Имандылық жүрекке ұяласа

564

Сабақтың тақырыбы: Имандылық жүрекке ұяласа

Сабақтың мақсаты:  1.Оқушыларды адамдық асыл қасиеттерді

қастерлеп,өмір заңдылықтарын білуге үйрету.

  1. Адамгершілік қасиетттерге бағыттай отырып,

оқушының рухани білімін байыту,логикалық ойын

дамыту.

  1. Адамгершілік қасиеттерді сезіне білуге және үлгі ете

білуге трбиелеу,имандылық,инабаттылыққа баулу.

 

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап,топтастыру,тренинг,жағдаяттық сұрақтар

Сабақтың көрнекілігі: слайд,нақыл сөздер

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру

 

Шатттық шеңбері. Музыка ойнап тұрады.Оқушылар шеңбер құрып, қолдарын дағы гүлдерін бір – біріне ұсынып,жақсы тілектерін айтады.

 

Білектей арқасында өрген бұрым

Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын

Кәмшат бөрік,ақ тамақ,қара қасты

Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін ?!

 

Атадан жақсы ұл туса

Елінің туы болады

Атадан жаман ұл туса

Елінің соры болады

  • Оқушылар,бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Имандылық жүрек

ке ұяласа» деп аталады. Берілген екі түсті таңдап алып,екіге бөлініп отыра мыз.

 

 Тренинг. Алдарыңыздағы параққа адам бойындағы жаман,жақсы қасиеттер ді жазып,алдарыңызға бүктеп қойыңыз.

«Топтастыру» стратегиясы

Имандылық

Адалдық

Әділдік

Адамның асыл қасиеттері

Әдептілік

Ізеттілік

Қайырымдылық

  • Балалар,қазақта мынадай тілек тілейді екен.Қыздарға ибалы,инабат

ты болсын,ұлың иманды,жүректі болсын,адамгершілігі мол болсын,қайырым ды болсын. Адам бойында жақсылық пен жамандық,имандылық пен имансыз дық қатар жүреді.Осы қасиеттерден аулақ болу үшін манағы жаман қасиет терді жазған парақтарды жыртып тастайық.

 

Имандылық пен инабаттылық туралы не білеміз?

Балалар пікірі тыңдалады.

Жаңа ақпарат.

Иман – араб тілінде «сенім» деген ұғымды білдіреді. Имандылық Алланың ақ екендігіне,ал Мұхаммед пайғамбарымыз ұсынған парыздарды мүлтіксіз орындауға,яғни адамгершіліктің биік мақсаттарын сөзсіз атқаруға үндейді. Халық адамгершілігі жоғары кісіні «иманды» деп құрметтейді. Адамгершілік қалыпты бұзған адамды «имансыз» деп жек көреді. Адамгершілігі,ар – ұяты бар адамның бет – бейнесі,иман жүзділігі жарқын,биязы,парасатты болады. Инабаттылық – әдептіліктің әсем көрінісі. Инабаттылық рәсімдері: қарапайы мдылық,сыпайылық,тіл алғыштық,адалдық,әділдік,жауапкершілік.

 

Ойланайық,пікірлесейік.

 

А) Ұлдарға сұрақ:

  1. Қыздың көркі деп нені түсінесің?
  2. Қыздарды неге өмірдіңгүлі дейді?
  3. Қыздарға қандай қылықтар жараспайды?
  4. Сұлу қыздарға арнап мақал айт

 

Ә) Қыздарға сұрақ:

  1. Ұлдарға қандай қылық жараспайды?
  2. Ұлдарға арнап мақал айт
  3. «Атадан жақсы ұл туса,елінің туы болады» дегенді қалай түсінесіңдер?
  4. Ұл бала үшін қасиетті борыш деп нені айтар едің?

 

Проблемалық жағдаяттар

  • Мектептен үйге қарай жүгіріп келе жатқанда алдыңнан бір үлкен кі

сі шықты. Сен не істер едің?

  • Автобуста,қоғамдық орында егде адамдарды көргенде не істейсің?
  • Үлкен кісілермен қалай сөйлесу керек?

 

Қорытынды. Адамгершілік,имандылық пен инабаттылық туралы мағлұмат алдық.Егер сен бала күніңнен әдепті,иманды,жүрегі мейірімге толы бала бо лып өссең, есейе келе ата –анаңның,өз Отаныңның мақтанышы боласың.