Туған жерім –тұғырым, өскен жерім- өзегім

Тақырыбы: Туған жерім –тұғырым, өскен жерім- өзегім

Мақсаты: Мақсаты: а) білімділік: «Қарағанды» қаласының 80 жылдығына орай  оқушылардың қала
білімдерін толықтыру,тиянақтау,дүниетанымдарын кеңейту;
ә)дамытушылық:оқушылардың ой-өрісін,ойлау қабілеттерін, тақырып бойынша сөздік қорларын дамыту, сөйлеу тілдерін жетілдіру;
б ) тәрбиелік : Отанын сүюге, рәміздерді ,Ата заңымызды құрметтеуге тәрбиелеу,достықты күшейту,ынтымақтастыққа баулу, патриоттық сезімдерін ояту.
Түрі: танымдық-тәрбие сағаты
Әдіс-тәсілдері: :әңгімелеу,сұрақ-жауап, тренинг,
Пәнаралық байланыс: әдебиет,география,тарих, информатика, психология
Көрнекі құралдары: карта,рәміздер,  ,Қарағандының көрінісі, слайд, видеоролик, 6 түрлі шляпа

Барысы:

Мұғалімнің кіріспе сөзі

Сүйем сені туған ел — атамекен,
Абзал анам сенсің ғой құшағың кең.
Жер мен көктің жаннаты бір өзіңсің,
Сенен артық не табам, қайда кетем.
Іздеймін деп «Жерұйық», желдей желген
Асанқайғы емеспін, Қасыммын мен.
Қорқыт та емен елсізде, көр басында
Қобызымен сырласып күңіренген.
Ерке жанмын, өмірде өстім еркін,
«Еркелеме, ей, жігіт, еспе» дер кім?!
Өз елімде өзендей гүрілдеймін,
Тасып, шалқып өтемін — осы сертім.

-Құрметті оқушылар, қонақтар, әріптестер! Қарағанды қаласының 80 жылдығына арналған «Туған жерім –тұғырым, өскен жерім- өзегім» атты тәрбие сағатына қош келіпсіздер.

Тренинг «Жүректен шыққан жылы сөз».
Оқушылар сабақты бір — біріне жылы сөз айтып, жаңа сабақты меңгеру барысында көңіл — күйлерінің жақсы болуына тілек білдіреді.
— Балалар, қазақта мынадай сөз бар «Жылы сөз жанға қуат береді» дейді. Ендеше бүгін сабағымызды бастамас бұрын бір — бірімізге жылы сөз айтып, бүгінгі күнге жақсы тілек айтып бастайық.
Қарағанды туралы танымдық   Видеоролик көру

-Міне қара алтынды Отанымыздың қамбасына құйып жатқан Қарағанды қаласы туралы білдік. 1934 жылы қала мәртебесін алған Қарағанды биыл80 жаста . Ендеше кезекті Қарағанды туралы өлеңдерге берейік

Оқушылардың жыр арнауы

  • оқушы:И. Байзақов «Қарағанды» Ахжархын

 Қайнаған қалың байлық Қарағанды,

Маңына жайып отыр миллион жанды

Байқасаң қара алтынды кенін көріп,

Маңызы табысының өте мәнді.

Күн сайын мың сан тонна көмір беріп

Үйілген маяланып кені өніп.

Асыл кен, алтын, күміс, рудалар

Көмірдің қызуымен балқиды еріп.

Қорғасын, мыс пенен жез, асыл болат,

Көмірмен қайнағанда май боп ағад,

Машина, паровоздың қазандары

Күшімен қара алтынның пайдаланад.

Ендеше Қарағанды ұлы табыс,

Күшейсін өндірісі аяқ алыс.

Нормасын мезгілінде толтырмаса,

Екпінге ермегендік үлкен намыс.

Басшы бол маңайыңа екпінділер,

Жалқауды сынға түсір, жазасын бер,

Араңда прогульщик, жалқау болса —

Талқылап түзелуге жөн сілтеңдер

оқушы .

ШАХТЕРЛЕР ТУРАЛЫ ӘН        Нұрбек

Қарағанды шахтерлері, ұр еңбектің дабылын,

Түс одақтық жарысқа, үдет істің қарқынын.

