Қонақ келсе – құт келеді

398

Қонақ келсе – құт келеді

Мақсаты: оқушылардың қазақ халқының салт-дәстүрлері жайлы түсініктерін жетілдіре отырып

сыйластық пен татулыққа, кішіпейілдікке баулу, ойлау қабілеттері мен сөйлеу тілін дамыту.

Көрнектілік:  мақал-мәтелдер, қанатты сөздер жазылған плакаттар, бейнетаспа

«Қонақ келсе – құт», «Менің елім – Қазақстан»,  әдеби кітаптар,  суреттер

Барысы

1/  Мақал-мәтелдер арқылы  топқа бөлу

2/  Тренинг-ойыны  «Жүректен жүрекке»

3/  «Қонақ келсе – құт келеді»  (мағлұмат беру, Жигсо технология )

4/   Бейнетаспа  тыңдау

5/ «5 қалпақ» технологиясы

6/  Флешмоб «Қара жорға», «Камажай»

І. Топқа бөлу (мақал-мәтелдер)

1/ Ас – адамның арқауы

2/ Тас, тасты жібітер – ас

3/ Етке тойсам, сорпаға иттігім жоқ

4/ Шай, шай ішсем, көңілім жай

5/ Аспаздың қарны асқанына тояды

6/ Өнер – ердің қанаты

7/ Өнер алды – қызыл тіл

8/ Өнерді үйрен, үйрен де жирен.

9/ Жігіт көркі — өнер

10/ Өнерліге есік ашық

11/ Адам бір-біріне қонақ

12/ Адамның сырты алдамшы

13/Адам көпке, мал шөпке тоқтайды

14/ Адам адамға пана

15/ Адамның үш қасиеті: қайтпас қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек

16/ Той – тоқшылық  нышаны

17/ Той тамағы тәтті

18/ Той қызығы – көкпар

19/ Көппен көрген – ұлы той

ІІ. Тренинг – ойыны  «Жүректен жүрекке»

      (бір-біріне ақ тілектерін айту)

ІІІ. «Қонақ келсе – құт келеді» 

       (Жигсо технологиясы)

Қонақ келсе  құт (1 топ)

Ата – бабамыздың ежелден келе жатқан игi дәстүрлерiнiң бiрi – қонақжайлық.Қандай жағдайда да «құдайы қонақпың» деп келген адамды кеудесiнен итермей, жылы шыраймен қарсы алып, «қолдағы барымен» дегендей шамасы келгенше сый-құрметiн көрсетiп аттандыру әркiмнiң парызы сияқты болатын.Қонақ болуы үшiн оның таныс болуы шарт емес. Әрбiр жолаушы кезкелген қазақ үйiнде қонақ асын «бөлiнбеген еншiм» деп талап етуге ерiктi болған.

Қонақ асыны «бөлiнбеген еншi» деудiң өзi қазақ арасына кең тарап, дәстүрге шығу тегiн халық аңызы Алаша ханның атымен байланыстырады.Қартайған шағында Алаша хан бар мал-мүлкiн теңдей төрт бөлiкке бөлiп, үш бөлiктi үш баласы – Ұлы, Орта және Кiшi жүзге берiп,төртiншi бөлiктi қонақ сыбағасы болсын деп, үшеуiнiң ортақ меншiгiнiне қалдырыпты.

Қазақ»Қырықтың бiрi қадыр» дейдi.Бұл қонақты қума, оның шарапаты тиедi, бiрiнен тиедi, бiрiнен болмаса екiншiсiнен құт келедi деп есептегендiктен болса керек.»Қонақты қуа берсең құт қашады» деу де содан.Қазақтың дәстүрi бойынша қонақ үй иесiнiң қамқорлыңында болуы керек.Қонақ болып отырған адам ол үйдiң жауы болса да өз үйiнде оған өзi түгiл басқаға да қиянат жасаптайды.»Өз үйiнде таудай дауынды айтпа» дейдi қазақ халқы.

Қазақ халқы қонақ күтудi де, қонақ болып қыдыруды да қызық көрген. Сондықтан халық мәтелi:»Асың барда ел таны-берiп жүрiп, атың барда жер таны-желiп жүрiп» деп, ер азаматқа үйiнде

отыра бермей, ел көр, жер көр, көппен аралас деп, кеңес бергендей сыңай бiлдiредi.

