Ғасыр дертіне тосқауыл

Тақырыбы: Ғасыр дертіне тосқауыл

Мақсаты:   1. Ғасыр індеттері: темекі, арақ, есірткі, жұмыссыздық, өзіне-өзі  қол салу, ядролық қаруды сынау, т.б. қоғам келеңсіздіктеріне жек тұлғаның бойында, ішкі дүниесінде қарсы ой туғызу, тосқауыл қою.

  1. Оқушылардың өзіндік дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру.
  2. Оқушыларды жаман әдеттерден аулақ болуға, салауттылық –қа, өз мақсатына жете білуге тәрбиелеу.

       Түрі:      Пікірсайыс.

       Көрнекілігі:  буклеттер, баспасөз материалдары, нақыл сөздер, т.б.

 

       Өткізілу барысы:  1. Ұйымдастыру бөлімі

 

  1. Ой қозғау. “Ғасыр дерттері”  ассоциация құру.

 

             Қазақстан демократиялы,зайырлы,құқықтық және әлеуметтік мемлекет ,оның қымбат қазынасы адам және адамның өмірі,”Қазақстан-2030”стратегиялық бағдарламасындағы 8 басымдықтың бірі азаматтардың денсаулығын,білімі мен әл-ауқатын жақсарту.

Бүгінгі күн тәртібіндегі әлеуметтік мәселелердің бірі-уақыттың барша адамға қойып отырған сауалы-ғасыр дерттеріне тосқауыл қою.

 

    -Оқушылар пікір сайысына байланысты екі топқа бөлінді.Топтың екеуіне де ортақ пікір ,ой туғызатын,дүниетанымы мен білімін анықтайтын сөйлеу машығын қалыптастыратын тақырып берілді.

     Категориялық топтастыру.

 

     *** Категориялық топтастыру бойынша әр топ деректер мен дәйектер келтіре отырып, өз пікірлерін қорғайды.

 

     Жүргізуші: Ғасыр дерттерінің кейінгі мәліметтерін мына көріністен көре аламыз.Қазақстанның бір жас отбасында дүниеге нәресте келді.Дәрігерлерді де,ата-аналарды да бұл мәселе қатты толғандырды.Дәрігер кемтар баланың болашағын,тағдырын ойлай отырып,дәрінің күшмен өлтіруді ұсынды.Бұл ұсынысты әкесі құптады,ал анасы қарсы болды.                                                                      

1-ші топ әкесінің ойын қорғады.

2-ші топ анасының ойын қорғады

(Ойлануға 1 мин,пікірді қорғауға 4 мин берілді,ал сайысқа 5 мин берілді.)

1.Жақтау.       2.Даттау.

         Бұдан кейін “Реанимация. Отбасы.Статистика” тақырыбында бейнекөрініс көрсетілді.

     Жүргізуші осы жағдаят жөнінде пікірсайысын ашық деп жариялады.

1.Жақтау тобы -“Болашақ”

2.Даттау тобы –“Ғасыр перзенті”.

1-ші спикерлер-өз кейстерін ашып,көзқарастарын нақтылады.

2-ші спикерлер-қарсылық туғызып,өз кейстерін қалпына келтірді.

3-ші спикерлер –жалпы ойынға, спикерлер қызметіне сараптама жасады.Дебатқа екі топ қатысты-жақтаушы және даттаушы.Әрқайсысына үш спикер кіреді.Оппоненттеріне қарағанда әркімнің өз пікірі нанымды шығыуы тиіс.

Жақтаушы жақтың кейсі:

       -Бүгінгі ойын барысына көшетін болсақ.біздің қарастырып отырған басты қарарымыз”Ғасыр дертіне тосқауыл” керек.

Дүниеге келген кемтар  нәрестенің болашақтағы тағдыры кімді болса да ойландыратыны анық.

