Жеті қасиетті сан

Жеті қасиетті сан

Мақсаты: маңызы мен қасиетін ашу, жеті саны ұғымына байланысты қастерлі түсініктермен қағидаларды дәріптеу. Оқушыларға елін қастерлеуге, Н.Ә.Назарбаевтың 2030 бағдарламасындағы «7» санын қастерлеп көрсеткенін айта отырып, халық дәстүрін сүюге, Отанын сүюге тәрбиелеу.

Ұйымдастыру: Оқушылар екі топқа бөлінеді.

1 топ: «Жеті жарғы»

Ұраны: «Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер»

2 топ: «Жеті қазына»

Ұраны: «Жетелі елдің баласы, жеті жаста баспын дейді, Жетесіз елдің баласы жеті жаста жаспын дейді».

Жүргізуші: Армысыздар ардақты көрерменім,

Көрсетеді өнерін өрендерім.

Біз сайысқа кетеміз қадам басып,

Алдыменен алайық амандасып.

«Жеті атасын білмейтін ер жетесіз, Жеті ғасыр тарихын білмейтін ел тексіз»-демекші , «жеті» деген санды қадірлеу көне заманнан басталадаы, жеті қасиетті сан болып есептеледі. Мысалы. Ол Ислам дінінде де киелі сан болып есептеледі. Ислам дінінің қасиетті кітабы «Құран» -да «жер бетіндегі нәрсенің бәрін сендер үшін жаратты. Оған жет қат аспанды үлестірді»,-деген сөз бар. Яғни, «аспан-жеті қабат» деген ислам дінінде де бар.

Жүргізуші: христос дініндеде де «Христос жетінші күні аспанға ұшып барып,жетінші күні қайта дүниеге келді», деген ауғыз бар. Үнді мәдениетінде де «жеті» киелі сипат алған сандар қатарына жатады. «Жеті жан» , «жеті мүше» ұғымын көне Үнділер жаратқан. Қытай мәдениетіндеде де «жеті» саны –киелі сан.

Қазақ халқында «жеті шелпек» деген ұғым бар. Үлкендер бір нәрседен қауіп қылса, үрейленсе, болмаса жайсыз жатып, жаман түс көрсе, жеті нан жеті шелпек пісіреді. Жеті нанды қасиетті жұма күндері, сәрсенбінің сәті күні пісіріп, жеті үйге таратады. Бұл жеті санның киелі қасиеттілігінен болар. Әйтпесе, алты немесе сегіз нан пісіруге болады ғой.

Жеті жарғы

1-жарғы: Көтеріліс жасап, бүлік шығарған кісілерге өлім жазасы бүйырылсын.

2-жарғы: Түркі халқының мүддесін сатып, елінің опасыздық еткендер өлім жазасына бұйырылсын.

3-жарғы: Мемлекет ішінде жазықсыз кісі өлтіргендер өлім жазасына бұйырылсын.

4-жарғы: Өзге біреудің әйелімен зинақорлық жасаған ақ некені бұзушыларға өлім жазасы бұйырылсын

5-жарғы: Өреде тұрған, тұсаулы жүрген сәйгүлік атты ұрлаған кісіге өлім жазасы бұйырылсын.

6-жарғы: Төбелесте мертігудің түріне қарай төмендегіше мүліктей құн төленсін:

А) біреудің көзін шығарған кісі айыпқа қызын береді, ал қызы жоқ болса қыздың қалыңмалын береді.

Ә) төрт мүшенің бірін мертіктірген кісі айыпқа ат береді.

7-жарғы: Ұрланған жылқы өзге де құнды мүлік үшін он есе артық айып төлеттірсін.

 

 

Н.Ә.Назарбаевтің 2030 бағдарламасы:

1.Ұлттық қауіпсіздік

  1. Саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы.
  2. Шетел инвестициялары мен ішкі жинақталымдардың деңгейі жоғары ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсуі.
  3. ҚР азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты.
  4. Өнергетика ресурстары
  5. Инфрақұрылым әсіресе көлік және байланыс.
  6. Кәсіби мемлекет

2-топқа арналған сұрақтар:

