Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышы

191

«Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышы»

Мақсаты:

  •  Оқушыларды аса маңызды мемлекеттік белгілер- рәміздермен жан-жақты  таныстыру;
  •  Ұлттық рәміздердің әрбір бөлшектеріне,халқымыздың өткені мен бүгінгі күндеріне қысқаша шолу жасау;
  • Оқушыларға мемлекеттік рәміздерің аса маңызды екенін, оны құрметпен  мақтан тұту керектігін ұғындыру,ой өрісін кеңейту;
  • Отанды сүюге,рәміздерін құрметтеуге үйрету, өз Отанының патриоты етіп тәрбиелеу.

Көрнекілігі: ҚР рәміздері, нақыл сөздер, слайд

Барысы:

Мұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін сіздердің назарларыңызға «Менің елімнің рәміздері» атты тәрбие сағаты өткізгелі отырмыз. Олай болса, бүгінгі тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

(Әнұраны орындалады)

(Сабақтың мақсатымен, жоспарымен таныстырылады)

 

 

Мұғалім:  Егеменді еліміз жер бетіндегі басқа мемлекеттермен терезесі тең,өркениетті ел ретінде танылып, 1992 жылы 4 маусымда Мемлекеттік рәміздер Ту, Елтаңба, Әнұран  бекітілді.  Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Жарлығымен   4-маусым «ҚР Мемлекеттік рәміздер күні» болып белгіленді.

      ҚР Конституциясы 1995 жылы 30-тамызда референдумда қабылданды.  9-бөлім, 98-баптан тұрады. 9-бабында ҚР мемлекеттік рәміздері- Туы,  Елтаңбасы, Әнұранның сипаттамасы және ресми пайдалану тәртібі конституциялық заңмен бекітілген.34-бапта әркім республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті екені айтылады.

Мемлекеттік рәміздер белгілі бір елдің өзіндік өмір салтын,бүкіл болмыс ерекшелілігін, айрықша арман аңсарын, басқалармен байланыс мұраттарын білдіреді.

Осы бір қасиетті белгілердің мәнін әрбір азамат терең түсініп, оны қастерлей білу керек.

Мақтансаң мақтан елім деп,

Тани біл елдік таңбаңды.

Елтаңба,Туын,Әнұран-

Тәуелсіздікке тәнтбелгі-

Қасиетті осы рәміздер.

Еліме рух, мән берді,

Иесі оның мына біздер,-деп тәрбие сағатымыздың біріншіі бөлімі «Еліміздің рәміздері»- көшейік.

 

Көк жүзінде көгілдір

Гүл жайнаған мөлдір нұр.

Қазақстан жалауы-

Азаттықтың алауы.

Желбірейді аспанда,

Отан орны асқарда.

2-оқушы:  Ту

Мөлдір,бұлтсыз ашық аспан күмбезің,

Бейнелеген алтын шапақ күн көзін.

Адалдық пен пәктік көңіл нышаны

Көріп жүрмін көк туымды күнде өзім.

Көгілдір түс мөлдір,таза пәктігім,

Ырымдады болса екен деп сәтті күн.

Бейбітшілік,тыныштықтың нышаның,

Көк туымыз білдіріп тұр тап бүгін.

Өрнексіз тұр қолтаңбасы дәуірдің,

Қадам бастық,артта қалды ауыр күн.

Қазағымның ұлттық «Қошқар мүйізі»

Әлі күнге көкейінде бауырдың.

                   Қазағымызға таныс өрнек ежелден

Қуат берген, зұлымдықтан жебеген.

Қастерлеген «Қошқар мүйіз» өрнегін,

Қасиеттің бір күніне теңеген.

Қыран құстай маңғазы да қырағы

Болса екен деп Бейбітшілік тұрағы,

Сондықтанда да көк туымда қалықтап,

Қыран бүркіт қанат жайып тұрады.

 

Өр қанатты сұңқардың

Қанатымен шырқар кім?

Қазақстан Отаным,

Әлем білген атағын.

Жарқыраған әр танды

Мемлекеттік Елтаңба.

Халқымыздың бейнесін

Кең таныта өрлесін.

4 — оқушы: Елтаңба

Көгілдір түс аясында шаңырағым шарықтап,

Жүйрік пырақ қанатты тұр қанатымен қалықтап.

Сәулесіндей күннің алтын уықтар тұр шаншылып.

Қасиетті Елтаңбаға қарап тұрсақ анықтап.

Түп төрінде жұлдызым тұр жаңа жанған бағымдай.

Мәңгі бақи тұрса екен өз орнынан алынбай.

Ортасында «Қазақстан» деген жазу жазылған,

Шаттандырып шабыт берген жүрегімнің қанындай.

Шаңырақ тұр арқау болып,бар жүгінді арқалап,

Шаңырағым биік болса шарықтайды шартарап.

Елім үшін шексізөмір,тіршіліктің нышаны,

Қазақ елі бар әлемге үлгі болып тарқамақ.

Көк клемдей желде ескен қанатты бар пырағы,

Елтаңбада екі жаққа мойын бұрып тұрады.