          Бүгінгі адамзаттың қасіретіне айналып отырған нашақорлық дерті мен нашақорлыққа құмарлық Қазақстанды шаршып қана қоймай,жылдан жылға дендеп барады.Әрбір азамат нашақорға ауру деп қарап,оған емделуге көмектесуі парыз.Сонымен қатар,айта кететн мәселе,қазақтардың ағзасындағы ауруға қарсы тұратын жүйе әлсіз.Спирт пен есірткіні білмеген қазақтардың ағзасында оны қорытатын арнайы фермент жоқ.Сондықтан спирт пен есірткі жергілікті ұлт өкілінің денесін тез жаулап алады. Мұны әрбір саналы жас мектеп жасынан білуі тиіс. Өмірге қатер туғызатын бұндай індеттер жастарға өз болашағына балта шабумен бірдей. Нашақордан дені сау ұрпақ өрбімейтінін әркім- ақ біледі. Сондықтан нашақор үйленуден бұрын алдымен өз денсаулығына немқұрайлы қарамауы тиіс. Дүниеге кемтар баланың  кеуіне алдымен нашақор әке жауапты. Қолымен істегенді мойнымен көтеруге тиісті. Сондықтан, ҚР Конституциясының 15- бабы, 1-тармағында әркімнің өмір сүуге құқығы бар. 15- бабы, 2-тармағында “Ешкімнің де өмірін жоюға құқығы жоқ” делінген. Гиппократ антын бұзып, дәрігерлердің ой салуы қылмысқа негіз болатын нәрсе.

    Осыдан келіп шығатын ең негізгі мәселеміз: адам өміріне қол жұмсау- қылмыстың өте ауыр түрі. Ал осы мәселенің туу себебіне тоқталатын болсақ:

  1. Ата-ананың жауапсыздығы.
  2. Ақ халатты абзал жан- дәрігерлердің қылмыс жасауға ой салуы.
  3. Бала әкесінің жауапкершіліктен қашуы.

 

     Енді бұл мәселеге байланысты біздің топтың ұсынып отырған ең тиімді деген шешу жолдарымен таныстырсам.

  1. Бала денсаулығын жақсартатын барлық мүмкіндіктерді қарастыру.
  2. Ата-анасына салауатты өмір салтын қалыптастыра отырып, адамгершілік- моральдік бағытта ықпал ету.

     Мен өз сөзімді аяқтадым. Қарсы сұрақ-жауапқа дайынмын.

    Пікір-сайыс аяқталып, қорытынды сөздерге кезек берілді.

 

  Қорытынды:   

    Мағжан ақынның:

                                      “Мен жастарға сенемін!”  өлеңі оқылды.

 

          Жүргізуші: Жастық шақ- адам өмірінің ең бір белсенді, ең бір өнімді кезеңі. Адам бойындағы ең  асыл қасиеттер осы жастық дәуренінде бүршік атады, өміріндегі ең тамаша нәрселер дәл осы шақта жүзеге асады.

 

      Аяжан.  Елімізде әрбір адам өз қалауынша өмір сүруге құқылы. Адам және адам өмірі қымбат қазына.

      Мирас:  Өмір- даңғыл жол емес, ол мәңгі бақи күрес. Оның жолында дауылдар мен кедергілер болып тұрады. Бұл кедергілер өмірімізде өте қауіпті, зиянды әрекеттеріміз бен өзіміз жасайтын кемшілік- кемістіктеріміз.

     Мейрамгүл:  Маскүнемдік, нашақорлық тәрізді зиянды әдеттер қазіргі заманда барша қоғамның қайғы- қасіретіне айналып отыр. Бұл тажалдар аз болғандай, СПИД деп аталатын тағы бір індет жер жүзіне жайылып келеді. Бұл ғаламдық көлемде лаң берген кеселді апаттардың жолына тосқауыл қойып, қалай сақтауға болады?

    Бекнұр:  Бүгінгі кеш тақырыбын неліктен “Ғасыр дертіне тосқауыл” деп атағанымызды түсіне жатарсыздар.