  1. Жеті күндік аптаны алғаш шығарған мемлекет.(Вавилондықтар)
  2. Сабалақ деген атпен Абылайды жеті жасында қай би өз қамқорлығына алды.(Төле би)
  3. Мақалды жалғастыр. « Жеті атасын білмеген …. Жетімдіктің белгісі
  4. Жеті атаны атаңыз (әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат)
  5. Н.Ә.Назарбаев жеті жыл мерзімге екінші рет қашан сайланды? 1997 жылы 10 қаңтарда
  6. Орта ғасырдағы металды атаңыз( алтын, күміс, темір, қолайы, мыс, қорғасын, сынып)
  7. Жеті ғаламды атаңыз(оңт,солт, батыс, шығыс, жер, аспан, жер асты)
  8. Жеті күнді атаңыз( бүгін, ертең, бірсүгіні, арғы күн, ауыр күн, соңғы күн, азына)
  9. Қазақтың ер жігітіне қоятын жеті талабы? Кескін-келбет, қадір –қасиет, қабілет-икем, жігер күш, білім, адалдығы, әділеттілігі)
  10. Абайдың жетінші қара сөзінде не жазылған( жан мен тән).

 

  1. Жеті ғашықтар жұбын табу

Ләйлі  … Мәжмүн

Шырын ….  Фархат

Тахир   …..Зухра

Арзу….Қамбар

Фаһра…Уалик

Зылиқа…Жүсіп

Күлшар…Уаки

 

III .Жеті жаман қасиет

Күншілдік деген бар, содан сақтан,

Кекшілдік деген бар, содан сақтан,

Астамшылдық деген бар, одан алыс жүр,

Сараңдық деген бар, одан  қалыс жүр

Қараулық деген бар, одан таза бол,

Бәлеқорлық деген бар, одан ада бол,

Ынсапсыздық деген бар, содан аман бол!

 

Жеті қазына

  1. Ер жігіт
  2. Сұлу әйел
  3. Ақыл –білім
  4. Жүйрік ат
  5. Қыран бүркіт
  6. Берен мылтық
  7. Жүйрік тазы

Жеті жұт

  1. Құрғақшылдық
  2. Жұт
  3. Өрт
  4. Оба
  5. Соғыс
  6. Топан су
  7. Зілзала

Жұрттың жеті белгісі

  1. Елтаңба
  2. Ел ұран
  3. Әнұран
  4. Елтеңге
  5. Төлқұжат
  6. Ұлт жазуы
  7. Ту

Жеті жетім

  1. Тыңдамаған сөз жетім
  2. Киюсіз қалған тон жетім
  3. Иесіз қалған жер жетім
  4. Басщысыз қалған ел жетім
  5. Аққу-қазсыз көл жетім
  6. Елінен айырылған ер жетім
  7. Замандасы қалмаған қарт жетім.

Жеті жетекші

  1. Адамның басшысы-ақыл
  2. Жетекшісі- талап
  3. Жолаушысы-ой
  4. Жолдасы-кәсіп
  5. Қорғаны-сабыр
  6. Қорғаушысы-мінез
  7. Сынаушысы-халық

Жеті жоқ

  1. Жерде өлшеуіш жоқ
  2. Аспанда тіреуіш жоқ
  3. Таста тамыр жоқ
  4. Тасбақада талақ жоқ
  5. Аллада бауыр жоқ
  6. Аққуда сүт жоқ
  7. Жылқыда өт жоқ

Жетісудың жеті өзені

  1. Көксу
  2. Ақсу
  3. Лепсі
  4. Шарын
  5. Басқан
  6. Қаратал
  7. Іле

Әлемнің жеті кереметі.

  1. Хеопс пирамидасы
  2. Семирамиданың аспалы бағы
  3. Зевс мүсіні
  4. Артемида ғибадатханасы
  5. Родос алыбы
  6. Галикарнас кесенесі
  7. Александрия шамшырағы

Қазақстанның жеті кереметі

  1. Қожа Ахмет Иассауи кесенесі
  2. Тайқазан
  3. Айша бибі мазары
  4. Тамғалы жартас суреттері
  5. Алтын адам
  6. Домбыра
  7. Күлтегін ескерткіші

2-оқушы: Айбек Бүгінгі тәрбие сағатымызда  7 керемет жайында айтылып отыр. Адамзат тарихында әлем кереметтерінің саны жетеу ғана. Неге жетеу? Кездейсоқ алынды ма бұл сан? Бұл сұрақтарға жауап беру үшін өткенді еске алған артық емес. Кереметтер туралы қысқаша айтып кетейік.

