Қадыр Мырзалиев- балалар жазушысы

234
Сабақтың тақырыбы: Қадыр Мырзалиев- балалар жазушысы
Мақсаты:
Мектеп жасына дейінгі балаларды Қадыр мырза Әлидің шығармашылығымен таныстыру және ақын шығармашылығын насихаттау. Балалардың тілдік құзыреттілігін дамыту.

Күтілетін нәтижелері:
1. Ақын шығармашылығы бойынша үлкен мағлұмат қалыптасады.
2. Балалар ақын шығармашылығындағы мысалдармен, жұмбақтар, нақыл сөздер бойынша ақпараттармен танысады, оларды өмірдегі, өз тәжірибесіндегі түрлі жағдайларда қолдана алады.
I. Сабақтың кіріспе бөлімі
Балалардың қызығушылығын ояту
Жүргізуші 1.Құрметті қонақтар,балалар,ата-аналар.Бүгін біз талантты жерлес ақынымыз Қадыр Мырза Әлидің шығармашылығына арналған ұлты мақтаған ұлы тұлға «Қадыр Мырзалиев- балалар жазушысы» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер.

Биік,биік самғаған
Сұңқар болғым келеді
Бір бәйгеден қалмаған
Тұлпар болғым келеді
Кемеңгерлер мықты ғой иілмеген
Кім бар бірақ ажалға күйінбеген
Есті жырлар бітуге тисті ғой
Есте қалар әдемі түйінменен
Жүргізуші .Ақындық туралы Қадыр атамыз былай дейді: Дарын иесінің ақын болып қалыптасуы ең алдымен өз ауылы,өз қара шаңырағынан деген екен.
(Ақын туралы  бейнекөрініс көру)
Бәрін тез-тез болады деп кім күткен,
Күндер өткен жұлдыз жауар түндіктен
Мырзалының,үміт артқан өлгенше
Үш ұлынан жалғыз еркек кіндік мен

Жүз демеймін-түсінеді жөнді ұққан.
Жалғыз едім мен бір ірі сондықтан
Жалғыз едім өспей қойған атадан
Жоғалуға қақым жоқты сондықтан!

Өлең жаздым тоғыз тарау,жеті өрім
Сездім соның жүректерге жетерін
Жалғызбын деп жанға нөкер болмадым
Өзімніңде болған емес нөкерім
Жүргізуші .Иә,Ақын түйінінде үлкен шындық бар.Өзгелер сияқты Қадырдың қадірін оқырман қауым бірден ұғынды.Қадыр атамыздың сүйікті оқырманына халқының қазақы қасиеттерін,тектілігін,тазалығын ту еткен туындылар ұсынған болатын.Оқушыларымыздың орындауында халқымыздың сүйікті әніне айналған «Әже туралы ән» әнін қабыл алыңыздар.Әнін  Н.Тілендиев жазған.
Асыл әжем, ғасыр әжем аңсаған

Сағынышым- сары  ормандай  самсаған

Әке болып  жүргенімді  ұмытып

Әлі күнге  еркелеймін мен саған.

Нұрқұйған:
Дәл осы сәтте Қадыр атамыздың мына жұмбақ өлеңі есіме түсіп тұр,айтып берейінші:
Көзім түсті апамның
Көзіндегі жасына.
«Белгісі ме қапаның?»
Деп келдім мен қасына

Саягүл:
Ия,-ия есіме түсті, жұмбақ өлеңнің арғы жағын мен жалғастырып көрейінші
Сұрамақпын,білмекпін
Жанына не батқанын.
Байқамаппын ,көрмекппін,
Пияз турап жатқанын.-деп ақындар жырлағандай Қадыр атамызда түрлі тақырыптарға балаларға арнап өлеңдер жазған болатын,ендеше соларды қабыл алыңыздар.

Әділет:
«Ана-тілі»

Ана тілің-арың бұл

Ұяттың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл

Өз тіліңді құрметте.

Ана тілің,біліп қой
Еркіндігің,теңдігің

Ана тілің,біліп қой
Мақтанышың,елдігің.

