«Армысың, әз Наурыз». Танымдық ойын

59

«Армысың, әз Наурыз». Танымдық ойын

Мақсаты: 1.Қазақ халқының ежелден сақталып,атадан балаға мұра етіп қалдырған салт- дәстүрін,наурыз мейрамының мәнін түсіндіру,әрі дамыту және көркейту.

  1. Окушылардың ойлауын дамыта отыра,ой қиялын,өрісін,іздену негіздерін дамыту.
  2. Оқушыларды

ұлтжандылыққа,имандылыққа,инабаттылыққа.халқымыздың салт-дәстүрін қастерлеуге,сақтауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі мен жабдығы: Интерактивті тақта, кестелер,шарлар,қанатты сөздер.

                                     Ән шашу.

Фанфары

 1-жүргізуші

Кел,балалар ойнайық,

Наурыз тойын тойлайық..

Баянды боп мереке,

Қыр гүліндей жайнайық..

 

2-жүргізуші:  Құрметті қонақтар, балалар,

Көктемнің тамаша мерекесі,

Ұлыстың Ұлы күні Наурыз құтты болсын.

Әр шаңыраққа береке, бірлік, мәртебе келсін.

 

 

1-жүргізуші

Бүгін сіздердіңі алдарыңызда « Армысың, әз наурыз»атты  танымдық ойынымызды бастаймыз.  Бұл сайыс қазақ халқының ежелден сақталып,атадан балаға мұра етіп қалдырған салт- дәстүрін,наурыз мейрамының мәнін түсіндіру,әрі дамыту және көркейту үшін ұйымдастырылып отыр.

 

Бүгінгі сайысқа қатысушы топтарды таныстырып өтейік.Бірінші топ «Қызғалдақ», екінші топ «Бәйшешек».

Ал енді сайыскерлерімізді  сайыс кезеңдерімен таныстырып өтейік.

Сайыстың кезеңдері:

  1. Таныстыру. (топты таныстыру,эмблема)
  2. «Бәйге» сұрақтарға жауап.
  3. «Жорға» мақалдарды аяқтау.
  4. «Дұрыс па, бұрыс па?» ойыны.
  5. «Ақсүйек» ойыны.

 

 

2-жүргізуші

Тасқындатып біз бүгін жыр бұлағын,

Өзімізше өзгеріп сән құрамыз.

Бұл сайыстың алғашқы кезеңінде,

Таныстырсын өздерін топтарымыз.

1-кезең«Таныстыру». әр топ өздерімен таныстырады,эмблема.

 

1-жүргізуші

2-кезең   «Бәйге» сұрақтарға жауап беру.

1.Наурыз мейрамы қандай ұғымды білдіреді.(Наурыз-ұлыстың ұлы күні, жаңа жылдың басы. Және де бұл күн мен түннің теңескен күні.Қазақтар бұл күні ойын-сауықтар. бәйге, көкпар және басқа да жарыстар ұйымдастырып, қонақтар шақырып,бұл мейрамды бір ай бойы тойлайды.)

2.Ұлыс күні жасалатын тағам.(наурыз көже)

3.Қазақтың ішекті музыкалық аспаптары.(домбыра, қобыз,шертер)

4.Ыдыс-аяқ салатын киізден жасалған әшекейлі дорба.(аяққап)

5.Көмек жәрдем үшін жиналу дәстүрімізде қалай аталады.(асар)

6.Балаға арналған ер-тоқым қалай аталады.(ашамай)

7.Жігіттің неше жұрты бар.(өз, қайын, нағашы)

8.Үш арсызды ата.(ұйқы, күлкі, тамақ)

9.Жеті атаны ата.(ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат, жұрағат,жүрежат)

10.Жеті күнді ата.(бүгін, ертең, бірсігүні, арғы күн, соңғы күн, ауыр күн, азына)

Ән шашу

 

2-жүргізуші

3-кезең «Жорға» мақалдарды аяқтау.

1.Туған жер-…………..(алтын бесік)

2…………-отбасынан басталады.(Отан)

3.Білім теңіз, мектеп ………(кеме)

4…………. инемен құдық қазғандай.(Оқу)

5………….. басқа бітеді

………….. тасқа бітеді.(Білім,қына)

6.Ең тәтті де-…………..,

Ең ащы да-……………(тіл)

7……….. көрген оқ жанар,

……….. көрген тон пішер.(Ата,ана)

8……….. білім жоқ,

………..күнің жоқ.(Оқусыз,білімсіз)

9…….. мың рет өледі,

…….. бір рет өледі.(Қорқақ,батыр)

10.Еңбектің ………. тәтті,

Жалқаудың …….. тәтті.(наны,жаны)

 

1-жүргізуші

 

4 кезең- «Дұрыс па, бұрыс па?» ойыны.

1 топтың сұрақтары.

Ұлттық киім.( шолпы)

*Жіп иіру құралы.(ұршық)

*Зергерлік бұйым.( шапан)

* Наурыз күнгі айтылатын ән: (“Әз”)

* Наурыз күнгі дыбыс, жылы ағыс –(Жарапазан(

2 топтың сұрақтары.

*Баланың тұсауын қандай жіппен кескен.(ала)

*Ұсақ түйек салатын жәшік.(қобдиша)

Наурыз күнгі жауған қар – “Қызыр ата”

Наурыз күнгі тілекті қабыл қылатын қария –«Наурызша»

*Мес ыдысы қай малдың терісінен жасалады.(ешкі)

2-жүргізуші

5-кезең «Ақсүйек» ойыны. Бұл кезеңде слайдтан суреттер көрсетіледі.Балалар сол суретке қарап қазақтың қай салт-дәстүрі екенін анықтайды.Бірінші әр топтан екі бала шығып ақсүйекті алуы керек.Ақсүйекті бірінші алған бала сұраққа жауап береді.

 

Ал енді қай топ қанша ұпай жинағанын бірге санайық.

 

Сонымен жеңіске жеткен топты алғыс хатпен марапаттаймыз.

 

1-жүргізуші:    : Ұлы күні кәрі- жас,

Құшақтасып көріскен.

Жаңа ағытқан қозыдай,

Жамырасып өрістен.

Шалдар бата беріскен,

Сақтай гөр деп керістен.

Кел, таза бақ, кел ! –десіп,

Ием тілек бер –десіп,

Қызыр баба сізден бата сұраймыз.

 

Наурыз бата /

 

Наурыз айы оң болсын,

Ақ пен астық мол болсын!

Баршаңыздыаруақжебеп,

Қайдабарсаңжолболсын!

 

Айданамансақта,

Жылданесенсақта!

Алла қолдапхалқымды,

Жүздегенқатерденсақта!

 

Ұлыскүнiберекеберсiн,

Дұшпандарыңжергеенсiн!

Бақ пен дәулетқабатқонып,

Ұрпақтарыңөсiп-өнсiн!

 

Абыройлыбеделдiболып,

Ризық, несебелерiң арта берсiн!

Аллаһу Акбар!

 

 2-жүргізуші:

Наурыз құтты болсын!!! Барлықтарыңызға жақсы көңіл-күй, ашық аспан тілеймін! Өмірлеріңізде куантатын сәттер көп болсын!!