3-оқушы: Іңкәр« Жеті» деген санды қадірлеу көне заманнан басталады,қасиетті сан болып есептеледі. Ай күнтізбесін негізге алған есеп бойынша-бір аптада жеті күн бар, демек, Ай фазалары жеті күнде бір өзгеріп отырады. Аспан әлемінде жеті шырақ: Күн, Ай, Меркурий, Сатурн, Марс, Юпитер, Шолпан- жеті құдайы атымен байланысты болып, олардың құрметіне Вавилонда жеті сатылы күмбез орнатылды. Ежелгі гректер де жеті дегн санға табынды. 

4-оқушы. Айнаш Ендігі әңгіме бұдан көп ғасыр бұрын сәулет және мүсін өнері шеберлерінің қолымен жасалған асыл мұралар туралы. Суы жоқ, тіршілігі жоқ Нуби шөлінде орналасқан Мысыр пирамидалары да жеті кереметтердің бірі. Мысыр пирамидалары осыдан 5000 жыл бұрын тұрғызылған, сәулетшісі Имхотеп. 

5-оқушы:Әсел Нағыз керемет деп саналатын Хеопс пирамидасының биіктігі 147 метр, әр қырының ұзындығы 235 метр. Пирамиданың алып жатқан алаңы 55 мың.Құлдар азабының куәсі, бұл тарихты ұмытуға болмайды.

6-оқушы:  Айнұр Көне тарихтың мызғымас куәсі болған пирамидалар уақыт сынынан өтіп, әлі де талай ұрпақтардың тамашалап қарайтын мәдени – сәулет ескерткіші ретінде қала береді. 

7-оқушы:  ЗуляльТарих атасы- Геродот десек, өнер атасы, өнердің нағыз алтын бесігі деп Ежелгі Грекия елін атау әбден орынды. Мұнда 3000 жылдай бұрын бейнелеу және басқа да өнерлердің сан алуан түрлері қалыптаса бастады. Енді осы тарихты баяндап көрейік. 

8-оқушы:  Айбек Классикалық Грек өнері тарихынан келіп жеткен аты әлемге әйгілі ескерткіштің бірі- Зевс мүсіні. Бұл біз сөз етіп отырған « Жеті кереметтің» бірі. 

9-оқушы:ЕрболЕндігі сөз Артемида ғибадатханасы туралы. Эфес жерінде 7-6 ғасырда Артемида құрметіне салынған, Грек жұртының мақтанышы. 

10-оқушы: Алма Бағытымыз Эгей теңізіндегі Родос аралы. 4-ғасырда Родос аралының экономикалық және мәдени жағынан гүлденуіне жол ашылды. Родос тұрғындары күн құдайы Гелиосқа айрықша табынған. Арал иесі атанған құдайға арнап бұрын – сңды болмаған ескерткіш орнату Родос азаматтарының борышы деп саналған. Оны тұрғызу 12 жылға созылды. Құрылысты басқарған мүсінші Хареске.

 

11-оқушы: Қымбат Кіші Азия, 6-ғасыр. Аты сирек естілетін шағын ғана Галикарнас қаласы. 356- жылы осы елдің патшасы өз ажалынан дүние салды. Патшаның мұрагерлерінің бұйрығы бойынша оған екі қабат, биіктігі 40-45 метрлік ғибадатхана ұрпақтан ұрпаққа үлгі болды, кейіннен кесене деп атала бастады. 

12-оқушы: Ақсұңқар Енді заңғар тау мен телегей теңіз ортасында, көкпен тілдесіп, бұлт бүркенген толқын үстінде тербетілген ғимарат- Александрия шамшырағы туралы сөз. Александрия шамшырағы ІІІ ғасырда, Фарос аралы мен құрлықтың арасына салынды. Жұмысты жүргізген архитектор Сострат Книдский. 

13-оқушы:  РауанБағытымыз алдыңғы Азия, Тигр және Ефрат- жарыса аққан қос өзен аңғарын жайлаған Месопатамия – мәдениет, тұрмыс – салт, өнер тарихынан із қалдырған тамаша ел. Бұл заманымыздан бұрынғы ҮІ ғасыр шамасы.Вавилон шаһарындағы Семирамида аспалы бағы-жеті кереметтің бірі. 