Көрсет бүгін қайрат, күшті социалистік жарыста,

Жер құйқасын шымырлатып, соқ қайлаңды

қарышта.

Қызсын еңбек, қайнасын күш майданда,

Сыбан білек, түр жеңді, ұлы дүбір шабыста.

Еңбек ері, түс жарысқа, істі үдет қарқында,

Бар күшіңді аямастан жұмса іске тартынба

 

Үлгі көрсет, басшылық, ет еріншекке еңбекте,

Көмектесіп күш біріктір, қатарыңнан қалдырма.

Техниканы меңгере біл, білімменен іс істе,

Кен түбінде қара көмір, қара жақпар жарылсын,

Еңбек қазан заводыңа алтын шырақ жағылсын.

Ұшыр көкке олқылықты, қайта келмес алысқа,

Кем-кетікті түгел жойып жетейік бұл табысқа,

Ұлы істің міндеттерін іс жүзінде орында, Донбасс,

Кузбасс бассейннің қатарынан қалыспа.

3- оқушы:

ҚАРАҒАНДЫ МЕКЕНІМ     Айнұр
Алып шаһар мекені Қарағанды,
Көмірменен бәр елге бағаланды.
Сәтбаев тапқан жезді, мысыменен,
Еліме шырай беріп арайланды.

Қарағанды кеннінің де, мекен еді,
Алланың нұры түскен мекке ме еді.
Қарқара тауларынан қуат алып,
Жаныма шырай беріп жетеледі.

Ұлытау айналайын бөктерінен,
Қысы кеш шығып келер көктемінен.
Асан қайғы бабамның жатқан жері,
Қуат алған жалынды көк бөріден.

Алашымды жебеген Бұхар екем,               Әділбек
Кезінде Абылайға ақыл берген.
Өнерлі өрендердің ордасысың,
Шашубай, Мәди өскен құтты-мекен.

Арманыма бастаусың сен Қарағанды,
Мен үшін биік әркез дараланды.
Жабырқап жасымады жас талабым,
Тасқындап тасым өрге домаланды.

Ең алғаш көргенімде жалтаңдадым,
Қалаға келгенімде тамсанғанмын.
Өзіңде білім алып қанаттанам,
Өзінен өсіп-өніп бақ табармын.

Мұғалім: Қарағанды – Қазақстандағы ең әдемі қалалардың бірі. Оның архитектуралық ескерткіштері өзіндік  сенімен айшықталады. Қарағандының көрікті жерлері , ескерткіштері туралы бейнероликке назар аударайық.

Бейнеролик  Карағанды ескерткіштері

4 оқушы:  Мұхит

Армандай асқақтаған алып қалам

Ән-қыран аспанында қалықтаған

Махаббат әр үйіне ұя салып

Сәбиін аялаудан жалықпаған

Даланың шынарындай

Байлықтың бұлағындай

Гүлдей бер Қарағанды

Көгіңнен күй арылмай

Асыққан арманына

Алтындай таңдарына

Құндағым Қарағанды

Айналдың ардағыма

5 оқушы  Айгуль

Ер жүрек бабалардың қиялындай

Бар ма екен жер бетінде ұя мұндай

Ертеңге қарыштай бер Қарағанды

Көгіңнен ән арылмай күй арылмай

Даланың шынарындай

Байлықтың бұлағындай

Гүлдей бер Қарағанды

Көгіңнен күй арылмай

Асыққан арманына

Алтындай таңдарына

Құндағым Қарағанды

Айналдың ардағыма

Даланың шынарындай

Байлықтың бұлағындай

Гүлдей бер Қарағанды

Көгіңнен күй арылмай

«Ту ұстаушы  » викториналық ойыны.  Бір сәт тарихқа шегініс жасайық

Ережесі: Көшпелі халықтың әскери қаруларының ішінде міндетті түрде жауынгерлік ту болған. Ту әрбір руда, сұлтанда, сонымен қатар ханда болған. Қалыптасқан дәстүр бойынша бір хандағы тудың  ең жоғарғы саны 9 болған. «Тоғыз тулы хан» жайын сөз қылғанда көз алдымызға ең құдіретті басқарушыны елестетеміз. Тарихшылардың  айтуы бойынша, алғашқы қазақ билеушілері «Тоғыз тулы хандар» болған.Арқа төсінен шыққан Олжабай батыр Абылай ханның ту ұстаушысы болған. Қалдан Серенге қарсы соғыста батыр ханның сарыала туын уысынан шығармай жеңіске жетелеген. Бұл туралы Сақау ақын былай жырлаған екен.

