Қарты бар елдің қазынасы бар

607

Қарты бар елдің қазынасы бар

Сабаққтың мақсаты: оқушыларға 1- қазан қарттар күні туралы түсінік бере отырып, қарттарға құрметтеп қарауға, сыйлауға үйрету.

Таным үрдістерін, ауызекі сөйлеу дағдысын жетілдіру.

Қарттарды құрметтеуге тәрбиелеу

 

Көрнекілігі: қанатты сөздер, мақал – мәтелдер

 

  1. «Қарты бар елдің – қазынасы бар»
  2. «Үлкенге құрмет, кішіге ізет»
  3. «Ағадан – ақыл, актадан — нақыл»
  4. «Аталы үй – баталы үй»

Тәрбие сағаттың барысы.

І Кіріспе бөлім

 

Оқушыларға 1 – қазан қарттар күні екенін хабарлап, «қарт» сөзінің мағынасын ашқызу. Ата – әжелері туралы әңгімелету.

 

ІІ. Негізгі бөлім

Әдеби монтаж

 

Ислам:

Жақсы көрем атамды,

Атам жүзге тақалды

Ұрыспайды ұстасам

Аппақ қудай сақалды.

 

Көркем:

Жақсы көрем қасын да,

Қардай аппақ шашын да,

Қорықпаймын ешкімнен

Атам жүрсе қасымда.

 

Рамазан:

Адымы үлкен, әрі кең

Жете алмаймын әлі мен,

Менің атам күштірек

Аталардың бәрінен.

 

Ән «Асыл әже», үн таспада орындалады.

 

Бибі:

Әжем менің әлі де,

Ұқсамайды кәріге

Шай қайнатып береді,

Біздің үйдің бәріне.

 

Сауалнама: «Үлкенге -құрмет, кішіге- ізет»

 

1-көрініс: Автобус ішінде бала отырады. Бір кезде үлкен қарт әже кіреді. Бала не істеу керек еді?  (оқушылар жауабы)

 

2-көрініс:

Қарт әжей дүкенге келе жатты. Қолында ауыр заты бар. Балалар ойнап жүрді.  (оқушылар жауабы)

 

3-көрініс:

Бір бала жүгіріп келе жатса алдынан бір әжей шықты. Бала не істеу керек еді? «балалар жауабы)

 

Сөз: Алма апайға беріледі.

Құлмырза Бекзат:

Қорытынды: Оқушылар плакатқа жазылған нақыл сөздердің мағынасын ашып, ата – әжелерінің үйреткен  мақал – мәтелдерін, тыйым сөздерін, берген баталарын, жатқа айтудан сайысқа түседі.