Білесің бе, Елорданың тарихын?

126

Сабақтың тақырыбы:   Білесің бе, Елорданың тарихын?

Сабақтың мақсаты: Демалушыларды Қазақстан республикасының астаналарының тарихымен

таныстыру , жаңа астананың көрікті жерлері туралы  білімдерін кеңейту

Астананың мемлекетіміздің биік мәртебесі, жоғары дәрежесі, елдік пен

тұтастықтың, бірліктің тұтқасы екендігін таныту; Демалушыларды отанды

қорғап, Астанамызды құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Әр топтың шығарған газеттері, слайд.

-Қош келдіңіздер,  құрметті қонақтар,  мұғалімдер, оқушылар! Бүгінгі біздің «Білесің бе, Елорданың тарихын?» танымдық ойын сайысына қош келдіңіздер!

— Алтыншы маусым қандай күн?

Дұрыс айтасыңдар, балалар! Қазақстанның тарихи даму барысында астана қызметін атқарған қалалар:

1920-1924жылдары Орынбор қаласы

1924-1929жылдары Қызылорда (Ақмешіт) қаласы

1929-1997 жылдары Алматы қаласы

1997 жылдан бастап Астана

Қазақ АССР-і  атанып бөлінді. 1920-1925 жылдарыОрынборқаласыастанаболды. 1925 жылыәкімшілікорталықОрынбордан Ақмешітке көшірілді. АқтыңбояуыұнамағанбольшевиктерАқмешіттіҚызылордадепөзгертті. 1929 жылдан 1997 жылғадейін Республика астанасы Алматы болды. ҮшғасырбойыбодандықтаболғанжұртымызАлматыдаөзтәуелсіздігіналды.  АтаЗаңынқабылдап, мемлекеттікрәміздердібелгіледі. 1994 жылы Республика ПарламентіҚазақстанастанасынАқмолағакөшірутуралыұйғарымжасап, оданкейін Республика Президентінің «ҚазақстанРеспубликасыныңастанасытуралы» Жарғысышықты. Осы құжаттарғасәйкес 1997 жылдың 10-ші желтоқсанындаҚазақстанныңастанасыАқмолағакөшірілді. Жаңаастананыдүниежүзінетаныстырурәсімі 1998 жылдың 10 маусымындаболды.

Қазіргі уақытта Астана қаласы- Қазақстанның саяси және мәдени орталығы.Бұл қаланың тарихы көне замандардан басталатынын К.Ақышев бастаған Қазақстан ғалымдары дәлелдеді.Бұл тарихи ескерткіш Бозоқты көлінің шығыс жағалауын алып жатыр.Ескерткіштің жалпы көлемі және қоршаған ауыл шаруашылық аумағы- 30 гектар.

Бұл күнде осы қалашықтың орнына жақын жерден еліміздің астанасы- Астана қаласы бой көтерді. Астана қаласына сән беріп тұрған көптеген көрікті ғимараттар бар. Айта кететін болсақ , Бәйтерек, Нұр астана мешіті, спорт алаңы т.б.Нұр-Астана мешіті (ағылш. Nur-Astana Mosque), Астана қаласында орналасқан мешіт. «Нұр Астана» мешіті 2005 жылдың 2 наурызында ашылды. Мешіт Астана қаласындағы Есіл районында орналасқан.Мешіттің іргетасы 2002 жылы қаланған болатын.Бәйтерек (монументі)Есіл өзенінің сол жағалауында бой көтерген зәулім «Бәйтеректің» биіктігі 97 м (Астана қаласының елорда статусына ие болған жылға байланысты таңдалған), диаметрі 27 м;Астананың орталығында көкке бой созып тұрған «Бәйтерек» – қазіргі Қазақстанның нышан-символы, қазақ халқының қайта өрлеуі мен түлеуінің, мемлекеттілігінің, биіктік пен тереңдіктің, кеңдіктің белгісі, дархандықтың көрінісі іспетті. Ол елорданың халық көп баратын жерінің бірі.

«Хан Шатыр» — Қазақстанның астанасы Астана қаласындағы ірі ойын-сауық және сауда-саттық орталығы (Астананың жаңа символы) 2010 жылы 6-шілдеде Астана күніне орай ашылған.Хан Шатыр, әлемдегі шатыр түрді құрылыстардың ең орасан зоры болып, және Қазақстандағы сауда орталықтарының ең үлкені, әрі бірегей сырт пішінімен айшықталады.

Ақ Орда резиденциясы — Қазақстан Республикасы Президентінің Резиденциясы.

Астана қаласы Есілдің сол жағалауындағы жаңа әкімшілік орталығының аумағында 2001 ж. қыркүйек айында салына бастады. Ғимараттың жалпы көлемі 36 720 m2. Қазақстан Республикасы Президентінің Ақ ордасының ресми тұсаукесері 2004 ж. желтоқсанның 24 күні өтті.Ғимарат қазіргі заманғы құрылыстың ең таңдаулы әдістерін қолдана отырып, монолит құйматастан салынған. Шатырсүмбіні қоса есептегендегі ғимараттың биіктігі 80 м. Қасбеттің қаптамасы қалыңдығы 20—40  см. болатын итальян мәрмәрынан жасалған. Ғимарат жер бетінде 5 және жер астындағы 2 қабаттан тұрады, оның ішінде жер бетіндегі 1-қабаттың биіктігі 10 м., қалған қабаттардың биіктігі 5 м.

