Тақырыбы: Аттанайық бала шақтан болашаққа!

82

Тақырыбы: Аттанайық бала шақтан болашаққа!

Мақсаты: білімнің қайнар көзі, бастау бұлағы бастауыштан басталатынын ұғындыру; білімге, деген қызығушылығын арттыра отырып білім ордасын, ұстаздарды  құрметтей білуге тәрбиелеу; білімнің алғаш есігін ашқан ұстаздармен қоштаса отырып жоғарғы сынып мұғалімдеріне сәт сапар тілеп табыстау.

Көрнекілігі: «Аттанайық бала шақтан болашаққа» атты стенд, оқушылар жұмысының көрмесі, шарлар, бейнетаспа

1-жүргізуші: Армысыздар, ағайын!

Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,

Білім іздеп инемен құдық қазғандар.

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,

Өлең оқып, би билеп, ән де бүгін шырқалар.

2-жүргізуші: Армысыздар, аяулы ұстаздар мен ақ жаулықты аналар, ардақты әкелер.

Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,

Жүздеріңнен мейірім мен Нұр тамар.

Алдарыңда жауқазындай құлпырған

Біз алаңсыз балғын шақты балалар.

1-жүргізуші: Біз бүгін бойымызға білімнің жарық сәулесін сыйлаған, көп нәрсені үйреткен ұстазымызбен  қоштасқалы отырмыз.

2-жүргізуші: «Ақырын жүріп анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға» деп Абай атамыз айтқандай, ұстазымыз білім нәрімен сусындатып, көп нәрсені үйретті. Сондықтан да алғашқы ұстазымызға

Хормен: Мың алғыс!

1-жүргізуші: Бесіктегі баланың

Күлгенін көрген бір мұрат.

Алдына түсіп ананың

Жүргенін көрген бір мұрат – дегендей , бастауыш сынып бітірушілерді ортамызға шақырайық.

2-жүргізуші:Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да,

Мұндай той болған сірә баршаңызда.

Қол соғып қошеметтеп шақырайық,

4-сыныпты ортамызға

(Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға келеді)

1-жүргізуші: Алғаш рет өзіңнен

Білім алды балалар

Оқу сырын өзіңнен

Біліп алды балалар

Жастың өсті санасы

Елжірейді жүрегі

Бастауышқа бар бала

Алғыс айтып жүреді дей келе 4-сынып оқушыларын таныстырып өтейін.

2-жүргізуші: Білімімен үлгі болған сыныпқа

Отырмайды Ойланбастан тынып та.

Досымжан    біздің өнегелі, өнерлі,

Арасында достарының беделді.

2- жүргізуші: Мынау менің сезгенім,

Ол –сыныптың данасы.

Өзінің де, өзгенің

Айгерім  болар панасы

1- жүргізуші: Сынып намысын ақтаған,

Жүрекке сыр жаттаған.

Арайлым  мектеп ұясын

Жан –тәнімен сақтаған.

2- жүргізуші: Бастауыштың түлегі,

Ел деп соққан жүрегі.

«МАИ қызметкері болам деп»

Жасұлан   біздің жүреді.

1- жүргізуші:Қай кезде де ол анық,

Қайғырмайды өзі үшін,

Зейнеп    біздің қуанып,

Қызарады біз үшін.

2- жүргізуші: Бойында алаулаған жалын,

Жақсылық толғандырған жанын.

Аңсар      біздің қайтпай үйге

Ойлаумен жүреді сынып қамын.

1- жүргізуші: Мен үлкейіп толамын,

Сіздей ұстаз боламын

Деп жүр біздің

Үлгісі кіші баланың

2- жүргізуші: Мен инженер боламын

Жерден алтын табамын

Деп жүр біздің

Алтыннан  мектеп саламын.

1- жүргізуші: Ертеңгі күнін ойлайтын,

Бес алам деп қалмайтын.

Аршыл біздің

Жалқаулыққа бармайтын.

2- жүргізуші: Ал мен ақын боламын,

Сусылдаған қаламым.

Дейді біздің

Таудан асқан талабым.

1- жүргізуші: Жыр оқып, тарихын ол танытқан,

Кітап оқып, білімін де дамытқан.

Досымжан     -сыныбымыздың озаты.

Білімін ол болаттай ғып қорытқан.

2- жүргізуші: Сыйлап сәлем береді,

Үлкендерді көргенде.

Балаусаны сыныпта,

Ізетті деп біледі.

1- жүргізуші: Ұстазын жанындай жақсы көреді,

Қоштасуға қимай  жұмсақ жүрегі.

Аружан біздің апайына еркелеп

Бетінен сүйіп, шығарып сап жүреді.

