Ғасырдың дара перзенті

Сабақтың тақырыбы: «Ғасырдың дара перзенті»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, бір туар тұлға Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев Қонаев туралы түсініктерін кеңейту

Дамытушылық: Сөздік қорын дамыту, ой-қиялын, дүниетанымын кеңейту.

Тәрбиелік: Үлкенді сыйлауға, құрметтеуге, ел үшін еңбек еткен азаматтардың қадір-қасиетін біліп құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі:   Суреттер, слайд, диск, кітаптар, т.б

Әдіс-тәсілі:   Сұрақ-жауап, әңгімелеу

Мұғалім: Әр дәуірге лайықты кемеңгер адамдар өмір сүреді. Ал қазақ халқының тарихында болмысы бөлек, мінезінің байлығымен, терең білім, ақыл-парасатымен дараланған ұлы адам өмір сүрді. Ол- Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев. Бабалар әруағына шынайы берілген, халқына сүйкімді, ұлтқа қадірлі, шыныдай мөлдір, аса білікті адам. Егемендікті алғанда халқының алдында балаша қуанып шығып, адал ойын білдірген «Ту жығылмасын, Туды ұстаған ұл жығылмасын»-деп тәңіріне сыйынып халықпен бірге қуанып, келешекке сенген. «Болашақ жастардікі, ақиқаттан аттауға болмайды»-деген ойын ашып айтты.  «Таулар алыстаған сайын асқақтай береді »- деген сөз бар. Ел мен жұртына қадір-қасиетімен танылған адамдар да сондай Айлар алмасып, жылдар көшіп жылжыған сайын олардың даналығы мен даралығы ерекшелене түседі. Елі сағынады, халқы қадір-қасиетін, адамгершілі мен асыл бейнесін асқақтатады. Димаш ата аман блса-100 жасқа толар еді. Бұл күн бәріміздің биік парасат, асыл адамгершілік, азаматтың асқақтық пен халқына деген қамқорлықтың үлгісін таныта білген ұлы адамды сағына еске алатын күніміз Біздің Балқаш елі-Димаш атаның өз жұрты, атамекені.

Ән: «Бақанас жердің байтағы»

Жер жүзіне  әйгілі болған Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың  тарихтың төрінен орын алатыны даусыз.  «Қазағым», «елім» деп өмір сүрген тұлға Димекеңді халық қызмет етіп жүрген кезде де, дүниеден озғаннан кейін де сүйеді.

Көлден үлкен теңіз бар, елден үлкен неміз бар. Халық айтса, қалып айтпайды. Елдің еңсесін тіктеп, етек- жеңін жинауға еңбегі сіңген ұлын халық сүймегенде кім сүйсін?!

І-жүргізуші:

Көз суғарып таулардың тұлғасына,

Дінмұхамед деп жазам жыр басына.

Жыр басына жазбайын неге, ағайын,

Мұңдасыма айналса, сырласыма?!

Қаламымды малып ап жыр жазамын,

Димаш деген бұлақтың тұнбасына.

Димаш десем, жанарым нұрға толған,

Сауыт кеудем патша өлең, жырға толған.

 

 

 

 

ІІ. Жүргізуші:

Таудың ұлы өссе егер тауға қарап,

Қазақ жасы Димашқа қарап өскен.

Күллі әлемде елу жыл ел  ағасы,

Болған бар ма Димаштай ер данасы.

Кеме ұшырып Ғарышқа жол ашқалы,

Одан, сірә, басшының жоқ асқаны.

Биігінен Димаштың тұғырлы Елім,

Биік болса Алаштың көк аспаны!

     І-жүргізуші:

Дана халықтың дара перзенті, иісі Алаштың пір тұтар тұлғасы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев 1912 жылы 12 қаңтарда Алматы облысы Балқаш ауданында дүниеге келген.

Көзінің тірісінде-ақ әулие атанған Димаш атамыз Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алмай тұрған кезінде елімізді басқарған-ел үшін туған ер еді.

       ІІ. Жүргізуші:

Жер жүзіне  әйгілі болған Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың  тарихтың төрінен орын алатыны даусыз.  «Қазағым», «елім» деп өмір сүрген тұлға Димекеңді халық қызмет етіп жүрген кезде де, дүниеден озғаннан кейін де сүйеді.

Көлден үлкен теңіз бар,

Елден үлкен неміз бар.

Халық айтса, қалып айтпайды. Елдің еңсесін тіктеп, етек- жеңін жинауға еңбегі сіңген ұлын халық сүймегенде кім сүйсін?!

