«Мен өмірді жырлау үшін келгенмін…» атты Мұқағали Мақатаевтың туғанына 80 жыл толуын еске алуға арналған әдеби-сазды жыр кеші

Тақырыбы:   «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін…» атты Мұқағали Мақатаевтың туғанына 80 жыл толуын еске алуға арналған әдеби-сазды жыр кеші

Мақсаты:        Оқушыларды қазақтың лирик  ақыны Мұқағали Мақатаевтың өмір және

шығармашылығымен таныстыру,өмірін көрініс арқылы көз алдарына

елестету,қазақ өлеңдерін мәнерлеп оқуға,мағынасын аша

білуге,көрерменге жеткізе білу тәрбиелеу.

Көрнекілік: М.Мақатаев портреті,интерактивті тақта, слайдтар,кітаптар көрмесі.

 

Жүрісі:

Мұғалім сөзі: Поэзия әлемінде өз ойын көркемдікпен,асқан шеберлікпен бере білу екінің бірінің қолынан келе бермейді. Бұл тек шабыты жоғары,өлең шығару дарыны бар үлкен талант иесінің қолынан ғана келеді. Сондай таланттардың бірі, поэзия әлемінің асқар шыңы-Мұқағали Мақатаев. Мұқалаи аға-өмірінің соңына дейін қолынан жүйрік қаламы түспеген,қазақтың қара өлеңінің құдіретіне,терең сырына қаныққан ақын. Сөз құдіретінің мән-мағынасын терең түсініп,сөз маржанын бейнелі өрнекпен кес телейтін Мұқағалидай ақын кемде-кем.

Жүргізуші: Армысыздар, өлең сүйер, өнер сүйер қауым!

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата-аналар,оқушылар!

Мәңгілікке өзіммен ала кетер,

Менің нәзік жанымды кім түсінер?!… деп қынжыла жазып, өмірдің базарынан жылап қайтқан қарапайым да жұмбақ тағдыр иесі Мұқағали Мақатаевтың туғанына

80 жыл толуына арналған «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» атты еске алу, әдеби-сазды кешімізге қош келдіңіздер!

 Көрініс: Мұқағали аурухана халатын киіп дәлізде ойланып жүр.Бір кезде сахнаға жақындап «Өзімнің есебімше» атты өз өлеңін оқиды.

Өзімнің есебімде,

Мен биыл дәл қырықтың бесеуінде.

Кім біледі…

Қалған өмір,

Неше жылға жетерін,

Неше күнге

Ұмыт болып есебің де,өсегің де,

Ұйықтап кетсем болғаны төсегімде,

Қырықтың бесеуінде.

Адал едім,

Артынан «арам» болдым,

Адам едім «надан» болдым,

Жиылып бұл жалғанның жамандығы,

Ақыры маған қонды.

Жаман болды…

Айтыңдар,

Қайсысың бар ардақтаған?

Таразыға тең қойып, салмақтаған.

Басылған маңдайыма қарғыс таңба,

Қарауға жан батпаған.

Жапалақ емеспін мен жалбақтаған,

Қыранмын екі көзін қан қаптаған!

Жүргізуші: Осыдан соң-ақ қазақтың ақ теректей жайқалған  ақиық ақыны қырық бес жасында дүниеден озды. Қазір ақынды 1 минут үнсіздікпен еске алсақ.

Артына мол мұра қалдырған Мұқағали рухы тірі,ол өлмейді.

Жүргізуші: «Арыз жазып кетейін» оқитын Жаңбырбаева Құралай.

Жүргізуші: Аламан бәйгеде оза шауып, өлең-жырда шашасына шаң жұқтырмайтын ерен жүйрік,талантты тұлға-Мұқағали ақынның өмір жолы әр алуан, оны бірімз білсек,біріміз білмейміз. Енді бір сәт ақынның өмірінен деректерге жүгінсек.

