Бақытым да, байлығым да – денсаулығым

561

Тақырыбы: Бақытым да, байлығым да – денсаулығым

Мақсаты: білімділік: Табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы – денсаулықты сақтаудың басты жолдары – зиянды, жат қылықтардан аулақ болып, салауатты өмір сүру екендігін ұғындыру.

Дамытушылық: «Ауырып ем іздегенше, аурмаудың жолын іздегеннің» әлде қайда тиімдірек екендігін ұғындыру, дене тәрбиесіне, салауаттылыққа дағдыландыру.

Тәрбиелік: Балалардың бойына адами игі қасиеттерді қалыптастыруға, денсаулықтың қадірін түсіне, сақтай білуге тәрбиелеу.

Міндеттері: 1. Денсаулықты сақтау және нығайту туралы білім беру.

  1. Өзін – өзі тәрбиелей білу, жағымсыз іс – әрекеттерден аулақ болу.
  2. Салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

Түрі: Тәрбие сағаты.

Көрнекілігі: «Бақытым да, байлығым да – денсаулығым» атты жазылған плакат, қанатты сөздер, компьютер, слайдтар.

 

Барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Тәрбиешінің кіріспе сөзі.

Тәрбиеші:  Денсаулық – баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние. Ол жақсы болу үшін не уақытты, не күш – жігерді, не еңбекті, тіпті барлық дүниені аямай жұмсау керек. Денсаулық үшін өмірдің бір бөлімінде қиюға болады.

Денсаулық – адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние болғандықтан, әр адам баласы өз денсаулығына көңіл бөле қарау қажет, оны орынсыз ысырап етпеу керек, үнемі денсаулықтың қорын көбейтіп отыру керек .Біз денсаулығымызға немқұрайлы қарап, оған үлкен зиян келтіреміз. Әркім өзінің денсаулығының нашарлануына өзі кінәлі. Ауруды ағзаларға жолатпау, адамдардың өз қолында. Сол себепті, әр адам салауатты өмір салтын қалыптастыру керек. Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсысымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, зиянды әрекеттерден аулақ болып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымыз қажет.

Балалар, сендер қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. Көп қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең, көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан – жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық не деп ойлайсыңдар?

 

Балалар: Денсаулық.

 

Тәрбиеші: Олай болса жаңалыққа жан құмар ізденімпаз жастармен «Бақытым да, байлығым да – денсаулығым» атты тәрбие сағатын Елбасының сөзімен бастаймын.

        Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев

«Қазақстан – 2050» стратегиялық бағдарламасында салауаттылық өмір салтын орнықтыру, халқымыздың  денсаулығын жақсарту бағытында жұмыс жүргізу қажеттігін атап көрсетті.

 

Захар: Денсаулық ол – шыныққан

Барлық денең мүшесі.

Денсаулық ол – тыныққан

Жүйке тамыр жүйесі.

 

Владислав: Денсаулық ол – күлуің

Көңіл – күйің жадырай,

Денсаулық ол – жүруің,

Ешбір жерің ауырмай.

 

Зарина: Қара айнаға, көресің

Өзіңді – адам денесін.

Қол – аяғың, басың бар,

Бұған кеуде қосылар –

Құрылысың бұл сыртқы.

Көрінбейді жүрегің,

Өкпе, миың, бүйрегің –

Құрылысың бұл ішкі.

 

Серік: Сымбат – мүсін дегенің

Бітім – көркі денеңнің.

Сымбат – жүру әдемі,

Дене қалпын тік ұстап:

Көтеріп сәл кеудені,

Иық жазып дұрыстап.

Түзу отыр, қисаймай,

Бүкіреймей, жантаймай.

Күш сап бас пен арқаға,

Жатып алма партаға.

 

Тәрбиеші: Балалар, біздің арамызда кейде тазалықты сақтамайтын балалар болса, олар туралы не айтамыз?

(Екі баланы шығару. Біреуінің үсті басы кір, ал екінші оқушы ұқыпты бала).

 

Владислав: Күнде бетін жумайды, Жатып алып тұрмайды,

«Жу» десең – ақ тулайды. Дейді ақырып «Жолама»,

Өз – өзінен өкпелеп, Сондай бала бола ма?

