Рационал сандарды азайту. Есептер шығару

384

Сабақтың тақырыбы: § 3.3 Рационал сандарды азайту. Есептер шығару

Сабақтың мақсаты:

  1. тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа ұжымшылдыққа баулу. Оқушыларға адам- гершілік, еңбек тәрбиесін беру  .

 

  1. білімділік: Оқушыларға рационал сандарды азайту ұғымдарын қалыптастыру. Берілген рационал сандарды азайту арқылы   айырмасын табуға үйрету. Алған білімдерін, ережелерді есептер шығару  барысында пайдалана білуге үйрету .

 

  1. дамытушылық: Оқушыларды логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.Білім, білік,  дағдыларын дамыту

Тақырып бойынша алған білімдерін жүйелеу, жіктеудің тәсілдеріне тоқтап, сол тәсілдерді пайдалану

Оқушыларды жүйелік түрде жұмыс істеуге дағдыландыру

Білік дағдыларын жетілдіру, өз бетімен ойлау қабілетін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, схема, бағалау парағы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Әдісі-тәсілдері: Сұрақ – жауап Венн диаграммасы тірек-сызба нұсқасы.

Пәнаралық байланыс: Салт-дәстүр, математика,тарих.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі (Сәлемдесу, түгелдеу,сынып тазалығына көңіл бөлу,топқа бөлу (Үшбұрыш . Төртбұрыш.Шеңбер )5 минут

ІІ Өткен сабақ .Үй тапсырмасы: № 498 ( Тарихи мәліметтер,ертегілер,жұмбақтар  )13 минут

 

І. Қызығушылықты ояту

1Рационал сандар қалай азайтылады? (Бір саннан екінші санды азайту үшін, азайғышқа азайтқышқа қарама-қарсы санды қосу керек:)

2 Екі теріс санды қосындысы қалай табылады?  ( 1)қосылғыштардың модульдерін қосу керек ; 2) шыққан санның алдына минус («­») таңбасын қою керек )

3 Қарама-қарсы сандардың қосындысы неге тең ? (Қарама-қарсы сандардың қосындысы 0-ге тең )

 Q-рационал сандар жиыны

Zбүтін сандар жиыны

Nнатурал сандар жиыны

                                          N     Z     Q

                                         Рационал сандар жиынының ішкі жиындары.

 

 

N


 

 

Толғаныс, ой-толғаныс.(сергіту сәт 5минут)

 

ІІІ Жаңа сабақ: Сабақта оқушылар есептер шешеді.Әр топ бір есеп шешеді. 14минут

 І топ №500

ІІ топ №501

ІІІ топ №504

Логикалық есептер

  • 8=14913 мына теңдікті түсіндіріңіз . Жауабы:(1-4+9-1-3)
  • 2)1000 оған40-ты қосыңыз. Тағы бір мың қосыңыз. Оған 30-ды қосу керек. Тағы 1000. Қосу 20. Қосу 1000. Және тағы 10-ды қосыңыз. Неше шықты? Жауабы:(4100)
  • Бір ауылға келген туристтер, сол жердегі бір ақымақ шалдың қылығына таңданады. Шалға жылтыраған 50 теңгелік тиын мен500 теңгелік қағаз ақша ұсынғанғанда, ол ылғи 50 теңгені таңдайтын. Оның себебі неде? Жауабы:(500 теңгелік жыртық болған екен).

Оқушыларды бағалау парағы

 

р/с  

Аты-жөні

Үй тапсырмасы Сұрақ-

жауап

Сынып

жұмысы

Қосымша тапсырма Қорытынды баға
1            
2            
3            
4            
5            
6            

 

Қорытындылау Алған бағаларын қортындылап оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма: Өтілген материалдарды пысықтап келу(8 минут)

     Тақырыпты оқу, №

Күтілетін нәтиже:

  1. Оқушылар сұраққа жауап береді, есептің шығарылу жолдарын түсінеді.
  2. Ойлау қабілеттерін дамытады.
  3. жұмыс істейді, бірін-бірін сыйлайды, сөйлеу қабілеттері жақсарады.