1-оқушы:

«Ерім» дейтін ел болмаса,

«Елім»  дейтін ер қайдан болсын? ! Халықтың қалауына, ығына жығылған басшының басты мақсаты да осы болуы керек. Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев ел үшін қызмет етіп, аянбай тер төкті. Ол адалдықты, шындықты ту еткен, халық үшін  қалтқысыз қызмет еткен перзент.

2-оқушы:

Алла тағаланың ғасырларда бір туатын адамы. Қонаев ең алдымен-адам. Адамнан адам болып туған- Адам, үлкен ғұлама.

Алланың құлы,

Адамның ұлы.

Халықтың піріне,

Кемеңгердің біріне айналған Қонаев атамыздың басқа басшылардан байқалмаған қайталанбас мінезі жайлы, сол кездегі бірге жүрген жолдастары: «өз басы салмақты, берекелі, біртоға, не істесе де ойланып істейтін, адамгершілік қасиеті мол, адамды тыңдай білетін»  деп, сағына еске алады.

3-оқушы:

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өз сөзінде: «Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың  есімі Қазақстан халқымен бірге жасары анық, ақиқат. Ол кісі бәрімізге ұстаз болған адам» деп жоғары бағалаған.

4-оқушы:

Алматы облысы және қаласы  Димаш ата басқарған 11жыл ішінде  адам танымастай өзгерді.  Туған қаласыны Алматының  ажарын кіргізіп тұрған «Қазақстан», «Алматы» қонақ үйлерін, Республика сарайын,  Ресублика алаңын,  Цирк, Неке сарайын,  Балуан Шолақ атындағы спорт сарайын, М.Әуезов атындағы драма театрын,  Ғ. Мүсірепов атындағы  балалар мен жасөспірімдер театрын, «Арман», «Сарыарқа»  кино-театрларын, Пушкин кітапханасын, баспа үйлерін, т.б мәдени ошақтарын  халық игілі үшін бой көтерді. Қаланы көгалдандыру жұмысына баса назар аударды.

5-оқушы:

Балқаш ауданындағы көпір-қаулы қабылданбаса да, шешім шығарылмаса да сол көпірдің «Қонаев көпірі» аталып, елге таралып кетуі халқының ұлына берген бағасы, алғысы деп түсінеміз. Соған қуанып, соған шаттанамыз. Оған жалғыз балқаштықтар ғана емес, бүкіл Қазақстан халқы қуанады. Себебі олардың әр үйінің төрінде Димаш аға Қонаевтың рухы лаулап жанып тұрғандай болып көрінеді.

        І-жүргізуші:

Батыр ұл есімдері сақталады,

Жыр болып жүректерге жатталады.

Ғасырдан ғасырларға аңыз етіп,

Ұрпағы мәңгі бақи  мақтанады.

        Ұлы тұлға Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атамызға үш жүзге тарта жыр арнаған Рафаэль Ниязбек ағамыздың өлеңдерінен үзінді.

6-оқушы:

О, Жаратқан! Ақ тілеуді қабыл ет,

Халқымды аман, патшамызды әділ ет!

100 жылдыққа осы жырды арнадым,

Әруағыңнан айналдым, Дінмұхемед!

7-оқушы:

Өзің Дін мен Мұхаммед боп атандың,

Қазағыма жақсылықпен атар күн!

Юнеско көлемінде тойласақ,

Жер жүзіне әйгіленер атағың!

8-оқушы:

Балқашыңда жайқалып тұр күрішің,

Бізге әкелген бұл да сенің ырысың!

Мұнар, интернатың, көпірің,

Көрсетілген ел- жұртыңа бір ісің!

9-оқушы:

Алмат мен Балқашыңа қосылып,

Асфальт жолың жатыр шөлде жосылып.

«Өтті дәурен осылай»-деп өтсеңде,

Дұшпаныңа қалмағансың тосылып!

Димекеңнің арқасында бар жақсылық жасалған,

Балқаштықтар! Ұрпақтары осыны ұқ!

10-оқушы:

Одақ болып жүрсек те бір «қалыпта»,

Қазақ елін айналдырдың алыпқа!

Депутап боп Бақанастан сан мәрте,

Бастап өттің жақсылыққа, жарыққа!

11-оқушы:

Бір келгенде таныстырып ата-жұртқа, еліңе,

Нұрсұлтанды қонақ қып, әкелгенсің жеріңе!

Болжай біліп болашақтың тағдырын,

Сол кезден-ақ Елбасын шығарғансың төріңе!

12-оқушы:

Исі қазақ еске алады дәл бүгін,

Димаш ата жомарттығын, мәрттігін!

Сақтап қалды ар-намысын ұл-қызы,

Алып беріп тәуелсіздік теңдігін!