2- жүргізуші:Қыздарымыз ұқыпты,

Сүйкімді әрі қылықты.

Жанель   біздің әрқашан,

Таза ұстайды сыныпты.

1- жүргізуші: Кішкентайы сыныптың,

Тентек емес, жуас тым.

Ұлмекен біздің сыпайы,

Досқа адал шынайы.

2- жүргізуші: Математиканы ұнатады,

Қыздарды кейде жылатады.

Мұхамед  біздің әрқашан,

Күлдіреді және қуантады.

1- жүргізуші: Өнер қуған жасынан

Сөз асырмас басынан.

Намысқой біздің  Бекзат

Табылар дос қасынан.

2- жүргізуші: Білімді , алғыр, жан-жақты,

Қыздарымыз сымбатты.

Нұрай     біздің әрқашан,

Досымыз болар қымбатты.

1- жүргізуші: тентек, бірақ ақылды,

Сыйлап жүрер жақынды.

Ерзат     біздің ұлдарды,

Тәртіпке әркез шақырды.

Ән:

1- жүргізуші: Ұстаз сөзі күн нұрына пара-пар

Шәкірт оның әр сөзінен нәр алар.

Ізгілік пен мейірімге толы ол,

Шуақ болып жүректерге таралар.

2- жүргізуші: Ұрпақ пен өмір жолы жалғанады.

Көңілді  күндер тусын  алдан әлі.

Ән шашу, әсем әуен, түрлі өнер.

Бүгінгі күн сіздерге арналады.

Автор: Ерте, ерте, ерте ме екен, «Бастауыш патшалығы» атты кішкентай ел болған екен. Оның тұрғындары сондай ақылды, білімді, өнерлі болыпты. Ол патшалыққа  жамандық атаулы  мүлде жоламаған екен.  Ол патшалық  көрші екі хандықпен  тату қарым-қатынаста  тұрған екен. Ең кіші  «Бастауыш патшалығына» кішкене бүлдіршіндер өмір сүріпті.  Тәп-тәтті бүлдіршіндер  кез-келген  мейманды тәтті  қылықтарымен баурап алады екен.  Уақыт өте келе  10 жасқа толған  «балбұлақтықтар»  көрші  «Орта буын» хандығына өтеді.  Ол хандықтан кейін алған білімдерін жалғап,  сапалы білім мен өнерге  баулитын  «Жоғары « хандыққа  өтіп отырыпты.  Осындай күн  10 жасқа толған біздің 4-сыныптың  тұрғындарының басына да жеткен екен.

Бастауыш патшалығының ханы:

-Аға, менің патшалығымнан тағы  бір  қарлығаштарым ұшқалы отыр.  Ақ батамды  тілеп, сенің хандығыңа өткелі отырған  бүлдіршіндерім  тарыдай болып  патшалық табалдырығын  аттаған кішкене  бүлдіршіндер  бүгін міне ақыл-ойлары толысып, оң мен солын танып, жақсы мен жаманды ажырата алатын шәкірт болды.

Орта буын хандығының патшасы:

-Е, бауырым,  уақыт деген сиқыршы ғой! Міне көзді ашып жұмғанша  кешегі кішкене  бүлдіршіндер де есейген екен.

Бастауыш патшалығының ханы:

-Армандасаң да, қиялдасаң да балалық шағың көз алдыңа  келеді.  Өйткені биік асуға беттеген  аяулы ғұмыр, ғажайып  өмір сонау  бал күлкілі балалық шақтан басталады.Балдырғандар өміріне өшпес із қалдырған  бастауыш патшалығымен қоштасып,  аға, өзіңнің қанатыңның астына барғалы отыр.

Орта буын хандығының патшасы.

-Сенің хандығыңнан менің патшалығыма  өтетін балдырғандарға өте разымын. Десек те, сен білесің менің  хандығыма  өту оңай емес. Мен хандығыма  өнерлі, білімді, шығармашыл балаларды қабылдаймын.

Бастауыш патшалығының ханы:

-Аға, жылдағы  дәстүрді бұзбағым жоқ. Ендеше сол балалардың  өнері мен  білімін  көрсетер  сәт те келеген екен. Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан,  өмірде өз жолдарын табуға  жол сілтеген  ұстаздарына, ата-аналарына өз өнерлерін  көрсетуге дайын.  Сынақты бастасақ бастайық.

-Міне, менің патшалығымның   ұшқалы отырған мақтаныштары.

Оқушы: ойланып  есеп шығартып

Төрт таңбаны білдірган.

Ғылымдардың патшасы

Математика данасы.

Оқушы:

Анашымдай сыр шерткен,

Ақыл-білім үйреткен.

