Киелі сандар сыры

Тәрбие сағаты  6-сынып

Тақырыбы:    Киелі сандар сыры

Мақсаты:      Оқушылардың танымдық ой-өрісін кеңейту,салт-дәстүрлік ғибраттар сырына қанықтыру,халқымызда қалыптасқан қасиетті ұғымдардың тәрбиелік мәніне көз жеткізу,тапқырлыққа,ұтымды жауап айтуға,шешендік өнерге,адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі,қажетті жабдықтар: интерактивті тақта,слайдтар, көрме,сан атаулары жазылған парақшалар т.б.

Жүрісі:     І.Ұйымдастыру.

Оқушыларды топқа бөліп отырғызу,сабаққа дайындығын тексеру

ІІ.1-топ- «Тұңғыш-жұп»  «1-2»

  2-топ- «Үш қасиет-төрт кітап» -3-4»

  3-топ –«Бес қару мен алты талқы» -«5-6»

  4-топ – «Жеті қазына- тоғыз толғау» -«7-9»

   5-топ- «Он екі мүше- мүшел жас» -«12-13»

  6-топ –«Мәрт мүшел жас-қырық қыдыр» -«25-40»

1-жүргізуші:  Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Халқымызда қалыптасқан қасиетті ұғымдар көп. Оның әрқайсысын зерделеу, тереңіне үңілу,құпиясына қанығу – біздің міндетіміз. Солардың бірі – киелі сандар әлемі. Сандар арқылы халқымыз ой-өрісті кеңейтіп, есептеу,ырымдаут.б. қаситтерді меңгерген. Салт-дәстүрлік ғибраттардың сырына қанықтыру мақсатындағы тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

2-жүргізуші:   Ыстық қайрат- ол басты,

Сенімің мен жігерің,

Нұрлы ақылды жолбасшы,

Жылы жүрек – мейірің,-дегендей, Абай атамыз айтқан үш қасиет бойымызда дарысын десек, сөздер сырын, сандар сырын білуге бастаған өнегелі,тәлімі мол тәрбие сағатын біз бастаық.

1-жүргізуші:   Олай болса, тәрбие сағатының кіріспе сөзін айту үшін ортаға Анар апйды шақырамыз.

Мұғалімнің кіріспе сөзі.

2-жүргізуші:  «Киелі сандар сыры»атты тәрбие сағатында оқушылар шығармашылығы да, сайыстар да, жұмбақ шешу де болады. Сондықтан оқушылар топқа бөлініп отыр. Әр топтың өзін таныстыруға арналған бөлімінен бастаймыз.

     ІІІ.»Таныстыру» кезеңінде әр топ өздеріне бөлінген сандар сырын әңгімелейді,таныстырады,құпиясын ашады.  

   ІV «Тапқырлық тәлімі»  Бұл бөлімде оқушылар сандарға қатысты жұмбақтарды шешеді.

1.Ешкі құйрық айғыр жал,            Білім десе жалынсыз,

Құдды санның керігі.                    Жалқауларды ұнатар,

Жігерінен айырылған,                 Сүйкімі жоқ қадірсіз,

Дымбілместің серігі.                   Бұл бағаны кім айтар?/екі/

2.Екі-ақ әріп құрамым,                4.Б бастаса кемемді,

Белортада тұрағым.                    Ең бір үздік бағаңмын.

Қалдырмаймын сыныпта,             Басқы әріпсіз мен енді,

Болмасам да пырағың,                 Ақылың боп саналдым./бес/

Қай бағамын,шырағым?/үш/

3.Үш әріп— Т-ға қосылса,              5.  Ж-дан мені бастасаң,

Баға болар нарқы бар.                    Сан боламын ұлысты.

Басқы әріпсіз оқылса,                     К-ге айырбастасаң,

Тілсіз жау боп шарпылар. /төрт/            Мезгіл болам ырысты./жүз,күз/

  1. Е бастаса керуенді, 7. М-ға екі әріп жалғасса,

Жасы болам еріңнің.                       Дөңгелек сан пірімін.

Ұ бастаса мен енді ,                         Ш-ға басым алмасса,

Жәндік болып жеріндім.  /елу/                Асқар таудың бірімін./мың,шың/

  1. «Есептеуге кім жүйрік?»бөлімінде оқушылар санмен берілген есеп шығарады.

1.Бір ағашта бес қарға,                  2.Бір бұтақта жеті алма,

Бір ағашта үш қарға.                        Бір бұтақта екі алма.