14-оқушы: Міне, бүгін біз сіздерге әлемнің жеті кереметі туралы қысқаша айтып кеттік. Осыларды бір жіпке тізсек, онда:

1.Пирамидалар ( Мысыр)

2.Семирамида бағы ( Вавилон )

3.Зевс мүсіні ( Олимпия )

4.Артемида храмы ( Эфес )

5.Родос алыбы ( Родос аралы )

6.Галикарнас кесенесі ( Кіші Азия )

7.Александрия шамшырағы ( Мысыр)

Бұлардың қайсысы болса да, мүсін және сүрет өнерінің теңдесі жоқ тамаша үлгілері.

Жүргізуші:: Дұрыс айтасың. Бұлар әлемдік тұрғыдан алғандағы ұғымдар, ал енді әр елдің мақтанышына, символына айналған кереметтер қаншама. Мысалы, Эйфель мұнарасы десе, Франция көз алдыңызға келеді. Оларды сырттан барып тамашалаулар эстетикалық ләззат алады, ал жергілікті тұрғындардың кеудесін өз Отанының мәдени байлығына деген мақтаныш пен қуаныш сезімі кернейді.

Жүргізуші:: Бүгінгі қазақстандықтар да ондай бақыттан кенде болмаса керек. Қазақстандағы тарих, археология, сәулат және монументалды өнер ескерткіштерінің саны 25 мыңнан  асады. Бұл салада Қазақстан,Таяу Шығыс, Орта Азия, Қытай, Үнді және Жерорта теңізі бойындағы мемлекеттермен теңеседі. Осы бағытта біз: «Қазақстанда ғажайыптар көп, соның ең керемет жетеуі қайсысы?» деген сауалға жауап іздене отырып, Қазақстанның кереметі деп санайтындардың тізімін жасауға, дәлелдеуге тырысып көрдік. Оны анықтау үшін керек дейтін шығарсыз? Жеті деген қазақ үшін қасиетті сан. Бүгінгі жас буын «Міне, біздерде мынадай бар!» деп, өз Отанының тарихы мен мәдениетін мақтаныш етіп, сүйе білуі тиіс.

17-оқушы: Күміс  Қазақ халқының санасында жеті саны сонау ерте заманнан қасиетті саналатыны белгілі. Мысалы: «Жеті оқ елі»,»Жеті нан» (құдайы беру), бұрын қазақтар жеті атадан асқанша құда болмаған.            ( Оқушылар жетіге байланысты мақал-мәтел айтып кетеді).

 Мұғалім: Ал енді «Қазақстанның жеті кереметіне» тоқтайық.. Бірінші керемет деп біз ежелден атағы жер жарған Түркістан қаласында орналасқан, орта ғасырдан  қалған көгілдір күмбезді ғаламат ғимарат – Ахмет Иассауи кесенесін алып отырмыз.

18-оқушы: Рауан Әрине, Түркістан – Орта Азия мен Қазақстан халықтарының материалдық және рухани өмірінде маңызды орын алған Шығыстың көне қалаларының бірі. 1500 жылдығын тойлап өткен Түркістан-руханият ордасы, оған ерекше мәртебе беру қажет. Бірақ бүгінгі сөзіміз Қ. А. Иассауи ғимараты туралы. Ахмет Иассауи Оңтүстік Қазақстанның Сайрам (бұрыңғы Испиджаб) қаласында 1103 жылы дүниеге келген. Ол алғаш білімді жергілікті дінбасы Арыстан бабтан алады. Өзінің ана тілінен басқа арабша және парсыша сөйлей білген. Қыпшақ, қаңлы, қоңырат және көне түркі тайпалары арасында Ислам дінін уағыздаушы Ахмет Иассауиді рухани басшы санаған халық оны «Әулие ата» атап кеткен.