Ана тілін оқыдық,

Ерекше зор құрметпен.

Ана тілмен қоштасамыз,

Әдебиетпен достасамыз.

Оқушы:

Қазақ тілі пәнінен

Білім алды балалар.

Сөйлемді, сөз таптарын,

Етістіктің шақтарын

Жалғаулар  мен жұрнақтар

Ережесін жаттадым.

Оқушы:

Ой жіберсең бәріне

Дүниетану пәніне.

Өмір сырын үйретер,

Пәннің жақсы бірі де,

Жер байлығы көп екен,

Игеруді қалайды.

Осының бәрін білдірген

Дүниетану сабағы.

Хормен: Білімімізді шыңдап, биіктерге самғаймыз!

Оқушы:

Армысың сен, алтын ұя мектебім,

Саған айтар  алғысым көп менің

Жүректерге жаққан білім шырағын,

Мектебіме арналады бұл  әнім.

Ән: Мектебім.

 

1-жүргізуші:  Дүниеде адамға ең жақын ыстық жанның бірі кім?

2-жүргізуші: Адам өміріндегі ең қымбат жанның бірі – ұстаз. Өйткені оның көкірек көзін ашып, дүниетанымын кеңейтіп, қиялға қанат қақтырады.

1-жүргізуші: Дұрыс айтасың:  Ұстаз еңбегі –ұлы еңбек. Сондықтан да Абай атамыздың

Ақырын жүріп, анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға,- деп айтуында терең ой жатыр.

2-жүргізуші: Ондай болса, келесі бөлімімізді ұстазымызға арнаймыз.

Оқушы: Әріптерді үйретіп,

Жақын болған кім бізге?

Жамандықтан жиреніп,

Ақын болған кім бізге?

Десек те ол мұғалім,

Қапастағы елдердің

Мұңын айтқан кім бізге?

Көрікті сан жерлердің.

Сырын айтқан кім бізге?

Рахмет, саған мұғалім!

Оқушы:     Сен менің әкемдейсің, анамдайсың,

Мен үшін армандайсың, алаңдайсың.

Ұстазым сенен артық ақылшым жоқ.

Адалдық пен парасаттан жаралғансың.

Оқушы:    Бастауыштан алдық біз білім нәрін,

Бар білімнің жинадық шырын балын.

Бала деген ұстазға тартады екен,

Менің осы мектептен ұғынғаным.

Оқушы:  Жүрегімде ұстаз берген сабағы,

Өн бойымда тмырланып тарады.

Ұмытпаймын салған жолын, ақылын.

Мәңгі, мәңгі есімізде қалады.

Оқушы: Атағым Алатаудай болса биік,

Тұрса төбем өсіп, көкке тиіп,

Алдында әрқашан да тағзым етіп,

Тұрамын ұстазым деп басымды иіп.

Оқушы: Ұстаз деген қасиетті адам бар,

Біле білсең, сенің екі анаң бар.

Бірі сенің  туған анаң болса егер,

Екінші анаң ұстаз деген данаң бар.

Туған анаң болмаса, ойнамас ең, күлмес ең,

Жарық дүние нұр сәулесін көрмес ең.

Ұстаз ана болмаса сен өмірдің,

Мәні менен мағынасын білмес ең.

Оқушы: Ұлы өмірге жетелеп,

Ашқан білім есігін.

Құрметтейік мәпелеп,

Ұстаздардың есімін.

Келешекке алтын бақ,

Қосар таудың үлесін.

Жасай берсін жарқылдап,

Ұстаз атты ұлы есім.

Оқушы:  Мол өнегең, ұрпаққа  мол дәрісің,

Қанаттандыр, қатайтып қолдан ұшыр.

Сізге  деген алғыстың шегі де жоқ

Әрбірінің азамат болғаны үшін.

Оқушы:    Басса бұрыс, жол сілтеп қате дейсің,

Әр балаға сен ана, әкедейдің.

Болашақтың көктеген жас шыбығын,

Бағбанындай аялап мәпелейсің.

Ән: мұғалім ол біздің

Би: Испан биі

Өнерліге әсем ән мен сән керек,

Өнегені қанжығаға өңгеред.

Испан биін билегенде бишілер

Бүкіл әлем кетер бір сәт дөңгелеп,

Сахнаға биші қыздарымызды шақырамыз.

1-жүргізуші:   Берілмес білім-теңіз, жақұт тегін,

Өнерің бар сен қандай бақытты едің

Көрермендер қол қағып дем беріңдер,

Болмаса да ұқсап бағар шәкірттерің

Сахнаға … пен… шақырамыз.

