«Біз жастарға сенеміз!» атты студенттермен кездесу кеші

«Біз жастарға сенеміз!» атты студенттермен кездесу кеші

Кештің мақсаты:

  1. Мамандық таңдау кезеңінде тұрған оқушыларға бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу.
    2. Оларды өз пікірін еркін айтуға, басқаның пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу
    3. Оқушылардың қоғамға деген азаматтық позициясын қалыптастырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Өткізілу түрі:  «Айтуға оңай» ток-шоуы түрінде

Өткізілу орны: Мәжіліс залы

Қатысушылар:

Әр түрлі саладағы маман иелері

Ауыл әкімі Сүндетов Манарбек Байкенұлы

Мектеп директоры Митанов Азамат Қасымұлы

Ауылдық емхана меңгерушісі Ахметсафина Шаттыгүл Қапиятоллақызы

«Айгөлек» балабақшасының меңгерушісі Мусина Аслия Иранқызы

Ауылдық полиция қызметкері  Газизов Әділбек Қазбекұлы

Жеке кәсіпкер Байымбетов Нұрлан Тельманұлы

Ұшырдым жүрегімнен жыр кептерін,
Мерекең, құтты болсын, түлектерім.
Қол соғып  зор қошемет көрсетейік,
Студенттер кешіміздің кейіпкері, — деп кешегі мектебіміздің түлектері, бүгінгі студент болашақ маман иелері  бізде қонақта!

Кіріспе сөз: -Құрметті  шақырулы қонақтар, ұстаздар, студент жастар, оқушылар ! Баршаңыз да бүгінгі «Біз жастарға сенеміз!» атты кездесу кешіне қош келдіңіздер!

Менің елім-Қазақстан! Бұл әрбір дала перзентінің көкірегінде мақтаныш пен айтатын сөзі.  Елбасы «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса,қазақтың ұлттық мемлекетінің нығайып көркеюі жолында жан теріңді аянбай жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі екеніңді ұмытпа»,-дейді. Расында да, болашақта өз елінің қожасы да, иесі де өздеріңізсіздер. Сіздер жаңа ғасыр, жаңа мыңжылдықтың жас ұрпағы, егеменді еліміздің ертеңісіздер.
Сіздер-еліміздің экономикасын, мәдениетін, білімін көтеретін азаматсыздар. Жаңа дәуір көшін жалғастыруға, халқымыздың әл-ауқатынның артуына, еліміздің көркейіп нығаюына үлес қосу, басты борыштарыңыз деп санаймыз.
Бұл ғасыр-білім ғасыры. Еліміздің дамуы үшін Қазақстанды әлем танитындай бәсекеге қабілетті ел болу үшін бүгінгі жас ұрпақ білімді болуы шарт. Ақыл мен сананың, білім мен біліктің бәсекеге түсер ғасыры, ертеңін ойлайтын ел болғандықтан, елбасымыз шәкірт біліміне аса көңіл бөліп отыр. Ертеңгі күннің бүгінгі күннен нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға жетелейтін күш білімге ғана тән. Сондықтан сіздердің алдарыңызда үлкен жауапкершілік тұр.
ХХI ғасырдың табалдырығын аттаған мемлекетіміздің жас ұрпағы қандай болу керек?
Мектептен түлеп ұшқалы отырған 11-сынып оқушыларын «қандай мамандықты таңдаймын» немесе «таңдаған мамандығыма қалай қол жеткіземін» деген ойлар мазалайтыны анық. Мамандық таңдау кезеңінде тұрған оқушыларға бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу үшін ұстаздармен, кешегі түлектер, бүгінгі студент, болашақ маман иелерімен, кездестіріп ой бөлісу, пікір алмасудың маңызы өте зор.
Адам өзінің болашақ кәсібіне әр түрлі жолдармен келеді. Біреулер үшін – ол ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер үшін – жаңалыққа, дербестікке талпыныс, үшінші біреулерге — әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң т.б. Мамандықты таңдау үшін, адам ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Өз-өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?» деген сұрақ қоймайтын адам кем де кем.
Мынау көп салалы өмірде мамандықтың түрі көп. Әрине таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді. Адам еңбегінен қуанышын таба білсе, бойына жаңа күш қосылып, еңбекке деген шабыты арта түседі. Зор ықылас, шабытпен істеген іс – табыс биігіне жеткізетін қанат.