 

      Бір жұтым арақ, бір сорым темекі және есірткінің дәмі…

 

     Бүгінгі әңгімеміз осылардың зардабының көрінісі болмақ…

 

     Бірінші өз басыңмен ойлан демекшімін. Жыл сайын жүздеген жасөспірімдер есірткі мен арақтың, шылымның құрбандары болуда.

 

     Екіншіден, келтірілген фактілерді сараптасақ, есірткіні қолдану бірден ақылдан алжасып, жындануға әкеп соқтыратын тозақ жолы.

 

     Үшіншіден, тозаққа апаратын жолға түсуші болма. Өміріңді қауіп- қатерге тәуекел етпе!            

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      Тақырыбы:                          ”Діни мейрамдар”

      Мақсаты:   1.  Ораза айт,жарапазан,қажылық және құрбан айттың шығу тарихымен таныстыру.

  1. Оқушылардың бойына адами ізгі қасиеттерді қалыптастыру.
  2. Оқушыларды халықтық салт-дәстүрді құрметтей білуге үйрету.

       Түрі:      Әңгіме.Танымдық сағат.

       Әдісі:  Баяндау.Сұрақ-жауап.

       Көрнекілігі: Баспасөз материалдары.Сызбалар.

 

       Өткізілу барысы:  1. Ұйымдастыру бөлімі.

    

      2.Ой қозғау бөлімі   ”Қандай діни мейрамдарды білесіңдер?” ассоциация құру.

 

 

  1. “ББҮ стратегиясы” бойынша жұмыстану:

*** алғашқы 2 бөлімін толтыру.

     

БілемінБілгім келедіҮйрендім
 

 

 

 

  

 

  1. Оқушыларға мәтіндер үйлестіру

      

Ораза айт.

      Ислам дінінің қағидасы барша мұсылман дінін ұстанушылардың бәрі отыз күн ораза ұстауы керек.ораза ұстау-араб күнтізбесі барша рамазан айында таң атпай бекітіп(сәресіні сағат 4-5-терде ішеді),күн әбден батқан соң ашады.Ол кезде темекі шегу мен насыбай атуға,ойын-сауыққа,нәпсіге тыйым салады. Осы уақыттарда адамдар Алла-тағалаға арнап, Құран кәрімді, діни шариғат заңдарын оқып, рухани тазалыққа ұмтылатын болған. Ғұрып бойынша, отыз күн оразадан соң діни мейрам үш күн ораза айты болады. Ораза айтының алдында әрбір отбасы мүшелері кедейлер мен мүсәпірлерге пітір береді (пітір жанға саулық тілеп садақа беру).

     Ораза айтының алғашқы күнінде ата-бабалардың аруағын еске түсіріп, құран оқыту, “жұмалық” ас беру (жеті шелпек пісіру)мұсылмандарға парыз болып саналған. Үш күн айт мейрамында үлкендер де, бала-шаға да жақсы киініп, әр үйге кіріп “Айттарың қабыл болсын!” деп тілек білдіріп, айтқа дайындалған тамақтан ауыз тиіп, құран оқып шығады.

 

Жарапазан

Ораза айтының кезінде кедей-кепшік, жоқ- жітік адамдар ауыл-ауылды аралап, әр үйдің жанына келіп жарапазан айтатын болған.

        Жарапазанды көбінесе ақындар шығарған. Кейде ақындық өнері шамалылар немесе қайыр сұраушылар оны жаттап алып айтқан. Бұл өлеңді көбінесе бай үйлерге арнап, солардан қайыр- садақа сұраған. Мысалы:

                                   Айтамын, балалар, сізге жарапазан,

                                   Молдалар ертең ерте айтар азан.

                                   Айтқанда жарапазан қайыр берсең,

                                   Барғанда ахиретке болмас жазаң…

      Жарапазанда бата-тілек те қоса айтылады. Мысалы:

                                   

                                   Жарпазан айта келдік есігіңе

                                   Қошқардай бір ұл берсін бесігіңе.

                                   Қораңыз ақтылы қойға толып,

                                   Кемімес дәулет берсін несібеңе,- дейтін бата- тілектен, адал көңілден шыққан ақ баталардың нышаны байқалады. Оның тәлімдік мәні зор екені сөзсіз.