. «Отан Ана» кешені. Жоңғар шапқыншылығы мен Ұлы Отан Соғысы кезінде ерлікпен қаза тапқан жандардың құрметіне салынған. Ұзындығы 24 метрді құрайтын мемориал ортасында граниттен тұрғызылған таста алтын шара ұстаған әйел бейнеленген. Қолындағы шара тыныштық пен гүлденудің белгісі. Барельефтің оң жағында кеңес әскерлері, ал сол жағында жоңғар шапқыншылығында қаһармандық танытқан қазақ батырлары бейнеленген. Төменгі жақта мәңгілік алау орналасқан.

 

— Ендеше сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.   Сайысымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасын сайлап алайық.  Сайыскерлердің  білімін   таразылап,  өздеріне  баға   беруші   әділ  қазылар алқасымен  таныс  болыңыздар

.

 

( Әділ қазылар алқасымен таныстыру)Ендеше , балалар бүгін біз осы Астана туралы білетінімізді ортаға салып сайысуға келіп тұрмыз. Әр топтан үш оқушы шығады.

Сайыс кезеңдерімен таныстыру.

  1. Сайыскерлер өздерін таныстыру.
  2. Кім көп біледі? Сұрақтарға жауап беру
  3. Бұл қай ғимарат?
  4. Қылқалам . Берілген тақырыпқа шығарма жазу
  5. Мәнерлеп оқу
  6. Қабырға газетін қорғау.
  7. Ұйқасын тап.

-Әр сайыстың ортасында әуен тыңдалып, сол әуенді табамыз. Қай топ тапса, сол топ қосымша 2 ұпайға иеленеді.

— Беташарын сайысымыздың бастайық,

Көрермендерді бір серпілтіп тастайық.

Таныстырсын сайыскерлер өздерін.

Өнеріне ду қол соғып қостайық.

 

  1. Әр топ өздерін таныстару.
  2. Кім көп біледі? бөлімі. Берілген сұрақтарға әр топ қол көтеріп жауап беру.
  3. Қазақстан тарихында неше астана болды? (төрт)
  4. Орынбордан астана қай қалаға ауысты? (Қызылорда
  5. Қазақстанның алғашқы астанасы қай қала? (Орынбор)

4.Астана Алматыдан қай қалаға көшірілді? (Астана)

5.Астана қаласының бұрынғы атауы? (Ақмола)

6.Астана қаласының бұрынғы атауы? (Ақмола)

7.Ақмоланы Астана деп атауға жарлық қай жылы шықты. (1998.6.05.)

  1. Астана қай өзеннің бойында орналасқан? (Есіл)

 

Ән тыңдау: Көк тудың желбірегені. ( қосымша 2ұпай)

 

 

  1. Бұл қай ғимарат?
  2. Хан шатыры –

Сұрақ: Бұл қандай ғимарат, қай қалада?

  1. Бейбітшілік пен келісім сарайы

Сұрақ: Бұл қандай ғимарат, қай қалада?

Ән тыңдау: Атамекен. ( қосымша 2ұпай)

 

 

  1. Қылқалам Берілген тақырыпқа шығарма жазу

Тақырыптар:

1.Астана елдің –жүрегі.

2.Тәуелсіздік түндігі – Астана

3.Астана- жаңа қала

4.Киелі менің Елордам.

Ән тыңдау: Десантшылар ( 2ұпай)

  1. Тамаша өлең таңдайға татып балдай, Өз тілінде жыр оқу бақыт қандай!                                                                                                                                           Жан-дүниең жарқырап сала берер,                                                                                                                                Ағарып келе жатқан атып таңдай—  деп ақын жырлағандай, келесі кезегіміз мәнерлеп оқу сайысы. Әр топтан  бір оқушы шығып өздері жаттаған өлеңдерін мәнерлеп , жатқа айту.

 

Ән тыңдау: Сәлем саған туған ел( қосымша 2ұпай)

  1. Қабырға газетін қорғау.

 

 

 

  1. Ұйқасын тап.

 Балдырған тобы:Жайнай бер, жаңа Астанам,

Ертегідей ғажап бас қалам.

Шағала:Мынау менің Астанам,

15-ке толған жас қалам.

 

Жасқыран:Астанам – асқарымдай көрінесің,

Өлең боп көкірегімнен өрілесің,

Достық :Астана — ару қала, аппақ қала,

Көрінген көкжиектен асқақ дара,

Әділқазылар алқасына сөз кезегін беріп, жеңімпаз топты анықтау.

Н.Ә.Назарбаетың сөзімен аяқтау:

  • «Астана- бұл менің төл перзентім.Әр адам, тегінде өз қаласын сүйетін шығар.Ал біз- астаналақтар өзіміздің жас қаламызды үш есе артық сүйеміз, өйткені оның құрылысын тақыр жерден бастадық.Мұндағы әрбір жаңа ғимарат біздің жүрегімізден шыққан, өйткені олар туған сәтінен бастап біздің көз алдымызда…
  • Ал, балалар, астана туралыкөптеген өлеңдер оқып, ойларыңды ортаға салдыңдар, көп рахмет. Астанамыздың мерейі үнемі асқатай берсін! Елімізді қорғап, қастерлеу, әрқайсымыздың міндетіміз, парызымыз екенін ұмытпайық!