Қазақстан тарихының жарқын беттерінен

46

Тәуелсіз Қазақстан: бейбітшілікті, келісімнің және

 жасампаздықтың 20 жылы

 

Тақырыбы: «Қазақстан тарихының жарқын беттерінен»  

Мақсаты: еліміздің тарихы туралы түсінік бері, өз Отанын сүюге тәрбиелеу, туған елге сүйіспеншілігін арттыру.

Көрнекілігі: Н.Ә.Назарбаевтың суреті, еліміздің рәміздерінің суреті, нақыл сөздер.

Барысы:

Жоспар:

  1. Кіріспе
  2. Ел тарихынан шағын түсінік
  3. Өткен жылдар жемісі
  4. Тәуелсіздікке -20 жыл

     Мұғалім: Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Сіздерді бүгінгі 1 қыркүйек –Білім күнімен құттықтаймын. Сіздерге зор денсаулық, ашық аспан, жүздеріізден күлкі, құшақтарыңңызға гүл сыйлаймыз.

Атыңнан айналайын егемен ел,

Тәуелсіз күнің туды келеле бер.

Мерейің құтты болсын тәуелсіздік,

Ғасырдың тойы болшы келе берер!

«Елім менің аңсаған, тас бұғаудан босаған» дегендей, қоғамды өмір сүруші әрбір адам тәлім-тәрбиесіз, өнер-білімсіз, еңбексіз өмір сүре алмайды.

Тарих –сырт көзге оп-оңай сияқты көрінгенмен, терең қатпарлы, күрделі ғылым. Содан болар, тарихтың айналасында айтыс-тартыс, пікір-талас үнемі болып турады. Еліміз тәуелсіздік алғалы бері, тарихымыздың көлеңкелі беттері ашылып, өз тарихымыздағы шындықтарға көзіміз жетіп отыр.

Тәуелсіз еліміздің тірегі білімді ұзрпақ дейтін болсақ, солардың бірі өздеріңіз.

1-жүргізуші: тәуелсіз мемлекетіміздің 20 жыл толуына орай тарихымызға көз жеткізейік.

Өткен тарихымыздан аздаған түсінік. 15 ғ . қуатты қазақ хандығы нқұрдық, алайда тәуелсіз Қазақстан мемлекеті бейбіт, тыныш өмір сүре алмады. Үлан байтақ елімізге жан-жақтан көз тігіп ойран салушылар көбейді. Қаннен қаперсіз жатқан елімізге жоңғар қалмақтары тұтқиылдан шабуыл жасап қалың жұртты қанжылатты.

2-жүргізуші: XVIII ғасыр басында дүріккен ел «Ақтабан шұбырынды» болды. Жұрт алқа көлге аялдап, қасиетті Қаратауға бас сауғалады. Қаратаудың байрайында қалың қазақ бас қосты.

1-жүргізуші:XVII -XIX  ғасыр басында халқымыз еркіндік пен тәуелсіздігінен айырылды. Көмек күткен орыс қазақ халқын аздыра бастады. Ұлан ғайыр даламыз басынан қара тұман серпілмеді.

1-оқушы: Біздің 1917 жылғы бостандыққа қолымыз жетпеді. Өз жерімізге өзіміз қырғынға ұшырап, қуғынға түстік. Мыңдаған жандар ата-жұртын тастап кетуге мәжбүр болды. 1923-1933ж. болған адам айтса нанғысыз ашаршылықта халықтың 2,2 миллион опат болды. Тағы аштық, тағы жалаңаштық, тағы өлім. Әл жоқ, дымы құрыған сорлылар елін тастап кетуге мәжбүр болды. Бүгінгі атамекенін тастап кеткен халқымыздың саны 1 миллион 578 мың адам.

2-оқушы: 1936-1938 ж. репрессия оқиғасы. М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, І.Жансүгіров және т.б.