 

 

Құрбан айт.

 

Ислам дінін бүкіл араб елдеріне таратушы Мұхаммед. Ол 570 жылы Мекке қаласында туып, өмір сүреді. Мұхаммед 622 жылы Меккеден басқа дінді қабылдаушылардан қуғын көріп, қашып шығып, Мәдина қаласына келеді. Ол бір қүұдайға құлшылық етіп сенуші мұсылмандарды Мәдина қаласы маңына жинап, Омар, Осман, Әли Бәкір, Әбу Талиб сияқты Әділ Халифтердің көмегімен бүкіл араб елдерінің басын біріктіреді. Ясрит арабтары Мұхаммедті “Пайғамбар құдайдың жердегі өкілі” деп танып, көктен түсірілген “құдай сүрелердің” жиынтық кітабы (Мұхаммедтің айтуы бойынша жазылған) Құранды қасиетті дін заңы ретінде қабылдаған. Бұл күн арабтардың жыл санауы бойынша 622 жылғы  шілде айының 16-сына келеді.  Яғни мұсылмандар Мұхаммед дінін шын мойындаған күні құрметіне мал сойып, құдай жолына құрбандық шалатын болған. Міне, құрбан айты 14 ғасыр бойы бүкіл мұсылман елдерінде жыл сайын мейрамдалатын діни мейрам ретінде аталып өтіп келеді.

 

 

Қажылық.

 

Жыл сайын дүние жүзінің мұсылмандары араб айының жылнамасының он екінші зул-хижжа айында Ислам дінінің шыққан жері Меккеге барып, қажылық жасайды. Мекке шаһарында қасиетті мешіт бар. Оның дәл ортасында төрт бұрышты ғимарат тұр. Оны арабтар сыртқы пішініне байланысты “қағба” деп атаған, яғни текше деген сөз. Қағба қара жібек матамен жабылған. Ол матаға алтын әріппен құран аяттары жазылған. Бұл мата Мысырда тоқылған. Қағбаның оңтүстік- батыс бұрышында Алла-тағала өзінің құдіреті мен шапағатын адамдарға білдіру үшін аспаннан түсірілген “қара тас” бар. Қағбаның жанында минералды қайнар бұлақ ағады. Меккеге барғандар осы бұлақтың суын торсыққа құйып, ішіне күміс салып, елге әкеліп, ауылдың үлкен- кішісіне бір- бір қасықтан үлестіріп дәм таттыратын болған.

   Меккеге қажылыққа барушы мұсылман үстіне ақ киім- ихрамды киіп, алдымен қағбаны жеті рет айналады. Сонан соң Сафа төбешігінен Мәруа төбешігіне дейін көшені бойлап жүгіреді. Оны сағи деп атайды. Одан кейін Меккеге отыз шақтай жердегі Арафат тауына шығады. Содан соң Меккенің сыртындағы Мін деген жылға өзекте мал сойып, құрбандық шалады. Малдың қан- жынынан басқасын түгел асып пісіріп, аш-арыққа, кәріп- кәсерлерге үлестіріп береді. Оларға қайыр- садақа да үлестіреді. Міне, осы дәстүрді орындаған мұсылман қажы атанады. Қажылар Мәдина шаһарындағы Мұхаммед пайғамбардың зиратына барып, дұға оқиды. Қажылық құрбан айт мейрамымен аяқталады.

    Құрбан айты ораза айтынан кейін 70 күн өткен соң болады.

 

 

*** Мәтінмен танысып болғаннан кейін ББҮ стратегиясының 3-  бөлімі толтырылады. Әр оқушы өзінің толтырған жұмысымен таныстырады.

 

Қорытынды: — Балалар, осындай халқымызда сонау ерте заманнан келе жатқан діни мерекелерді есте сақтап, орындай біліңдер. Мәнін жоймай, ұрпақтан ұрпаққа беріліп, жалғасын таба берсін.