Қазақстан- достықтың киелі бесігі

627

Сабақтың тақырыбы:  Қазақстан- достықтың киелі бесігі

Сабақтың  мақсаты:

Оқушыларды  достыққа , бірлікке, татулыққа тәрбиелеу.

Сабақтың  барысы:

Мұғалім:Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар!

«Қазақстан- достықтың киелі бесігі» атты мерекелік ашық тәрбие сағатына қош келіпсіздер!

1 — мамыр — Қазақстан халықтарының бірлігі күні.  Қазақ қашаннан да бауырмал халық қой. Әр кезеңдерде елімізден пана іздеп келген «жат жұрттардың» бәрін бауырына басып, төрінен орын беріп, қандай қиын кезеңдердің өзінде бір үзім нанды бөліп жеді. Сөйтіп, қаймағы бұзылмаған қазақ жері көпұлтты мемлекет болып шыға келді. Бүгін елімізде көптеген ұлт пен ұлыстың өкілдері бір тудың астында тату-тәтті ғұмыр кешіп жатыр. Барлығымыз туған жердің төсінде, құшағын жайған бейбіт елдің ішінде ел бірлігін сақтауға ат салысайық! Бүгінде әрбір ұлтқа салт — дәстүрлерін жаңғыртуға, мәдениеті мен әдебиетін дамытуға, тілінің жетілуіне қамқорлық көрсетілуде. Дегенмен бақыт, әділдік, бейбітшілік, жарқын болашақ үшін күрес олардың бәрінің басын біріктірді.

«Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады» дейді қазақ мақалы.

Қазақстан мемлекеті көп ұлтты. Біздің елімізде жүз отыздан астам ұлттар тұрады: ұйғыр, кәріс, дүнген, өзбек, қырғыз, түрікмен, тәжік, армян, әзербайжан, украин, белорус, түрік, шешен және тағы басқа шет мемлекеттен келген ұлттар біздің елімізде тіршілік етуде. Біз олармен татумыз, доспыз және бір — бірімізбен қоян — қолтық аралас өмір сүрудеміз.

Оқушы:

Ағайын — туған — бар адам.

Адалдық үшін жаралған.

Бар қымбат туыстық,

Баянды болсын тыныштық! –

Мұғалім:

Баянды  болсын тыныштық- дей келе әр ұлттың өкілдерінен шыққан оқушыларды қарсы алыңыздар!

Бүл мереке бұрын бүкіл әлемдік «Еңбекшілер күні» болып тойланды. Қазір ол «Дүниежүзілік ынтымақтастық күні» болып есептеледі.

Оқушы:

Оқушы: Қырғыз, қазақ, өзбектер,

Монғол, ұйғыр, дүнгендер,

Армян, тәжік, грузин,

Орыс пенен украин

Терезесі тең жатыр –

Мұғалім:

Халқымыз достық, ынтымақтастыққа ерекше мән берген «Қырғыз, қазақ — бір туған», «Өзбек — өз ағам», «Түбі бірге түрікмен» деп қырғыз, өзбек, түрікмен және т. б. ұлттарды ынтымақтастыққа шақырған. Бірлік — халық салты. Халқымыздың бірлік салты отбасынан басталып, бүкіл елдің, барлық адам баласының бірлігімен ұласады.

Мұғалім:

           «Бірлік»

Автор: Ертеде бір қария балаларын бірлікке былай үйреткен екен. Қарт бір бума шыбықты сындыруды ұсынады. Ұлдары олай әуреленіп, былай бір бума шыбықты сындыра алмайды. Қарт буманы шешіп, шыбықты бір талдап сындырып көруді ұсынады. Шыбықтар оп — оңай сынады.

Қария: бірігіп өмір сүрсеңдер, сендерге ешкімнің де әлі келмейді. Ал жеке — жеке тұрсаңдар, әрқайсыңды біртіндеп құртады.

Халқымыздың қанға сіңген осы берік бірлігі, ұйымшылдығы, басқа халықтармен одақтасып, достаса білу жеңістен жеңіске жеткізеді. Оған халық куә, тарих куә! Балалар, мен сендерге бір сұрақ қойғым келеді. Бұл әлемде адамзат баласына ең қажетті нәрсе не?