 

Нұрқұйған, Елдос:
«Не үшін?»
Екі көзің не үшін керек?
Жақсыларды көру үшін.
Екі қолың не үшін керек?
Елге көмек беру үшін.
Құлақ не үшін керек?
Ақыл-кеңес беру үшін.
Жүрек не үшін керек?
Жауларымнан қыңбау үшін.
Тіл мен жағың не үшін керек?
Ақиқатты айту үшін.
Ал аяғың не үшін керек?
Шетте жүрсем,туған жерге қайту үшін.
Досымғали:
«Мұғалима»
Мынау менің сезгенім

Ол кластың анасы
Өзінің де өзгенің
Баласы оның баласы
Қай кезде де,ол анық
Қайғырмайды өзі үшін
Біздер үшін қуанып

Қызарады біз үшін

Рамазан:
          «Кәмпит»
Азу тісім ауырды,
Жатып қалдым бүк түсіп.
Тауыстым бар сабырды
Бір жақ ұртым кетті ісіп.
Қарындасым монтиған,
Мұны анықтап көрмейді.
Ұртыңдағы томиған,
Кәмпитіңнен бер!-дейді.
Жүргізуші :.Ақынның әр өлеңін оқыған сайын қанаттанасың, рухтанасың, жігерленесің. Бірде бала, бірде дана боласың,сүйсінесің,тамсанасың, күй тартқандай боласың, халқымыздың бүкіл болмысы көз алдыңа келеді.

 

Қадыр мырза Әлі «Анама»
Анасыз бір жоқ күнің
Әжесіз бір жоқ күнің
Ұсынамыз бүгін біз
Сіздің сұлу шоқ гүлін
Баланың да тірегі,
Дананың да тірегі,
Шашылмасын ешқашан
Аналардың жүрегі!
Қуаныштың ағайын,
Қоңырауын қағайын.
Ағартпасын тентектер
Бір ананың самайын!
Жамандардың мақсаты
Жұрттың аузын қақсату
Нағыз бақыт-Ананың
Ақтау дер ем ақ сүтін.
Ендігі кезекте «Қазақ осы»әнін қабыл алыңыздар.
Жүргізуші . Қадыр Мырза Әли «Данышпан» «Бұлбұл бағы» «Күміс қоңырау», атты 40-тан астам жыр жинақтарымен 200ге жуық ән мәтіндерін жазған.Оның әндері халық арасына көп тараған.Солардың бірі отбасының жырын жырлаған «Апам үшін»әнін жазған болатын,ендеше әнді тамашалайық.
Апам  үшін  күндеде, күндеде

Отын-ағаш жарамын, жарамын

Су  құямын гүлгеде,  гүлгеде

Дүкенге

Жоқтатпаймын әпкемді, әпкемді

Берем  шайын қайнатып

Жылай  қалса  бөпемді

Жұбатамын, ойнатып.

Апам бірақ мен үшін, мен үшін

Оқымайды сабақты.
Жүргізуші 1:Қадыр атамыз балаларға арнап көптеген жұмбақтар,жаңылтпаштар,санамақтар жазған.Ендеше қазір барлығымыз жұмбақтар шешіп көрелік,экранға назар аударайық.
1)Дос үйіне түстің бе?
Түгел соның үстінде.(дастархан)
2)Қайнаған шілдеде оған суық,
Ыссыға төзбегенді тығам қуып.(тоңазытқыш)
3)Бояуларым қашып кетті,
Көк қағазды басып кетті,
Қатарларын тізіп алды
Арттарында ізі қалды.(кемпірқосақ)
4)Екі езуі құлағына жетеді,

Тамақ жесе ызың-ызың етеді.(Ара)
5)Жоқ өзінде баста,
Қаста,мойында
Ұзындығы жазулы тұр бойында.(сызғыш)
Жүргізуші 2:

.Айналайын Қадырым!
Елге қымбат қадірің
Сенен басқа ақын жоқ
Елдің ойлар тағдырын-деп ақындар жырлағандай Қадыр атамыз көптеген мысалдар жазған балаларға арнап,сол мысалдарды бүлдіршіндеріміздің орындауында тыңдайық.

«Құлақ не үшін керек?»
-Құлақ не үшін керек?-деп сұрады тәрбиеші тәтей.
-Жеу үшін!-деді атасының жанында көп жүретін қонақшыл балдырған.-Шерту үшін!-деді бір үйдің шалдуарлау жалғыз ұлы.-Бұрау үшін!-деді әлден тілазар болып өсіп келе жатқан бала.-Тыңдау үшін!-деді ақырын ғана ағайынының қолында өсіп жатқан кішкене жетім.
«Биялай мен Қолғап»
—-Әже,әже! Биялай кисем қолым тоңбайды.Ал,қолғап кисем-ақ болды тоңа бастайды.Неге олай?!
—-Биялайдың ішінде төрт саусағың біріне-бірі жақын тұрып жылу береді.Ал қолғапта әр саусақ өз алдына дара қалады.Жалғыздың аты жалғыз.Біраздан кейін тоңа бастайтыны сол! Жақындық бар жерде жылу бар-балам.
Жүргізуші :.Қорытынды: Қадыр атамызды әлі әріп танымаған бүлдіршін бөбектен бастап,әріпті көзілдіріксіз көре алмайтын қарияға дейінгінің бәрі біледі.Мұндай даусыз даңқ, танымалдықтың сыры-Қадыр талантының қарапайымдылығында.Ендеше Қадыр жырлары ешқашан ұмытылмай ұрпақтан ұрпаққа насихатанна бермек. Барлығымыз бірге «Атамекен»әнін бірге орындайық. Бүгінгі «Қадыр Мырза Әли- балалар  жазушысы» атты   тәрбие сағатына  қатысқаныңызға үлкен рахмет.
ӘН: «Атамекен»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Биік,биік самғаған
Сұңқар болғым келеді
Бір бәйгеден қалмаған
Тұлпар болғым келеді

