Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесін шешу

203

 

Уақыты: 19. 02. 2014 жыл Класс: 6 «Ә» Пәні: Математика
Сабақтың тақырыбы Бір  айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесін  шешу
Мақсаты         Оқытудағы жаңа тәсілдерді тиімді қолданып, бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесімен таныстыру, оның шешімін табуды, шешімін жазу түрлерін меңгертіп, есептер шығаруда қасиеттерін қолдануды  үйрету; өзіндік таным әрекеті, топта ынтымақтаса жұмыс істеуге қалыптастыру, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту.
Оқыту нәтижелері        Есеп шығарудың тиімді жолдарын үйренеді, бұрын білетін тақырыппен байланыстырады, топпен жұмыс істейді. Есептердің шығарылу жолдарын бір – біріне түсіндіреді, өзгенің қатесін түзейді. Оқушылар жекелеме, жұппен, топпен  жұмыс істей отырып идея бөліседі, өнім жасалады, талдайды, жинақтайды, қорытындылайды, бағалайды.
Сабақ түрі Жаңа білімді қалыптастыру сабағы
Ресурстар Оқулық, интерактивті тақта, сабаққа қажетті ресурстар.
Әдіс — тәсілдер Тәсілі:  жеке, жұппен, топпен Әдісі: АКТ, сыни ойлауға үйрету, диалогтық оқыту, деңгейлеп оқыту, формативті бағалау
Түйінді идеялар Сан аралықтары, бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік, бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесі.
Дерек көздер Оқулықпен жұмыс, қосымша мәліметтер, электронды оқулық.
Сабақтың барысы : Уақыты: Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
 

Ұйымдастыру кезеңі:

 

2 мин

        Көңіл – күйін анықтау. Топтарға «көңіл-күй» карталары беріліп, оқушыларға өз көңіл-күйлерін білдіру тапсырылады. Сабақтың аяғына дейін көңіл-күйлерін көтеріңкі деңгейде ұстау сұралады. Сабақ формасы қысқы табиғат аясына сейіл.        Сабақ басында өзінің көңіл-күйін білдіретін смайлик таңдайды, бір-біріне көрсетеді.
2 мин        Топқа бөлу(отрядтарға) (мозаика)

«Барыс», «қоян», «суықторғай».

       Оқушылар ұқсас  фигуралармен  бірігіп 3 топ құрайды, топ ережесін сақтайды.
«Қызығушылықты

           ояту »

5мин —  Үй тапсырмасын сұрау: №1033, 1027 есептер.

Дұрыс жауаптары:

 

 

№1027. 2(11+х)<4*8                        №1033 есеп.

2(11+x)<32              1)  (- ;1)          3)  (-2;+ )

2)  (0,25;+ )   4)   (-1;+ ).                                         11+x<16

x<5

Жауабы: (0;5)  (см)

 

—  Өткен сабақтағы білімдерін еске түсіру үшін «Кесте толтыру»  тапсырмасын ұсынамын.

 

 

       Дұрыс жауап эталоны арқылы үй жұмысын өзара тексеру жүргізеді, түсіндіреді.

 

Оқушылар  жекелеме жұмыс жасайды, жұппен ақылдасады, топпен бірігіп, ортақ шешім шығарылып, жауап жазылады, скипер қорғайды. Оқушыларды топтар ақылдасып, бағалау үшін стикерлер пайдаланады.

Жаңа тақырып:

«Мағынаны ажырату»

 

20 мин

—          Оқушылар электрондық оқулық арқылы жаңа тақырыпты түсініп,  «түртіп алу» әдісін пайдаланып, жұппен, топпен  талқылап,  «Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесін шешу» тақырыбына постер жасауды сұраймын. Уақытты тиімді пайдалануды тапсырамын.

—          Тақырыпты бекіту үшін практикалық тапсырмалар беремін:

1.Электронды оқулықтағы тапсырмаларды орындау (1-3 тапсырмалар) (жеке жұмыс, ауызша).

 

2. Оқулықпен жұмыс: №1575 (1-3) есеп. (топпен жұмыс).

 

 

 

 

3. Дарынды оқушыларға жеке тапсырма. Сызықты теңсіздіктер жүйесінің шешімін қолдану үшін. (жекелеген оқушыларға тапсырма).

—     Әр оқушы жеке оқып, жұппен, топпен талдап, электронды оқулықтағы тапсырмаларды орындайды. Тыңдайды, жазады,еске түсіреді, есте сақтайды, ойлайды. Әр  топтан бір-бір оқушыдан шығып, постерді жариялайды, топ жетекшісі қорғайды. Топтар «Үш шапалақ»  әдісімен бағалайды.

—     Деңгейлеріне сәйкес практикалық тапсырмаларды орындайды.

№ 1575.

1)      Жауабы

2)                    Жауабы:

3)                          Жауабы:

 

 

 

 

 

 

 

— Берілген теңсіздіктер жүйесінің бүтін шешімдерінің қосындысын тап?

1)   Жауабы: 10.

2)       Жауабы: 2.

— Берілген теңсіздіктер жүйесінің ең кіші бүтін шешімі мен ең үлкен бүтін шешімінің қосындысын тап.

1)      Жауабы: 10.

2)      Жауабы: 7.

«Ой толғаныс» 10 мин           Жаңа материалдағы білімді түсінгенін анықтау үшін, диалогтық байланыс жасау. Оқушылардың ойларын өзгеше түрде сұрау.

Сұрақтар:

1.      Қалай ойлайсыңдар, бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесі екі емес, одан көп теңсіздіктерден тұруы мүмкін бе?

2.      Оның шешімін табу үшін не нәрсені орындау керек?

 

—          Ойларын айтады, мысал келтіреді, ерекшелігін көрсетеді, сұрақтар береді. Жазады.

—          Өзін-өзі бағалайды.

 

«Сергіту сәті» 2 мин «Белсенділік ұраны»
Сабақтың қорытындысы:

1.Үй тапсырмасын беру.

2.Бағалау

3.Кері байланыс

 

4 мин

§8.6. оқу. 1 топ №1575 (5-6), 2 топ №1576 (1-2), 3 топ № 1576 (3-4). Қосымша №1581 есеп.

Топтар бір-бірлерінің жұмыстарын түрлі түсті стикерлер арқылы бағалайды. Топтық жұмыстардың жиынтық бағасы қойылады.

Оқушылар сабақ туралы пікірлерін стикерге жазып жапсырады. Сабақтан соң оқушылар сабақтан алған әсерлерін «интервью» түрінде айтады.