Жанындағы жас талға,                    Бірін өзің жеп ал да,

Және қонды үш қарға,                     Біреуін бер Кемалға.

Соныменен барлығы,                      Қалды сонда неше алма?/7/

Қанша болды, тұспалда?/11/

3.Бір ағашта он бұтақ,                     4.Тоғыз қоян,он екі тауықтың,

Он бұтаққа бір топ құс                       Аяғы қанша?

Ұшып келіп қонды тақ.                       Береді тауып кім?

Ағаштағы құс саны,                           Ал құлақ пен құйрығын,

Кане, қанша болды,тап?   /11/               Бар ма есептер жүйрігің?/60аяқ,18құлақ,9құйрық/

 

5.Көшербайдың бір жастағы,

Көлкектеген бұл баспағы.

Егінжайға жөнеп кетті,

Соңына ертіп сұр қасқаны,

Дайрабайдың қос танасын,

Момынбайдың қос қарасын.

Ұзын саны болды қанша?

Кане, алғыр дос,санашы./6/

  1. «Сауалнама сәті»бөлімінде оқушылар санмен аталатын жасырылған шығарма атауларын табады.

Оқып кеше сан сырын,

Қырықпен біз таныссық.

Зерделімен ал бүгін,

Өткізейік жарыспақ.

Суырылып қай дүлдүл,

Шығар екен ,кәне, алға?

Сөзді тастап ал гу-гу,

Құлағың сал сауалға.

  1. Таңғажайып қызықтан,

Оқушысы нәр алар.

Басталатын қырықтан,

Қандай шығармалар бар?/»Қырық өтірік»,»Қырық қыз»,»Қырымның қырық батыры»

«Қырық мысал»,»Әли баба және қырық қарақшы»/

 

2.Баласың ғой сен есті,

Естіп пе едің атаңнан?

Осы санға үйлесті,

Маусым қалай аталған? /»Қырық күн шілде»/

 

3.Осы санмен бір жүрер,

Көтерісіп күресін.

Араздықты білдірер,

Қандай тіркес білесің? /»Қырық пышақ»

 

 

  1. Айтылмаған атүсті,

Бөлек мәні,астары.

Осы санға қатысты,

Тіркес срын аш тағы.  /»Қырық ру», «Қырық құрақ»/

VІ. «Грамматика кезегі» Оқушылар қазақ тілінен білім сынағына түседі,сұрақтарға санмен жауап береді.

1.Септік жалғау нешеу?

2.Сөз таптары нешеу?

3.Сөйлем мүшелері қанша?

4.Қанша дыбыс,қанша әріп бар?

5.Қазақ тліне тән дыбыс нешеу?

6.Етістің неше түрі бар?

7.Сан есімнің енеше түрі бар?

8.Сын есімнің мағыналық түрлері қанша?

9.Есімдіктің неше түрі бар?

10.Үстеудің мағыналық түрлері нешеу?

11.Қазақ тілі аптасына неше рет болады?

VІІ. «Топ пікіріне тоқталсақ…»

1-жүргізуші:  Әрбір топтың пікірін ,

Тыңдап алсақ болмай ма?

Кімде киелі сандардың,

Құпиясы көп екен?

2-жүргізуші:Сырын сандар жайының,

Біліп өсу – парызың.

Үлкенге ол- қайырым,

Ұлыларға – тағызым.

Әр топтан бір оқушыға қорытынды сөз беріледі.

 

VІІІ.Тәрбие сағатын қорытындылау

Мұғалім сөзі:    Төрткүл дүние бар елдің,

Кеңістігі – әр қанат.

Төрт бұрышы әлемнің,

Шыр айналған шартарап,- дегендей,сүйікті шәкірттер, дүниенің төрт бұрышын аралап,білім іздеңдер,жеті мүшелерің сау болсын, әрқайсың тоғыз тарапта жүрсеңдер де, бір-біріңді ұмытпаңдар, «Білгенің бір тоғыз,білмегенің тоқсан тоғыз»,сондықтан мынау бес күндік тіршілікте бір-біріңді сыйлаңдар, білімді болып,мыңды жығыңдар,Мұқағали жырлаған «Үш бақытыым» бар леп жүріңдер.Сендерді әрқашан «қырықтың бірі-қыдыр» қолдап, Маңғыстаудың 362 әулиесі жебеп жүрсін!