Дара тұлға, Данышпаным, Кемеңгер,

Туған күнмен құттықтайды туған ел!

Ұмытпайды мәңгі есте сақтайды,

Малайсары, Бақанасың, Балқан көл!

 

 

13-оқушы:

Димаш ата! Көсемсін сен көреген,

Ата-жұртын нұр бақытқа бөлеген!

Балқаштықтар! шалқая басып жергенің,

Қонаевтың арқасында дер ем мен!

14-оқушы:

Сәуле шашып, арайланған нұр таңы,

Нұрландырар тау-тасыңды, қырқаны.

Әруағы көктен қарап тұр әні-

Жаса, жаса, Алты Алаштың ұрпағы!

Балқаш болса ата-жұрты мекені,

Қазақстан-Димекеңнің Отаны!

Жүз жасына үлес қосып қорына,

Атаншы бауырым-нағыз жігіт сұлтаны!

15-оқушы:

Басшы бар ма бұл күнде жөн білетін,

Зауал туған ақ жағаң сөгілетін.

Қонаевтың тұсында ару қыздар,

Ай секілді алыстан көрінетін.

16-оқушы:

Күндер қайда ат ізін тай басатын,

Зауал туған есікті Қайғы ашатын.

Қонаевтың тұсында қарттың бәрі,

Ақбоз үйдің төріне жайғасатын.

17-оқушы:

Ер мінетін ол кезде ат туатын,

Ар алдында кім-кімде тақ тұратын.

Жұрттың бәрі саналы ғұмыр кешіп,

Тіршілікте сөз қумай бақ қуатын.

19-оқушы:

Тамырына қан құйған құба белдің,

Димаш нағыз өзі еді тұлғалы ердің.

Мұражайдың төрінде тұр қасқайып,

Көзсіз батыр ерлігі туған елдің.

20-оқушы:

Дүниенің сұмдығын жүре көрген,

Дінмұхаммед кісі емес жүрегі өлген.

Алатауы болатын алты алаштың,

Ғасырлардың төрінен түрегелген.

Ақиқатқа шындыққа ара тұрған,

Асыл еді ақ нұрдан жаратылған.

Жалғандықтың шайқаған шаңырағын,

Ұлы дайыл туғанда қанатынан.

21-оқушы:

Өмір-өзен жаңылып ағысынан,

Тауы қайтып, шындықтың сағы сынған.

Қайран Димаш қапыда көз жұмғалы,

Туған елге ер бар ма бақ ұсынған.

22-оқушы:

Құшағында жетіліп арлы ананың,

Кім көрмеді биікке самғағанын.

Қасиетіне айналған алты алаштың

Димаш еді киесі сардаланың.

 

ІІ-жүргізуші:

Күйшілердің орындауында «Папури»

І-жүргізуші:

Алыстан алаш десе, аттанамын,

Қазақты қазақ десе мақтанамын.

Болғанда әкем-қазақ, шешем-қазақ,

Мен неге қазақтықтан сақтанамын?!

Ән: «Қазақтай ел қайда!»

І-жүргізуші:

Димаш ата! Көсемсін сен көреген,

Ата-жұртын нұр бақытқа бөлеген!

Балқаштықтар! шалқая басып жергенің,

Қонаевтың арқасында дер ем мен!

Димаш ата туралы естелік

ІІ-жүргізуші:

Өнерпаздар жарысып сан-салалы,

Жиын десе, той десе, жан салады.

Димаш ата бүгінгі құрметіне,

Әуелеген әсем ән жолданады.

Ән: «Алаштың жігіттері»

І-жүргізуші:

Мұғалім:

Жесірге пана болды,

Жетімге жаға болды.

Дінін сүйген дара  болды,

Елу жыл елген аға болды. Қасиетті Балқаш мекеннің гүлденіп-көркеюін, өсіп-өркендеуін осы ұлы адамның есімімен байланыстырамыз. Ол енді ақиқат. Осындай құрметке бөлеп кеткен Димаш атамызға біз мың да бір тағзым етіп, аруағы алдында бас июге тиіспіз.   Халқының қадірін білген елі мен жерін сүйген, сол үшін ғұмыр  сүрген адам халық жадында мәңгі қалады. Халық қадірлеп пір тұтқан Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың есімі бізбен  бірге мәңгі жасай бермек.

Оның асқақ рухына мың тағзым…

Ардақтылар қалар мәңгі Ел есінде,

Ғасырлар мұхитының белесінде.

Мәңгілік Димекең де бізбен бірге,

Мәңгілік «Қазақстан» кемесінде.

       Егемендігіміз еңселі, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!

 

Ән «Атамекен»хор