Қазақстан – 2050 стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр

Тақырыбы: «Қазақстан – 2050 стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр

Мақсаты: Оқушыларды Елбасының жаңа жолдауымен таныстырып, қойылатын талаптардың орындалуына атсалысу әр адамның борышы, жарқын болашаққа апарар тарихи құжат екендігін түсіндіру. Елжандылыққа, адамгершілікке, Отан сүйгіштікке тәриелеу.

 

Әдісі: Баяндау, түсіндіру.

 

Көрнекілігі: Н.Назарбаевтың суреті, Еліміздің рәміздерінің суреттері, нақыл сөздер, тірек-сызбалар, слайд.

Барысы: Амандасу, түгелдеу.

 

 І. Ұйымдастыру.

 

ІІ. Кіріспе.

-Қымбатты оқушылар бүгінгі Білім күні  сабағымызды  :  «Қазақстан-2050 стратегиясы: бір халық-бір ел- бір тағдыр»  тақырыбында бастағалы отырмыз. Осылай атауымыздың өзінде де үлкен мән бар,себебі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Халқы Ассамблеясының ХХ сессиясында осы тақырыппен сөз сөйлеген болатын. Неге біз бұлай айта аламыз? Өйткені «бір халық» — бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер, «Бір ел» -бұл барлығымыз үшін ортақ Отан, «Бір тағдыр»-бұл біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер. Бұл біздің ортақ келешегіміз – игілікті және өсіп- өркендеген Қазақстан! Осының барлығын қоса алғанда Стратегияны табысты жүзеге асыру үшін қоғамның бірлігі қажет дегенді білдіреді.

 

Бүгінде біздің азаматтар үшін барлық есік, барлық мүмкіндік, барлық жол ашық.
Біз көппіз және бәріміз – бір Елміз, бір халықпыз.
Біз осы құндылықтарды қазақстандықтардың әрбір болашақ буынына аялай ұсынуымыз керек.
Бейбіт күндегі белестерді бағындырып, алдағы сындардан сүрінбей өтеріміз, ең алдымен, өзімізге, бірлігіміз бен берекемізге байланысты.
Біз бәріміз бір атаның – қазақ халқының ұлымыз.
Бәріміздің де туған жеріміз біреу – ол қасиетті қазақ даласы.
Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан.
Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат  қылдық.

 

III. Сұрақ-жауап
2.Мемлекеттік рәміздерді атаңыз.

3.Тудың авторын атаңыз.

4.Елтаңбаның авторы кім?

5.Әнұранның сөзі мен әнін кімдер жазған? (Сөзі:Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев. Әні: Шәмші Қалдаяқов)

6.Қазақстан қашан тәуелсіз ел болды? (1991 жылы 16 желтоқсан)

7.Ұлттық валютаны айтыңыз? (теңге)

8.Ата заңымыз қашан қабылданды, биыл неше жыл?(1995ж.30тамызда,16 жыл)

9.Республика күнін айтыңыз.(25 қазан)

10.Алматының орталық алаңындағы «Тәуелсіздік монументі» ескерткіші қай жылы, кім үшін қойылған, ол туралы не білесіз?(1996ж. 16 желтоқсанда).


  1. Сөзжұмбақ  «Жолдау» сөзі шығу керек.
  2. Әлемдік сөзінің синонимі (Жаһандық)
    2. Отағасының антонимі (Отанасы)
    3. Ата-ана тәрбиелейді? (баЛа)
    4. «…-біздің табысты болашағымыздың негізі» (Ұлт Денсаулығы)
    5. Тіл дамуы, сақталуы үшін қандай қаріпке көшпекпіз?  (лАтын)
    6. Ел ертеңі жарқын болу үшін не істеу керек? (Білім алУ)
    (ЖОЛДАУ сөз  шықты)

 

