«Білім мен парасат» сыны

125

«Білім мен парасат» сыны

Сабақтың мақсаты:

1.Ұлттық тәрбиенің бай тәжірибесіне сүйене отырып  саналы тәрбие , сапалы білім беру;

2.Қазақтың бүгінгі ұл-қыздарының танымдық және шығармашылық белсенділіктерін арттыру.

3.Эстетикалық  талғамдарын қалыптастыру арқылы адамгершілікке, адалдыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Безендірілуі: қазақ үйдің көрінісі  ұлттық нақышта әсемделінген, домбыра,қобыз.

Қанаты сөздер:

«Жақсы қыз-жағадағы құндыз,

Жақсы жігіт-аспандағы жұлдыз».

Сабақтың түрі: сайыс сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ –жауап,ойын түрінде, шығармашылық,ізденіс.

Жоспар.І бөлім.Кіріспе.

ІІ.Негізгі бөлім.

1.Топтың презентациясы /Топ басшысы, тыныстыру, ұраны,әні,эмблемасы/

  1. «Білімдіден шыққан сөз,талаптыға болсын кез» /Білім сайысы/
  2. «Өнерпаз болсаң арқалан» /Өз өнерлерін көрсету/
  3. «Атасалтың –халықтық қалпың» /Дәстүр саны/, «Даналар сөзі, ақылдың көзі», «даналық сөздер»/.
  4. «Іздеген жетер мұратқа» /Әр топқа анаграммалық тапсырма беріледі/.
  5. «Кім жылдам?» /Үй тапсырмасы бойынша — Отан, дос, еңбек,білім тақырыбында мақал-мәтелдер және жаңылпаштар/.
  6. «Егер де мен болсам» /тығырықтан шығу/.

ІІІ. Қорытынды  бөлім. 

  1. «Білім мен парасат» сынының жеңімпаздарын хабарлау,марапаттау.

/әділқазылар алқасына сөз беріледі/

  1. Жүргізушінің қорытынды сөзі.

Сайыстың жүршізілу барысы:

І бөлім /Баяу күй ойнап тұрады/.

Жүргізуші : Қайырлы күн қадірменді  ұстаздар  және қонақтар! Көптен бері асыға күтіп жүрген  көктемнің шуақты  күндері де келіп жетті.Сіздерге көктем мерекелері жандарыңызға  шуақ, дендеріңізге қуат берсін!

Ұлтымыздың салт-дәстүрін қадірлейік,

Жастарды парасаттылыққа әзірлейік.

Тәрбие мен білімді тең игерген.

Болашағы жастардың деп тілейік-деп, бүгінгі «Білім мен парасат» сыны атты сайысымызды  бастауға рұхсат етіңіздер!

 

ІІ бөлім.

Ендеше ортаға бүгінгі сайысқа қатысушы қыз,   жігіттерімізді  шақырайық: «Қыз Жібек» тобы.

Шыға келсе жарқ етіп таң атқандай,

Демің тартып қарайсың тағат таппай.

Әр қимылы әсем ән, әуез,ырғақ,

Аққу жүзіп айдында бара жатқандай.

Күйдіргендей  өртімен,

Қызықтырған көркімен.

Шуағын шашып келіп тұр»

«Қыз Жібек» тобы Қыз-көктем.

«Төлеген»  тобы

Бозбаланың ән-жыры,

Шабыттансын өнері.

«Төлеген» тобы  өренім

Арта  берсін мерейің!

/жүргізуші қатысушы топтарды орындарына жайғасытырып, сабақтың мақсатымен, шартымен, берілетін тапсырмалармен  және әділқазылар алқасымен таныстырады /.

Халық айтады ғой «Жақсы қыз-жағадағы құндыз, жақсы жігіт аспандағы жұлдыз», «Қыздар сұлу көрінер парасат, білімімен, жігіт сұлу көрінер қайратты да, өнерлі ісіменен», олай болса, өнерпаз қыз,жігіттеріміздің өнерлерін тамашалайық.

1-тапсырма: Топ презентациясы.

2-тапсырма: «Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын  кез».

Жүргізуші:

Сайыскерлер жауапқа  қалайсыңдар,

Сендер өтер әлі де талай сын бар.

Тапсырмаңды орында қысылмай кеп,

Жауап тапсаң сұраққа  жарайсыңдар.

«Білекте бірді  жағады, білімді мыңды жығады»-деп халық даналары айтқандай келесі – білім сайысы.

Сұрақтар:

  1. «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» жырын алғаш зерттеген қазақ ғалымы кім?
  2. «Қазақтың бас ақыны» атты мақаланы кім жазды, кімге арналады?
  3. Қазақтың үш бәйтерек, бес арысын ата.
  4. Қыз жібек фильміндегі Төлеген образын сомдаған актер кім?
  5. Қазақ бұлбұлы  кім?
  6. Астана Қазақстанның нешінші астанасы?
  7. Қазақтың ұлттық дәстүрлі мерекелерін ата. Жарапазан қай  уақытта айтылады?
  8. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан-2030»  Стратегиялық Жолдауы қай жылы жарияланды?
  9. Ұлттық ойын түрлерін және ұлттық баскиімдерді ата.
  10. «Қауға» сөзінің мағынасы.

3-тапсырма: «Өнерпаз болсаң арқалан»

«Өнер таусылмас қазына,» жұтамас байлық». Ұлттық  өнеріміз төлтума бітімімен, қасиетімен,көркемдік мән-мағынасымен шын мәнінде халқымыздың ғасырлар талғамынан өткен қазынасы.