 1-оқушы: М.Мақатаев 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысы,Нарынқол ауданы, Энгельс атындағы колхоздың Қарасаз деген жерінде дүниеге келген.Әкесі Сүлеймен осы өңірде тұңғыш колхоз ұйымдастырушысы болған. Сұрапыл соғысқа өз тілегімен аттанып, Калинград майданында ерлікпе құаза тапты. Балалық шағыннан-ақ ақын ерте есейді. Үш ұлмен қалған анасы Нагимаға ұлдарын өсіру оңайға түскен жоқ.10 сыныпты бітірген Мұқағали еңбекке ерте араласты. Алдымен ауыл советтің хатшысы, қызыл отаудың меңгерушісі, комсомол қызметкері, 7 жылдық мектептің мұғалімі болып қызмет істеді.

Жүргізуші:Ақынның өз туған жеріне арнаған «Қарасаз» өлеңі.

Оқитын Нәсіпқалиқызы Айдана

2-оқушы: М.Мақатаев поэзияға қалай келді? 60-шы жылдардың басында нарынқол аудандық «Советтік шекера» газетінде қызметін бастаған ол кейін «Жұлдыз» журналында жалғастырды. 1962 жылы ақынның поэзияға келу жолы ослай басталды.

3-оқушы: Мұқағали поэзиясы-таңғы шықтай мөлдір поэзия.Ақынның «Армысыңдар,адамдар», «Дариға-жүрек», «Аққулар ұйықтағағанда», «Өмір-дастан», «Жырлайды жүрек», «Аманат», «Жырлап қайттым өмірдің базарынан» т.б кітаптары жарық көрді. Ақынның «Аманат» жыр жинағы-2000 жылы Мемлекетті сыйлыққа ие болған шығармасы.

4-оқушы: Ақиық ақын Мұқағали тек өлең,поэмалар жазып қана қоймай,прозаға да батыл қалам сілтеп, көркем аудармалар да жасады.

Жүргізуші: Болашақ ақын 10 жасында майданда жүрген әкесін сағынып, өлең шығарады.

Әкеміз бір әкеден жалғыз еді.

Судағы жаңа біткен жалбыз еді.

Мінеки, 10 ай болды хабары жоқ,

Біз-дағы әкемізге зармыз енді.

Бұл өлең асқар таудай әкеге деген жас жүректің өшпес, ыстық сағынышы болатын. Дарабоз ақын жыр табалдырығын осылайша аттаған еді.

Жүргізуші: Ақынның «Әке аманаты» өлеңі. Оқитын Жаңбырбаева Ақтолқын.

Жүргізуші: «Поэзия-үміт сенімі,жүрек дірілі,жан тынысы,шексіз сезімге толы махаббат»,осы құдіретті белгілердің бәрі Мұқағали поэзиясынан табылады. Олай болса, «Поэзия! Менімен егіз бе едің?»-деп ақын өлеңін Қатарова Рысгүл жыр шашу етіп шашады.

Жүргізуші:Ақын ең бастысы, өз Отанын сүйе білді, туған жердің әрбір тасын,құсын,жәндігін жырға қосты. Ақынның  Отан, туған ел туралы өлеңдері

Жүргізуші: Ақын Мұқағали өз өмірінде талай қиындыққа душар болса да,қаламын жанынан тастамады.Қарымды қаламгердің қаламының ұшы мұқалмады.

«Менің анкетам» өлеңі  бойынша диалог ( оқитындар: Бағытжанов Руслан, Қапаров Еркін)

Ақынның «Жоқ,дәрігер» өлеңі. Оқитын Жаңбырбаев Бекқайыр.

Жүргізуші: Ана-өмір сыйлаушы,бара бағбаны.Ару-асыл жарлар, ер-азамат тағдырының иегерлері,тәрбиешісі.Оларға деген махаббат,сүйіспеншілік сезімі-жырдың алтын арқауы.

«Махаббат диалогы» Оқитындар: Дауталиева Салтанат, Құмаров Абылай.