3-оқушы: 1941-1945 ж. аралығында адамзат тарихында болмаған алапат соғыста бірлік, достық жолында жан қиған қазақ батырлары фашизімнен бүкіл адамзаттықты қорғап, ерекше ерлік көрсетті. Осы жылдарда ең көп қырылған қазақ еді. Атап айтсақ: Б.Момышұлы, Ә.Молдағұлова, М.Мәметова және т.б.

4-оқушы: 1954-56ж. қазақ жеріне өзге ұлттар топырлатты.

5-оқушы: 1970-1980 ж. тілі мен салт-дәстүрін айырылып, рухани азғындау күшейді.

6-оқушы: 1986 ж. қазақтың рухын таза құрпақшы бодды. 1986ж.

16-желтоқсанда Алматыда Қазақстан Комунистік Партиясы Орталық Пленумы болды. Пленумында Республика басшысы Д.А.Қоневты орнынан алып, республикаға мүлде белгісіз біреу Г.Колбинді отырғызды. Жанартаудай бұғып жатқан ұлттың ыза-кегі сыртына бұрқ етіп, қазақ жастарының көтерілісі басталды. Қ.Рысқұлбеков, Е.Сыпатаев, Л.Асанова, тәуелсіздік жолында мерт болды.

1-жүргізуші: «орнында бар оалар» демекші ел орында, жер орнында. Жерге жетер байлық жоқ. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүниежүзіне танылды.

2-жүргізуші: 1991 ж. 1 желтоқсанында республика жұртшылығы тұңғыш рет Н.Ә.Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайлады.

7-оқушы: 1991 ж. 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп жарияланды.

8-оқушы: 1992 ж. қазан айында тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа самғады.

9-оқушы: осы жылы 4- маусымда Президент туралы Қазақстан Республикасының мемлекеттік Жалауы, Елтаңбасы ,Әнұраны  туралы заңдарға қол қойды.

1-жүргізуші: 1993 ж. 30-маусымда тәуелсіз Қазақстан Республикасының  тұғыш «Ата заңы» қабылданды.

2-жүргізуші: 1995 жылы ақыл-ойдың данышпаны, қазақ халқының дана ақыны Абай Құнанбайұлы 150 жасқа толды. Осы жылы миллиондардың көз жасымен келген «ұлы жеңңіске» 50 жыл толды.

-1998 ж. «Халық бірлігі мен ұлтты тарихы» жылы болды.

-1999ж. «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы» жылы болып белгіленді.

-2000 ж. «Мәдениетті қолдау» жылы болды.

-2001ж. 16-желтоқсанда тәуелсіз еліміз 10 жасқа толды.

2008ж. Астанамыз 10 жасқа толды.

1-жүргізуші: Қазақстан территориясы бойынша дүниежүзінде 9-орын алады. Ал ТМД елдері бойынша 2-орын алады.

Мемлекетіміздің астанасы 1997 жылы Астана қаласына көшірілді. Бүгінгі Астана қаласы Қазақстанның ең ірі және эконмикалық дамыған мәдени қаласына айналып отыр.

Қазақстан- көп ұлысты бауырына басқан, татулық пен ынтымақты ту еткен бейбіт сүйгіш ел. Бүгінгі елімзде 130-дан астам ұлт өкілдері дтату тәтті өмір сүруде.

Мұғалім: Қазақстан едәуір алға дамып, әр басқан қадамы тарихтың жарқын беттерінде ізі қалды.

Бүгінгі біздің Тәуелсіздігіміздің -20 жылдығына арналған сынып сағатымызды Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сөзімен аяқтағым келеді.

Тәуелсіздік алғанна кейін небір тар жол , тайғақ кешулерден сүрінбей өтіп, Қазақстан бүкіл әлем танып отыр. Қазақстан таяудағы  жылдар ішінде әлемдік бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіруі тиіс. Бұл дегеніміз –бәсекеге төтеп беру. Әлемдік бәсекеге төтеп берудің басты шарты –күшті рух пен білім. Өз Отанының патриоты болу-бұл Қазақстан .