Табиғат тағдыры — адамзат тағдыры

Күні: 12.05.14ж

Тақырыбы: Табиғат тағдыры — адамзат тағдыры.

Мақсаты: Адамның ақыл-ойы мен ғылыми прогрестік жетістіктер табиғатқа қауіп-қатер туғызып отырғандығы жөнінде экологиялық білім беру.

Қоршаған ортаның ластануы мен қоғамның экологиялық мәселелерін түсіндіре отырып, экологиялық білімін тереңдету.

Пән аралық байланыс: Экология, құқықтану.

Сабақ түрі: Сот сабақ

Мұғалімнің кіріспе сөзі: Балалар бүгін сабағымызда, табиғат -анамыз туралы сөзімізді, ойымыз бен ұсыныс-пікірімізді, үйренген білік-білімімізді ортаға сала отырып, өзіміз қорытынды жасамақпыз. Алдымен табиғат туралы айтсақ, «Табиғатсыз адамзаттың күні жоқ, мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ» — деп ақын жырлағандай, адамзат пен табиғат егіз. Адамдар табиғаттан бар керегін алады, сондықтан адамзат қауымы табиғатты өз анасы санап, құрметтеуге, қорғауға, қадірлеуге, сүюге міндетті. Бірақ өкінішке орай адамзат қауымы табиғат байлықтарын орынсыз пайдаланып, табиғи жаратылысын бұзып, әсем табиғаттың тепе-теңдігін бұзуға әкеліп соқтыратын істер жасауда. Бүгін біз осы мәселе тұрғысында, бүкіл әлем алдында тұрған экологиялық апаттар судың, ауаның, жердің ластануы туралы мәселелерін қамтитын істі тыңдаймыз.

Негізігі бөлім:

Хатшы:Айыптаушы -табиғат, зардап шегушілер атмосфера, гидросфера, биосфера, литосфера.

Айыпталушы— адамзат өкілі адам, адамзат өкілінің адвокаты, сот, сот хатшысы.

Хатшы: Тұрыңдар, сот келеді.

Сот: Құрметті адамзат қауымдастығы, қорғаушылар, куәгерлер. Бүгін біз қоршаған ортаны ластаушыларды ашық соттау үшін жиналдық.

Хатшы:  Тыңдауға айыптаушы табиғатты шақырамыз.

Табиғат: Жиналған қауым, құрметті сот мырза. Мен бүгінгі күнге дейін адамзат баласына шағымданып көрмеппін. Бірақ шыдамныңда шегі бар. Адамның бізді пайдаланғанына біз ренжімейміз. Бірақ қара судыңда сұрауы бар екенін есте ұстап, ысырапсыз пайдаланбаса екен. Енді міне келешек ұрпаққа қалдыратын ешнәрсе де қалмады. Жер бетінде адамның пайда болғанына 2 млн. жылдай болды. Ғылыми техникалық дамуға байланысты ол өзін табиғаттың қожасы санады. Менің тілегім — адамдар табиғаттың қадірін түсініп бағаласа, қорғап аяласа, зардап шектірер әрекетінен тиылса екен деймін.

Сот: Ендігі сөз кезегін зардап шегушілерге берейік.

Хатшы: ортаға зардап шегуші атмосфераны шақырамын.

Атмосфера: Жоғары мәртебелі сот мырза, құрметті қауым. Мен адамзат үшін ең қажетті, баға жетпес байлықпын. Бірақ бүгін адамды кінәлайтын себебім, адамның шеттен шыққан әрекеті, мені ластайтын көздер көбейді. Мені ластайтын көздер автокөлік газдары. Тек реактивті лайнер ауа қабатында бір сағат ұшқанда 6-12 тонна оттегін жағады, өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтар. Ал азон қабатының жұқаруы жер бетіндегі бар тіршілік атаулыға зиянды әсер етеді. Сондықтан, мен сіздерден менің тағдырыма  селқос қарамауды өтінемін!

Хатшы: ортаға зардап шегуші биосфераны шақырамын.

Биосфера: Жыл санап жасыл желек өз аумағын кемітуде. Киінгі 50 жылда күніне 20га экватордағы ормандар жойылды. Жер бетіндегі 94 құс түрі, 63 сүтқоректілертүрі жойылған. Қазіргі уақытта жер шарында жабайы жануарлар түрі 2 млн ға жуық кейінгі 56 жылда 42 сүтқоректілер түріжойылып кеткен. Жойылған түрлерді қалпына келтіру мүмкін емес. Осының бәрін назарларңызға ұсына отырып, жасыл әлем мен құпияға толы жануарлар дүниесін сақтауға шақырамын.

Хатшы: Ортаға келесі зардап шегуші гидросфераны шақырамын.

Гидросфера: Су бағаланбас байлық. Онсыз өмір сүру мүмкін емес.   адам күніне 300-500  литр суды қажет етеді. Мені ластайтын көздер тұрмыстық, өнеркәсіптік қалдықтар. Теңіз бен өзенге жанар-жағар майдың төгілуі. Судың мұнаймен ластануы, мал шаруашылығының қалдықтарымен ластануы.