2-жүргізуші: Жақсы жырды  жақ талмас жырлағанда,

Әсем ән нәр береді, сыр маған да.

Көрерменнің көңілі көкке жетер

«Мектепке сағыныш » әнді тыңдағанда.

1-жүргізуші: «Ұстаз» сөзінің ұғымы кең. Оның негізгі  мәні жақсылыққа, өмірде өзі де  бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізуге үйрету, тәрбиелеу дегенді білдіреді.

Әр баланың жүрегіне гүл еккен,

Ұстаз ісін. Ақын біткен жыр еткен.

Бұл ұжымға айтар алғыс шексіз – ау

Қаншама мың  шәкірттерді  түлеткен.

Оқушы: Талаптанып білім шыңға  самғауға,

Мен мектепке  алғаш рет барғанда.

Гүлназ апай қарсы алып ең біздерді.

Мерейіңіз биік болсын қашанда.

Оқушы: Санамызда тұрса дағы сан ұғым,

Білмеуші едік көп нәрсенің  анығын.

Тілі менен әдебиетін орыстың

Манат апай өзіңізден таныдым.

Оқушы: Қай кезде де бағыт сілтеп көлемді,

Бізге үйреткен музыкадай өнерді.

Бауыржан ағай  ісіңізден бақ тауып,

Шығардыңыз  талай талант өнерді.

Оқушы:Жетілдіріп жеткіншектер білімін,

Сырын ашқан ебек пәнінің

Патыма апай еңбегіңді бағалап.

Сізге шексіз алғыс айтар сыныбым.

Оқушы: Жасау үшін жас өскіннен шын дарын,

Талай балғын  суретшіні  шыңдадың.

Мөлдір апай  үйреттіңіз  біздерге

Әсем етіп сурет салу сырларын.

Би: Чунга-чанга

1-жүргізуші: Мектеп, мектеп, бақытқа  толды үйің,

Ұша білсек болмас-ау, қону қиын.

Бастауыштың соңғы әнін шырқап

Бастауыштың билейміз соңғы биін.

2-жүргізуші: Алғашқы басқан өткелім,

Білімді сарқып төккенің.

Сусындап сенен нәр алсам,

Алатын шыңым көп менің.

Аяулы менің мектебім.

Оқушы: Мінеки келдіңіздер, сабақтастар.

Шығатын шың, қол бұлғайды биік асқар.

4 жыл оқып өрелі білім алдық,

Кез келді  енді ілгері қалам тастар.

Оқушы: Қимай тұрмын, білім алған мектебім,

Өзіңде өткен жастық шағым, көктемім

Үмітпенен әкеп еді анамыз,

Азамат  боп тұрмыз міне көп-көрім.

Оқушы: Тұрмыз міне, бастауышпен қоштасып,

Жетіліп ек  бәріміз қол ұстасып.

Іс ілгері  толығып біліміміз,

Теріс басып жүрмейікші  шоқ басып.

Оқушы:  Бастауышта оқыдық,

Ойға білім тоқыдық.

Бұлар бізден  жалындар,

Ертеңгі ірі ғалымдар.

Оқушы: Алдыңда ұзақ жолың бар,

Оқумен өсіп толыңдар.

Қиындыққа мойымай,

Аман-есен  болыңдар.

1-жүргізуші: Жүзің жылы, құшағың кең

Сенен түлеп ұшамын мен

Өзің берген біліміңмен,

Биіктерге шығамын мен дей келе, сөз кезегін мұғалімдерге береміз.

2-жүргізуші: Баланың да тірегі,

Дананың да тірегі.

Шаншымасын ешқашан,

Аналардың жүрегі, — дей келе сөз кезегін аналарға береміз.

1-жүргізуші: Бастауышта оқыдық,

Ойға білім тоқыдық.

Бұлар бізден жалындар,

Ертеңгі ірі ғалымдар.

Ән: Сыныптастар, құрдастар.

«Бастауыш патшалығының»  ханы: Аға, не дейсің, менің патшалығымның кішкентай бүлдіршіндерін «Орта буын» хандығына қабылдайсың ба?

Орта буын ханы: Е, бауырым сенен түлеп ұшқалы отырған бүлдіршіндердің бәрі де ақылды, өнерлі, білімді балалар екен. Мұндай балаларды қуана-қуана қабылдаймын. Орта буын хандығына қош келдіңдер, балалар.

Хормен: Рахмет.

Берген білім, ерен күш,

Ұстаздарға мың алғыс!

2-жүргізуші: Аттанарда ұрпағым бақ  жолына,

Түссін деп тура нақ жолына.

Арнайы ақ матадан жол төседік,

Ырым ғып түлектердің Ақ жолына!