Ағашты көркемдеп өңдеу түрлері.

Тексерілді.

 

«—-»————-2014ж.

 

ПәніТехнология  9-сынып
Сабақтың  тақырыбы:Ағашты көркемдеп  өңдеу түрлері.
Сабақтың мақсаты:Білімділік  мақсаты: Оқушыларға ағашты  көркемдеп  өңдеу әдістерін  меңгерту үшін әр түрлі станоктардың  жұмыс атқару операцияларымен  таныстыру.

Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың икемділігін, іскерлігін, шеберлігін қалыптастырып, ұқыптылыққа баулу.

Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларға  еңбек және эстетикалық  тәрбие беру.

 

Күтілетін нәтижеАғаштан жасалған бұйымдардың  түрлерімен  танысып, ойлау, танымдылық қабілеттері дамып, икемділік дағдылары қалыптасады. Пәнге деген қызығушылығы артады.

 

Сабаққа туындаған негізгі идеяларСын тұрғыдан ойлай отырып, ой жүгірту және диалогтық оқыту барысында проблеманы шешу үдерістері  қамтылады.

 

 ТапсырмаларСабақтың мақсаты мен мазмұны мен таныстыру.

 

СілтемеОқулық 9-сынып

 

Оқыту әдістеріТоптық жұмыс

 

Сабақтың  барысы

І.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару, түгендеу, топқа бөлу, топ ережесін еске түсіріп, іліп қою.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеруАғаштан және қолда бар материалдардан жасалатын кәде

сыйлық бұйымдар

 

ІІІ.Жаңа сабақӨткен тарихымызды білмей, бүгінгі күннің қадріне жету, болашақты болжай білу өте қиын. Ата-бабамыздың жинақтаған рухани байлығының қоры ұшан-теңіз. Ата-баба жасаған бұл рухани байлықтар қазіргі таңда да өз құндылығын  жойған емес. Бұлардың барлығы баршаға бірдей қазына.Сол мәдени асыл мұраларды зерттеп, танып білу,бағалай білу біздердің,кейінгі ұрпақтың абыройлы да азаматтық, ұлттық парызы.

Қасиетті қазақ даласында талай  ұста,зергер, құсбегі, сал-сері,   тігінші, өрімші, балгер-бақсы өтті.

Өкше басар ұрпаққа әлеуметтік  мұра болып қалған Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи, Жамбылдағы  Айша бибі,  Қарахан, ұлытаудағы Алашахан, Аягөз  бойындағы  Қозы Көрпеш – Баян Сұлу зираттары да ертедегі қазақтардың сәулет өнерінің асқан шебері бола білгенін дәлелдейтін тарихи айғақ.

Өрнек  дегеніміз-кез келген бұйымның сыртына түсірілетін  біртұтас байланысты әшекей.

Ал ою дегеніміз- бұйымға түсірілген өрнекті пышақпен кесу арқылы өңдеу немесе  бұйымды шабу кезіндегі ойып өңдеу жұмыстары.

Ағашты қолмен өңдеу кезіндегі техника қауіпсіздігі ережелері:

1.Жұмысты бастамас бұрын құрал-саймандарды түгендеп  мұқият тексеру  (верстактың  қысқыш қораптары т.б.)

2.Жұмыс кезінде әр нәрсеге алаңдаушы болма және басқаға кедергі  жасама.

3. Кесу, сүргілеу кезінде өңделетін ағаш мықтап бекітілуге тиіс  және сол қолды араға жақын ұстамаңдар.

4.Жұмыс соңында жасап жатқан бұйымыңды, материалыңды

кезекшіге немесе мұғалімге тапсыр.

 

ІҮ.Сергіту сәтіЖұмбақтар шешу.

1.Азулы хайуан- темір ер,

Әндетіп сүйек кемірер.

(Ағаш кескіш ара)                                    2.Бір қыры- балта,

Бір қыры –балға.

Ағашты шапқан,

Шегені қаққан.

(Шаппа шот)

3. Қолға алсаң қызмет етер,

Бүтінді бөлшектеуге шебер.

( Пышақ)

4.Кедір-бұдыр тақтайды,

Тегістейді  тілімен.

Жеген асын таппайды,

Шығар желке түбінен.

(Сүргі)

5. Болат түкті

Көсеу мықты

Тозаңдатып темірді үкті.

(Егеу)

6. Қалпақты жымырады,

Төбесінен ұрады,

Түзетуге қыңырды,

Дәйім дайын тұрады.

(Балға)

 

Ү. ҚорытындыМатериалдарды бекіту, сұрақтар.

1. Бедерлеп ою дегеніміз не?

2.Кертіп ою. Қиып ою тәсілдерін түсіндір.

3.Жұмырлап ою дегеніміз  қалай түсінесің?

4.Ағаш өнерінің түрлерін ата.

 

ҮІ.Үй тапсырмасыАғаштан және қолда бар материалдардан жасалатын кәдесыйлық   бұйымдар.