 

Ислам: Беті қандай кір еді, Күледі – ау жұрт, күледі.

Айниды адам жүрегі. Сондай бала бола ма?

Көрсе осы бір кескінін, сендер оған жолама.

 

Тәрбиеші: Ал тазалықты сақтайтын, жақсы ұқыпты балалар туралы не айтамыз?

 

Нұрсұлтан: Жақсы бала құлақ сап, Жақсы бала ол анық

Істемейді шалалық,

Айтқаныңды ұғады. Тап – таза боп жуынып,

Төсегінен тұра сап, Алады өзі таранып.

Таза ауаға шығады.

 

Тәрбиеші: Ал, енді мен жұмбақ жасырамын, шешуін тез табайық.

 

Ақ қарда тек тұрмадым,

Қос тақтаймен зырладым. (шаңғы)

 

Аяқтарым қалтылдап,

Қос тай міндім жалтылдақ.

Шапса жұбын жазбайды,

Бір – бірінен озбайды. (коньки)

 

Бір атым бар

Құлын болып тумаған.

Құнан болып өспеген. (велосипед)

 

Ұрып қалсаң кері атып,

Оралады өзіңе,

Көрсе досың бері атып,

Қайтып барар өзіңе (доп)

 

Отыз екі мықты,

Қаз – қатар болып шықты,

Он алтысы асты,

Он алтысы үсті. (тіс)

 

Тәрбиеші: Салауатты өмір салты дегеніміз не?

 

Зиянды әдеттерден аулақ болу

 

                                                 

                                           

Әлеуметтік тұрмысты жақсарту, күйзелісті болдырмау

 

Салауатты өмір салты
Сапалы тамақтану, жеке бас гигиенасын сақтау

 

Денсаулықты сақтау, нығайту, спорпен шұғылдану

 

 

Бос уақытты тиімді пайдалану

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

(Слайд бойынша балалардың жауап,пікірлерін нақтылау үшін трек – схема көрсетіледі).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Айдана: Күн сайын адамдар темекі шегу, ішімдікке салыну, нашақорлықтан түрлі дертке, бақытсыздыққа шалдығады. Зиянды әдеттер адамның өмір бойы өзін – өзі тұлға ретінде іске асыруына мүмкіндік берместен кедергі жасайды. Зиянды әдеттер арқылы адам өзінің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді, жақын адамдарына ауыртпалық түсіріп, қоршаған ортаға зиян келтіреді.

 

Тәрбиеші:

  • Зиянды әдеттерге нелер жатады?
  • Зиянды әдеттердің адам өміріне тигізетін залалы қандай?
  • Қиындықтар кездескенде оларды қалай жеңуге болады?
  • Зиянды әдеттер денсаулыққа қалай әсер етеді? Мысал келтіріңдер.

(Балалардың зиянды әдеттер туралы ойларын, түсініктерін тыңдап, слайд бойынша тірек схемасы арқылы білімдерін тиянақтап, бекіту).

Зиянды әдеттер
Есірткі
Темекі
Ішімдік

Зиянды әдеттер денсаулыққа қалай әсер етеді?

 

Темекінің адам өмірі мен денсаулығына  тигізетін залалы.

Ашуланшақ, тез ренжиді, зейіні нашарлайды, ұмытшақ,есте сақтау қабілеті төмендейді, ұйқысы бұзылады.

 

Темекі
Қызық көрушілікпен еліктеушіліктен пайда болады.

 

 

 

 

 

 

Жүрек,асқазан, өкпе мүшелері зақымданады

 

ҚР темекі шегушіліктің алдын алу және оны шектеу туралы заңдары (4 – 5 бап)

-Қоғамдық орындарда.                          

 -Қоғамдық көліктерде.

-Жасы 18-ге толмаған жасөспірімдерге темекі өнімін сатуға.              

 -Бұқаралық ақпарат құралдарында жарнамалауға тыйым салынады.

никотин, шайыр, күйе.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Есірткінің адам өмірі мен денсаулығына тигізетін залалы.

Гашиш, героин, анаша, кокайн, апиын, марихуана.

 

Есірткі
Емделу үшін 3-6 айдан 2 жылға дейін уақыт керек

 

-Отбасына, өзіне, қоғамға, туысқандарына зардабын тигізеді

 

Иіскеу, шегу, ішке қабылдау, тері астына, тамырға енгізу.

