Мемлекеттік рәміздер –ұлттық мақтаныш

Сабақтың тақырыбы: Мемлекеттік рәміздер –ұлттық мақтаныш

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылармен отан рәміздеріне шолу жасау.

2.Ұлттық сана,ұлттық болмысымызды қалыптастыру,ұлттық сана,ұлттық рух қалыптастыру.

  1. Отанды,елін сүю,рәміздерін құрметтеуге баулу.

 

Сабақтың барысы:

(Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады)

Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30-тамызда референдумда қабылданды.Ол 9 бөлім ,98 баптан тұрады.Оның 9-бабында Қазақстан республикасының мемлекеттік рәміздері – Туы, Елтаңба, Әнұранының сипаттамасы  және ресми пайдалану тәртібі конституциялық заңмен бекітілген.

34-бапта – әркім республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті екені айтылады.

Рәміздерім!

Сен неткен маңызды едің.

Сенсің асыл қазынам нағыз керім,

Төбемде ту, төсімде елтаңбам бар,

Әнұрандай аузымнан ән үзбедім.

Мемлекеттік тудың түсі аспанның түсіне үқсайды. Көк аспандай көгілдір, ортасында күн шуағы, астында қыран бүркіт ұшып келе жатыр. Қазақстанда тұратын халықтардың барлық өмірі күндей жарқырап, қыран бүркіттей самғай берсін дегенді білдіреді.

Елтаңбада шаңырақ, күн сәулесі, бес бұрышты жұлдыз, ал төменгі жағында «Қазақстан» деген жазуы бар. Шаңырақ қазақ елі үшін тіршіліктің шексіз өмірдің нышаны. Қанатты тұлпар мәңгіліктің белгісі. Сонымен қатар бір шаңырақтың астында өмір сүріп жатқан көп ұлтты қазақстан халқының өсіп өркендеуінің өміршеңдігін білдіреді. Ал бес жұлдыз –мемлекетіміздің жұлдызы жарық әрі биік болсын деген мағынада қолднаылады және «Бағымыз ашылып,жұлдызымыз жарқырай берсін» дегенді білдіреді.

Мемлекеттік Әнұран еліміздің музикалық поэтикалық эмблемасы,әдеби сазды құжаты.Ол халық жүрегінің лүпілін тұмар ғып түйген музикалық сәлемхат іспеттес.

Шәмші Қалдаяқовтың аты аталғанда аузымызға бірден халқымыздың Әнұранына айналған «Менің Қазақстаным» әні түседі.Иісі қазақтың көкірегінде жыр болып төгіліп,сыр болып өріліп,әндерінің қай –қайсысы да халықпен бірге туғандай біте қайнасып,оның бөлшегінде айналып кеткен.Халқының жүрегін осыншалықты сыршыл да кәусар саздың құдіретімен баураған сазгер есімі ұмытылмайды.Халықтың жүрегінде мәңгі сақталады.

1960  жылдардан бері қазақ поэзиясына айрықша қолтаңбасын қалдырып келе жатқан Жұмахан Нәжімеденов 1959 жылы консерваторияда оқып жүріп «Менің Қазақстаным» өлеңін жазады.Ал Шәмші Қалдаяқов сол өлеңнің әнін дүниеге әкеледі.Сөйтіп арада бірнеше жылдар өтіп елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев дәл осы әнге өзгертулер енгізеді.Сөйтіп оны мемлекеттік Әнұран ретінде қабылдайды.

Қазақстан туған өлкем

Жер көп пе сондай көркем!

Көрінсін деп күллі әлемге

Жалауыңды желге желпіп өтем

деп жақында Лондонда әлемдік олимпияда болып өтті.Бұл әлемдік олимпиядаға Қазақстан Республикасының және де басқа мемлекеттердің спортшылары қатысты.Бұл олимпиядада қазақ спортшыларының арқасында қазақтың туы көктен желбіреп,Әнұраны жаңғыра шырқалды.

Қазақстан осы олимпиядада 7 алтын,1 күміс,5 қола медальмен күтпеген жерден 12-орынға көтерілді.Бұл қазақ елінің туы еркін желбіреп,әнұранымыздың шарықтай айтылып,көкірегімізге қуаныш ұялаған сәттер болатын.

Александр Винокуров велоспорттан қазақ еліне алғашқы алтынды сыйласа,Илья Илин серіппе көтеруден 2-дүркін әлем чемпионы болып және де 1999-2000 жылдардағы рекордты жаңартты.Осындайда кеудені неге мақтаныш кернемесін.

Қазіргі уақытта елімізді әлемдегі барлық ел таниды,танып қана қоймай еліміздің жеткен жетістіктеріне қызғанышпен қызғана қарайды.Біз осындай тәуелсіз,бірлік,бейбітшілік орнаған елдің ұрпағы болғанымызға мақтануымыз керек.

Бір ауыздан айтылып әнұраным,

Елтаңбамен әлемге таныламын.

Бір жағадан бас шығып,бір жеңнен қол,

Көк туымның астынан табыламын.

Қорытынды

Қорыта айтқанда, «Менің елім-Қазақстан» әрбір дала перзентінің көкірегінде мақтанышпен айтылатын сөзі.Өзіміздің жерімізді,рәміздерімізді,Отанымызды құрметтеуге және патриоттыққа деген сезімімізді  нығайта түсуге тырысайық! Әрбір ұрпақ қазақ елін,Отаным деп жүрегінің терең түпкірінде сақтап,қашанда жадында ұстауы керек.Бұл баршамыздың туған ел алдындағы перзенттік борышымыз,болашағымыз деп білейік!.