Жастардың ой-сезімін тәрбиелеуде өнердің рөлі туралы В.Белинский  «Әсемдікті сезіну-адамгершілік қасиеттің шарты.Тек осы сезім төңірегінде ғана ақыл-парасат болуы мүмкін,тек  осы сезіммен ғалым дүниежүзілік идеяларға дейін шарықтай алады,табиғат пен құбылысты олар ортақ тұрғыдан түсінеді.Тек осы сезіммен ғана азамат өзінің жеке басының  мүдделерін де, жеке көзқарасын да Отан үшін құрбандық ете алады, тек осы сезіммен ғана адам өмірде ерлік істей алады»- деген болатын.

Ал кімнің өнері бар қаншалықты,

Тамсандырып береуі ән салыпты.

Бүгінгі сайыскерлер бәйге  алуға,

Ұл-қыздар аянбай-ақ жан салыпты.

/Әр топ өз өнерлерін көрсетеді/

Ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа ауысып келе жатқан ата-дәстүр салтымыз, әдет-ғұрпымыз, кісілік қадір-қасиетіміз,бүкіл этникалық  болмысымыз-халықтың рухани өзегі, тілегіміздің тірегі, мәдениетіміздің арқауы.

Ендеше келесі 4-тапсырма «Ата салтың-халықтық қалпың»  дәстүр сыны. Салт-дәстүрді білесің бе? /Қойылған сұрақтарға әр топ кезектен бірден жауап береді/.

1.Қонақ түрлерін ата.

  1. Үш арсыз, үш қуат,үш қадірсіз,үш мақсат.

3.Жеті мүшел жас.

  1. Жеті атаңды білесің бе?
  2. «Аужар» сөзінің мағынасы.
  3. «Үт» сөзінің мағынасы.
  4. Алты асқар деген не?
  5. «Керсен,зерен» сөздерінің мағынасы.
  6. «Даналар сөзі-ақылдың көзі» /Даналар сөзінен үзінді оқылды ары қарай жауабы таба отырып жалғастыру/. Бірде Төле би Қаз дауысты Қазбекке — «Шырағым бір бала әкесінен өтіп туады, бір бала әкесіне жетіп туады, бір бала кері кетіп туады» деген, сен соның қайсысы боласың? – депті. Сонда Қазбек «Өткенімді алдымдағы өмір біледі, өз ойымша әкеме жетіп тудым»-деп жауап береді.

Енді Қазбек Төле бидің қал-жағдайын сұрасады.

  • Алысыңыз қандай?
  • Тәттіңіз қандай?
  • Несиеңіз қандай?

Сондағы Төле бидің жауабы қандай болған екен?

10.Тағы бір жиында Төле би Қазбектен:

Кім жақын? Не қымбат? Не қиын?-деп сұрайды. Қазбектің жауабы қандай болған?

5-тапсырма. «Іздеген жетер мұратқа» /Анаграмма/.

6-тапсырма «Кім жылдам?» /Отан,дос,еңбек,білім тақырыптарына байланысты мақал-мәтелдер және жаңылпаштар жарысы/.

7-тапсырма «Егер де мен болсам» /Тығырықтан шығу/.

«Қыз Жібек» тобына берілетін жағдаят.

Нұргүл жастайынан әлжуаз, аурушаң  болып өсті. Сабағы нашар 9 сыныпты бітірген соң, училищеге келіп оқыды.Жатақанада  жүреді.Жоғарғы курстың қыздары Нұргүлдің әлсіз жақтарын сезіп ақшасын, киімдерін тартып  алып жүрді. Нұргүл олардың киімдерін де жуып берген кездері болды.Соңғы кездері темекі тартуға ырықсыз көндірді. «Егер де біздің қылықтарымызды өзге біреуге /ата-аналарға, тәрбиешілерге/ жеткізсең, өмірмен қоштастым дей бер»-деп қорқытты.Нұргүл бұлардан құтылудың еш амалын таппай,кей кездері өмірмен қоштасқысы келген сәттері де болған.

Егер сен Нұргүлдің орнында болсаң,не істер едің?

«Төлеген» тобына  берілетін жағдаят.

Асқар өзінің сыйлас досы Ажардың туған күніне  арнап, қымбат зат сыйлағысы келді.Бірақ теңгесі  жоқ.Ол анасының  әсемдік  бұйымдары сақталатын қобдишадан алтын алқасын ұрлап, базарға апарып өткізіп оған қымбат магнитафон сатып алады да, досына сыйлайды.Қызының туған күніне берілген мұндай үлкен ризашылығын білдіріп, телефон шалды. Кейін істің мән-жайын түсінген ата-анасы Асқарды қатты жазалады.Қолданған жазалары: ұрсу,тамақ, бермеу,белдікпен ұру. Ата-анасына ренжіген Асқар бір түнде үйінен қашып,дерексіз кетті.

Асқардың бұл қылығына не деуге болады? Егер де сен Асқардың  орнында болсаң, не істер едің? Ата-ананың әрекетіне көзқарасың.

ІІІ.Қорытынды бөлім:

«Білім  мен парасат» сынының  жеңімпаздарың хабарлау,марапаттау /Әділқазылар алқасына сөз беріледі/.

Жүргізуші:

Құрметті «Қыз Жібек»  және «Төлеген» тобының ойыншылары, әрқашанда  бүгінгідей бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып ынтымағы мен бірлігі жарасқан, білімі мен парасаты асқан, болашағы  зор байтақ еліміздің арқа сүйер ұл-қыздары болыңыздар!

Ал қадірлі ұстаздар және қонақтар сіздерге де уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп-көп рахмет! Көктем мерекелеріңіз келе жатқан Ұлыстың Ұлы күні құтты болсын! Наурыз мерекесі сіздердің баршаларыңызға көктемдей көтеріңкі көңіл, шуақты өмір  сыйласын!Жыл ырысты,ел қуатты болсын!