Желмаядай жүйрік болған, ай мүйізді пырағым,

Сол пырақпен бейнеленген ата баба тұрағы.

Жарық жұлдыз жарқыраған елтаңбаның төсінде,

Баршамызға бағдар берген айлы түннің кешінде.

Міне осындай суреттелген Елтаңбасы елімнің,

Әлі талай сақталады бүкіл әлем есінде.

5 – оқушы: Мемлекеттік Әнұран – еліміздің музыкалық поэтикалық эмблемасы, әдеби сазды құжаты. Ол халық жүрегінің лүпілін тұмар ғып түйген музыкалық сәлем хат іспеттес.

Жеңістерге қолбасыдай,

Ерліктердің жолдасындай

Еліміздің әнұраны

Жүректерде жаңғырады.

Жаршысндай даңқымыздың

Жан серігі халқымыздың.

6 – оқушы:   Әнұраным

Әйгілісің әуеніңмен әлемге,

Әнұраным, пәктігінді дәлелде.

Қазағыма қайсар шабыт бергендей,

Ұран болып айтыла бер әр елде.

Жүрегінен орын алып елімнің,

Шартараптан шарықтаумен көріндің.

Әсем әнді әуеніңмен тербеткен,

Белгісісің кең жазира жерімнің.

Әрлі әуенің шартарапты шайқады,

Күштілігін бүкіл халық байқады.

Шабыт берген Әнұранды әрқашан

Маңғыз елім мақтанумен айтады.

Мұғалім:  Мемлекеттік туымыздың авторы кім?

7-оқушы: Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков.

ҚР Мемлекеттік Туының авторы, Қазақстанға еңбегі сіңген өнер қайраткері, Қазақстан дизайн өнерінің негізін қалаушылардың бірі.1938 жылы 12-қарашада Тараз қаласында дүниеге келген. Ленинград жоғаоғы көркем өнер училищесін бітірген. Алматы қаласының бас суретшісі.

Мұғалім:  Қазақстан дейтін Отан анамыздың Елтаңбасының авторы кім?

8-оқушы: Жандарбек Мәлібекұлы.

ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы. Өзбекстанға еңбегі сіңген саулетші. 1942 жылы Қызылорда обылысы Жаңақорған ауданының Екпінді ауылында дүниеге келген. Ташкент политехникалық институтының саулет өнері факультетін бітірген. Ташкент қаласындағы ғылыми зерттеу жобалау институтының қала құрылысы шеберханасының жетекшісі, жобалар жөніндегі бас саулетшісі, қазір Астанада тұрады.

9-оқушы: Шотаман Ыдырысұлы Уәлихан.

ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы. Қазақстанға нңбегі сіңген саулетші, мемлекет сыйлығының иегері, белгілі қоғам қайраткері. 1932 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданындағы Сырымбет ауылында туған. Мәскеу архитектуралық институтын бітірген. «Қазақ қала құрылысын жобалау» институтының қызыметкері.

Мұғалім: Ал Әнұранымыз қалай өмірге келді? Авторлары кім?

10 – оқушы: Шәмші Қалдаяқов.- әнін жазған.

Шәмші Қалдаяқов есімі аталғанда аузымызға бірден халқымыздың әнұраны айналған «Менің Қазақстаным» әні түседі. Иісі қазақтың көкірегінде жыр болып төгіліп, сыр болып өріліп, әндерінің қай қайсысы да халықпен бірге туғандай біте қайнасып, оның бөлінбейтін бөлшегіне айналып кеткен. Халқының жүрегін осыншалықты сыршыл да кәусар саздың құдіретімен баураған ұлы сазгер есімі ұмтылмайды. Халық жүрегінде

мәңгі сақталады.

11 – оқушы: Жұмекен Нәжімеденов.- сөзін жазған.

1960 жылдардын бері қазақ поэзиясы мен прозасына өзінің ұлттық бояуы қанық, айшықты қолтаңбасын қалдырған дара тұлғалардың бірі. Ол 1935 жылы Атырау обылысы Теңіз ауданы Қошалық ауылында туған. 1959 жылы Қазақтың Құрманғазы атындағы консерваториясында оқып жүрген кезінде курстас досы Шәмші Қалдаяқовтың  «Менің Қазақстаным» атты әніне сөз жазған. Бұл ән қазақ халқының ұлттық әнұранына айналып, күні бүгінге днйн ұрпақ санасын отаншылдық рухымен жаңғыртып келеді.

12 – оқушы: Нұрсұлтан Назарбаев.- сөзін жазған.

Достықтың, бірліктің, бауырмалдықтың туын берік ұстап, Қазақстанды әлемге паш етіп отырған ғасыр куәсі болған, еліміздің президенті.Елбасының болашаққа деген талпынысы, еңбекке ерте араласуы балалық кезден басталған екен. Жер жаннаты Жетісудің төскейінде, Шамалған ауылында болашақ тәуелсіз мемлекетіміздің басшысы дүниеге келген. Ол 1991 жылдан бері  ҚР Президенті болып келеді.

Мұғалім:

Отаным Қазақстан туған елім,

Кең екен ғой қаншама дархан жерің.

