Жас математиктер

94

Мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушылардың математикаға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету.
  2. Дамытушылық: Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ұжымшылдық қабілеттін дамыту.
  3. Тәрбиелік: Окушыларды ұжымшылдыққа, жолдастыққа, алғырлыққа, белсенділікке және жеке тұлға етіп қалыптастыру.

Көрнекілігі: Презентация, нақыл сөздер, карточкалық тапсырмалар, логикалық есептер, әр топқа даярланған үстел

Сабақтың түрі: топтық сайыс сағаты

Жүргізуші: — Қайырлы күн қадірменді көрермендер!

Жас математиктер атты сайысымызға  қош келдіңіздер.

Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді.

Математика сырлары,

Қызықтырды біздерді.

Ойынға бірге қатысуға,

Шақырамыз сіздерді!

-дей отырып, сайысымызды бастау үшін, алдымен екі топты ортаға шақырайық.

7«А» сынып оқушылары: _________________________

7 «Ә» сынып оқушылары:__________________________

Шеберлікті, білімді

сараптап сіздер көріңіздер

Әділқазы алқасы

Әділ баға беріңіздер! — дей отырып сайыскерлеріміздің біліміне баға беретін әділ қазылар   алқасымен таныс болайық_____________________________

____________________________________________________________________]Тақтадан  бүгінгі  кештің  жоспары  таныстырылады.

 

Жоспары:

  1. Эстафеталық сұрақтар
  2. Жұмбақтар
  3. Анаграммалар
  4. Логикалық лабиринт
  5. Математикалық викторина

 

  1. Таныстыру.Топтың өзін таныстыруы, амандасу рәсімі; 5 ұпай

Жүргізуші:

Мықты  болсаң – алдағыны басып оз,

Мықты  болсаң – арттағыны  жеткізбе!

Мықты болсаң – тайғанама көк мұзда!

Мықты болсаң – бөгеттерді  бұзып өт,  — деп  келесі  сайысымыз

І. «Эстафеталық сұрақтар»  сайысына  кезек  береміз.  (Әр топ кезекпен сұраққа дұрыс жауап беруі керек, әрбір дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі)

  1. Сағаттың ¼ -і неге тең? 15 минут
  2. Нүктенің бірінші координатасы қалай аталады? Абсцисса
  3. 2-нің 6 дәрежесі.                     64
  4. Екі қатынастың теңдігі? пропорция
  5. Кері сандардың көбейтіндісі нешеге тең? 1
  6. Ең кіші жұп санды атаңыз 2
  7. Тауық бір аяғымен тұрса 2 кг, ал екі аяғымен тұрса неше килограмм болады?(2 кг)
  8. Барлық қабырғалары тең үшбұрыш? (теңқабырғалы)
  9. Жазыңқы бұрыш неше градусқа тең? (180)
  10. Бір-бірімен тік бұрыш жасап қиылысатын түзулер? (перпендикуляр)
  11. Бұрышты өлшейтін құрал? (транспортир)
  12. .Өзі шыққан бұрышты қақ бөлетін сәуле? (биссектриса


Жүргізуші:  Айыра біл жақсы менен жаманды

Айыра біл, қарындаш пен қаламды.

Айыра біл, соқпағын да  өмірдің,

Айыра  біл тапсырмаңды  алдағы – деп  кезекті

ІІ. «Жұмбақтар»  сайысына  береміз, Сайыс шарты бойынша әр топ кезекпен ұяшықтар таңдап математикалық жұмбақтарды шешеді,  І-ші топ жұмбақтың шешімін таппаса, онда екі топ жауап беру құқығына ие болады.  (Әр дұрыс тапқан жауапқа 10 ұпайдан беріледі)

  1. Екі бұрыш ежелден

Тату көрші болған екен

Бірін – бірі толықтырып

Бір түзуде жатады екен  (сыбайлас)

  1. Егіз туған қос жүйрік

Жарысқа шауып терлейді.