Кемеңгерлер мықты ғой иілмеген
Кім бар бірақ ажалға күйінбеген
Есті жырлар бітуге тисті ғой
Есте қалар әдемі түйінменен
Бәрін тез-тез болады деп кім күткен,
Күндер өткен жұлдыз жауар түндіктен
Мырзалының,үміт артқан өлгенше
Үш ұлынан жалғыз еркек кіндік мен

Жүз демеймін-түсінеді жөнді ұққан.
Жалғыз едім мен бір ірі сондықтан
Жалғыз едім өспей қойған атадан
Жоғалуға қақым жоқты сондықтан!

Өлең жаздым тоғыз тарау,жеті өрім
Сездім соның жүректерге жетерін
Жалғызбын деп жанға нөкер болмадым
Өзімніңде болған емес нөкерім

* Сөйледім бе,сөйлемейтін бекерге
* Ақылымды алмасын тек кетерде
* Жағаласпай тыным жүрсем әліде
* Жаман жүрек жарап қалар лекерге

* Жас алып тұрып көзіме
* Жырлаймын,жерім,құп алсақ
* Түсемін тамып өзіңе
* Тола алмай тұрған көл болсаң

* Алысқа тағдыр әкетіп
* Амал жоқ егер шет қонсам
* Тиемін саған лап етіп
* Тұтанбай тұрған от болсаң.
Көзім түсті апамның
Көзіндегі жасына.
«Белгісі ме қапаның?»
Деп келдім мен қасына
Жүргізуші 2

Ия,-ия есіме түсті, жұмбақ өлеңнің арғы жағын мен жалғастырып көрейінші

Сұрамақпын,білмекпін
Жанына не батқанын.
Байқамаппын ,көрмекппін,
Пияз турап жатқанын.

 

«Кімге қандай ойын ұнайды?»
-Келіңіздер бір-бірімізді сүзіп ойнайық!-деді мүйізді қоңыз Саратан.-Сүзіскені несі,бұқа болып кеттік пе? Одан да бір-бірімізді теуіп ойнайық!-деді көк Шегіртке.-Тебісу деген не пәле? Солда ойын болып па?! Оданда бір-бірімізді шағып!-деді Сона.
 

 

 

 

«Ана-тілі»
Ана тілің-арың бұл

Ұяттың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл

Өз тіліңді құрметте.

Ана тілің,біліп қой
Еркіндігің,теңдігің

Ана тілің,біліп қой
Мақтанышың,елдігің.

«Не үшін?»
Екі көзің не үшін керек?
Жақсыларды көру үшін.
Екі қолың не үшін керек?
Елге көмек беру үшін.
Құлақ не үшін керек?
Ақыл-кеңес беру үшін.
Жүрек не үшін керек?
Жауларымнан қыңбау үшін.
Тіл мен жағың не үшін керек?
Ақиқатты айту үшін.
Ал аяғың не үшін керек?
Шетте жүрсем,туған жерге қайту үшін.

«Мұғалима»

Мынау менің сезгенім

Ол кластың анасы
Өзінің де өзгенің
Баласы оның баласы
Қай кезде де,ол анық
Қайғырмайды өзі үшін
Біздер үшін қуанып

Қызарады біз үшін
          «Кәмпит»
Азу тісім ауырды,
Жатып қалдым бүк түсіп.
Тауыстым бар сабырды
Бір жақ ұртым кетті ісіп.
Қарындасым монтиған,
Мұны анықтап көрмейді.
Ұртыңдағы томиған,
Кәмпитіңнен бер!-дейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
Анасыз бір жоқ күнің
Әжесіз бір жоқ күнің
Ұсынамыз бүгін біз
Сіздің сұлу шоқ гүлін
Баланың да тірегі,
Дананың да тірегі,
Шашылмасын ешқашан
Аналардың жүрегі!

Қуаныштың ағайын,
Қоңырауын қағайын.
Ағартпасын тентектер
Бір ананың самайын!

Жамандардың мақсаты
Жұрттың аузын қақсату
Нағыз бақыт-Ананың
Ақтау дер ем ақ сүтін.