Жүргізуші:Өлең-өнер, өлең-дерт, оны туа біткен дарын иесі, шын талант қана дүниеге әкеледі.жүрек пен сезімнің отына орап ақ қағазға түсіреді. Сол ақ қағазда иесін тапқан әрбір сөз жүректерге ән болып,әуен болып жетіп жатады. Талантты ақын Мұқағалидың көптеген өлеңдеріне ән жазылып, сахна төрінде шырқалып жүр.

«  Арулар,асыл жандар » әні. Орындайтындар Дауталиева Салтанат,Тарғынова Айым

Жүргізуші: Өлең деген тумайды жайшылықта,

Өлең деген тулайды қайшылықта.

Ақын болсаң,жарқыным,алысқа аттан,

Күнделікті тірлікте бой суытпа

,-деп дарынды ақын жырлағандай,өлеңдері көркем қуатымен,еркелігімен халқының жүрегіне жол тауып жатты..«Жыр жауһары-Мұқағали»

Оқитындар: Мәнерлеп оқу үйірмесінің мүшелері.

Жүргізуші: «   Мен сендерді іздеймін» әні. Орындайтын:Бағытжанов Руслан

Жүргізуші: Табиғат,жанымды алсаң,алшы мкені,

Бір түйір жерге түскен тамшың едім.

Мұқағали жоғалса, қайтер дейсің,

Артында қалсын жерім, қалсын елім.

Мұқағали поэзиясында тереңдік,сұлулық,қарапайымдылық,асқақтық бар. Оның көңіл күй сезімі табиғат мезгілдерімен үндесіп жатады.

«Таудағы көктем» өлеңі оқитын Қуатова Тілектес.

«Көктем де келер» өлеңі оқитын Зинелова Тілектес.

Жүргізуші: Енді осы туған жердің,туған елдің иесі-біздер,яғни, Мұқағалидың ұрпақтарымыз. Туған табиғатты, туған өлкені әңге қосамыз.

Жүргізуші:  «  Саржайлау  » әні. Орындайтын: Нәсіпқалиқызы Айдана

Жүргізуші:      Бүгін сенің туған күнің ой,бәле-ай!

Бұл күнді өту мүмкін емес тойламай.

Бүгін қазақ даласында мереке,

Бүгін қазақ қалай жатады сайрамай?…

Жүргізуші:       Бүгін сенің туған күнің ой,бәле-ай!

Тойлап жатыр бізбен бірге Күн мен Ай.

Тойлап жатыр «Жетімкөлдің аққуы»,

Көлде жүзіп қанаттарын сабалай.

Жүргізуші:       Бүгін сенің туған күнің ой,бәле-ай!

Тойлап жатыр аспан,нөсер,құс  торғай.

Тойлап жатыр қазақ түгіл өзге ұлт,

Тойламасқа,аға,оған бола ма-ай?!

Жүргізуші:      Жалғастырар ізіңді де бар мұнда!

Тыңдай білер тыңдарман да бар мұнда!

Тойлай сенің туған күніңді,

Ұмытпайтын ұлы халық бар мұнда!

Мәңгі тірі,өлеңі өшпес азамат

Қазаққа тән,Мұқағали- Нар тұлға!!!

Жүргізуші:  Қазақтың даласы ән-күйсіз тербетілмеген. Алдарыңызда саз мектебі

оқушыларының орындауында «               »     күйі.  Қабыл алыңыздар!

Жүргізуші:  Біз ақынды ұмытпаймыз,оның өлеңдері мәңгі жадымызда сақталады.

Қарасаз,қара шалғын өлеңде өстім,

Жыр жазсам,оған жұртым елеңдестің.

Өлсе өлер,Мұқағали Мақатаев,

Өлтіре алмас,алайда өлеңді ешкім!-деп ақынның өз сөзімен Мұқағалиға арналған жыр-кешімізді осымен жабық деп жариялаймыз.

 

Ән: «Есіңе мені алғайсың»