Олжабай Орта жүзде ту ұстаған,

Балапан тұйғын құсытай құныстанған.

Қолының қоспасынан оқ тисе де,

Ту ұстаған жерінен жылыспаған.

Сендер қиял – ғажайыптан туындаған түрлі фильмдер көресіңдер. Сол киноларды уақыт машинасымен саяхаттап түрлі уақытқа түсіп жатады. Олжабай батыр да  жоңғарлардан туды қорғаймын деп жүріп, уақыт ағыны бар тесік арқылы  Қарағандыға келіпті. 9 туды 9 жерге жасырған екен. Ендеше Олжабай батырды өз заманына қайтару үшін жасырылған туларды табуға көмектесейік.

Енді «Ту ұстаушы » осы туларды Қарағанды қаласына әкеліп тықты  делік. Бірақ, қайда тыққанын ұмытып қалады. Хан оған қандай жаза қолданады. Тушыны ханға жазалатпау үшін, жауынгерлік әскер символды табуға көмектеседі.  Ол 9 туды Қарағандының  есте қаларлық көрнекті жерлеріне тыққан. Тек есінде қалғаны  алғашқы туды қаладағы әдемі ғимаратқа жасырғаны. Ғимарат төбесінде әр түрлі мамандық иелерінің мүсіні бар.  (Кеншілер мәдениет сарайы ) 

Екінші туды қазақтың халық аспабының ішіне салды. Мұнда ондай аспаптар өте көп.Және онда студенттер ән айту, халық әндерін айтуды үйренеді  (Тәттімбет өнер колледжі )

Үшінші туды әсем сарайдың ішіне аттылы  алтын киімді жігіт мүсінінің  артына тықтым. Мұнда неше түрлі тарихи макеттер  көп еді. (Облыстық өлкетану  мұражайы)

Төртіншісі тәкаппар , дана көз қарасты құс отырған тордың ішіне тықтым. Ал ол тор қай жерде? Есімде жоқ.Тек құсты тудан көргенмін. (Хайуанаттар бағы, бүркіт отырған тор.)

Бесінші туды көптеген әртүрлі  өсімдіктер өсетін жерге жасырдым. (Ботаника бағы)

Алтыншы туды үлкен, қазақ үйге ұқсас әдемі ғимаратқа тықтым. Онда  халық  өте көп., олар шеңбер бойымен шақпақ аттардың, акробат жігіттердің оынын тамашалауда. (Цирк)

Жетіншісі әлі есімде. Аспанға ұмтылған садақтың оғындай ғимарат. Ол жерден өткенде алыстағы киелі тауды көруге болады. (телемұнара)

Орда (храм)  күмбезінің астына сегізінші туды жасырдым. Күмбездің қай жерде орналасқанын білмеймін, тек оның әлемдегі ең керемет сұлу күмбез екені есімде қалыпты. Ол жерге берғысы келетіндер көп, бес уақыт парыз өтеуге таптырмас орын  (Орталық мешіт )

Соңғы туды мен ат бәйгесінде ұмытып кетіппін. Оған жан-жақтағы ауылдардан халық көп жиналды. Жігіттер ат ойыны, бәйге, көкпар, қыз қуу ойындарында жарысты. Туды қайдан іздейміз? (Ипподром)

Сен жайлы ақ бесікте күй тыңдадым,
Тыңдадым сандуғаштың сүйкімді әнін
Мен сенде сұлулыққа ғашық болып,
Гүліңе саусақ жайып ұмтылғанмын.
Мен де бір гүлің едім қырқада өскен,
Өзің деп арманым жоқ шырқап өтсем.
Көркіңе көктемдерде сән қосатын
Қырыңа өз қолымнан бір тал ексем.
О, менің ардақты әкем, асыл анам,
Қызыңмын пәк үмітпен асыраған.
Өзің деп қобалжыған жүрегімнің
Дүрсілін сенен қалай жасыра алам?!

