Тәуелсіз елім Қазақстан!

70

Тәуелсіз елім Қазақстан!

Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларды еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі жеткен жеңістіктерімен таныстыру,әлем таныған ел екенін дәлелдеу,білімдерін кеңейту.

Болашақ ұрпақтың рухани тұлғалық және адамгершілік құндылықтарын дамыту.

Отанын сүюге,ел тарихын білуге,еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге,отанымыздың  байлығын қорғауға,елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.

Тәрбие сағатының көрнекілігі: Қазақ елі суреттері,Қзақстан Республикасының рәміздері:Туы,Елтаңбасы,Әнұраны.Н.Ә Назарбаевтың суреті.

Нақыл сөздер,Қазақстан туралы әндер.

Тәрбие сағатының барысы:

Қазақстан туралы не білеміз? Мен Қазақстанда тұрамын. Мен Қазақстанда білім алып жатырмын.Мен еліммен мақтанамын.Елімнің гүлдене бергенін қалаймын.

Мұғалім сөзі. Міне оқушылар біздер елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ.                Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешірді.Мыңдаған жылдық                    тарихы бар.Қазақстан тәуелсіздік алды.

Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады.

Оқушы:16 желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып,Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.

Оқушы:Осының нәтижесінде 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі            туралы заң қабылданды.

  Оқушы:   Атыңнан айналайын егемен ел,               «Туған ел» суреті

Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.

Мерейің құтты болсын Қазақстан!

Ғасырлар тойы болшы келе берер!

Оқушы:   Мерекең құтты болсын егемен ел,

Терезең барлық елмен тең ерен ел.

Бабалар мәңгі бақи арман еткен,

Теңдікті,бостандықты иеленгендер.

Оқушы:    Бостандық құтты болсынерікті ел,

Айдын көл, көк майсалы көрікті жер

Бостандықты аңсаған батырлардың

Әруағына бас ұрып, тәу еткен жер.

Ән «Отаным — Қазақстан»  

Оқушы:   Егемен елімнің ертеңі деп,

Елбасы баға берді жастарыма

Оқу оқы, білім ал, елің үшін

Еңбек ет тыным таппай, жан аяма.

Оқушы:       Халқымның мақтанышы — алып тұлға.        «Бәйтерек» суреті

Әлемнің назары ауды Ақ ордаға

Бәйтерек – көкке қолын созып тұрған,

Ұқсайды менің асқақ арманыма.

 Оқушы:      Ел болдық егеменді, теңдік алып,

Бар әлем қазақ елін болды танып

Қайнауы кенге толы Қазақ елі,

Жыл сайын келеді өсіп қанат жайып.

«Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә Назарбаев» суреті.

Оқушы:        Ел болдық ерік алдық астаналы

Енді кімнен қазағым жасқанады?

Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,

Нұрсұлтанның атымен басталады.

Оқушы:        Жаралдық молшылықтан толы ағыстан

Жолың бар жақсылықты қалап ұшқан

Ғасырдың биігіне шықтың ту боп,

Көркейген елім менің – Қазақстан!

Хор      «Елім менің»       Сөзі: Н. Назарбаев           Әні: Б.Тілеуханов

«Астанаға саяхат»  суреттер көрсетіледі.

Оқушы:         Көз қуанып күн сайын көркеміне,

Көңіліміз сенеді ертеңіне                                             «Астана» суреті

Қазақстан – алып ел, төрі Астана,

Таңым ғана лайық ел төріне.

 Оқушы:         Кең далалы, кең пейілді қазақпыз,       

Құл емеспіз, еркі жанбыз, азатпыз

Ел намысын ешбір жанға бермейиіз,

Өмірді алға бастырамыз өрлейміз.

Отан туралы мақал-мәтел білеміз бе?

 Ойын «Мақал-мәтел» жалғасын тап.

Оқушы:          Отаным – Қазақстан туған жерім,

Мұнай мен газ болады асыл кенім

Көркейтіп бір өзіңді келе жатқан,

Артамыз елбасына үлкен сенім.

Оқушы:            Ұлттық өрнек мұрамыз

Адастырмас мұраттай

Нық көтеріп тұрамыз

Жалауды біз құлатпай.

Оқушы:     Бүгін әрбір мемлекеттің ғасырлық тарихына байланысты рәміздері бар.

Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба, Әнұран. Бұл халық бірлігінің белгілері.Қазақстан Республи-       касының да өз рәміздері бар.Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу — әрбір азаматтың міндеті.

 Оқушы:        Бұлт баспасын күнімді                        «Ту» суреті

Тарылмасын өрісім.

Биік ұстау Туымды-

Қасиетті борышым.

Оқушы:     Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы ортасында шұғылалы күн, оның астын-                         да қадықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрвшты көгілдір түсті мата. Бұл түс- ашық аспанның,тыныштықтың белгісін көрсетеді.Тудың ортасындағы алтын күн – баршаға ортақ, бәрі-                     не нұрын шашып, сәулесін төгеді.Оның жылуы жер бетіндегі бүкіл тіршілік тіршілік атаулыға ортақ.           Алтын күнді қанатымен жебеп, өрге көтер»п ұшып бара жатқан қыран құс – ерлік белгісі. Матаның                  сол жағында ою — өр негі бар тік жолақ орналасқан. Бұл қазақ елінің әшекейі. Алтын күн, Қыран                    және ою- өрнек біздің халқымыздың ашық келешегі мен бай – берекесі, тыныштық пен байлықтың           белгісі.

Оқушы:         Желбірейді шалықтап

Қазақстан жалауы

Көкке қыран қалықтап,

Қанат қағып барады.

Оқушы:             Мен қазақпын, ұланымын қазақтың

Тәуелсізбін, егеменмін азатпын

Көк байрағым тұр көгімде желбіреп

Алатаудай көкке өрлеген азатпен

 Оқушы:             Бабам тұлпар жаратты                                          «Елтаңба» суреті

Құлынын да танып ақ

Тұлпар барда қанатты

Шайқалмасын шаңырақ.

Оқушы:         Тәуелсіздік көркі ол да,

Өрке ниет өрінде

Нұр төгеді Елтаңба

Ақ Орданың төрінде.

Оқушы: Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнелеген.Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап, уықтар шаншылған.Жарық жұлдыз – Ота-          нымыздың жұлдызы биіктеп, бақыт жұлдызынан  нұр шашып тұрғанын бейнелейді.Қанатты тұл-                пардың баламалық мәні қазақтың аңыз ертегісінен алынған. Аңыз бойынша қанатты тұлпарға мін-                   ген алып батыр алты қанат аспанға ұшып, жеті қат жер астында түсіп халықты қасіреттерден азат еткен,еліміздің азаттығы мен жеңімпаздығының белгісі.Бидай сабақтары тоқшылықты, молшылық-                 ты білдіреді. Ал төменгі жағындағы «Қазақстан» деген жазу еліміздің ежелден әлемге танымал                    екенін көрсетеді.

Оқущы:         Бас білгізіп жер тарпыған тарпаңға

Жасы тұрмақ, шығады екен қарьты аңға

Қалай оның елтаңбасы болмайды

Түлегіне дейін салса ен – таңба?!

Оқушы:     Енді бүгін өлген Туым тірілді

Әнұраным жалғап алды ғұмырды

Босағада қалып келген Елтаңбам

Баяғыша төріме кеп ілінді.

Оқушы:     Батырлыққа уызынан жарыған

Ер түркіні байрағынан таныған

Өзі ақын, өзі әнші халықта

Кім айта алар

Болмаған,- деп — Әнұран?!

Оқушы:     Кез келген мемлекеттік рәміздің ең маңыздысы — Әнұран. Әнұран   мемлекеттік салта-              натты ән. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың  мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі              өмірі мен келешек арманы айтылған.

Хор  «Әнұран»  Бәріміз әнұранды айтып берейік.

Оқушы:          Бақтың құсы әр адамға қонып бір

О, Тәңірім, бізді баққа жолықтыр…

Бүгін міне, Тәуелсіздік ағайын,

Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр!

Оқушы:          Көк аспанда нұлы күн

Күлімдейді далама

Бақыт тілеп тұр бүгін

Ол барлық пәк балаға.

«Сөзжұмбақ»  шешу.

Оқушы:           Көк жүзінде қалықтаған қыранмын,

Бейбітшілік пен бостандық жыр әнім

Самғап жүрсек бостандықта, биікте

Шарықтайды кең көлемде бұл әнім.