— Ендеше, балалар, бүгін Жолдау туралы әңгімелесеміз.
Елбасы Жолдауында өмірдің баға жетпес құндылығы –балаға, бала тәрбиесіне, болашағына көп көңіл бөліп отыр. Отбасы, әке мен бала, бала мен ана мәселесіне –«Бала тәрбиелеу-болашаққа үлкен инвестиция» деуінде үлкен мән жатыр.
Білім- барлық уақытта жоғары құндылықтардың бірі болған. Тек білімді, сауатты адам ғана келешек тізгінін қолына ала алады. Осыны ескере отырып Елбасы Н. Назарбаев өз Жолдауында Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін әрі қарай дамыту, жетілдіру жоспарын құрып, көптеген мақсаттарда көздеп отыр. Бүгінгі ұрпақ білімді болса, ел ертеңі жарқын болмақ.
Президент  Жолдауының «Ұлт денсаулығы- біздің табысты болашағымыздың негізі» тарауында Қазақстан халқының денсаулығын сақтау, балаларымыздың денсаулығын қамтамасыз ету ісіне жаңа тәсілдер енгізу мәселесі, ауылдағы медициналық қызметтердің сапасын арттыру көзделген.
Елбасымыз биылғы дәстүрлі «Қазақстан – 2050» Стратегиясы Жолдауында жарқын болашаққа айқара жол ашты. Ондағы ең өзекті мәселенің бірі, бірегей  қазақ тілімен 2025 жылы латын әліпбиіне көшу жайы көпшілікті ерекше қуанышқа бөледі. Тәуелсіз ұлт болудың ежелгі шарттары: өзіне тән тілі, сенетін діні, салт-дәстүрі, жазуы, басқа ерекшеліктері болу .
Енді Жолдауда айтылған өркениетті дамыған 50 елдің қатарына жету бағыт – бағдарына ілесу, үлес қосу ісі тұр алдымызда.

 

Ү. «Елдің қамы – Елбасының жолдауы»

Енді, 2012 жылы Ел – Президенті 2050 жылға дейін елде атқарылуы тиіс дүниелерді нақтылады.

 

 

7. Жаңа Қазақстандық патриотизм.
1.        Түгел қамтитын экономикалық прагматизм.
2. Кәсіпкерлікті қолдау.
6. Дәйекті және болжамды сыртқы саясат.

 

 

 

 

 

 

4. Білім және кәсіби машық
5. Мемлекеттікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту.
«Қазақстан – 2050» стратегиясы
3. Әлеуметтік кепілдіктермен жеке жауапкершілік

 

 

 

 

 

 

 

Жіктеп аталған бұл жетеудің астарында зіл-батпақ салмақ жатыр.

Жаңа салық саясаты әлеуметтік бағыт алуы тиіс, — деді Президент. Мемлекет жұмсаған әрбір теңгенің қайтарымының пайдасы болуы тиіс.

Кәсіпкерлік жаңа экономиканың қозғаушы күші.

Мемлекет қоғамның әлеуметтік жағдайы төмен топтарына т.б. атаулы көмек үшін толық жауапкершілік алады.

Қазақ халқы жаһандағы білімі жоғары ұлтқа айналуы тиіс.

Мемлекетті нығайтып, Қазақстан өз демократиясын дамыту. Сотқа деген халық сенімін бекіту.

Еуразиялық одақ құру.

Біздің еліміздің әрбір азаматы, өзін – өз жерінің қожасы ретінде сезінуге тиіс.

 

ҮІ. Қорытынды.

 

Президент көп айтты, көпке арнап айтты. Ақырын да айтты, батырып та айтты, 2025 жылы латын әрпіне толық көшеміз. Қазақтың тілі түбінде үстемдік етеді. Бұл жолдау алысқа меңзейді, 2050 жылды көздейді. Оған дейін талай-талай уақыт өтер, талай өзен ағып кетер. Қазір қазақ іргесін мықтады, есін жиды, етегін қымтады. Ендігі жол – өсу жолы. Бұл ХХІ ғасыр Қоңыр мінез қазақ баласы үшін алтын дәуір болар – ау.

Ынтымағы орнаған елдің болашағы да берекелі болмақ.

 

-Қымбатты оқушылар, міне біз бүгінгі білім күні Қазақстан –бұл біртұтас жер, біртұтас халық пен бақытты болашақ екендігін және сол болашақтың тұтқасы сіздер екендігін түсінді деп сенемін.

Тұғырымыз-тыныштық, тірегіміз-тұрақтылық, тілегіміз – татулық болсын!