Видеоролик Қарағанды вальсі  Сөзі: Серік Ақсұңқарұлы , әні Есжан Әміровтікі ,

1936 жылы облыс орталығына болды. .

Слайд Қарағанды  облысы

Қарағанды облысында 9 аудан бар. Олар Ақтоғай, Шет, Жаңаарқа, Ұлытау, Қарқаралы, Осакаровка, Бұхар Жырау, Абай, Нұра аудандары. Біз Шет ауданы Батық ауылында тұрамыз.

Слайд: Шет ауданы

  • Шет ауданы – Қарағанды облысының оңтүстігіндегі әкімшілік бөлік, 1928жылы құрылған. 1997 жылы Ақадыр ауданымен біріктірілді. Жер аумағы 6569,4 га. Тұрғыны 49,0 мың адам (2006). Аудандағы 68 елді мекен, 8 кент, 17 ауылдық округке біріктірілген, орталығы Ақсу-Аюлы ауылы, Аюлы тауының етегінде, Нұра өзенінің бастауында орналасқан. Шет ауданы Сарыарқаның оңтүстік, оңтүстік батыс аумағының дала белдемінен орын алған. Жері негізінен ұсақ шоқылы, төбелі, белесті, аласа таулы, қырлы келеді. Оңтүстігінде Балқаш көлі, шығысында Қарқаралы тауларының сілемдері, оңтүстік шығысында Қызыларай таулары мен Тоқырауын өзені, Нұра өзенінің бастауы жатыр. Басты өзендері : ШерубайНұраЖақсыСарысу, Есен, Талды, Байқасқа, Манақа. Ауданның батысын Бетпақдала, Қызылтау, Ақтау, Ортау таулары тізбесі алып жатыр.

АҚСУ-АЮЛЫ

Ақсу-Аюлы, Ақсу-Аюлы,
Менің көзімдей тапшы мойылды.
Көрпеңді төсеп күтіп ал мені
Қызыл-жасылды, көкшіл оюлы.
Баладым ылғи елімді ойлыға,
Атадан қалған жерің – бай мұра
Шер тарқатайын бір, құшағыңа алшы,
Шертпе күй тартқан Шерубай Нұра.
Бұлақтары аққан шағылып Айға,
Қуат бітірген сағымы бойға.
Айналған менің сағынышыма,
Бұғылы қайда, Тағылы қайда.
Көз жасын бұлттар бүркіп бір ойға,
Киіктеріңді үркітті қайда.
Төбемді көкке жеткізіп тұрған,
Беу, Нілді қайда, Бүркітті қайда.
Айдында ақ өлең қалқытып едік,
Сүйегін жұрттың балқытып едік.
Қызыл тілдіге дес бермейтұғын
Жақсы Жәкеңнің сарқыты ма едік.
Дауды тілменен шешкен ел едік,
Кеңгірді бойлап көшкен ел едік.
Шортанбай бабам қалдырған сөздің,
Уызына жарып өскен ел едік.
Көруге келдім, дала төріңді,
Қырық мың жылқы қара көрінді,
Су ішкен кезде лайланбаған
Аюлы менен Қаракөліңді,
Көруге келдім, дала төріңді.
Бұлғын кешім-ай, кәмшат таңым-ай,
Домбыра –далам, аңсатқаның- ай.
Тәттімбет, Тоқа, Қыздарбектердің,
Шертеді самал саусақтарындай.
Ішінен шығып шытырман елдің,
Ырысын іштім, құтын да көрдім.
Кенесарының қайқы қылышы
Осқан ауаны жұтуға келдім.
Қалың қазақтың жебесін көрдім,
Қамшыдай жырды белесіңде өрдім.
Бектау атадан асқан кезімде
Наурызбай батыр елесін көрдім.
Ұйысқан тоғай еркін жасақтай,
Көлге күй толған көркін босатпай.
Асылғым келді мойныңа далам,
Жаңбырдан соңғы кемпірқосақтай.
 Бауыржан Жақып

Батық туралы Айман айтқаннан кейін

 

Міне, міне тірі гүлдер, тірі гүлдер тұр өсіп,
Бұл далада бақыт шақтың баяны үшін күресіп…
Өткен күндер дауылымен құмдар толқып шайқалған,
Сол бір дауыл талай ізді кетті-ау көміп, майталман!

