ЕЛІМ МЕНІҢ

28

Тақырыбы: ЕЛІМ МЕНІҢ

Мақсаты:

  • Танымдық ой-өрісін, қызығушылығын дамыту.
  • Ел тарихын тани білуге құрметтеуге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, видеоролик

 Өтілу барысы

1 – жүргізуші:

Сәйгүлікті құйрық жалын таралған,

Сүйетұғын қазақ осы қараңдар,

Қазақ осы күй шығарып, ән салып,

Көкпар тартып қыз қууға жараған.

 2 – жүргізуші: Құрметті ұстаздар бүгінгі өткізгелі отырған «Елім менің» жобасына қош келдіңіздер ! Бүгінгі сайыс қазақ елінің рәміздерін ұлықтауға арналған сайыс.

1 – жүргізуші: Бүгінгі сайыс 6 айналымнан тұрады.

1-айналым.  «Сіз білесіз бе?»

2-айналым.    Сырлы суреттер

3 – айналым.   Капитандар сайысы

4 – айналым.   «Адасқан әріптер»

5 – айналым.  Ән жұмбақ

6 – айналым .  Жүзден  жүйрік

2 – жүргізуші:   Әділ  қазылар алқасымен таныс болайық:

  1. Мектеп директоры: Ж.Таңмамбет
  2. Оқу ісі меңгерушісі: С. Ержанова
  3. Тәрбие ісі меңгерушісі: А. Баспаев
  4. Мектеп психологы: Г. Әбіл

1 – жүргізуші:  Сайысқа қатысушылармен таныс болайық.

І топ «Бәйтерек»

Топ жетекшісі: Оспан Элеонора

Мүшелері:

  1. Сәду Әлішер
  2. Қапаш Гүлбақыт
  3. Әбдікер Әбдімұрат

 

 

2 – жүргізуші:

ІІ топ «Ханшатыр»

Топ жетекшісі:

Мүшелері:

1 – жүргізуші:  1-айналым.  «Сіз білесіз бе?». Бұл айналымда рәміздерге  байланысты сұрақтар қойылады. Сұрақтарға нақты жауап бересіздер.

І топтың сұрақтары:

  1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне нелер жатады.

Ту, Елтаңба, Гимн

  1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туында қандай түстер кездеседі.

Көк, сары

  1. Қазақстан Республикасының Гимні неше рет ауысты.

Екі рет

  1. Мемлекеттік Елтаңбада кездесетін аспан денесі

Жұлдыз

  1. Мемлекеттік Тудың ұзындығы мен енінің қатынасы қандай

2: 1

2 – жүргізуші:

ІІ топтың сұрақтары:

  1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері қабылданған жыл

1992 жыл

  1. Мемлекеттік рәміздер күні

4 маусым

  1. Мемлекеттік Туда бейнеленген, еркіндікті білдіретін құс

Қыран бүркіт

  1. Мемлекеттік Елтаңбада бейнеленген жануар

Қанатты пырақ

  1. Қазақстан Республикасының жаңа Гимні алғаш рет қандай жиында орындалды

Ел президенттін ұлықтау рәсімінде

1 – жүргізуші:  2-айналым.    Сырлы суреттер. Бұл бөлімде алдарыңызға берілген кескіндерді құрастыру  керек.

2 – жүргізуші: 3 – айналым.   Капитандар сайысы. Бұл бөлімде топ басшыларына тапсырма беріледі. Тапсырма мынадай:

  1. Мемлекеттік Тудағы көк түс қандай мағына білдіреді?( Көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi)
  2. Мемлекеттік Туда бейнеленген күннің, қыран құстың мағынасын түсіндіріңдер? (Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн — қозғалыс, даму, өсiп — өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан — байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР — ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан — дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi.)
  3. Мемлекетік Елтаңбадан орын тапқан Шаңырақтың мағынасын түсіндіріңдер?( Шаңырақ — мемлекеттiң түп — негiзi — отбасының бейнесi. Шаңырақ — Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ — киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi)
  4. Мемлекеттік елтаңбада бейнелеген қанатты пырақ қандай мағына білдіреді?( Қанатты тұлпар — қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол өлмес өмiрдiң бейнесi.)

1 – жүргізуші: 4 – айналым.   «Адасқан әріптер» Әр ойыншыға екі әріп тиесілі, сұраққа жылдам жауап беру керек, әр дұрыс жауап 1 ұпай

1-топ:                                                           2-топ:

О Л Ы Б А С А Р                                            А Р А Ж Т Қ Ы Л

1-топтың сұрағы:

1.Нанды баспа обал болады

  1. Балатілі бал
  2. Ақыл жастан

Асыл тастан

4.Бері тарса өгіз өледі

Әрі тартса арба сынады

  1. Көмекке келу асарсалу
  2. Өзін-өзі тану пәні сабағының авторы Сара

 

2 – жүргізуші: 

2-топтың сұрақтары:

  1. Ақылкөпке жеткізер

Өнер көкке жеткізер

2.Ескі жара аузын тырнады

3.Біреуге жала жаппа

 

  1. Үлкен кісі немесе атаны кім дейді қарт
  2. Көмірдің түсі қара
  3. Астана әсем қала

1 – жүргізуші: 5 – айналым.  Ән жұмбақ

  1. Атамекен
  2. Арыс жағасында
  3. Кешікпей келем деп ең
  4. 16 қыз

2 – жүргізуші:  6 – айналым .  Жүзден  жүйрік. Бұл айналымда  әр

топ өз сыныбын айқындайтын белгінің суретін салу керек.

 

Сайыс жеңімпаздарын марапаттау.