«Дарабоз» атты зияткерлік ойыны (3,4-сынып оқушылары арасында өткізілген сайыс)

«Дарабоз» атты зияткерлік ойыны

(3,4-сынып оқушылары арасында өткізілген сайыс)

Мақсаты:  Әрбір жеке тұлғаның ақыл-ойының дамуына, қазақ тілі мен ана тілі пәндері бойынша танымдарын арттыруға жағдай жасау. Оқушының өзіндік ізденісін дамыту.Табандылыққа, тез ойлауға тәрбиелеу.

Әдісі: викториналық сұрақтар.

Құрал-жабдықтар: интерактивті тақта, компьютер, көрме

Жүргізуші:

Уа, халайық, халайық!

Бәріңе жар салайық,

Бүгінгі кеш төрінде,

Көңілді кеш жасайық.

Жүргізуші:

Сіздерді алдымен «Дарабоз» зияткерлік ойынының шартымен таныстырып өтейік.Ойын төрт бөлімнен тұрады. Ойынға 2 топ қатысады. Әр бөлімде ойыншыларға сұрақтар қойылады. Жауап нақты, тез болуы керек. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.  Қай топ көп сұраққа дұрыс жауабын айтса, сол топ жеңімпаз атанады.

Жүргізуші:

Сондықтан, осы сайысымыздың әділ бағасын беретін әділ қазылыр алқасымен таныстырайық.

Жүргізуші:

Ғылымның сырын ұғына

Шығыңдар білім шыңына

Ұқыптылық пен зеректік,

Серігің болсын бойыңда.

Қадамдарың оң болсын,

Сәт сапар, сайыс жолында!-дей келе ортаға «Көмбе» ойынының қатысушыларын шақырамыз.

І. Екі топ өздерін таныстырады.

І топ. «Алғырлар» тобы.

Ұраны: Қандай сынақ болса дағы беріспе,

Әрқашанда үміткерміз жеңіске.

ІІ топ. «Тапқырлар» тобы.

Ұраны:  Білікті бірді жығар.

Білімді мыңды жығар.

Жүргізуші:

Өнерлі балаларға кім жеткен,

Әр салада небір өнер көрсеткен,

Келесі сайысты біз бастайық,

Өнерлінің әрқашанда өрісі кең– дей отырып, ойынымыздың «Асық иіру» бөлімінен бастаймыз.

ІІ. «Асық иіру» сайысында 4 тапсырма бар.

«Алшы» сұрағы: Абай Құнанбаевтың бір өлеңін жатқа айт.

«Тәйкі» сұрағы: Берілген сурет бойынша өз ойларын білдіру керек.

«Бүк» сұрағы: Мақалды жалғастыр.

Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз.

Ер бір рет өледі, қорқақ мың рет өледі.

«Шік» сұрағы: Сурет бойынша өз ойларын білдіру керек.

Жүргізуші:

Білім деген биік шың

Бақытқа сені жеткізер

Білім деген ақылшың

Қиындықтан өткізер – дей келе «Шаршы иіру» бөліміндегі сұрақтарға жауап береміз.

ІІІ. «Шаршы иіру» бөлімінде 6 сұрақ болады.

  1. Қазақ халқының батыр қыздары кімдер?
  2. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
  3. «Көксерек» әңгімесін кім жазған?
  4. Тұрлаусыз мүшелерді ата?
  5. А.Байтұрсынов кім?

Жұмбақ :   Қанатты бір тышқан,

Жасырынып күндіз,

Қараңғыда ұшқан.

(Жапалақ)

Жүргізуші:

Бұл жерге келмейді ешкім ермек үшін

Жазып, біліп, асыл сөз термек үшін

Көрсетіп сұрақтардың жолын қалай

Келдім оларды айтып бермек үшін – деп, ойынымыздың «Мергендік» деп аталатын бөлімін бастайық.

ІV.«Мергендік» бөлімінде 8 сұрақ қойылады.

  1. Тамшы тас жарады, тас жармаса …… (бас)
  2. Өнер алды – қызыл ……… (тіл)
  3. Көре-көре көсем боларсың, сөйлей-сөйлей ……. боларсың (шешен)
  4. Мектеп – кеме, білім — ……. (теңіз, море, sea)
  5. Денсаулық – зор …….. (байлық)
  6. Ашу — дұшпан, ақыл — ……. (дос)
  7. ….. оттан да ыстық (отан)
  8. Отансыз ……. , ормансыз бұлбұл (адам)

Жүргізуші:

Сайыскерлер ойынын,

Тамамдадық біз бүгін,

Әділқазы береді,

Дұрыс, әділ шешімін

Ұпай санағанша көрермендерге қызықты сұрақтар қойылады. Әділ қазылар алқасына сөз беріледі. Жеңіп шыққан топ марапатталады.