Оқушы: Дүниежүзінде бәріміз жақсы көретін нәрсе тыныштық, бірлік.

Оқушы: Әрине, халқымыз ең әуелі тыныштықты қалайды.

Мұғалім:

Ал, енді «тыныштық» деген сөздің мәнін білесіңдер ме?

Оқушы: Дүниежүзінде соғыс болмаса, тыныштық деген сол. Елдегі тыныштықты халық «береке — бейбітшілік» дейді.

Оқушы:

Бейбітшілік құсы, ақ көгершін.

Биік ұшып, самғасын.

Тілегімді жерге жайсын,

Қанаттары талмасын. –

Келесі  ән: «Ақ көгершін»

Оқушы:

Сәбилер зәресін бұлт алмасын,

Гүл бәйшешек еш уақытта солмасын.

Ақ көгершін аспанымда қалықтап,

Барлық халық бейбіт күнді қолдансын.

 

Оқушы:Достық, ынтымақ туралы даналық сөздер

1 — оқушы: Ынтымақ — достықтың бірлігі.

2 — оқушы: Ырыс алды — ынтымақ.

3 — оқушы: Достық күші — бірлікте.

4 — оқушы: Достық түбі — береке, береке түбі — мереке.

5 — оқушы: Ел бірлігі — ел теңдігі.

6 — оқушы: Ынтымақ жүрген жерде,

Ырыс бірге жүреді.

Оқушы:

Ортақ мекен жер шары,

Төбемізде бір аспан.

Барлық ұлттың баласы,

Достығымыз жарасқан.

Оқушы:

Ортақ бізге бір отан,

Ортақ жердің байлығы.

Еңбек ортақ, жыр ортақ,

Ортақ бізге барлығы.

Оқушы:

Елім менің, жарқыраған, жайнаған,

Бақ біткенде бұлбұл құсы сайраған

. Елім менің биіктігі шарайнам,

Қыран құсы көгінде мың самғаған!

Оқушы:

Ағайын – туған – бар адам,

Адалдық үшін жаралған.

Бар қымбат туыстық,

Баянды болсын тыныштық!

Оқушы:

Республикам менің, Республикам менің,

Айбатым! Көркіңді көрсе – мейірі көздің қанатын!

Қуат бар сенде лапылдап от боп жанатын,

Шуақ бар сенде достасып бірге табатын!

Оқушы:

Тілегі бір, Жүрегі бір,

Достармен біз біргеміз.

Туыс барда құрыштан да,

Берік біздің іргеміз!

Оқушы:

Жер – анамыз жасайды тарлық кімге,

Кетпеу үшін мәңгілік қалқып түнде.

Қайталанып, жаңарып айтылады,

Бейбітшілік деген сөз барлық тілде,-

Мұғалім:

Ортаға  өзбек  ұлтын шақырып, қарсы алайық:

Өзбек  биі: орындаушылар: Таңатар Арина мен Тажекешева Аяулым.

 

Келесі кезекті орыс  халқының  биіне  береміз. Орындаушылар: Серкбаева Аяулым , Аблезова Зарина және Мирамбай Әділет, Филанов Рамазан

 

Ал енді  кезек  қазақ биіне  де  жетті. Орындаушылар: Батырғали Саягүл мен Құрмаш Нұрқұйған. Қарсы алыңыздар.

 

Әр  ұлттың  өз  ұлттық тағамдары  бар  бүгін  бізге  келген  әр  ұлттар  өз  ұлттық  тағамдарын  алып келіпті. Тамашалайық:

Ұлттық тағамдарды  ұсыну.

Ән: Дос болайық бәріміз

 

Мұғалімнің қорытынды сөзі: 1 — мамыр мерекесі дүниежүзіндегі халықтардың достығы мен бірлігін атау күні. Біздің мемлекет бейбітшілікті жақтаушы, достықты жырлаушы, тыныштықты сақтаушы ел. Елімізде әр ұлттар тату — тәтті өмір сүруде. «Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады» деген халық мақалы біздің елге айтылғандай.

«Қазақстан- достықтың киелі бесігі» атты мерекелік тәрбие сағатымыз осымен аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңыз үшін рахмет. Қош сау болыңыздар!

ӘН: «Біз бақытты  балдырған»