Ер есімі- ел есінде

Тақырыбы: Ер есімі- ел есінде

Мақсаты: Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстан халқының майданда және тылда  көрсеткен еңбегін паш ету; жас ұрпақты отансүйгіштікке , елжандылыққа  тәрбиелеу; ұлы Отан соғысында ерлікпен ұаза тапқан жауынгерлердің рухына бас иіп, ардагерлерге құрмет көрсету;

 

Мұғалім сөзі: Қымбатты бүгінгі кештің қонақтары және білім алушылар! Сіздерді бүгінгі Ұлы Жеңістің  65 жылдық мерейтойымен құттықтаймын! Бүгінгі кешіміздің қонақтары оқу-тәрбие саласындағы жан-жақты, көлемді қызметіне лайық қазақ ССР  Жоғарғы кеңесінің Президумының  қазақ ССР оқу министрлігінің құрмет грамоталарымен, 2005 жылы Қазақстан Конституциясына 10 жыл төсбелгісімен марапатталған , халық ағарту ісінің озық қызметкері, « Әдіскер ұстаз» атағы берілген Біралова Зоя Әбілғазықызы және де  Қазақ ССР-інің оқу ағарту ісінің үздігі, 26 жыл бойы қазақ , орыс, ағылшын тілі пән бірлестіктерінің  жетекшісі, колледжде жарты ғасырға жуық қызмет еткен ұстазымыз Мазитова Галина Романовна . ал, ардақты ұстаздар, сіздерге арнап көрсетілгелі отырған білім алушылардың  шағын ғана концертін қабыл алыңыздар!

  • жүргізуші:

Жеңіс күні бар әлемге әйгілі

Көктем шуақ – тоғызыншы май күні

Айтшы, қане, біздің соғыс шеруі

Кездейсоқ па көктемге сай келуі

Біздің Ұлы Жеңісіміз көктем боп

Көңілдерге шұғыласын төкті көп…

  • жүргізуші:

Иә, бүгінгі күн көптен күткен слтанатты күн, зымыраған уақыттың қанатында Жеңістің міне 65 көктемі де келіп жетті. Осындай бақытты күнді елі мен жері үшін арыстандай алысқан жеңімпаз жауынгерлер біз үшін, келер ұрпақ үшін сыйлады.

  • жүргізуші: 65 жыл бейбіт көктем таң атқалы

Алпыс бес жыл шуақты күн таратты әнін

Алпыс бес рет көктемде содан бері

Ашылды жеңіс күннің парақтары

  • жүргізуші:

Жазылған жоқ өткен күн жаралары

Сиреп кетті-ау қарттардың аралары

Бабам жауға бермеген туған жерді

Қорғайды әлі бабамның балалары

  • жүргізуші:

Қанша ғасыр өтсе де адамзат тарихында елі мен жерін қорғаған батырлардың ерлігі мәңгі есте сақталады. Сұрапыл соғыс жылдарын ой елегінен өткізсек.

Ұлы Отан соғысына қатысқан жауынгерлер туралы мәлімет:

Соғыс … әрине, бұл жақсы сөз емес. Оны естігенде көз алдымызға қантөгіс, қырғын, ажал атты қорқынышты көріністер елестері анық.

Ең қанды да қасіретті соғыс XX ғасырдағы екінші жиһангерлік соғыс. Алапат өртті ауыр соғыс өз салмағын жұртқа 1418 күн мен түн, яғни  4 жыл салды.

1941 ж  22 маусымда Ұлы Отан соғысы басталды. Қазақ  жерінде Отанды қорғау үшін әскери бөлімдер  жинақтала бастады. Барлығы  12 атқыштар,  4 кавалериялық дивизия,  7  атқыштар бригадасы,  50-ге жуық полктер және батальондар жасақталды.  Қазақстанда жасалған  310 , 312 , 314,  316,  391- атқыштар дивизиялары алғы шепте шайқасты. Соғыс кезінде кеңес армиясы қатарына  1196164 қазақстандық жауынгер жақырылды.

Ұлы Отан соғысында мыңдаған ақтөбеліктер де ерлік көрсетті. Ақтөбеде  312 атқыштар дивизиясы және  101 ұлттық бригада құрылысы Мәскеу түбінде шайқасты.  24 адам Совет Одағының батыры ,  15 мыңдай ақтөбелік ордендермен және медальдармен марапатталған.

Ақтөбеліктер Кеңес Одағының батырлары- Ә.Молдағұлованы, Ф.Озмитель, И.Білтабаев, В.Козликов, С.Вавилов,А.Жанұзақов. А.Батурин, К.Губин, М.Колесников, Г.Мясолдов, Н.Оноприенко, М.Прохоров, У.Үргенішпаев, Т.Щербиков, Даңқ орденінің 3- дәрежесінің иелері-С.Ешпаев, А.Гришин, Н. Панфиловтарды мақтанышпен атайды.

 Хор: « Жойылсын соғыс»

  • жүргізуші:

Соғыс… Сұрапыл соғыс  қанша үйдің адамын ұрлады , қанша үйде оттар сөніп қалды, қанша аналар ұрыс даласынан келген қаралы қағазға сенбей ұлдарын күтумен өмірден өтті, қаншама арулар жесірленіп , сәбилер жетімдіктің зарын тартты.