Бірақ мында Махамбеттің қылышының бар табы,
(Талай ойды табынтады, ол да өзіне тартады)
Көп бытыра дақ салыпты туған жердің жүзіне –
Көздің жасы көп тамыпты кірпіктерден үзіле.
Керемет қой бүгінгі өмір – көктемі не, күзі не –
Ана-торғай ұя сап жүр Құлагердің ізіне.
Мына дала бар тынысын ішке жиып күтулі,
Бұл ұрпақтың маңдайына ырыс болып бітуді.
Ақырында ол біздің қолға тарих болып тұтылды,
Сары құмы – сары кітаптың мұқабасы сықылды.

Слайд Батық туралы

¡  Батық аулының табиғатын сөзбен айтып жеткізе алмайсың. Алма ағаштарының алмасы тіл үйіреді. Сондай-ақ ауылдың ортасында көлемді жерде тоған орналасқан. Тоғанымыздың тереңдігі 5,9 метрге дейін жетеді. Тоғанның салыну тарихы да бір шежіре. Тоғанның ауылымызды көркейтуге үлесі зор. Сол тоған арқылы ауыл тұрғындарының егістіктері суарылады. Суармалы жүйені ойлап тапқан КарЛаг тұтқынында болған атақты агрономдардың еңбегі зор. Ауыл тұрғындарының айтуы бойынша суармалы жүйені ойлап тапқан атақты агроном болған. Тек оның есімін ешкім есінде сақтап қалмапты. Ауылымыз жол бойында орналасқандықтан, жолаушылар біздің табиғатымызды тамашалап, бір сергіп қалады. Тоғанымызға шомылып, шаршағандарын басады. Бұның барлығы жаз айындағы ауылымыздың көрінісі.Ал көктем айларында ауылдың тоғанына аққулар, шағалалар келеді. Аспан төбесінде саңқылдаған сауысқандар, қарқылдап қарғалар ұшып жүреді. Ал күз айында барлық адамдар қызу жұмысқа кіріседі. Отырғызған көкеністерін жинап, малдарына шөп шауып қысқа қамданады. Батық ауылының жері шұрайлы, малға жай, егінге шүйгінді.

¡              Батық ауылы тек қана табиғатымен ғана емес , өткен тарихымен де бай.

Батық ауылы 1934 жылы КарЛаг кезінде еңбекпен түзету лагерінің бір бөлімшесі ретінде құрылған.

Осы жерлерде ауыл шаруашылығын дамытқан екен. Егістік алқаптарымен мал  өсірумен айналысып, орасан зор еңбек жасаған. Қазіргі кездегі аталған жерлерде әлі күнге дейін егістік алқаптар мен мал шаруашылығы жақсы дамып келетіні бәрімізге мәлім. Ал бұның бәрі тұтқындардың еңбегі еді.

Батық бөлімшесінде мал тұқымын асылдандыру жұмысымен айналысқан

Батық ауылының тұрғындарының айтуынша «Бестөбе» деп аталатын елді- мекенде әйелдер лагері болған дейді. Ол Батықтан 9 шақырым жерде орналасқан. Ол жерде әлі күнге дейін орны, цементтен жасалған фундаменттері сақталған.

Өлең Азамат

Самал Сүлейменова

Мөлдіреген суына шөл қанбаған,

Неткен көркем Батығым деп таңданам,

Жерұйықты өзіме тап дегенге,

Бір ауыздан, Батықты мен таңдағам.

 

Батығымда тұнып тұр сыр қаптаған,

Ешкімге де мен оны таптатпағам.

Құдайым ауылыңды жырла десе,

Батығымды мәңгі ән ғып жырлап бағам,

 

Осы жерде мәз болып ойнап- күлгем,

Туғаннан ақ Батықтытанып білгем,

Бала кезде бұлағына барғанымда,

Мөлдір суға шөлім бір қанып келген.

 

Батығым одан әрі көркейсін деп,

Әлі күнге көп нәрсе қиялдаймын.

Сенен ұзап егерде алыс кетсем.

Батығым- ау мен сені қия алмаймын.