Егер қонақ түскен отағасы үйде жоқ болса, ол астан дәм татып, ауыз тиген соң, түнемеге басқа орын көңiлмен келгенiн бiлдiруi үшiн қонақтар үйге келмей тұрып, найза, сойыл, шоқпарын дөдегеге iледi.Қару-жарағын сыртта қалдырып, қамшысың бүктеп ұстаған күйi үйге енедi.Себебi қамшысы жүрген жерде, жын-шайтан жүрмейдi.

«Қонақпен ерiп, құт келедi» деген сенiм бойынша, қонағын қарсы алған отағасы есiгiн өзi ашып, алдымен үйге конағын кiргiзедi.Ал шығарып саларда үй есiгiн қонаққа ашқызады.Себебi, үй иесi есiгiн өзi ашса, онда  қонағын қуғанымен бiрдей болып саналады.

Қонақты қарсы алу, күту рәсiмi (2 топ)

Халықтық әдет бойынша қазақ ауылында сырттан келген жолаушы ат-матымен баса көктеп кiрмеген.Ауыл шетiне келе аттан түсiп, таныс  болса түсер үйiнiң ту сыртынан «Үйде кiм бар? Сыртқа шықсын!» деп дауыс бередi.

Егер таныс адам болса қонақасы беруден қысылмайды-ау деген ең тәуiр боз үйдiң бiрiнiң белдеуiне атын бпйлап түседi.»Қонақ таңдап қонады» деген мәтел осыдан қалған.Аттан түсiп, үйге кiруге бет алған қонақты сол үйдiң жастары мен балалары сәлем берiп қарсы алып, есiк ашып үйге кiргiзедi. Қонақ үйге кiре кебiсi болса оң босағаға шешiп, бүркiтi болса оң жаққа тұғырға отырғызып, қамшысы мен сырт киiмнiң кереге басына iлiп үй iнiндегi адамдардмен қол алысып,амандасады.Үй iшiндегi  қыз балалар немесе келiндер сырмақ төсеп, көрпе жайып қонақты төрге жайғастырады.

Әдетте қақ төрге жолы үлкен бас қонақ отырады.Жолы мен жасына қарай, атағы мен дәрежесiне сай қалған қонақтар төр ағасының оңы мен солынан орын алады.Қонақ үстiне қонақ келсе жасы кiшi қонақ жасы үлкенiне ығысып орын бередi.»Бұрынғы қонақтың соңғы қонаққа орын беруi» сонан қалған дәстүр.

Жөн сұрасып болған соң, үй иесi қонағына барын берiп, риза етуге тырысады.Қонақ шөлдеп келсе қымыз берiп шөлiн басады, онан кейiн шәй әзiрлейдi.Әдетте шәйдi бойжеткен қызға құйдырады.Оның себебi қыз бала келешек шаңырақ иесi, ас иесi болғандықтан жастайынан қонақ күтудi үйрене берсiн деген ниет болған.Екiншiден бойжеткен қызға шәй құйғыза отырып қыздың аспазшылық өнерiн елге паш ету.Бiр үй толы қонаққа кесенi ауыстырмай, шәйдi қызыл күрен етiп баптап беру үлкен өнер.Осыны көрген жолаушы, әсiресе қариялар ойына түйiп, барған жерiнде «бәлененiң үйiнде бәлен деген бойжеткен қыз бар екен, шiркiннiң шәй құйысы, қонақ күтiсi-ай»-деп мақтайтын болған.Құда түсу үшiн көз салу осындайдан басталған.Ал шәйдi құюдың әр елде әр түрлi дәстүрi бар.Мысалы Орталық Қазақстанның көп жерiнде шәйдi кесеге толтырыңқырап құяды.Ол қонақтың ризығы мол болсын деген тiлек.Ал оңтүстiкте шәйдi кесенiң түбiне 2-3 ұрттам ғана құяды.Ол күн ыстықта шәйдiң тез сууын көздегендiк.Олар шәйдi кесеге толтыра құйса «Бәске берiп отырсың ба?» деп сөгедi.