Монолог:

« — Әке! Әке!

Тілдесші менімен, әкешім!

Әлде хат жазуға уақытын жоқ па?  Хат неге жазбайсың, әке? Тым болмаса аманмын , жапондармен мына жерде  шайқасып жатырмын деп бір хабарласшы, әке?! Сағындым сені, әке! Сендер соғысқа кеткелі ауыл тіпті өзгеріп кетті ғой. Бұрын ерлер тындыратын жұмысты қазір біздер де істеп жүрміз.

« Бәрі де майдан үшін , бәрі де жеңіс үшін» деп ұрандаған бір адам. « Жеңіс!» деген сөз бізге үлкен күш берді. Сенің Шығыстағы Жапонияда шайқасып жүргенін алаңдатады. Бір жағынан қорқамыз да, апамның да сені талмай күтіп жүргенін ішіміз сезеді. Мүмкін ерлігіңіз үшін медаль алып та қойған шығарсыз, әке?! Құттықтауыма болатын шығар, бәлкім?!

Бала болсам да соғыс мені есейтіп жіберген сияқты. Фашистер неге сонша соғысқа құмар болды екен? Сендер Отан үшін, біздер үшін, арттағы ұрпақ үшін майданның нақ ортасында жүрсіңдер ғой. Ал, олар, сұмырай фашистер не үшін совет азаматын, әкесін баласынан, жарын күйеуінен айырады, әке? Аянып қалма, әке!… Мен үшін, болашақ ұрпақтың бақыты үшін кездескен жаудың көзін жоя бер. Үйге жеңіспен қайт, әке! Мен сені қатты сағындым! Тезірек аман-сау оралшы, әке!»

Ән: « Әке туралы жыр»

  • жүргізуші:

Талай ұүс содан бері қайта оралды,

Талай бақ әлеміне қайта оранды

Соғыста өлгендер оралмайды

Тек ұрпақ олар жайлы айтады әнді

Әлия, Мәншүк

Әлия: Біз сендердей жаңа ашылған гүл едік

Жерге бақыт, елге бақыт тіледік

Отан-ана отқа күйіп жатқанда

Біздер ме едік үй бағатын тірі өлік

Мәншүк: Отан ана жылағанда  шерленіп

Тапжылмастан шөгеді екен жерге бұлт

Қара бұлтты қақ жарайық дедік те

Қолымызға қару алдық ерленіп

Әлия: « Отан» деген сөз көкейде жатталып

Зор айқасқа кеттік біздер аттанып

Біз сендердей қыдырмадық кешқұрым

Біз сендердей арман гүлін тақпадық

Мәншүк: Қатар тұрмыз, қатар жүріп келеміз

Қатар жүріп қырдан гүлдер тереміз

Біздер өлдік, өлмесін деп басқалар

Бізді қайта туды Отан , ел егіз

Екеуі бірге: Жетсек деген арманымыз көп еді

Айтылған жоқ махаббаттың өлеңі

Бізді туған күнімізбен құттықтап

Ешкім бізге жыр ұсынған жоқ еді

Бірақ ерте, тым ертерек жандық біз

Жанарлардан мөлдір жас боп тамдық біз

Жанымызды құрбан еттік осылай

Біздей ерте солмау үшін барлық қыз
Ән: « Қазақ қызы»

  • жүргізуші:

Жақсы жандар жанымызда әрқашан

Ұлағатты сөздер биік ұстаған

Ардақты ұстаз асыл анаң секілді

Тәрбиелейді балапандай жасыңнан,- дей келе, келесі сөз кезегі ардақты ардагерлер өздеріңіздерде…

Ән: « Ана туралы баллада»

  • жүргізуші:

Құрметті достар! Көкейлеріңізде жүрген сауалдарыңыз болса, ұстаздарға қоюларыңызға болады…

  • Зоя апай, сіз соғыс басталған уақытта неше жаста едіңіз? Соғыс сөзін естігенде қандай сезімде болдыңыз?
  • Галина Романовна, соғыстан кейінгі жылдарда оқу-ағарту саласының жағдайы қандай болды?
  • Зоя Әбілғазықызы, сол зұламат заманда отбасыңыздан соғысқа аттанған жақындарыңыз болды ма?
  • Галина Романовна, қазіргі бейбіт өмірдің жастарына қандай тілектеріңіз бар?
  • жүргізуші:

Құрметті ардагерлер! Бүгінгі « Ер есімі- ел есінде» атты кешімізге келіп, көкейлерімізде жүрген сауалдарымызға жауап беріп, зұламат соғыс кезіндегі ойларыңызбен бөліскендеріңізге алғыс айта отырып, сіздерге бейбіт өмірде қажымас қайрат, зор денсаулық тілейміз! Бүгінгі кештен естелік ретінде сыйлығымызды қабыл алыңыздар!

 Хор: « Әрқашан күн сөнбесін»

  • жүргізуші:

Қош, сау болыңыздар!