Кешімізді  «Ұстазым»  атты ән шашумен  Карима Дарханқызы ашып береді.

1 сұрақ ауыл әкіміне:

— Адам болашақ өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу қажет?

2 сұрақ мектеп директорына:

— Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек деп ойлайсыз?

3 сұрақ ауыл дәрігеріне:

— Жақсы маман болуы үшін адам нені біліп, нені үйренуі қажет?
4 сұрақ балабақша меңгерушісіне:

— Сәбилермен жұмыс жасаудың өзіндік ерекшеліктері туралы айтып берсеңіз?

5 сұрақ полиция қызметкеріне:

— Бұл мамандықты таңдауыңызға не себеп болды? — Әттеген-ай деген шақтарыңыз болды ма?

6 сұрақ  жеке шаруа немесе кәсіпкерге:
-Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады?

11 сынып оқушыларының  орындауында  «Домбыра» биі

Психологиялық сәт: «Психогеометрия»- өзін- өзі тану: Қатысушылар өзіне ұнаған геометриялық фигуралардың кез келгенін таңдауы тиіс. Әр фигура қандай да бір адам бойындағы қасиетті, қабілетті білдіреді. Әрқайсысымыз өзімізді танып көрелік.
Квадрат. Сенде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналана адамдарды жинап ұйымдастыру, реттеу және жүйелеу қабілетін баршылық. Сенен үздік администратор шығады, бірақ саған өзіннің кәсіптік мамандығынды менеджментпен байланыстырмауға ұсыныс айтамын.
Зигзаг. Сенде әсемдікті көре білу қабілетін жоғары қалыптасқан, сондай- ақ шығармашылық қабілетін, ой- өрісін дамыған. Сенде табиғи өткіройлылық бар, өз айналана қабілетті адамдарды жинай аласын. Сені шаблондар, ережелер, нұсқаулар қызықтырмайды. Бастаған істі аяқтауға төзімділіктің жоқтығы бөгет жасайды.
Шеңбер. Сенде адамгершілік жоғары дамыған. Сен өз әріптесінді тыңдай аласың және оның қайғысы мен қуанышын бірге бөлісесін , басқаның ауарпатылығына жәрдемдесу қабілетін жоғары қалыптасқан.Саған жеке адамдар арасындағы кикілжіңдер тән емес, өзіңді олардан аулақ ұстайсың және саған менеджмент саласындағы мамандықтар сәйкес келмейді. Сенен үздік психолог шығуы мүмкін.
Үшбұрыш . Саған басқарушылық қасиет тән. Өз көздеген мақсатына қол жеткізуге барлық мүмкіншілігіңді жасайсың. Өзіңе сенімдісің және жеңіске, жетістіктерге, ұтыстарға оңай қол жеткізесің. Айтқаныннан шықпайсың, абыройлысың. Сен қоғамда, өмірде жоғары жетістіктерге қол жеткізесің, жұмысыңда жоғарыға көтерілуге бейімділігін бар.Саған менеджмент саласын меңгеру ұсынылады.

Жүргізуші: Адамның өміріндегі алтын әріппен жазылар кезең- мектеп- ана құшағында өткен оқушылық күндер және қиындығы мен қызығы мол студенттік кезең екені сөзсіз.Ол басыңда мәңгі тұрақталып қалар дәуренің емес, ол сенің патшаның алтын тағына да айырбастамас балалық, жастық шағың, көзді ашып жұмғанша өте шығар сиқырлы күндерің.