Шәйдi сүт немесе қаймақ қатып қызыл күрең етiп баптап беру, дастарқанға бауырсақ, өрiк мейiз, iрiмшiк, құрт, май, қант салып түрлендiру-үлкен аспазшылық.Шәй құйып, келiншек ыдыс-аяқты, ожауды, салдырлатпай әдеппен беруi керек.Егер ыдыс-аяқты салдырлатып берсе қонақ «үй иелерi жақтырмай отыр» деп ойлау мүмкiн.Қонаққа шәй екi қолдан алынып берiледi, немесе шыныны оң қолымен ұстап, сол қолдың алақанын жайып, шыны ұстаған қолдың бiлегiне тигiзiп, еңкейiп ұсынады.

Қазақ елiнде кез-келген уақытта қонағына мал сойып бермеген, бiрақ қонаққа деп әрқашан сыбаға сақтаған.Жазды күнi қонаққа ең болмағанда марқа сойылса,қысты күнi соғым етiнен тартылған мүшелi табаққа риза болады.

Мал союдың да өзiндiк жөн-жобасы бар.Арнайы қонақ шақырып, той жасағанда келүшi кiсiлер саны оннан аспаса-бiр семiз марқа, жиырма болса-тоқтылы қой не екi үлкен ту қой, отыздан асса – бiр құлын не тай сойылған.Ал құдайы қонаққа қой баласынан «қоңыр тоқты» , ешкi баласынан «қара шұнақ лақ»,жылқы баласынан «торысын»  сойған.Келесi

кезекте қонақ сыбағасында мал сойылған жағдайда қонақ алыстан келген аса сыйлы адам болса сойылатын.Мал есiктен кiргiзiлiп союшы малдың мiнер жағына бiр тiзерлеп отырып, екi қолың қойдың мойнынан орай ұстап, алақаның жайып қонақтан «әумин» деп бата тiлейдi.Қонақ бата iстеуге тиiс, бата әр түрлi мазмұнда болады.Бата үй иесiнiң пиғылына ризалық бiлдiру,малжанның амандығын тiлеу сияқты болып келедi.

Қонақтың  түрлері (3 топ)

Жалпы мейман атаулы «арнайы қонақ» (мал сойып шақырған сыйлы қонақ), «құдайы қонақ» (кездейсоқ, бiр түнеп аттанатын бейтаныс жолаушы),»қыдырма қонақ» (алыстан ағайын-туғандарын, құда-жекжаттарың iздеп келiп, жатып-жастанып, бiр мал жеп кететiн қонақ),»қылғыма қонақ» (тамақтың пiскенiн аңдып жүрiп, шақырусыз келiп, ет жеп кетер сүйкiмсiз қонақ) деп бөлiнедi.

Сырым батыр үйіне қонып отырған қадірменді қонағы Төленді биден:

-Биеке, қазақтың қонағы неше түрлі болады?- деп сұрапты.

-Қазақтың қонағы төрт түрлі болады.

  1. Арнайы қонақ.
  2. Құдайы қонақ.
  3. Қыдырма қонақ.
  4. Қылғыма қонақ.

— Ал оны қалай айырамыз?

— Арнайы қонағымыз – алыстан арнайы келген жақын туыс, нағашы, жиен, құда, қайын, жекжатың немесе сүйікті достарың, жасқы жолдас-жораң. Міне бұл- нағыз сыйлы қонағың.

Құдайы қонағымыз — өзің танымайтын, білмейтін шалғай елден, алыс жерден жолаушылап жүріп ат басын тіркей қалған тосын да бөгде қонақ. Міне, бұл- нағыз сауап қонағың.

Қыдырма қонағымыз- ерігіп те желігіп, үйден үйді, ауылдан ауылды кезіп, сөз аңдып, өсек теріп, қымыз ішіп, ет жеп жүрген сандалма қонақ. Міне, бұл- нағыз далбаса қоанғың.

Қылғыма қонағымыз- үй арасындағы, ауыл ішіндегі түтіні түзу шыққан үйді торып, өзінің құлқыны үшін аузына тигенін қылғытып жіберіп басы ауған жаққа тарта беретін көлденең қонақ. Міне, бұл- нағыз сұғанақ қонағың.

Жақсы сөз – жарым ырыс (бата беру) (4 топ)

Үлкендердің кішіге, сыйлы тағамнан кейін бата беретін рәсімі. Қазақ қауымының дәстүрі бойынша батаны тек ел сыйлайтын қариялар, ауылдың ақсақалдары береді. Бата – ізгі тілек, жақсы сөз. Бата сөздерінің эстетикалық мәні, эмоционалдық әсерлілігі, мәнерлеу, бейнелеу ерекшелігі. Мысалы, «Жас баланың күлкісін бер», —  деп дүниеге ең асыл бейнелерді, әдемі қасиеттерді келер ұрпаққа тілек-бата ретінде ұсыну.