19-оқушы: Ақсүңқар Қожа Ахмет- өз өмірінде ақ өлеңмен жазылған көп хикметтерді  дүниеге келтірген пәлсапашыл ақын. Біздің қолымызға жеткен екі жүзден асатын хикметі бар. 63 жасынан бастап, соңғы 12 жылын ол жер астында жатып, күн сәулесін көрмей өткізді. Бүкіл Шығысқа әмірін жүргізген атақты қолбасшы Ақсақ Темір далалықтар мен қалалықтар қосылып пір тұтатын, күніне жүз мәртебе тағызым етіп, мінәжат қылатын Қожа Ахметке зәуілім ескерткіш тұрғызуды қолға алды. Ескерткіш құрылысын Темір  қарамағында игі істермен көрінген Мәулен Ұбайдулла Садырға жүктейді. Кесене нақты әрі гармониялық жоспармен салынған. Екі жағы мұнарамен жалғасқан бас портал еңселі арқадан тұрады. Қожа Ахмет Иассауи кешені порталды- күмбезді құрылыс. Оның көлемі  46,5х65,5 метр. Орталық залдың айналасына әр түрлі мақсатқа пайдаланылған үлкенді-кішілі 35 бөлме орналасқан. Оның бірінде сопы ақынның мүрдесі жерленген. Орталық бөлмеде қолымен жазылған Құранның көшірмесі, діни кітаптар, шежірелер сақтаулы. 

20-оқушы: Қымбат Бұл күнде Қожа Ахмет Иассауи ғимараты-шығыс халықтарының тамаша сәулет өнері жұлдыздарының бірі. Жылда 100-150 мыңнан астам адам келіп тамашалайды. Оларды мұнда сұлулық пен ұлылықтың тылсым сырын білуге деген құштарлық сезімдері жетелейді.

Қожа Ахмет Иассауи ғимаратындағы бағалы ескерткіштердің бірі – тайқазан. Петергбург Эрмитажынан өз тұғырына қайта қонған тайқазанды Әбділәзиз шебер құйып жасаған. Ол Қаратау ішінен, Ащысай, Мырғалымсай кеніштерінен тайқазанға қажетті қорытпа шығатын тастарын жинап, Қарнақ  қаласына жеткізеді де, қазанды жасауға кіріседі. Тайқазан дайын болғанда, оны арбаға тиеп әкеліп, Қожа Ахмет ғимарат күмбезінің астындағы кіреберіс ғажайып кең бөлмесінің ортасына үш бұт етіп иген шойын тұғырдың үстіне орнатты. 

21-оқушы:Ербол Бұдан былай бұл жер «Қазандық» деп аталады. Қазақ ұлысының қара шаңырағы алыстан көз тартып, әрқашан қазаны асулы тұрсын деген ырымды ниет етті. Сондықтан, тайқазанды кереметтердің санына  кіргізуге болады.  

22-оқушы:  Саяжан Ел мен тарихын, ата-бабалар тарихын терең білуге үндеп, қайта-қайта жадына салып, халықтың көз алдындағы көкке бой созған тарихи ескерткіштердің бірі-Тараз қаласының оңтүстігінде  жиырма шақты шақырым жерде тұрған Айша бибі мазары. Айша бибі кесенесі – сәулет өнері ескерткіші. ХІІ ғасырда салынған. Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Айша бибі тарихтан белгілі Қараханның  әйеліболған. Күмбезді сол Қарахан салғызған, сәулетші туралы нақты дерек жоқ.. Халықтың ауызындағы аңызға қарағанда Айша бибі Тараз  қаласында Қараханды қарсы алуға аттанады. Таразға жақындап қалғанда қасындағы құрбыларымен бірге өзенге шомылады, өзеннің жағасында жылан шағып қайтыс болады. Бүгінгі күнде айша бибі  мазары маңынан адам үзілмейді. Әсіресе, жаңадан шаңырақ  құрған жастар мазарына  барып, тағзым етіп жатады. Айша бибі кесенесі Қазақстанның жеті кереметінің бірі деген ойдамыз.  

23-оқушы:Шынар   Қола дәуірінің тасқа салынған суреттері көрген адмды таң қалдырады. Ертедегі адамдар күнге күйген жылтыр  тау жартастарына  жануарларды, адамдарды, арбаларды, соғыс көріністерін қашап салды. Бұл адамзаттың  рухани мәдениетін, анық дүниетанымын білдіретін аса маңызды деректер жиынтығы саналады. Қазақстан жартастағы суреттер, петроглифтердің саны және әр алуандағы жөнінен әлемдегі ең бай жерлердің бірі Тамғалы жартастағы  таңғажайып суреттерді археологтеріміз әбден зерттеді. Нәтижесінде олар дүниежүзі мәдениетінің  қазыналы қорына қосылды. Мына суреттер ежелгі адамдардың өмірі, көне тайпалардың салт-дәстүрі, діни нанымдары, аңшылық пен соғыс існе байланысты салынган туындылар. Алматы обылысындағы Тамағалы кешені жартас суреттері – бүкіл әлемдік мәдени жәдігерлер қатарында. Бұларды Қазақстанның кереметіне кірғізуге болады деген ойдамыз. 