Студент ертеңіне жол ашады,
Асқақта нұрлы болар болашағы.
Дәл осы мектебімде білім алып,
Арманға аласармас қыр асады,- деп бүгінгі студент, ертеңгі маман иелері сіздерге сөз кезегін берсек. Өздеріңіздің оқып жатқан оқу орындарыңыз, мамандықтарығыз жөнінде айтып берсеңіздер.

Ендігі кезекті оқушыларды толғандырып жүрген сұрақтарына береміз.(Оқушылар және залда отырған көрермендер сұрақ қояды).

Жаттығу :  «Мен хирургпын»
Мақсаты: Оқушылардың адамгершілік қасиеттерін анықтау.
Ауруханада бес ауру жатыр. Сіздер дәрігерсіздер. Емдеу үшін сіз ауырып жатқан адамдарыңызға жүрек салуларыңыз керек, бірақ жүрек жалғыз. Сіз кімге көмектесекр едіңіз?
1. Көп балалы ана- 70жаста.
2. Өмірдің есігін жаңа ашып жатқан бес айлық нәресте

  1. Мектеп бітіруші түлек
  2. Еліміздің мықты құрылысшы-бизнесмені
  3. Қаңғыбас адам

Қатысушылар өз пікірлерін білдіреді.

Жағдаяттар:

  1. Білімді болып, ақшасыз, қалайша студент атанасыз? Көпшілік жастар былай ойлайды: «Білім де, ақша да керек, өйткені қазіргі нарыққа байланысты білімді ақша басып кетіп тұр. Сонымен қатар қазір қалтаңда ақша болмаса, сен оқуға түсе алмайсың, мейлі сенің басыңда білімің бола берсін, сен сонда да ақшаң болмаса оқуға түсе алмайсың». Осы қаншалықты дұрыс пікір?
  2. Қасиеттің бәрі керек адамға, ақша, қызмет, атақ та, лауазым да.
    Мамандықты таңдағанда ол туралы бәрін біліп алу керек. Ол мамандықтың ақшасын, ол мамандық арқылы қандай үлкен жетістіктерге жететінін білу керек. Басқа лауазымды адамдар үлкен пайда тауып жатқанда біз неге сондай мамандықты таңдамасқа. Алып қосарларыңыз бар ма?
  3. Адамдық борышың-халыққа еңбек қыл. Ақ жолдан айнымай, ар сақта соны біл.
    –Маған ақшаның қажеті жоқ , мен тек адал еңбек қылсам болды… Мен ақшаны қаламаймын. Тек халқыма адал еңбек қылсам болды.

«Бос микрофон» (рефлексия)
Еркін түрде қатысушылар бүгінгі кештен алған әсерлері туралы пікір бөліседі.
— Осы күннен не алдыңыз?
— Өзіңіз үшін қандай қорытынды жасадыңыз, ойландыратын жағдай болды ма?
Еңбек етсем, ертеңгі- бақытыма сенемін.
Масқатыма жеткізер- уақытыма сенемін.
Достық іспен қасты да- жеңеріме сенемін,
Ақыл, сана білім мен- өнеріме сенемін.
Арым- таза, ақ көңіл- адалдыққа сенемін,
Абыройлы, ақ ниет- адамдыққа сенемін!- дегендей ел сеніміне кіретін құрметті мамандық иесі боламын десеңіздер бүгінгі кездесуде апайларымыз бен ағаларымыз айтқан ақыл кеңестерді жадыңызда ұстап ілім- білім алуға барлық күш жігерлеріңді жұмсап, егеменді еліміздің ертеңі -болашақ маман иелері болуларыңызға тілектестігімді білдіремін!
11 сынып оқушысы Даулетиярова Карима Дарханқызының орындауындағы «Тойға тілек әнімен кешімізді аяқтаймыз.