Ағаш өңдейтін токарь станогының құрылысы

306

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Тұрмағамбет ауылы,

Т.Ізтілеуов атындағы №29 қазақ орта мектебінің

технология пәнінің мұғалімі Дәулетов Жарылқасын Ноғайұлы

 

Сабақтың тақырыбы: Ағаш өңдейтін токарь станогының құрылысы

 

Сабақтың мақсаты:

 

  • Білімділік: СТД-120м токарь станогының құрылысымен таныстыру;
  • Еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа, дәлдікке тәрбиелеу;
  • Ой — өрісін дамыту.

 

Сабақтың көрнекілігі: 55-сурет. Плакат. Сурет сызба.

 

Сабақтың барысы:

 

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

а) оқушыларды түгелдеу;

б) техника қауіпсіздігін еске түсіру.

 

  1. Үй жұмысын құрау.
  2. Сен ағаш материалдарын кесу арқылы механикалық тәсілмен өңдеудің қандай негізгі түрлерін білесің?
  3. Ағашты қолмен кесудің механикалық тәсілмен кесуден айырмашылығы неде?
  4. Технологиялық процесс пен операцияның мәні мен мазмұны қандай?

 

  • Жаңа сабақты түсіндіру.

Ағаш өңдейтін СТД-120м үлгісіндегі токарь станогының негізгі бөлігі бағыттаушы тетіктерімен қоса алғанда, шойыннан құйылған тіректі негізгі негізі (6)болып табылады. Ол өзінің екі тіректі табаны ( ) арқылы станоктың тұрақты әрі берік тұруын қамтамасыз етеді. Оған алдыңғы () және артқы () қыспақ тетіктер ұстайтын тұтқасы () орналастырылған. Станоктың жұмыс механизмдері кесу аймағын (жұмыс кеңістігін) құрайды. Бұл аймақ байқау экраны бар қорғағышпен ( ) жабылып тұрады.

Станок орнатылатын тіректі негіз ( ) өзінің тірек табандары ( ) арқылы ағаштан жасалған арнаулы платформаға ( ) мықтап бекітілген.

Станог жұмысына басшылық жасау түйме тетік блогы ( ) арқылы қамтамасыз етіледі. Ол блок алдыңғы қыспақ тетікке ( ) орналастырылған. Дәл осы жерге жарық түсіретін шам ( ) бекітілген.

 

1 – платформа;

2 – электр қозғалтқыш;

3 – қорғағыш қаптама;

4, 5 – тіректі табан;

6 – станок орнатылатын негізгі бөлік;

7 – алдыңғы қыспақ тетік;

8 – түймеше тетік блогы;

9 – бір жерге ғана жарық түсіретін шам;

10 – патрон;

11 – ұстайтын тұтқа;

12 – мөлдір экран;

13 – артқы қыспақ тетік.

 

56 – сурет. Шпиндельдің саптама тетіктері:

а) шанышқы (үш тісті айыр),

ә) патрон,

б) тығырық.

57 – сурет. Ағаш өңдеу жұмыстарына қолданылатын токарлық өткір тістер:

а) бір қалыпқа келтіретін жұмыстарға қажетті қармақты ілгектер;

ә) жартылай дөңгелек қашау;

б) қиғаш жүзді қашау;

в) ою — өрнек салатын тістер.

 

  1. Бекіту сұрақтары

 

  1. Токарь станоктарында ағаш материалдарын өңдеудің қандай түрлері орындалады?
  2. СТД-120м токарь станогының құрылысы қандай, ол қандай мақсаттарға пайдаланылады?
  3. Жанып жонудың сан алуан түрлері кезінде қандай аспаптар қолданылады?

 

  1. Сабақты қорытындылау.

 

  1. Оқушылар білімін бағалау.

 

  • Үйге тапсырма беру (§2, 119-бет).