Қасиетті қара жерді қалың жаудан

Қоршап қалды ұрпағы үшін батыр, ерің.

Қазағым, тілің қандай, дінің қандай,

Табиғат та тербеледі тірі жандай.

Көкірегіңде тізілген тауларыңның

Арасынан батқан күн, атар таңдай.

Қазақстан елтаңбаң бар, әнұраның,

Көк байрақта қалықтап тұр бақ қыраның

Жан жағы оюланып әшекей боп

Тауыпты көк аспан, күн тұрағын.

Туған жұртым, туған халқым, туған ұлым,

Сақтайық, жоғалтпайық қазақ салтын.

Тік ұстап туымызды, еңселі боп

«Викторина сұрақтары» 

  1. 16 желтоқсан Қазақстан  Республикасының тәуелсіздік  туралы  заңы

қабылданды. 21 желтоқсанда ТМД  құрылды. (1991)

  1. 10. Қазан  айында тұңғыш  ғарышкер  Тоқтар Әубәкіров  ғарышқа самғады(1992)
  2. Тұңғыш  Конституция  қабылданды. 12 қарашада  төл теңге  дүниеге  келді.

(1993)

  1. Мемлекеттің  тұңғыш  ордендері мен медальдары  дүниеге  келді. 30 маусымда

ұшқыш Т.Мұсабаев  аспан  көгіне  көтерілді. (1994)

  1. 30 тамыз  жаңа  Ата заң қабылданды.(1995)
  2. Алматыда  тәуелсіздік  ескерткіші  ашылды.(1996)
  3. Елорда  Астанаға  көшірілді. Қазақстан-2030 жолдауының  шығуы. Жалпы

ұлттық  татулық  пен  қуғын-сүргіндерді  еске алу  жылы. (1997)

  1. Халықтар  тұтастығы мен тарих  жылы.(1998)
  2. Ұрпақтар  бірлігі  мен сабақтастығы  жылы(1999)
  3. Мәдениетті қолдау  жылы.(2000)
  4. Қазақстандағы  Ресей  жылы.(2006)
  5. Денсаулық  жылы.(2002)
  6. 30. Ауыл  жылдары.(2003-2005)
  7. Тәуелсіздікке 15 жыл. Желтоқсанға 20 жыл.  7 қаңтарда жаңа  әнұран

қабылданды. (2006)

  1. 30. Қазақ  тілін  қолдау  жылы.(2007)
  2. Астанаға  10 жыл(2008)
  3. Қазақстанның Украинадағы  жылы(2009)
  4. ЕҚЫҰ самммиті(2010)
  5. 1- желтоқсанда  Республика жұртшылығы  тұңғыш рет  Нұрсұлтан Әбішұлы

Назарбаевты  республикамыздың президенті етіп сайлады. (1991)

  1. Маусым айында Қазақстан БҰҰ-на мүше болды.  Маусым айында Тәуелсіз

Қазақстан ел рәміздері: Туын, Әнұранын, Елтаңбасын қабылдады. (1992)

  1. 50. Қысқы VII Азияда олимпиадасы(2011)
  2. 3 сәуірде  кезектен тыс  Президенттік сайлау болып өтті. Халық қалауы

Елбасы  Н.Ә.Назарбаев болды. (2011)

  1. Қазақтың бір туар ұлы Абай Құнанбайұлының 150 жылдығы ЮНЕСКО

бойынша атап өтілді.( 1995)

  1. Халық санағы болды.Қазақстан халқының саны 1600000 –ға жуықтады.(2008 )
  2. Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы болып жарияланды.(1997)

Қорытынды.

Мұғалім: Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстандықтардың жаңа ұрпағы, ең алдымен бәсекеге қабілетті болуға тиіс. Қазақстанға сендердің жасампаз еңбектерін, сендердің күш жігерлерің және сендердің білгендерің қажет …

Отан сендерге зор үміт артады. Сендер оны ақтап шығатындарыңа сенімдімін. Отаншылық сезімі, өз еліңе деген мақтаныш оның рәміздеріне деген құрметтен басталады.» деген. Сондықтан оқушылар елбасымыздың сенімін ақтайтындай азамат пен азаматша болайық дегім келеді.

 

Мұғалім: Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз бүкіл халқымызды жұмылдырып, рухтандырып тұрады. Мерейлі қазақ елінің Елбасы ел-жұртын жұдырықтай жүрегіне сыйғызып, қыран қанатының астына алып, барша жұрттың тендігін, татулық пен тыныштықты сақтауды мақсат етіп, бүгінгі қазақ елін осы дәрежеге жеткізді. Осындай халық қамын ойлаған азаматы бар қазақ  елін бүгінде әлем таниды.

Құрметті оқушылар! Сендер тәуелсіз еркін елде ер жеткен ұлансыздар. Ендігі жерде еліміздің тағдыры, Қазақстан ертеңі өз қолдарыңызда. Туған елімізді жоғары дамыған елдер қатарына енгізетін мына сендерсіңдер. Ол үшін сендер терең әрі жан – жақты білім алу керексіңдер, – дей келе  бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Қош сау болыңыздар.