Ерлік-ұрпаққа мұра

Тақырыбы:  «Ерлік-ұрпаққа мұра»

Мақсаты:  Оқушыларды отан сүйгіштікке, елін ,жерін қорғай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қанатты сөздер.

Барысы:

Жүргізуші:

Сол  Ауғанда талай  досты жерледік

Қарлы шыңға күн түн демей өрледік

Сұрапылда ерледік те шерледік

Намыс туын қолдан бірақ бермедік

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар «Ерлік-ұрпаққа мұра» атты ауған соғысының аяқталғанына 25 толуына орай арналған патриоттық ән кешімізге қош келдіңіздер.

Жүргізуші:

1979 жылы желтоқсан айында Кеңес үкіметінің ұйғаруымен Ауғаныстан жеріне  Кеңес  әскерлерін енгізу туралы шешім қабылданды. Тарих жылнамасынан орын алған зұлматтың бірі- Ауған соғысы.1989 жылы, Ақпан айының 15-де  талай аналарды перзенттерінен айырған, мыңдаған жерлес бауырларымыз қаза тапқан қасіретті де, қайғылы «Ауған соғысы» аяқталды. Жылдар өткенімен жауынгерлеріміздің өшпес ерлігі ел есінде сақталуда.

Жүргізуші:

Еске алайық, құрметтейік құрбандардың рухын

Қабірлері нұрға орансын, суық көрде жылынсын

Есіл ерлер ескерткішке айналсаңда біз үшін

Мәңгі бақи тірісіңдер, тірісіңдер!

Ауған соғысында қаза тапқан батыр ағаларымызды орнымыздан тұрып 1 минут үнсіздікпен еске алуыңызды сұраймыз.

Жүргізуші:

Ұмыт болған, ұмыт қалған жоқ ешкім,

Ешбір адам ұмытпайтын мәңгі есім.

Ұрпақ үшін тозбайтұғын бітпейтін

Жауынгерлер – естелігі соғыстың

10 ақпан күні «Ауғанның от жалыны»атты  ауылымыздың мәдениет үйінде аудандық патриоттық әндер байқауы болды. Осы байқауға ауылымыздың намысын қорғап шығып, жүлделі ІІІ орынға ие болған Ситуллин Ғаділетті сахна төріне шақырайық.
Ән: 200 жүк  авторы:Қ.Әлесов

Жүргізуші: Ерлік қылған ағаларым, аспан асты, жер үсті,
Біз сәндікке кимегенбіз деп, шалбар менен бөрікті
Отан ана алдындағы өтеймін деп борышты,
Аттандыңдар, атқардыңдар соғысты.

10 жыл бойы байтақ елдің тыныштығын бұзған осы Ауған соғысына Қазақстаннан 22000 адам қатысып, олардың 761 адам қаза тапы, 21 адам хабар ошарсыз жоғалды.Біздің ауданымыздан осы ауған соғысына 31 азаматтар қатысты. Солардың арасында ауған жерінде әскери борышын өтеген Мұратсай ауылынан Қарабаев Ерлан Нәсіпқалиұлы, Қуанов Сүлеймен Шынболатұлы азаматтық борышын  адал атқарып, елге абыроймен оралып, үкімет наградаларын иемденді.

Ән: «Атамекен» орындайтын: Сәлім Анарбек

Ән: «Жаса,Қазақстан» орындайтын: Ғалым Нұрхат

Жүргізуші:    Қарабаев Ерлан Нәсіпқалиұлы. 1966 жылы Мұратсай ауылында дүниеге келген Әскерге 1985 жылы 10  маусымда Орда аудандық әскери комиссариат арқылы алынған. Ауғанстан 09.08.1987 жылдары №82869 әскери бөлімде қызмет еткен. Наградалары : «СССР Қарулы күштеріне 70 жыл», «Интернациналист жауынгерге», «Құрметтеуші Ауған халқынан»  медальдары.

Ән: «Қазақ елі» орындайтын: Ибраева Ақкүн мен Қайып Нұрсұлтан

Ән: «Туған жер» орындайтын:  Әбілкаримова Мөлдір

Жүргізуші:  Қуанов Сүлеймен Шынболатұлы
Мұратсай ауылдық округінің тұрғыны.  1965 жылы туған. Әскерге 1986 жылы 20 мамырда Орал қалалық әскери комиссариат арқылы алынған . Ауғанстанда 20.09.1984-31.01.1986 жылдары  44653 әскери бөлімнің құрамында БМП жүргізушісі – механигі болған. Әскери борышын өтеу барысында жеңіл жарақат алған. «СССР  қарулы күштеріне 70 жыл », «Интернационалист жауынгерлерге», «құрметтеуші Ауған халқынаннан» медальарымен марапатталған. 

Ән: «Атамекен» орындайтын: Ибраева Ақкүн

Ән: «Мен қазақпын» орындайтын: Сағынғали Дамир

Жүргізуші: Қазақстан-көк  байрақты нұр  едің,

Сен дегенде  лүпілдейді  жүрегім.

Өзің менің  қуанышым, бақытым,

Өзің менің мақтанышым, тірегім.

Қыран  құсым  көк  аспанда  самсаған,

Желбіресін көк  байрағың  сан  ғасыр.

Жас  ұландар,берік  ұста туыңды,

Жарқыратып  туған елдің  таңбасын!

Ән: «Көк тудың желбірегені» орындайтын: Сүндетов Дулат

Ән: «Анашым» орындайтын: Абдрахманова Арайлым

Жүргізуші: Отан  ана  тағдырының  тынысы,

Отан  қорғау  жігітіктің  бір  ісі.

Отан    деген қасиетті  борышың,

Сатып  кетсең  болмайды  еш  кешірім.

Қалың  қазақ Отан  үшін  күрескен,

Қан  майданда  ОТАН  үшін  біріккен.

Отан  үшін  жазылады  дастан-ән,

Ей  адамдар! Отанды  қорғайық.

Жас  өмірді  ел  қорғауға  арнайық…

Ән: «Мен қазақ қыздарына қайран қалам» орындайтын: Мұратханова Жамалай

Жүргізуші:  Киеліңдей   жүретін кіл есіңде,

Кір  түсірме  ел  деген  ұлы  есімге.

Атамекен-бақытты  бабалардың,

Жеңіп  алған  сан  ғасыр  күресінде.

Күндерімен, түнімен  гүлдерімен,

Өзіңдікі  ол  сенің, білесің  бе?

Ел  де  сені  сүйеді  кезегінде,

Өмір  бойы  жүреді  ол  өзегінде.

Қорғайсың сен  көзіңнің  қарасындай,

Даласында, тауын  да,  өзенін  де.

Өз  анаңның алдыңда ұйықтағандай,

Өзі бақыт-жүргенін өз елінде!

  Құрметті көрермендер,  осымен «Ерлік-ұрпаққа мұра» атты патриоттық ән кеші өз мәресіне жетті. Мектеп оқушылары, қазақ елінің болашақ жас ұландары ерлік істерді үлгі етіп,отанымыздың іргесін қорғайтын патриоты  боларына сеніміміз мол!

Ән: «Қазақ елі осындай!» орындайтын: Маратова Аягүл

Жүргізуші:  Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге  көп –көп рахмет!

Еліміз тыныш, әлеуметіміз аман болсын!