Брейн-ринг

51

Сабақтың тақырыбы:  Брейн-ринг

Сабақтың  мақсаты: Оқушылардың ой-өрісін, логикасын, танымдық қабілетін, есте сақтау қабілетін қлыптастыру. Ауыз екі сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын молайту. Өткен тақырыптарды пысықтау.

  Тәрбиелік  мақсаты:  Топта жұмыс істей алуға тәрбиелеу.

  Сабақтың  көрнекілігі:  Табло, лампа, компьютер, Буратино кейіпкері.

 

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру  бөлімі:

  1. Амандасу.
  2. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
  3. Сабақтың тақырыбымен таныстыру.

 

  1. Оқушыларды топқа бөлу

 «Алғыр»  тобы

  1. Жақсылыков Арманбек — топ жетекшісі
  2. Мурадым Жандос
  3. Пазылов Наурызбек
  4. Курмангазиева Дана
  5. Байболатов Наурызбек

 

    «Тапқыр» тобы

  1. Сағынбаев Елдос — топ жетекшісі
  2. Қойшыбаев Ғалымжан
  3. Масалова  Алтынай
  4. Сағидоллаұлы  Асылжан
  5. Канапьянов Адиет

 

  1. Ойынның шартымен таныстыру

Ойын 6 тапсырмадан тұрады. 2 топқа да бірдей тапсырма беріледі, белгілі уақытта қай топ тез және дұрыс жауап берсе, сол топқа әр тапсырма сайын 1 балдан қосылып тұрады. Жалпы балл — 6. Барлығы 6 балл жинаған топ жеңімпаз болады. Әр тапсырманы орындау уақыты — 1 минут. Екі топқа да жетекші мұғалімдер беріледі. Олар:

  1.«Алғыр»  тобының жетекші мұғалімі — Умаргалиева Динара  Темиргалиевна

  2.«Тапқыр» тобының жетекші мұғалімі — Джакубалиева Айнагүл  Амангельдықызы

 

— Бізге қонаққа көңілді Буратино келді.

— Сәлеметсің бе, Буратино!

 — Сәлеметсіз бе, балалар! Бүгін мен сіздерге қолдау көрсетуге келдім.

  1. Бақылау комиссия мүшелерімен таныстыру
  2. ППТК меңгерушісі — Б. Хасангалиева
  3. ППТК логопеді — И.Абдолова
  4. ППТК психологі — А.Утегенова

 

 Тапсырма  №1

Мектеп

  1. Бір сабақтың уақыты неше минут болады? (45 минут)
  2. Екі сабақтың уақыты неше минут болады? (90 минут)

                   ( Бақылау  комиссияға сөз беріледі)

 Тапсырма  №2

 Жыл мезгілі

Күннің сәулесі жерді жылытып, өз нұрын төкті. Құстар көңілді әндерін   шырқады. Табиғат оянды. Бұл қай кезде болады? (Көктем)

                   ( Бақылау  комиссияға сөз беріледі)

 

 Сергету сәті

—  Кішкене бойымызды жазып алайық. Көңілді Буратиноға қарап, соның қимыл- қозғалыстарын қайталайық.

 

 Тапсырма  №3

 Жабайы аңдар

  1. Жыртқыш аңдарды тауып, ата?

            Қоян, кірпі, аю, арыстан, керік, арқар, қасқыр. (Арыстан, қасқыр)

  1. Жұмбақты шеш.

         Жазынды  қаңғиды,

         Қысыңда қалғиды. (Аю)

                      ( Бақылау  комиссияға сөз беріледі)

 

Тапсырма №4

 Үй жануарлары

Жұмбақтардың шешуін тап:

  1. Тастан-тасқа секіреді,

        Қалқиып қос құлағы,

        Ойын болып көкірегі,

        Аула оның тұрағы.        (Лақ)

  1. Адамға серік,

        Күзетке берік.                (Ит)

                      ( Бақылау  комиссияға сөз беріледі)

 

Тапсырма  №5

Үй адамдары. Отбасы.

  1.Ананның мамасы саған кім болады? (Нағашы әже)

  1. Сен әкеннің папасына кім боласың? ( Немере)

                        ( Бақылау  комиссияға сөз беріледі)

                  

Сергету сәті

 —  Кішкене бойымызды жазып алайық. Көңілді Буратиноға қарап, соның қимыл- қозғалыстарын қайталайық.

                          (Буратино өлеңі)

 

Тапсырма №6

Математикалық  есеп.

Балабақшаға барлығы  34 ойыншық алып келді. Олар: 14 қуыршақ, 9 машина, ал  доптың саны белгісіз. Балабақшаға қанша доп әкелінді?Мазмұнды есептің шешуін тап.

               ( Бақылау  комиссияға сөз беріледі)

 

Қорытынды

Топтардың балдарын санап, ойынды қорытуға бақылау комиссияның мүшелеріне сөз  беріледі:

1.ППТК меңгерушісі-Б.М. Хасангалиева

2.ППТК логопеді  — Абдолова И.

3.ППТК психологі- Утегенова А.

 Сабақтың соңында оқушыларды марапаттау, «Үздік ойыншы» және «Үздік топ  жетекшісі» номинацияларын ұтып алған оқушыны  атау.

 — Осымен сайысымыз өз мәресіне жетті. Барлық оқушылар сабаққа өте жақсы қатысты, бәріне рақмет.

— Қош сау болыңыздар!