24-оқушы:  Зуляль  1960жылдардың аяқ кезінде археолог ғалымдар Есік қаласына жақын жердегі обадан «Алтын киімді адамды» тапты. Ол мұнан 2500 жылдай бұрын жерленген жас жігіт екен. Марқұмға кигізілген  бас киімнің, етігінің қонышының сыртына алтыннан жасалған түрлі ұсақ  аттың, барыстың, таутекенің, құсиардың бейнелері жапсырылған. Олардың саны төрт мыңдай. Есік қорғанынан табылған олжа бүгінде әлемге әйгілі. Алматыдағы Тәуелсіздік монументіне де негіз болып отыр. Осы күнге дейін сақталып келген Алтын адамның өзі неге тұрады? Бұл да Қазақстанның кереметінің бірі деп санауға болады.

25-оқушы: Гүлнүр  Ендігі сөз қазақ халқының жан сезімі, жан серігі-домбыра туралы. Домбыра-халық даналығы. Олхалқымыздың өмір тәжірибесі мен табиғат, адам, әлем туралы білімдерін, ескі діни наным- сенімдері мен философиялық көзқарасын бейнелеп, оларды атадан-балаға, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасиырып отырды. Домбыра – көшпелі елдің көнекөз шежіресі, көпті көрген қарияның көкірек күйі. Ол халықтың тарихи тағдырмен тамырлас. Тарихтың хатқа түспеген  талай беттерін паш еиіп, халқымыздың тарихнамасына айналады. Ғалымдар осыдан кемінде 2 мың жыл бұрынғы бейнелердегі  қос шекті аспаптың қазақ домбырасымен ұқсастығын айта келіп, оның Қазақстан жеріндегі байырғы көшпелілер арасында ең тараған аспаптың бірі болғандығын дәлелдейді. 

26-оқушы: Әсел  Домбыра — әр дәуірде мәдениетімізде дарынды тұлғалардың дүниеге келуіне мүмкүндік туғызды. Аты аңызға айналған Кетбұғы, Асанқайғы, Қарт Ноғай сияқты ең таңдаулы есімдері біздің заманымызға да жетті.    ( ақырын күй орындалып тұрады) Домбыра дәстүрінің дамуы ХІХ ғасырда шарықтау шыңына жетті. Мәдениетіміздің дәстүрінде көптеген  кәсіби күйші-композиторлар қалыптасып, күйшілік дәстүр көптеген мектептерге бөлінді. Бұл күйші- композиторлар өзіндік стильдік ерекшелігімен, қағыс техникасымен, музыкалық тілімен, орындау шеберлігімен оқшауланып, өнерімізде жарқын із қалдырды. Атап айтсақ, төкпе күй шеберлері:Құрманғазы, Дина, Баламайсан, Дәулеткерей,  Ұзақ, Махамбет, т. б.

Шертпе күй шеберлері:Тәттімбет, Сүгір, М.Хамзин т. б. Қазіргі заманда атақты домбырашы- күйшілер: Н. Тілендиев, Қ.Ахмедияров, А.Үлкенбаева т. б.  

27-оқушы:  Шынар Енді 7-кереметіне тоқталсақ: менің ойымша, Күлтегін ескерткіші. (Күлтегін тас жазуы тарихын айта кетеді)   Міне, бүгін біз сіздерге Қазақстанның жеті кереметіне осы ескерткіштер кірсе деген ойда қысқаша айтып кеттік. 

  1. Қожа Ахмет Иассауи кесенесі.
  2. Тайқазан.

3 .Айша биі мазары.

  1. Тамағалы кешені жартас суреттері.
  2. Алтын Адам.
  3. Домбыра.
  4. Күлтегін ескерткіші

Қорытынды:  әйгілі әлемнің жеті кереметін атап айттық, Қазақстанның жеті кереметі туралы сипат бердік.  Осы жеті керемет әйгілі, бізге мақтаныш болады деген ойдамыз.Әлемнің жеті кереметі дүниежүзінде  болса, Қазақстанның  өзінде жеті кереметі бар.