Хатшы: Ортаға келесі зардап шегуші гидросфераны шақырамын.

Литосфера:Литосфера тас қабаты екенін барлығыңызда білесіздер. Мен жер бетінің жұқа, әрі қатты қабатымын. Мені пайдаланасыздар, бірақ себепсіз жағдайлардың құрбаны болып кетіп жатқан жайымыз бар.

Хатшы: ортаға айыпталушы адамды шақырамыз.

Сот : Айыпталушы адам, сіз табиғаттың алдындағы өз кінәңізді мойындайсыз ба? сөз сізге беріледі.

Адам: Бұл дүниедегі өмірді белсенді ұйымдастырушы адам. Ерте замандағы адамдар өсімдік теруші,жинаушы және аңшылықпен айналысқанда қоршаған табиғи ортамен әртүрлі қарым-қатынаста болып, табиғатқа тәуелді болды. Ал уақыт өте келе,  техниканың дамуына байланысты адам табиғаттың үстінен басқарды. Мен өз кінәмді мойындай отырып, оны қорғауға, қадірлеуге ант беремін.

Хатшы: Сөз кезегін адвокатқа беремін.

Адвокат: Я адам өз кінәсін мойындады. Көптеген елдерде орман шаруашылығы қолдан дамытуда. Кейбір өсімдіктер мен жануарларды сақтап қалу үшін қорықтар ұйымдастырылуда. Құрметті сот мырза, адамзаттың өз кінәсін мойындап, табиғатты қорғауға жасап жатқан жақсылықтарын  ескеруіңізді сұраймын.

Хатшы: Тұрыңыздар, сот өз шешімін шығару үшін үзіліс жариялайды.

Мұғалім: Қазақстанның кез-келген жері қыдыр дарыған құтты мекен. Бүгінгі ұрпақтар жер  ананы қашанда аялауға дайын болуы керек. Ендеше жер-ана туралы өз пікірімізді айтайық.

1-оқушы: Ішкен суымыз, жеген нанымыз жердікі. Адамзатқа қажетті заттардың барі жерден өнеді. Қазба байлықтар, астық байлықтары жердің өнімі. Ендеше адамзат астық өсер жер ананы қастерлеуі керек.

2-оқушы: Жер қандай ардақты сөз! Ұлы теңіздер,көлдер, өзендер барлығыда  жер төсінде толқиды.

Хатшы: Орындарыңыздан тұрыңыздар. Сот өз үкімін оқиды.

/Ақкөл ауылының мамандандырылған ауыларалық сотында  табиғатты ластау бойынша іс қозғалды.

Іс АДАМға қатысты болды.

Іс материалдары бойынша, АДАМ табиғатқа үлкен зиян келтіріп отыр. Соның арасында зардап шегушілермен айыпталушылардың арасында түсініспестік пайда болып отыр. АДАМ табиғатқа өте көп, улкен мөлшерде зиян келтіріп отыр. Барлық іс материалдарды қарай отыра, сот мынадай үкім шығарды. 

Адам табиғатқа зиян келтіруші, сондықтан оны қатаң тәртіппен жазалауға және де алдағы уақытта келтірген зияндардың барлығын жоюға, яғни барлығын қалпына келтіруге шешім шығарды. Адамға бақылау жүргізіп, оған мынадай шарт қоямыз: Табиғатты аялап қорғауға, кез – келген жағдайда зардап шегушілердің барлығына көмектесуді талап етіп қоямыз! Осымен іс жабылды! /

Мұғалім:Оқушылар, барлығыңызға сұрақ.: жер бетінде жануарлар, өсімдіктер жойылып бара жатса не істер едіңдер?

Оқушылар: Ортамызда сиреп бара жатқан өсімдіктер мен жануарларды ерекше қорғауға алар едік.

Қорытынды бөлім:

Мұғалім:Балалар сабағымызды қорытындылай келе, қастерлі байлығымыз жер-ана, суды, ауаны, нуымызды қастер тұта отырып, оны қорғауды естен шығармайық. Ендеше табиғатқа қатысты қандай мақал – мәтелдер , нақыл сөздер білесіңдер?

1-оқушы: Жері байдың – елі бай.

Берекелі  жерден – мереке кетпес.

Жер тоймай – ел тоймайды

Сулы жер – нулы жер

Сулы жер – құрғақсыз болмас,

Таулы жер – бұлақсыз болмас.

2-оқушы: Су ішкен құдығыңа түкірме

Судың бетің ашық қалдырма

Түнде суды шошытпа

Қорытынды сөз: Академик ғалым Карпинский «Су – бұрын тіршілік болмаған жерде өмір орнататын тірі қан» десе , Леонов атты ғалым «Табиғатты ұққан адамның жаны таза, көңілі жомарт болады» деген , ендеше табиғаттың алдында адамзаттың жаны жомарт болсын. Әрқашан осыны естен шығармайық