Ананың ақ батасы,

Атаның оң батасы,

Қарғыстың ауыры – теріс бата,

Жаңа айдың батасы,

Дастарханға бата,

Алғыс бата түрлері болады.

Бата – адам баласына тек жақсылық тілеу, халық тарихында ертеден қалыптасқан дәстүр. Кейіннен тілек айту, сол тілекке жету «құдыретке байланысты» деген сеніммен батаның нұсқалары қалыптасты. «Үйің құтты болсын», «Сапарың оң болсын», «Жайлы жатып, жақсы тұр» деген тілектер – қысқа да нұсқа баталық сөздер. Бата қарт адамның ризалық сезімін, өсиетті ой-тұжырымдарын, жақсы тілектерін білдіреді: «Еліңнің елеулісі, халқыңның қалаулысы бол», «Шырағың сөнбесін», «Отбасыңнан бақыт кетпесін», «Арманыңның асуына жет», «Берекелі тірлік, мерекелі бірлік берсін», деп, бата беруші жастарды халқын сүюге, бірлікке, тірлікке тәрбиелейді. Бата лау, бата сұрау, бата қылудың өз рәсімдері бар. Алдына көп мақсат қойып, қариядан бата алу үшін, бата алушы бата берушіге сый-сыяпат көрсетеді. Ас қайыру кезінде, біткен ас соңында қариялардан бата сұралады. «Жауынменен жер көгерер, батаменен ер көгерер» деп, халық батаны киелі деп, жоғары бағалайды, жастар жаттап, жадына сақтайды. Киелі сөз – батаның орындалуы үшін бата алушы арман-мақсаттарының биігіне шырқайды, яғни, арманға жету үшін, тірлік-тіршілік жасауға машықтанады.

«Ата сөзі – бата сөз» деп, ата-бабамыздың нақыл сөздері мен ақыл сөздерін — өрнекті өсиеттерін қастерлей қабылдап, жадымызда сақтаймыз. Елге бірлік, тыныштық тілеп, халқының қадірлі қасиетті болуын армандаған данышпан ата-бабаларымыздың жолын қуып, жоралғысын жасау – біз үшін міндет, парыз, ұрпақтық борыш. Бұл қасиет ұлттық әдептілік деп аталады. Ата-баба дәстүрлері ұлттық мәдениеттің бір негізі болып табылады.

  1. Бейнетаспа «Қонақ келсе – құт»

  1. «5 қалпақ» технологиясы

Тақырыбы «Қонақжайлық»

1/ Ақ қалпақ: ХХІ ғасырда  қонақжайлық сақталады

2/ Сары қалпақ:  позитив

3/ Қара қалпақ: ХХІ ғасырда  қонақжайлық жойылады

4/ Көк қалпақ: қонақжайлық  туралы  қысқаша айту

5/ Жасыл қалпақ:  шығармашылық

Өнерді үйрен, үйрен де жирен

Көппен көрген – ұлы той

Той тамағы тәтті

Ас – адамның арқауы

Өнер – ердің қанаты

Адамның үш қасиеті:

қайтпас қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек

Той қызығы – көкпар

Тас, тасты жібітер – ас

 Өнер алды – қызыл тіл

Етке тойсам, сорпаға иттігім жоқ

Адам бір-біріне қонақ

Өнерді үйрен, үйрен де жирен.

Адамның сырты алдамшы

Аспаздың қарны асқанына тояды

Той – тоқшылық  нышаны

 Жігіт көркі — өнер

Той тамағы тәтті

Адам адамға пана

 Көппен көрген – ұлы той

Шай, шай ішсем, көңілім жай

Өнерліге есік ашық

Адам көпке, мал шөпке тоқтайды

Керек заттар:  ас, тағам (бота символы), үй (ағаш үй символы), адам (халық символы), өнер (домбыра символы – топтардың атауы)

Топқа бөлу – сурет (мақал-мәтелдер) арқылы

Ақ қалпақ:

ХХІ ғасырда  қонақжайлық сақталад