Үй жануарлар. Төрт түлік мал. Қ дыбысы мен әрпі

180

Сабақтың тақырыбы: Үй жануарлар. Төрт түлік мал. Қ дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты: Оқушыны үй жануарларымен таныстырып, олардың аттарын

және төлдерінің аттарын дұрыс атап білуге, бір-бірінен

ажыратуға үйрету. Қ дыбысы мен әрпін анық, дұрыс айтуға,

әдемі жазуға және буындарды қосып, оқуға үйрету.

 

Тәрбиелік мақсаты: Үй жануарларын бағып, қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.

 

Түзеу мақсаты: Дидактикалық ойындар арқылы оқушының есте сақтау, ойлау

логикаларын дамытып, сөздік қорын молайту, тілін жаттықтыру.

 

Көрнекіліктер: Жеке суреттер, әріптер, буындар.

 

Сабақ барысы.

 

І. Ұйымдастыру бөлімі

 

а) амандасу

б) оқушы зейінін сабаққа аудару

 

ІІ. Жаңа сабақ

 

— Бүгінгі сабағымыз үй жануарлары туралы болмақ. Дана, сен мені мұқият тыңдап

отыр. Олар: мысық, ит, шошқа, сиыр, қой, ешкі, жылқы, түйе. Үйде бағылып, еті,

сүті, жүні, терісі, күші арқылы адамға пайда келтіретін жануарларды төрт түлік мал

деп атаймыз. Олар сиыр, жылқы, қой, түйе, ешкі. Ал олардың төлдері бұзау,

құлын, қозы, бота, лақ деп атаймыз.

                                                                     

ІІІ. Дидактикалық ойын «Артығын тап»

 

Ойынның шарты: Берілген карточкалардағы сүреттін артығын табу. Мысалы: ешкі,

бұзау, жылқы, үкі.

 

ІV. Тапсырмалар

 

  1. Өткен әріптерді қайталау.

Орындау шарты: Өткен әріптерді пайдаланып, сөздерге жетіспейтін әріптерді

көрсетіп, атап, жазу.

 

 

  1. Қ дыбысымен таныстыру.

Оқушының қолын мұғалімнің қолқасына қойып, қ дыбысын дыбыстап айтып,

оқушыға ауаның қалай шығатынын байқату. Қ дауыссыз, ауыздан ауа қысыңқы

шығады.

 

 

  1. Қ дыбысынан басталатын сөздерді атау.

Мысалы: қозы, қошақан, қой, құлын, құлыншақ, қошқар.

 

 

  1. Қ дыбысын дұрыстап айтып, дәптерге жазу.

 

 

  1. Саусақ жаттығулары.

 

Мысық

Қолданылуы: Ортан терек пен шылдыр шүмекті үлкен бөбекке

қосып, балан үйрек пен кішкентай бөбекті

мысықтың құлағы сияқты ұстаймыз.

 

 

 

Ит

Қолданылуы:Алақанды тігінен ұстап, балан үйректі бүгіп,

ортантан терек пен шылдыр шүмекті қосып,

иттің тұмсығы сияқты ұстаймыз.

 

 

Ешкі

Қолданылуы: Ортан терек пен шылдыр шүмекті үлкен

бөбекке қосып, балан үйрек  пен кішкентай

бөбекті ешкінің мүйізі сияқты ұстаймыз

 

 

 

 

  1. Дидактикалық ойын «Төлдерін тап»

 

Ойынның шарты: Суреттегі жануарлардың төлдерін тауып, сызық арқылы қосу.

 

 

 

 

  1. Сергіту сәті

       Далам қандай тамаша,

Тауға шығам таласа.

Ойға түсем зымырап,

Қозы, лақтай шапқылап.

Құлын, тайдай тебісіп,

Серігіп қалдым келісіп.

 

  1. Тапсырмалар

 

  1. Буындарды оқу.

Ма-, қа-, ла-, са-, ра-, ка-, ба-

Мә-, қә-, лә-, сә-, рә-, кә-, бә-

Му-, ку-, лу-, су-, ру-, бу- қу-

 

  1. Үй жануарлардың атауларын атап, сөздерді буынға бөлу.

Қо-зы, түй-е, жыл-қы, бо-та, еш-кі, құ-лын, бұ-зау, қой, ит, мы-сық, кү-шік, со-

қыр.

 

VII. Қорытынды

 

Бүгінгі сабағымызда қандай жануарлармен таныстық? Үй жануарлармен

Олардың төлдерін атап бер.

Қандай дыбыс және әріппен таныстық?

Қ дыбысынан басталатын қандай сөздер білесің?

 

VIII. Үйге тапсырма

 

 

Қ әрпін атап, жазу.

Қа-, қо-, қу-, қә- буындарын оқып, жазу.