдер,келіңдер,

Тақпақ айтып беріңдер.

Жомарт Аяз атадан,

Сыйлық алып көріңдер.

 

 

Абдулатиф:     Қараңдаршы, шыршаға,

Неткен әсем көрікті.

Жаңа жылдық думанға,

Аяз ата келіпті.

Аяз ата: Керемет, қуанттыңдар аталарыңды.

Сайқымазақ: Аяз атамыз да қуанып қалды, Ақшақармен де көңілді би билеп берейік.

Би: «Ақшақарлар».

Сайқымазақ: Ал, енді ойынға да кезек берелік.

Эстафеталық ойын:   «Қарды қасықпен әкелу»

Екі командыда 5 адамнан қатысады. Қатысушылар бір-бірден қасықты ұстайды.Бірінші ойыншының алдында қар жатады.Командылардан 4-5метр алысырақ өздерінің корзинасы болады.Ойыншылар кезекпен кезек қарды алып,оларды қасыққа салады,корзинаға дейін көтеріп апарып салу керек сосын өзінің командасына қайтады.

Сайқымазақ:Аяз ата, балаларға әкелген сыйлықтарың бар шығар?

Аяз ата: Иә әрине әкелдім ғой! Менің мына ғажайып таяғым сыйлықты тауып береді.

Тосын сый: Шырша астында сандыққа салынған сыйлықтар жатады. Оның үстінде Түлкі отырады.

Аяз ата:Сен, не істеп отырсың,сыйлықтың үстінде? Тұр қане,балаларға сыйлықты таратамын.

Түлкі:  Тұрмаймын.

Аяз ата:  Балалар, түлкіні қорқытпасақ болмайды.Қане, қолымызды қаттырақ  соғып қорқытайық. ( балалар қолдарын соғады)

Түлкі:  Мен, сендерге қорқақ қоян емеспін.

Аяз ата:  Енді не істейміз? Онда аяқтарымызды ұрғылайық. ( балалар аяқтарын ұрғылайды)

Түлкі:  Кетпеймін.Аяқтарыңнан да қорықпаймын.

Аяз ата: Ендеше, әтешті көмекке шақырайық.

Балалар: Ку-ка ре ку!

Түлкі: ( қорқып) Қайда әтеш, не дейді,әтеш келеді дей ме?

Көңілді ән астындда Аяз ата сыйлықтарын таратып береді.

Аяз ата:Жарайсыңдар, әнде айтып, биде билеп, ойында ойнап көңілімді көтеріп тастадыңдар. Енді менің қайтатын уақытым болды, сендер сияқты өзге де балабақшада балалар күтіп жатыр.Сау болыңдар!

Ақшақар: Келесі кездескенше.

Сайқымазақ:Сау болыңыздар,рахмет сіздерге.

Ән: «Жаңа жыл» жыры.