Бірін – бірі көрмейді

Бір мәреге келмейді.  (Параллель тузулер

  1. Үлкен, кіші сандар арасына

Таңбаларды қойған кезде

Алынады қандай өрнек

Білейікші оны бізде  /теңсіздік/

4.Нүктеден екі сәуледен

Құрылған айтшы бұл не екен? ( бұрыш)

  ІІІ. Анаграмманы шеш.  Геометриялық фигуралардың аттарын табу керек

  1. еңшбре — шеңбер
  2. шұбршүы — үшбұрыш
  3. трұбышрөт-төртбұрыш
  4. рвадкат – квадрат
  5. Логикалық лабиринт. Бұл сайыста 4 ұяшық берілген. Әр топ кезекпен ұяшықты таңдап, ондағы математикалық тәуелділікті табу керек

      1) 9, 7, 10, 8, 11, 9, 12,…    /10, 13, 11…/                   3) 18 10 6 4 ?  (3)

2) 162     184      206                                                           4) 1, 3, ?, 7, 9   (5)

179      ?          193    (186)

 

  1. Математикалық виктарина

Сол жақтағы 10: Шаршының периметрі 44 см, қабырғасы неше тең?/11 см/

Сол жақтағы 20: Інісінің 14 асығы бар, ағасының одан 5 асығы артық. Екеуінің неше асығы бар?/33 асық/

Оң жақтағы 10: Қатар тұрған үш санның қосындысы да, көбейтіндісі де 6-ға тең? Сол сандарды ата  /1,2,3/

Оң жақтағы 20:     Бір-бір жастан арамыз.

Қосылып кейде басымыз,

Азайып кейде қаламыз.

бөлініп кейде арамыз,

Көбейіп те аламыз.(цифрлар)

 

Ортадағы 10: 9 бен 27 сандарының арасында қанша жұп сан бар?/9/

Ортадағы 20:  Шахмат ойынына 7 адам қатысқан. Әрқайсысы бір-бірімен бір партиядан ойнады. Олар барлығы қанша партия ойнаған?  /21партия/

 

Қызықты үзіліс

Екі топтың ұпайларын санағанша, көрермендерімізбен қызықты үзіліс өткізейік.

Шарты: жасырылған ұғымды немесе іс-әрекетті оқушылар ешбір дыбыс шығармай тек іс-қимылмен бейнелеулеріңіз қажет.

Жасырылған сөздер:

  1. Турист
  2. Күнтізбе
  3. Координаталық жазықтық
  4. Боран
  5. Піл
  6. Жады

VIІ. Қорытынды.                                                                  

  • Қорытынды шығару үшін сөз кезегін әділқазыларға береміз.

Жеңімпаздар марапатталады.

 Деңгейлік тапсырмалар

       І деңгей. Жұлдызшаның орнына олардың графиктері параллель болатындай сандарды қойып жазыңдар

                     І нұсқа                                                 ІІ нұсқа                            

1)  у=4х-5  және   у=*х-7                          1) у=7х-6  және  у=*х-3

2)  у=*х+3  және  у=-5х-2                        2)  у=*х-2  және  у=0,8х+4

         ІІ деңгей.  Берілген функцияның графигін салыңдар

у=5х-3  функциясының графигіне                          у=2х+1 функциясының графигіне

параллель у=5х+1 функциясының гра-                 параллель у=2х-1 функциясының

фигін салыңдар.                                                       графигін салыңдар.

ІІІ деңгей.  Функциялардың графиктерінің қиылысу нүктесін табыңдар.

у=5х-3 және  у= 3х+   1                                            у=-2х-10 және  у= -х-7

_______________________________________________________________________

                                        Деңгейлік тапсырмалар

      І деңгей. Жұлдызшаның орнына олардың графиктері параллель болатындай сандарды қойып жазыңдар

                     І нұсқа                                                 ІІ нұсқа                           

1)  у=4х-5  және   у=*х-7                          1) у=7х-6  және  у=*х-3

2)  у=*х+3  және  у=-5х-2                        2)  у=*х-2  және  у=0,8х+4

       ІІ деңгей.  Берілген функцияның графигін салыңдар

у=5х-3  функциясының графигіне                          у=2х+1 функциясының графигіне

параллель у=5х+1 функциясының гра-                 параллель у=2х-1 функциясының

фигін салыңдар.                                                       графигін салыңдар.

ІІІ деңгей.  Функциялардың графиктерінің қиылысу нүктесін табыңдар.

І  нұсқа                                                                ІІ  нұсқа                                  

у=5х-3 және  у= 3х+   1                                            у=-2х-10 және  у= -х-7