Мұғалім

Шықшы тауға, қарашы кең далаңа:Мәз боласың, ұқсайсың жас балаға.Ол шеті мен бұл шетіне жүгірсең,Шаршайсың ба, құмарың бір қана ма?Уа, дариға – алтын бесік туған жер,Қадырыңды келсем білмей, кеше гөр!Жатса алмас ем топырағыңда тебіренбей,Ақын болмай, тасың болсам мен егер.Неткен байтақ, неткен ұлы жер едің!Нендей күйге жүрегімді бөледің?Сенде тудым, сенде өстім мен, сенде өлсем, -Арманым жоқ бұл дүниеде, — дер едім;- деп бүгінгі сынып сағатымызды  Ерланбай Ахжархынның орындауындағы Аюлы вальсімен аяқтаймыз.

 

 

 

 

 

VІІ Рефлексия: «Алты  шляпа» әдістемесі Эдвард де Боно

«Алты шляпа» әдісі таныстырылып өтіледі. Әр бір топтан қалауы бойынша  қатысушылар  шығып, қалаған түсті шляпасын алып өз ойын білдіреді.

Тақырып: Қарағанды қаласының болашағы зор, немесе Қарағанды – болашақтың қаласы

  • Ақ шляпа – таза ой, дұрыс ойлау.Ол тек нақты бар фактілерге, сандарға ғана сүйенеді. Тек бар нәрсеге ғана қарап отырып, алуға болатынды ғана аламыз. Ақ түс қағаз туралы ойға әкеледі. Осы режимде біз тек қолымызда бар немесе шешім қабылдауға қажетті ақпаратқа ғана сүйенеміз: тек қана фактілер мен сандар.
  • Қызыл шляпабұл эмоциялар, оқыстан көздің ашылуы және интуиция. Қызыл шляпаны киген адам басқа адамдардың мүмкін болатын эмоционалды реакцияларын зерттейді. Қызыл шляпа – бұл қызу сөлейтін, тілі мен жағына сүйенген адам және көпшіліктің дәл қазіргі сәттегі бағытын байқай білетін саясаткер. Қызыл түс от туралы ойға әкеледі. Қызыл шляпа интуициямен, сезімдермен және алдын ала сезулермен байланысты. Мұнда еш нәрсені негіздеудің қажеті жоқ. Сіздің сезімдеріңіз бар және қызыл шляпа Сізге оны білдіруге көмектеседі.
  • Қара шляпа – бұл штаттағы пессимист. Алайда, ол аргументтері бар пессимист болуы керек. Өзінің көңілсіз «қолдарыңыздан не келер дейсінін» айта отырып, ол өз көзқарасын дәлелдейтін баяндама айтуы керек. Байқаңыз: «қара шляпа» киген адам саны «1» аспау керек. Пессимистердің көбейіп кетпеуі үшін біреуі ғана жеткілікті.
  • Сары шляпабұл «позитивті» Күн. Сары шляпа – болашаққа деген ең оптимистті көзқарасты білдіреді. Ең Жақсысысын, Ең Сәттісін аңғарады. Барлық топқа оптимизм жұқтырады. Сары шляпа «негативтен» «позитив» таба білуі керек. Сары түс күн мен оптимизм туралы ойға әкеледі. Сары түстен біз жетістіктер мен артықшылықтарды іздеуге тырысамыз.
  • Жасыл шляпабұл сайқымазақтың шляпасы. Жасыл шляпаны киген адам ең оқыс, күтпеген, ерекше ойлар білдіруі тиіс. Жасыл шляпа – бұл қиял-елестің ұшқындауы, ең батыл және творчестволық идеялардың көзі. Жасыл түс  өсімдіктер, өсу, энергия, өмір туралы ойға әкеледі. Жасыл шляпа – бұл шығармашылық, жаңа идеяны іздестіру, стандартты емес әдістер мен альтернативті көзқарастардың жиынтығы.
  • Көк шляпа бұл барлық үрдісті ұйымдастырушы. Көк шляпаның рөлі – бұл үйлестіруші, спикер болу – барлық шляпаларға сөз беріп, соңынан қорытындылау. Талқылаудың басында да қолданылады, ойлаудың міндетін қойып, соңынан қандай мақсатқа жеткізгісі келетінін анықтайды. Бұл барлық үрдісті бақылау және оны басқару (мақсатты қалыптастыру, қорытынды шығару және т.с.с.).