 

Миы зақымданады, шалықтайды, сандырақтайды, қорқыныш пайда болады. Қан қысымы жоғарлайды, қолы дірілдейді, жүрек соғыс жиілейді.

 

Ішімдіктің адам өмірі мен денсаулығына тигізетін залалы.

Ішімдік
Өзінің бос уақытын дұрыс ұйымдастыра алмауы

-Ішімдіктің денсаулыққа зиянды әсерін білмеуі;

Тұқымқуалаушылық;

-Өзін өзі бағаламау

 

Қылмысқа ұрынады.

-Зорлық-зомбылық;

-Ұрлық, қарақшылық;

-Жол апат т.б.

 

Денсаулығы нашарайды,ағзаның әрбір мүшесі зақымданады.

 

Қызметінен, отбасынан алшақтайды,жақн адамдармен қарым-қатынасы бұзлады. Кекшіл, қатгез адамға айналады.

 

 

Көрініс: «Үш пәледен аулақ бол»

(Балалардың алған білімдерін тиімді меңгерту мақсатында сахналық қойылым).

 

Бала:

«Арақтың» жанына келіп,

  • Ассалаумағалейкүм! Сен кімсің?

 

«Арақ»:

  • Мен арақпын, арақпын,

Жер жүзіне тараппын.

Жұрттың құмар асы боп,

Керегіне жараппын.

 

Бала:

«Темекіні» жанына ала келіп,

  • Ассалаумағалейкүм! Сен кімсің?

       

«Темекі»:

  • Мен темекі шылыммын,

Аузына елдің іліндім.

Қанша мені тартса да,

Демеді ешкім бүліндім.

 

Бала:

«Есірткінің» жанына келіп,

  • Ассалаумағалейкүм! Сен кімсің?

 

«Есірткі»:

  • Мен есірткі нашамын,

Уытымды шашамын.

Атым шулап турғанда,

Алшаңдап аяқ басамын.

(Сахнаға ересек бала шығады).

 

Ересек бала:

  • О, жаратқан, жаратқан,

Жұрттың аузын қаратқан.

Ағайынды үшеуін,

Қандай пәле таратқан.

  • О, адамдар, санаң бар,

Үш пәлеге қараңдар.

Үшеуі де үлкен жау,

Бүкіл әлем алаңдар!

 

Екі бала бірігіп:

«Арақ», «Темекі», «Есірткі»

Үшеуі де ауыр дерт.

Бүкіл елді бүлдірмей,

Арамыздан аулақ кет!

(Балалар қолындағы қамшымен үш пәлені соғып қуып шығады)

Зиянды заттардың алдын алу
Спортпен шұғылдану

 

Дене шынықтыру жаттғуларын жүйелі орындау

 

Бос уақытын дұрыс ұйымдастыру

 

Салауатты өмір салтын ұстану

 

Өзін өзі сыйлау, жауапкершілік сезімінің жоғары болуы;

 

Тиімді, құнарлы тамақтану

 

Қорытынды: «Бақытым да, байлығым да – денсаулығым» атты тәрбие сағатымыздың соңына келіп жеттік. Міне, балалар біздің темекінің, есірткінің, ішімдіктің зиянын білуімізге арналған уақытымыз таяу қалды, өздерінде байқап отырған боларсындар, зиянды әдеттерге әуестенген мектеп жасындағы балалардың оқу үлгерімі төмен, алаңғасар болады.

Әр адам өз денсаулығын сақтай жүрулері керек. Бізге өте қымбат дүние десек те болады. Оны сақтау үшін спортпен шұғылданып, денсаулыққа зиянды әдеттерден аулақ болулары керек.

Бұл қазақ халқы үшін үлкен қасірет болып отыр. Сондықтан қазір Егемендік алып, өз алдымызға шаңырақ тігіп, дамыған елдер Испан, Американ, Ағылшын елдерінің қатарына жетуіміз үшін темекімен үздіксіз күрес жүргізуіміз керек.

Тәрбие сағатымызға ат салысып қатысқандарыңызға өте ризамыз. Міне, біз осындай әдемі сөздермен бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.